Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1998 жылғы 24 желтоқсан N 470 бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 наурызда N 716 тіркелді

Жаңартылған

      Ішкі істер министрлігінің органдары мен ішкі әскерлерді қолайлы іріктеу, жеке құрамды медициналық қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрігерлік-әлеуметтік көмекті жетілдіру мақсатында Бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелері (N 1 қосымша) бекітілсін.
      2. Бейбіт және соғыс уақыты жағдайында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде дәрігерлік куәландыру ережелері (N 2 қосымша) бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1992 жылғы 13 тамыздағы N 258 бұйрығы күшін жойған деп есептелсін.     

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі -
      Ішкі әскерлері қолбасшысы     

       Ескерту: Бұйрықтың қосымшасының мемлекеттік тілдегі  аудармасы болмағандықтан ресми тілдегі мәтінді қараңыз.
      Ескерту: Ережеге толықтырулар мен өзгертулер енгізілді - Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 99  бұйрығымен , 2006 жылғы 24 мамырдағы N 237  бұйрығымен .