«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (А.А. Аманқабжан) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұйрық көшірмесін жіберсін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 523 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1) «Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақша төлемдерін салымдар немесе карт-шот бойынша шотқа олардың сомаларын аудару жолымен Қазақстан Халықтық банкі филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері төлеуінің Уақытша тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 15 шілдедегі № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 616 болып тіркелген).
2) «Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 884 болып тіркелген).
3) «№ 884 тіркелген «Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы Бастапқы Дилерлерді айқындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы № 266 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1900 болып тіркелген, 2002 жылғы «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналының № 33 нөмірінде жарияланған).
4) «Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2250 болып тіркелген).
5) «№ 2250 тіркелген «Қаржылық ақпарат нысандарын толтыру жөніндегі нұсқаулықты, Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ережелерін және Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 348 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3154 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2004 жылғы 18 желтоқсанда № 51 (208) нөмірінде жарияланған).