Клиринг палаталарының күнделікті есеп жасау және беру ережесін бекіту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 3 шілде N 158

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы төлем жүйесiнiң жұмысына тиiстi түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Клиринг палаталарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және Клиринг палаталарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеудtн өткiзсiн.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Клиринг палаталарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн клиринг палаталарына жiберсiн.
      4. Ақпарат технологиясы департаментi (Поликарпов О.Ю.) 1999 жылдың IIІ тоқсанында Төлем жүйесi басқармасына орнатылған "Клиринг статистикасы" бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын қайта пысықтайтын болсын.
      5. Бюджеттi жоспарлау және бақылау басқармасы (Ғалиева Д.Т.)

Ақпарат технологиясы департаментiмен (Поликарпов О.Ю.) бiрлесiп 
1999 жылдың бiрiнші жартысындағы жұмыс нәтижелерi бойынша түзету 
енгiзгенде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1999 жылғы 
бюджетiнен (шығыстар сметасынан) тиiстi бағдарламалық қамтамасыз ету 
жұмысын әзiрлеуге қажеттi ақша қарастырсын.
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.
     
     Ұлттық Банк
       Төрағасы
     
                              Қазақстан Республикасы
                              Ұлттық Банкi Басқармасының
                              1999 жылғы шiлдедегi
                              N 158 қаулысымен
                              Бекітілген
     
              Клиринг палаталарының
      күнделiктi есеп жасау және беру ережесi
     
              1-тарау. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Ереже клиринг палаталарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) төлем жүйесi бөлiмшесiне (бұдан әрi - бөлiмше) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес күнделiктi есеп жасау және беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Әрбiр клиринг палатасы есеп ақпаратын бөлiмшеге төлем жүйесiндегi ақпарат беруге қойылатын белгiленген талаптарға сәйкес берiп отырады.
      3. Әрбiр клиринг палатасы есеп ақпаратын таза позициялар бойынша түпкiлiктi есеп айырысу жүргiзiлгеннен кейiн күнделiктi электронды арна арқылы есеп берiлiп отырған күннен кейiнгi күнi Алматы уақыты бойынша сағат 9-дан кешiктiрмей бередi.

      2-тарау. Аймақтық клиринг палаталары беретiн күнделiктi
                      есепке қойылатын талаптар

      4. Клиринг палаталарының бөлiмшеге беретiн күнделiктi есебiнiң форматы Қазақстан Республикасының төлем жүйесiне ақпарат беруге қойылатын талаптарына сәйкес болуы тиiс.
      5. Клиринг палатасы күнделiктi есептiң форматын қалыптастырған кезде (N 1, 2 қосымшалар) күнделіктi берiлетiн ақпарат саны және сомасы (цифрлар) оң жақ бойынша теңестiрiледi, ал берiлетiн мәлiметтерде тиынмен көрсетiледi.
      6. Клиринг палатасының операциялық күн iшiндегi мәлiметтерде жалпы алғандағы клиринг палатасы бойынша да, жеке алғандағы клиринг қатысушылары бойынша да ақша айналысы жөнiндегi ақпарат болуға тиiс (N 1 қосымша).
      7. Клиринг палатасына төлемдердің өтуi туралы мәлiметтер сома интервалдары бойынша осы Ереженiң N 2 қосымшасында көрсетiлген алғашқы және соңғы интервалдарға сәйкес келуi тиiс.
      8. Клиринг палатасын бағдарламалық қамсыздандыру Ұлттық Банктiң нормативтiк қүқытық актiлерiне сәйкес төлем белгiлеу кодтары бойынша төлем тапсырмаларын жiктеудi қамтамасыз етуге тиiс.
      9. Клиринг палатасын бағдарламалық қамсыздандыру валюталау күндерi бойынша төлем тапсырмаларын өңдеудi қамтамасыз етуге тиiс.
      10. Клиринг палатасының операциялық күнi iшiндегi клирингке қатысушылар транзакцияларының саны бойынша айналыстар толық түрде санмен көрсетiледi.
      11. Клиринг палатасының операциялық күнi iшiндегi клирингке қатысушылар төлемiнiң сомасы бойынша айналыстар санмен тиынмен көрсетiледi.
      12. Күнделiктi есеп жөнiндегi ақпарат төлем жүйесiне клиринг палаталарының МТ998 хабарымен 400 қосымша хабармен кiру терминалы арқылы бөлiмшеге берiледi.
      13. Ақпарат берудi қорғау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 19.10.1995 ж. N 177 қаулысымен бекiтiлген Ұлттық Банк бөлiмшелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктерi арасында электронды төлемдермен алмасқан кезде бағдарлама-киптографиялық қорғау жүйесiн қолдану тәртiбi туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
      14. Клиринг палаталарының күнделiктi берген бағдарламалық

қамсыздандыру есебi негiзiнде бөлімше жеке алғандағы әрбiр клиринг
палатасы бойынша да, жалпы алғандағы Қазақстан Республикасының
клиринг жүйесi бойынша да қажеттi ақпарат қалыптастыратын болады.
     15. Клиринг палатасының бөлiмшеге күнделiктi есептi дұрыс және
уақытылы берiп отыру жауапкершiлiгi клиринг палатасының басшысына
жүктеледi.
     16. Осы ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес шешiледi.
     
