Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы теңіз және өзен көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдарын лицензиялау тәртібі мен жағдайы туралы Ережені бекіту жөніндегі" 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885
қаулысын
орындау мақсатымен бұйырамын:
1. "Теңіз және өзен көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуы үшін бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы" нұсқаулық бекітілсін.
2. Көлік инспекциясы (Қ.С. Кәрібжанов), Заңгерлік жұмыс бөлімі (О.Е. Ахметжанов) осы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен тіркеуге жіберсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникациялар
министрiнiң
1998 жылғы 28 қаңтардағы
N 14 бұйрығымен
Бекiтiлген
"Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi
тасымалдау кезiнде лицензиялық нормалар мен шарттарды
сақтау үшiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы"
НҰСҚАУЛЫҚ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүк тасымалдарын лицензиялау тәртiбi мен жағдайы туралы Ереженi бекiту жөнiндегi" 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысын iске асыру мақсатында осы нұсқаулық теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде лицензиялау нормалар мен шарттарды сақтау үшiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.
2. Заңды тұлғалар теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдаған кезде, сондай-ақ көлiк құралдарын пайдаланған кезде Кеме қатынасы қауiпсiздiгi мен экологиялық нормаларды қамтамасыз етуде, көлiк қызметiн тұтынушылар құқығын қорғау мен монополияға қарсы заңдар талабын iске асыруда лицензиялық нормалар мен шарттардың бұзылуын анықтау мен болдырмау мақсатында лицензияланатын қызмет бақыланады.
3. Теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуына бақылау жүргiзу Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң лауазымды тұлғаларымен қамтамасыз етiледi.
Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
4. 3-тармақта көрсетiлген органдардың лауазымды тұлғалар теңiз және өзен көлiгiнде лицензияланатын қызмет үшiн бақылауды жүзеге асырған кезде мынадай құқықтарға ие болады:
- аумақтарға, акваторияларға, порт құрылыстарына, кемелер мен жүзу көлiк құралдарына, кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және лицензиялық қызметi жүзеге асыратын кәсiпкерлерге кедергiсiз кiруге;
- лицензияда, экология талаптары мен нормаларда кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен теңiз және өзен көлiгiнiң қызметiн тұтынушылар құқығын сақтауда қарастырылған шарттардың орындалуын растайтын қажеттi құжаттарды тексеруге алуға.
Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
II. Бақылауды ұйымдастыру
5. Лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуын бақылау лицензиялық қызметке қойылатын талаптарға жүзу көлiк құралдарының сай болуын растайтын құжаттарды тексерудi қоса теңiз және өзен көлiгiнде лицензияланатын қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi және кәсiпкерлердi тексеру жолымен жүргiзiледi.
6. Тексеру былайша жүргiзiледi:
- Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық басқармаларының бастықтарымен бекiтiлетiн жоспарлар мен кестелерге сай жоспарланған тәртiпте;
- заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары мен өтiнiштерi, мемлекеттiк басқару және бақылау органдарының тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi басшылығының шешiмiмен жоспардан тыс тәртiпте;
- анықталған кемшiлiктердi жоюға бақылау жасау тәртiбiмен.
екiншi және үшiншi азат жолдарда көрсетiлген негiздермен тексеру жылына бiр реттен асырылмай жүргiзiледi.
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жүйесiне кiретiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар өкiлеттi лауазым тұлғаларының тексеру жүргiзулерiнде жәрдем жасауға және көмек көрсетуге мiндеттi.
Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша Көлiктiк бақылау басқармалары мына негiзгi мәселелер бойынша тексерулер жүргiзеді:
- лицензия бар екендiгi, лицензияда көрсетiлген түрге қызметтiң сәйкестiгiн, лицензия мерзiмi мен әрекет аймағының сақталуын, сондай-ақ жүзу көлiк құралдарында есеп құжатының бар екендiгiн;
- лицензияланатын қызметтi орындауды қамтамасыз ететiн лицензия алған кезде құжаттарды көрсетiлген материалдық-техникалық базаға сәйкестiгiн;
- орындалатын қызметтiң су көлiгi кемелерiнде қызмет ету Жарғысының талаптарына, қолданылып жүрген халықаралық шарттар мен келiсiмдерге, жүктер мен жолаушылар тасымалдарының ережелерiне, тұтынушының өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, сапалы қызмет көрсету және тұтынушының мүлкiн сақтауға мiндеттi талаптарды белгiлейтiн өзге нормативтiк актiлерге сай болуын;
- теңiз және өзен флоты кемелерiнiң командалық құрамында осы кеме түрiн немесе жүзу құралдарын жүргiзуге пайдалануға құқықты растайтын құжаттардың бар екендiгiн;
- өткен тексерулерде анықталған кемшiлiктердiң жойылғанын;
- лицензия шартын сақтау бойынша бақылаушы және қадағалаушы органдардың нұсқаулары мен талаптарын орындау;
- лицензия нормалары мен ережелерiн басқаша бұзуларды анықтау.
Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
8. Тармақ алынып тасталды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І бұйрығымен .
9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық басқармаларының өкiлеттi лауазым тұлғалары теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялау шарттарын сақтауды тексеруге инспектрлеу актiсiн (бұдан былай мәтiн бойынша - актi) және тапсырмадан тыс жүргiзiлген тексеру барысында лицензиялау туралы заңдар бұзылғаны анықталған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзу жөнiнде хаттама құрастыруға құқықты.
Ескерту: 9-тармақ өзгертілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
III. Бақылаудың және лицензия шартын бұзу жағдайы
анықталғанда қабылданған шаралар нәтижесi
10. Астана мен Алматы қалалары бойынша Көлiктiк бақылау басқармалары бұзуларға және олар бойынша қабылданған шараларға есеп жүргiзедi, сондай-ақ лицензия алушы жағынан болған бұзуларды жоюына бақылау жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiне есеп бередi.
Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
11. Лицензиялық заңнаманы бұзулар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілiк құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.
Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
12. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық басқармаларының басшылары жүзу қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаның ластануына қауiп төндiретiн, лицензиялық нормалар мен ережелердiң сақталмаған жағдайда тексеру актiлерiнiң негiзiнде қолданылып жүрген заңдарға сай кемшiлiктер жойылғанға дейiн жүзу көлiк құралдарының лицензия әрекетiн тоқтату үшiн лицензия берушiге ұсыныс табыс етедi.
Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
13. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық басқармаларының лицензиялау шарттарының орындалғанына тексеру жүргiзу туралы есеп берулерiне талдау жүргiзедi және заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарға ақпаратты ұсынады.
Ескерту: 13-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
14. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетiмен ұсынылған құжаттар негiзiнде қажет болуына қарай мына шешiмдердi қабылдайды:
- тоқтатылған себебi көрсетiле отырып, алты айға дейiнгi мерзiмге лицензия күшiн тоқтату туралы;
- лицензияда жазылған талаптарды лицензия алушы орындамаған жағдайында сот тәртiбiмен лицензияны қайтып алу.
Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І
бұйрығымен
.
15. Лицензия алушының лицензия күшi тоқтатылған шешiмдi сот тәртiбiмен шағымдануға құқығы бар.
N 1 Қосымша
ИНСПЕКТРЛЕУ АКТI
Теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялау шарттарының
сақталуын тексеру туралы
199__ж."__"___________ N ______________
(тапсырма беру журналы
бойынша)
____________________________________________________________________
(лицензия алушының толық аты)
____________________________________________________________________
(лицензия N, сериясы) (есеп құжатының N , сериясы)
____________________________________________________________________
(кәсiпорын басшысының (заңды тұлғаның) Ф,А,Ә)
____________________________________________________________________
(иесiнiң (жеке тұлғаның) Ф,А,Ә)
____________________________________________________________________
(лицензияланатын қызметке жауапты тұлғаның Ф,А,Ә,)
____________________________________________________________________
(лицензия иесiнiң пошталық толық мекен-жайы, телефон)
Негiзi______________________________________________________________
(тексеруге тапсырма берген органның аты, құжаттың берiлген
күнi мен нөмiрi)
Тапсырма____________________________________________________________
(инспектрлеу мақсаты)
Құрастырылған_______________________________________________________
____________________________________________________________________
(тексеруге қатысушы лауазымды тұлғалардың Ф,А,Ә, бақылаушы
органның аты)
Қатысушылар_________________________________________________________
____________________________________________________________________
(лицензияланатын қызметтiң субъектiсi жауапты
тұлғасының лауазымы Ф,А,Ә,)
____________________________________________________________________
(тексеру объектiсiнiң аты, лицензияланатын қызметтiң түрi)
____________________________________________________________________
(лицензияланатын қызмет талаптарының санаты)
1. Тексеру нәтижесi_________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
2. Бұзу себептерi___________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Тұжырымы_________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымшалар:_________________________________________________________
Акт __________ беттен __________ данада және жiберiлдi(тапсырылды):
1. ___________________________________________________________
2. ___________________________________________________________
3. ___________________________________________________________
Тексерушiлер _________________________ ______________________
(фамилиясы, аты-жөнi) (қолы)
Тексеруге қатысушылар_______________________ ________________
(фамилиясы, аты - жөнi) (қолы)
Актiнiң бiр данасын алды:
Кәсiпорын басшысы (кәсiпкер),
кеме капитаны, лицензиялауға жауапты
___________________________ ____________________________
(фамилиясы, аты - жөнi) (қолы)
N 2 Қосымша
НҰСҚАМА
Теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялау шарттарының
бұзылғанын жою жөнiнде
____________________________________________________________________
(лицензияланатын қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорынның басшысының
лауазымы, Ф,А,Ә)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 ж.27.05. N 885
"Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар
мен жүктердiң тасымалдарын лицензиялау шарттары мен тәртiбi туралы"
Ережеге
сай және материалдар негiзiнде ____________________________________________________________________
(материалдар, актiлер, рапорттар, хаттамалар тiзiмi)
Лицензия шарты бұзылғанының белгiлi фактiлерi:
____________________________________________________________________
(бұзу жасалған орын мен уақыты, бұзу жағдайы, жүзу құралы),
____________________________________________________________________
(тiркеу порты, бұзу жасаған тұлғаның қызметi, Ф,А,Ә)
Осыған қатысты мына нұсқаулар берiледi:
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
Нұсқаманы (тапсырма) танысуға берген күннен бастап 10 күннiң
iшiнде қабылданған шаралар туралы __________________________________
____________________________________________________________________
(Көлiк инспекциясы бөлiмiнiң аты)
мекен-жай бойынша___________________________________________________
(пошталық толық мекен-жайы)
_________________________________ ____________________________
Көлiк инспекциясындағы бөлiм (қолы)
басшысының қызметi және Ф,А,Ә
Тапсырманы алған
Лицензиялауға жауапты кәсiпорын
басшысы (кәсiпкер), кеме капитаны
________________________________ ____________________________
(фамилиясы, аты - жөнi) (қолы)
N 3 Қосымша
ТАПСЫРМА
Теңiз және өзен көлiгiнде лицензияланатын объектiлердi
тексеруге (инспектрлеу)
199 __ " __ " ______________ N_____________________________
(тапсырма беру журналы бойынша)
1.__________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________
6.__________________________________________________________________
(тексерушiлердiң қызметi Ф,А,Ә) Тексерiлетiн
объектiлер:____________________________________________
____________________________________________________________________
_______________ ___________________ дейiн ________________ күнге
(тексеру мақсаты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тексеруге тапсырма беру)
___________________________________ ____________________________
(басшының Ф,А,Ә және қызметi) (қолы)
органның мөрi
Лицензиялауға жауапты кәсiпорын
Басшысы (кәсiпкер), көлiк кемесiнiң
Капитаны тапсырманың көшiрмесiн алды.
___________________________________ ____________________________
(Ф, А, Ә,) (қолы)