Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1999 жылғы 2 тамыз N 396

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында екінші деңгейдегі банкілерді, брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және Бстапқы Дилерлердің қызметінің тиімділігін арттыру, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар арасында мемлекеттік бағалы

қағаздар рыногының субъектілерін айқындау мақсатында бұйырамын:
     1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында 
Бастапқы Дилер (бұдан әрі - Үміткерлер) фнукцияларын орындауға шарт жасасу 
үшін екінші деңгейдегі банкілерді және институционалды 
инвесторларды-үміткерлерді таңдау жөніндегі комиссия мына құрамда құрылсын:
     
     Ақанов Серік Ахметжанұлы         - Қаржы вице-Министрі, төраға
     
     Сембин Асқар Болатұлы            - Мемлекеттік борыш және несиелендіру
                                        департаменті директорының орынбасары

     Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы       - Бюджет департаменті директорының 
                                        орынбасары
     
     Козлов Юрий Константинович       - Мемлекеттік борыш және несиелендіру
                                        департаменті Мемлекеттік қарыз алу
                                        және борыш басқармасының бастығы
     
     Де Инесса Афанасьевна            - Макроэкономика және қаржы 
                                        статистикасы департаменті 
                                        актуарийлік есептемелер бөлімінің
                                        бастығы
     
     Дұйсенбаева Гүлмайра Қуандыққызы - Мемлекеттік борыш және несиелендіру
                                        департаменті Мемлекеттік борыш
                                        бөлімінің бастығы
     
     Ибрайымов Рүстембек Қуатәліұлы   - Мемлекеттік борыш және несиелендіру
                                        департаменті Бюджеттік несиелендіру
                                        бөлімінің бастығы
     
     Сәрсенова Айгүл Зүлқайырқызы     - Заң қызметі департаменті құқықтық
                                        сараптама бөлімінің бастығы
     
     Теребинов Андрей Геннадьевич     - Мемлекеттік борыш және несиелендіру
                                        департаменті Мемлекеттік борыш 
                                        бөлімінің бас экономисі
     


      2. Қазақстан Республикасынң мемлекеттік бағалы қағаздар рыногында Бастапқы Дилер функцияларын орындауға арналған шарт жасасу үшін Үміткерлерді таңдаудың негізгі өлшемдері айқындалсын (одан әрі - Шарт):
      1) бары-жоғы:
      брокерлік-дилерлік (Брокерлер-Дилерлер) қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ұсынған екінші деңгейдегі банкілер (одан әрі - Банкілер) және институционалды инвесторлар үшін - Құнды қағаздарды номиналды ұстау (одан әрі - бірінші категориялы лицензия) ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқымен бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүргізу құқы берілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның лицензиясы.
      Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар ұсынған институционалды инвесторлар (одан әрі - ЗАБК) үшін - Бағалы қағаздар рыногындағы дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның екінші категориялы (клиенттердің шоттарын жүргізу құқысы жоқ) лицензиясы;
      Банкілер үшін - аудиторлық тексерулердің нәтижелерін көрсете отырып халықаралық стандарттағы бухгалтерлік есеп жүйесіне сәйкес пруденциалды нормативтерді орындау бағасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұсыныстары;
      Брокерлер-Дилерлер және ЗАБК үшін - Шарт жасасуға арналған өтінім берген сол күннен алты ай ішінде Үміткерлердің өздері белгілеген пруденциалды нормативтерді орындау туралы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның қорытынды-ұсыныстары.
      2) Шарт жасасуға өтінім беру күні алдындағы үш ай ішінде мемлекеттік

бағалы қағаздарды сатып алу туралы "Орталық депозитарлық бағалы қағаздар" 
жабық акционерлік қоғамның растамасы; оларды ішкі рынокта бастапқы 
орналастыру мынадай көлемде:
     Банкілер үшін - ең кем дегенде 200 миллион теңге;
     ЗАБК үшін - ең кем дегенде 100 миллион теңге;
     Брокерлер-дилерлер үшін - ең кем дегенде 50 миллион теңге.
     3) хаттың қолда бары - Үміткерлермен шарт жасасқан жағдайда олар 
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуда Бастапқы Дилер функциясын 
орындауды мерзім ішінде қамтамасыз ететіні жөніндегі міндеттемесі, олардың 
ішкі рыноктағы мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы мына көлемде:
     Банкілер-ЗАБК үшін - ең кем дегенде 200 миллион теңге;
     Брокерлер-Дилерлер үшін - ең кем дегенде 100 миллион теңге.
     4) Үміткерлердің мемлекеттік бағалы қағаздар аукционында қатарынан екі 
аукционнан астам рұқсатсыз Бастапқы Дилер функциясын орындау мерзімі ішінде 
қатысуы.
     3. Комиссия осы бұйрықта аталған:
     1) Шарт жасасуға Үміткерлерді таңдауды жүргізу;
     2) Үлгідегі шарт мәтініне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
     4. Осы бұйрықтың атқарылуына бақылау жасау Қаржы вице-Министрі
С.А.Ақановқа жүктелсін.
     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
     
     Премьер-Министрдің орынбасары -
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрі
     
     
 
     Оқығандар:
          Омарбекова А.Т.
          Икебаева Ә.Ж.