     Ұлттық банк
     Төрағасы
     
                           Қазақстан Республикасы Ұлттық
                           Банкі Басқармасының
                           1999 жылғы шілдедегі
                           N 158 қаулысымен бекітілген
                           Клиринг палаталарының
                           күнделікті есеп жасау және беру
                           ережесіне
                           N 1 қосымша
     
     Клиринг палатасы бойынша бiр күн iшiнде төлемдердiң өтуi
        туралы есептiң клиринг палатасы ұсынатын форматы
     
     ((ХХ ДД.ММ.ГГГГ
        А     В      КАВ         SAB        RDF       SBA
     ))
     мұндағы,
     (( - файлдың басталу белгiсi, 1-позициядан бастап 2 символ ХХ - 
облыс коды, 3 позициядан бастап 2 символ
     ДД.ММ.ГГГГ - күнi, 6 позициядан бастап 10 символ
     
     А        - Банктiң бiрыңғай банктiк коды (клирингтiң негiзгi 
қатысушысы)
     1 позициядан бастап 9 символ
                Егер 0 болса - барлық қалған банктер сомасы ретiнде 
есептелсiн.
     В        - Банктiң бiрыңғай банктiк коды (клирингтiң негiзгi 
қатысушысы)
11 позициядан бастап 9 символ
     КАВ      - А банкiнен В банкiне жiберiлген құжаттар саны, 20 
позициядан
бастап 7 символ
     SАВ      - А банкiнен В банкiне жiберiлген құжаттар сомасы (тиынмен), 
27
позициядан бастап 18 символ
     КВА      - В банкiнен А банкiне жiберiлген құжаттар саны, 45 
позициядан
бастап 7 символ
     SВА      - В банкiнен А банкiне жiберiлген құжаттар сомасы (тиынмен),
52 позициядан бастап 18 символ
     )) - файлдың аяқталу белгiсi
     
                            Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
                            Басқармасының
                            1999 жылғы шiлдедегi
                            N 158 қаулысымен бекiтiлген
                            Клиринг палаталарының күнделiктi
                            есеп жасау және беру ережесiне
                            N 2 қосымша
     
     Клиринг палатасы бойынша бiр күн iшiнде сома интервалдары
             бойынша төлемдердiң өтуi туралы есептiң
             клиринг палатасы ұсынатын форматы
     
     ((ХХ ДД. ММ. ГГГГ
        А      В       К    S
     ))
     мұндағы,
     (( - файлдың басталу белгiсi, 1-позициядан бастап 2 символ
     ХХ - облыс коды, 3 позициядан бастап 2 символ
     ДД.ММ.ГГГГ - күнi, 6 позициядан бастап 10 символ 
     А - соманың алғашқы интервалы 1-позициядан бастап 18 символ
     В - соманың соңғы интервалы 19-позициядан бастап 18 символ
     К - соманың осы интервалындағы өткізiлген құжаттар саны 
         37-позициядан бастап 7 символ
     S - соманың осы интервалындағы өткізілген құжаттар сомасы 
     44-позициядан бастап 18 символ
     )) - файлдың аяқталу белгiсi
     
     1-мысал.
     ((32 16.04.1999
              0       1000000        1805       624992242
        1000001       2000000        471        689482706
        2000001       3000000        277        696453763
        3000001       4000000        150        524814446
        4000001       5000000        134        608107760
        5000001       6000000        62         345743708
        6000001       7000000        52         339784007
        7000001       8000000        65         495020211
        8000001       9000000        39         333176510
        9000001       10000000       74         724780346
       10000001       20000000       218        3172830793
       20000001       30000000       122        3100468984
       30000001       40000000       52         18110906713
       40000001       50000000       42         1949063537
       50000001       60000000       21         1155017533
       60000001       70000000       21         1377032096
       70000001       80000000       18         1361124198
       80000001       90000000       8          699395708
       90000001       100000000      18         1774458150
       100000001      1000000000000  46         7369782448
       ))  


       Оқығандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.