Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1999 жылғы 2 тамыздағы N 396. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 7 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 884. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 523 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнің 2012.11.29 № 523 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша "таңдау" деген сөз
               "конкурстық іріктеу" деген сөздермен, "Брокерлер - дилерлер"
               деген сөздер "Брокерлер, Дилерлер" деген сөздермен
               ауыстырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы
               N 266 V021900_ бұйрығымен.
 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында екінші деңгейдегі банкілерді, брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және Бастапқы Дилерлердің қызметінің тиімділігін арттыру, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар арасында мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының субъектілерін айқындау мақсатында бұйырамын:
      1. Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу үшін екінші деңгейдегі банктерді және институционалды инвесторларды - үміткерлерді (бұдан әрі - Үміткерлер) конкурстық іріктеудің мынадай тәртібі белгіленсін:
      1) Осы бұйрықтың 2-тармағына сәйкес Үміткерлердің құжаттаманы дайындауы, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынуы;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Үміткерлердің сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді немесе қаржылық тұрақтылық өлшемдерін сақтау бөлігінде, Үміткерлердің іріктеу өлшемдеріне сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестілігін Ұлттық Банктің келісу-хатын ұсыну жолымен келісу;
      3) Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу үшін екінші деңгейдегі банктерді және институционалды инвесторларды - үміткерлерді конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) Үміткерлер ұсынған құжаттарды және Ұлттық Банктің келісу-хатын қарауы;
      4) Комиссияның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің басшылығына Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу (немесе жасасудан бас тарту) туралы ұсынымдарды дайындауы.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің
               2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 V021900_ бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында Бастапқы Дилер функцияларын орындауға арналған шарт жасасу үшін Үміткерлерді конкурстық іріктеудің негізгі өлшемдері айқындалсын (одан әрі - Шарт):
      1) бары-жоғы:
      брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - Брокерлер, Дилерлер) ұсынған екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - Банктер) және институционалдық инвесторлар үшін бағалы қағаздардың атаулы ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығына бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) лицензиялары;
      зейнеткерлік активтерді басқару жөніндегі компаниялар (бұдан әрі - ЗАБК) ұсынған институционалдық инвесторлар үшін атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру құқығына, зейнеткерлік активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар;
      2) Шарт жасасуға өтінім беру күні алдындағы үш ай ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу туралы "Орталық депозитарлық бағалы қағаздар" жабық акционерлік қоғамның растамасы; оларды ішкі рынокта бастапқы орналастыру мынадай көлемде:
      Банкілер үшін - ең кем дегенде 200 миллион теңге;
      ЗАБК үшін - ең кем дегенде 100 миллион теңге;
      Брокерлер, Дилерлер үшін - ең кем дегенде 50 миллион теңге.
      3) хаттың қолда бары - Үміткерлермен шарт жасасқан жағдайда олар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуда Бастапқы Дилер функциясын орындауды мерзім ішінде қамтамасыз ететіні жөніндегі міндеттемесі, олардың ішкі рыноктағы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы мына көлемде:
      Банкілер-ЗАБК үшін - ең кем дегенде 200 миллион теңге;
      Брокерлер, Дилерлер үшін - ең кем дегенде 100 миллион теңге.
      4) Үміткерлердің мемлекеттік бағалы қағаздар аукционында қатарынан екі аукционнан астам рұқсатсыз Бастапқы Дилер функциясын орындау мерзімі ішінде қатысуы.
      5) Мыналарды:
      Банктердің - сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді, бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкестілігін;
      Брокерлердің, Дилерлердің және ЗАБК - шарт жасасуға өтініш беру күнінің алдындағы алты ай ішінде уәкілетті органдар белгілеген пруденциялық нормативтерді немесе қаржылық тұрақтылық өлшемдерін сақтауы.
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің
               2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 V021900_ бұйрығымен.
      3. Комиссия Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдерінен құрылатыны, оның құрамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілетіні белгіленсін. Комиссия конкурстық іріктеуді және Бастапқы Дилер функцияларын орындауға шарт жасасу жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.

 

     Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің

              2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 


V021900_


  бұйрығымен.

     4. Осы бұйрықтың атқарылуына бақылау жасау Қаржы вице-Министрі

А.Ғ.Дунаевқа жүктелсін.



     Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрінің

              2002 жылғы 10 маусымдағы N 266 


V021900_


  бұйрығымен.

     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.


     Премьер-Министрдің орынбасары -

     Қазақстан Республикасының

     Қаржы министрі




     Оқығандар:

          Омарбекова А.Т.

          Икебаева Ә.Ж.