1998 жылғы 27 наурызда тiркелген N 495 "Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде лицензиялық нормалар мен шарттарды сақтау үшiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және қоммуникациялар министрiнi

Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 148-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2293

      "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теңiз және өзен көлiгімен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде лицензиялық нормалар мен шарттарды сақтау үшiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 14 бұйрығына , тiркелу N 495, мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Теңiз және өзен көлiгімен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде лицензиялық нормалар мен шарттарды сақтау үшiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
      "3. Теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуына бақылау жүргiзу Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң лауазымды тұлғаларымен қамтамасыз етiледi";

      4-тармақта "органдардың өкiлеттi лауазымды тұлғалары" деген сөздер "лауазымды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта "Қазақстан Республикасы Бас Көлiк инспекторымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық басқармаларының бастықтарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк Департаментiнiң келiсуi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақта бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша Көлiктiк бақылау басқармалары мына негiзгi мәселелер бойынша тексерулер жүргiзедi";

      8-тармақ алынып тасталсын;
      9-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясының және оның облыстық бөлiмдерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық басқармаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Астана мен Алматы қалалары бойынша Көлiктiк бақылау басқармалары бұзуларға және олар бойынша қабылданған шараларға есеп жүргiзедi, сондай-ақ лицензия алушы жағынан болған бұзуларды жоюына бақылау жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiне есеп бередi".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Лицензиялық заңнаманы бұзулар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілiк құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады";

      12-тармақта "Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясының және оның облыстық бөлiмдерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық басқармаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық басқармаларының лицензиялау шарттарының орындалғанына тексеру жүргiзу туралы есеп берулерiне талдау жүргiзедi және заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарға ақпаратты ұсынады".

      14-тармақта "министрлiгiмен" деген сөз "министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы, Көлiк департаментi" деген сөздер алынып тасталсын".

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (Бейсембаев М.Т.) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн жiберсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Қ.Қ.Жақыповқа жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап қолданысқа енедi.

      Министр