Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ережені және Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1998 жылғы 24 желтоқсан N 470 бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 наурызда N 716 тіркелді

Жаңартылған

       Ескерту: Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2008.04.14  N 139  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Ішкі істер министрлігінің органдары мен ішкі әскерлерді қолайлы іріктеу, жеке құрамды медициналық қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрігерлік-әлеуметтік көмекті жетілдіру мақсатында Бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік сараптама туралы ереже (N 1 қосымша) бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2008.04.14  N 139  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дәрігерлік куәландыру ережесі (N 2 қосымша) бекітілсін.
       Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда - Ішкі істер министрінің 2008.04.14  N 139  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 1992 жылғы 13 тамыздағы N 258 бұйрығы күшін жойған деп есептелсін.     

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі -
      Ішкі әскерлері қолбасшысы

       Ескерту: Бұйрықтың қосымшасының мемлекеттік тілдегі  аудармасы болмағандықтан ресми тілдегі мәтінді қараңыз.
      Ескерту: Ережеге өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрлігінің 2004.02.10  N 99 , 2006.05.24  N 237 , 2008.04.14  N 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Бұйрықтарымен.