Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 наурызда N 716 тіркелген "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы"

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2727. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 27 шілдедегі N 325 Бұйрығымен.

      Қысқы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларға спорт резервiн сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгінiң Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне бекiтуге ұсынуды қамтамасыз етсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі