1. "Теңіз және өзен көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау
кезінде лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуы үшін бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы" нұсқаулық бекітілсін. 2. Көлік инспекциясы (Қ.С. Кәрібжанов), Заңгерлік жұмыс бөлімі (О.Е. Ахметжанов) осы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен тіркеуге жіберсін. Министр Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде Көлiк және коммуникациялар 1998 жылғы "-- "-------- министрiнiң N -------- тiркелген 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 14 бұйрығымен Бекiтiлген
"Теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi
тасымалдау кезiнде лицензиялық нормалар мен шарттарды сақтау
үшiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы"
НҰСҚАУЛЫҚ
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүк тасымалдарын лицензиялау тәртiбi мен жағдайы туралы Ереженi бекiту жөнiндегi" 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 қаулысын iске асыру мақсатында осы нұсқаулық теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде лицензиялау нормалар мен шарттарды сақтау үшiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн анықтайды.
2. Заңды тұлғалар теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдаған кезде, сондай-ақ көлiк құралдарын пайдаланған кезде Кеме қатынасы қауiпсiздiгi мен экологиялық нормаларды қамтамасыз етуде, көлiк қызметiн тұтынушылар құқығын қорғау мен монополияға қарсы заңдар талабын iске асыруда лицензиялық нормалар мен шарттардың бұзылуын анықтау мен болдырмау мақсатында лицензияланатын қызмет бақыланады.
3. Теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуына бақылау жүргiзу Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясымен, Теңiз және Өзен Регистрiмен, жер-жердегi басқа да бақылаушы және қадағалау органдарымен, сондай-ақ Су жолдары қазыналық кәсiпорындармен өзара әрекеттесе отырып, Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясының өкiлеттi лауазым тұлғаларымен қамтамасыз етiледi.
4. 3-тармақта көрсетiлген органдардың өкiлеттi лауазымды тұлғалары теңiз және өзен көлiгiнде лицензияланатын қызмет үшiн бақылауды жүзеге асырған кезде мынадай құқықтарға ие болады:
- аумақтарға, акваторияларға, порт құрылыстарына, кемелер мен жүзу көлiк құралдарына, кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және лицензиялық қызметi жүзеге асыратын кәсiпкерлерге кедергiсiз кiруге;
- лицензияда, экология талаптары мен нормаларда кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен теңiз және өзен көлiгiнiң қызметiн тұтынушылар құқығын сақтауда қарастырылған шарттардың орындалуын растайтын қажеттi құжаттарды тексеруге алуға.
II. Бақылауды ұйымдастыру
5. Лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуын бақылау лицензиялық қызметке қойылатын талаптарға жүзу көлiк құралдарының сай болуын растайтын құжаттарды тексерудi қоса теңiз және өзен көлiгiнде лицензияланатын қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi және кәсiпкерлердi тексеру жолымен жүргiзiледi.
6. Тексеру былайша жүргiзiледi:
- Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк Департаментiнiң келiсуi бойынша Қазақстан Республикасы Бас Көлiк инспекторымен бекiтiлетiн жоспарлар мен кестелерге сай жоспарланған тәртiпте;
- заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары мен өтiнiштерi, мемлекеттiк басқару және бақылау органдарының тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясы басшылығының шешiмiмен жоспардан тыс тәртiпте;
- анықталған кемшiлiктердi жоюға бақылау жасау тәртiбiмен.
екiншi және үшiншi азат жолдарда көрсетiлген негiздермен тексеру жылына бiр реттен асырылмай жүргiзiледi.
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жүйесiне кiретiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар өкiлеттi лауазым тұлғаларының тексеру жүргiзулерiнде жәрдем жасауға және көмек көрсетуге мiндеттi.
7. Көлiк инспекциясының органдары Кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясымен Теңiз және Өзен Регистрiмен өзара әрекеттесе отырып, мына негiзгi мәселелер бойынша тексеру жүргiзiледi:
- лицензия бар екендiгi, лицензияда көрсетiлген түрге қызметтiң сәйкестiгiн, лицензия мерзiмi мен әрекет аймағының сақталуын, сондай-ақ жүзу көлiк құралдарында есеп құжатының бар екендiгiн;
- лицензияланатын қызметтi орындауды қамтамасыз ететiн лицензия алған кезде құжаттарды көрсетiлген материалдық-техникалық базаға сәйкестiгiн;
- орындалатын қызметтiң су көлiгi кемелерiнде қызмет ету Жарғысының талаптарына, қолданылып жүрген халықаралық шарттар мен келiсiмдерге, жүктер мен жолаушылар тасымалдарының ережелерiне, тұтынушының өмiрi мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, сапалы қызмет көрсету және тұтынушының мүлкiн сақтауға мiндеттi талаптарды белгiлейтiн өзге нормативтiк актiлерге сай болуын;
- теңiз және өзен флоты кемелерiнiң командалық құрамында осы кеме түрiн немесе жүзу құралдарын жүргiзуге пайдалануға құқықты растайтын құжаттардың бар екендiгiн;
- өткен тексерулерде анықталған кемшiлiктердiң жойылғанын;
- лицензия шартын сақтау бойынша бақылаушы және қадағалаушы органдардың нұсқаулары мен талаптарын орындау;
- лицензия нормалары мен ережелерiн басқаша бұзуларды анықтау.
8. Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясының, оның облыстық бөлiмдерiнiң, Көлiк Департаментiнiң басшылығымен берiлетiн тапсырмалар (N3 Қосымша) негiзiнде тексеру жүргiзiледi. Тапсырмада нөмiрi, беру күнi, тегi, аты, әкесiнiң аты және тексерушiлердiң қызметi, тексеру мерзiмi, лицензия алушы немесе нақты жүзу құралдары және тексеруге жататын басқа объектiлер, тексеру мақсаты көрсетiледi. Тапсырмалар, актiлер, нұсқамалар және жеке журналда тiркеледi.
9. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Көлiк инспекциясының және оның облыстық бөлiмдерiнiң өкiлеттi лауазым тұлғалары теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялау шарттарын сақтауды тексеруге инспектрлеу актiсiн (бұдан былай мәтiн бойынша - актi) және тапсырмадан тыс жүргiзiлген тексеру барысында лицензиялау туралы заңдар бұзылғаны анықталған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзу жөнiнде хаттама құрастыруға құқықты.
III. Бақылаудың және лицензия шартын бұзу жағдайы
анықталғанда қабылданған шаралар нәтижесi
10. Көлiк инспекциясының облыстық бөлiмдерi бұзулар жөнiнде және олар бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ лицензия алушы жағынан болған бұзуларға есеп жүргiзедi және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясына талдау мен есеп бередi.
11. Лицензиялық нормалар мен шарттарды сақтау жөнiнде кәсiпорындарды, ұйымдарды, кәсiпкерлердi және олардың жүзу құралдарын тексеру нәтижелерi (N 1 Қосымша).
Лицензия заңдары бұзылған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылады ("Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi Кодекс" 169 немесе 169-1-бабы), ол жедел түрде осы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды немесе жеке тұлғалардың болған жерiндегi салық комитетiне немесе салық полициясына жiберiледi. Болмашы кемшiлiктер анықталған жағдайда Көлiк инспекциясының бөлiм басшысымен оларды жою туралы нұсқама құрастырылады (N 2 Қосымша).
Актiлер мен Нұсқамалар 3 данада құрастырылады (1-қол қойдырып, лицензия алушыға берiледi, 1 - лицензия берушiге - Көлiк Департаментiне, 1-тексерушiде қалады).
12. Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясының және оның облыстық бөлiмдерiнiң басшылары жүзу қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаның ластануына қауiп төндiретiн, лицензиялық нормалар мен ережелердiң сақталмаған жағдайда тексеру актiлерiнiң негiзiнде қолданылып жүрген заңдарға сай кемшiлiктер жойылғанға дейiн жүзу көлiк құралдарының лицензия әрекетiн тоқтату үшiн лицензия берушiге ұсыныс табыс етедi.
13. Қазақстан Республикасының Көлiк инспекциясы лицензиялау шарттарының орындалғанына тексеру жүргiзу туралы бөлiмдердiң есеп берулерiне талдау жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiк Департаментiне ақпараттар ұсынады.
14. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен
ұсынылған құжаттар негiзiнде қажет болуына қарай мына шешiмдердi қабылдайды: - тоқтатылған себебi көрсетiле отырып, алты айға дейiнгi мерзiмге лицензия күшiн тоқтату туралы; - лицензияда жазылған талаптарды лицензия алушы орындамаған жағдайында сот тәртiбiмен лицензияны қайтып алу. 15. Лицензия алушының лицензия күшi тоқтатылған шешiмдi сот тәртiбiмен шағымдануға құқығы бар. Қазақстан Республикасының Көлiк Көлiк инспекциясы Департаментi N 1 Қосымша ИНСПЕКТРЛЕУ АКТI Теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялау шарттарының сақталуын тексеру туралы 199__ж."__"___________ N ______________ (тапсырма беру журналы бойынша) ______________________________________________________________________ (лицензия алушының толық аты) ______________________________________________________________________ (лицензия N, сериясы) (есеп құжатының N , сериясы) ______________________________________________________________________ (кәсiпорын басшысының (заңды тұлғаның) Ф,А,Ә) ______________________________________________________________________ (иесiнiң (жеке тұлғаның) Ф,А,Ә) ______________________________________________________________________ (лицензияланатын қызметке жауапты тұлғаның Ф,А,Ә,) ______________________________________________________________________ (лицензия иесiнiң пошталық толық мекен-жайы, телефон) Негiзi _______________________________________________________________ (тексеруге тапсырма берген органның аты, құжаттың берiлген күнi мен нөмiрi) Тапсырма _____________________________________________________________ (инспектрлеу мақсаты) Құрастырылған ________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (тексеруге қатысушы лауазымды тұлғалардың Ф,А,Ә, бақылаушы органның аты) Қатысушылар __________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (лицензияланатын қызметтiң субъектiсi жауапты тұлғасының лауазымы Ф,А,Ә,) ______________________________________________________________________ (тексеру объектiсiнiң аты, лицензияланатын қызметтiң түрi) ______________________________________________________________________ (лицензияланатын қызмет талаптарының санаты) 1. Тексеру нәтижесi __________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ 2. Бұзу себептерi ____________________________________________________ ______________________________________________________________________ 3. Тұжырымы___________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Қосымшалар: __________________________________________________________ Акт __________ беттен __________ данада және жiберiлдi (тапсырылды): 1. _____________________________________________________________ 2. _____________________________________________________________ 3. _____________________________________________________________ Тексерушiлер _________________________________ ____________________________ (фамилиясы, аты - жөнi) (қолы) Тексеруге қатысушылар _________________________________ ____________________________ (фамилиясы, аты - жөнi) (қолы) Актiнiң бiр данасын алды: Кәсiпорын басшысы (кәсiпкер), кеме капитаны, лицензиялауға жауапты _________________________________ ____________________________ (фамилиясы, аты - жөнi) (қолы) N 2 Қосымша НҰСҚАМА Теңiз және өзен көлiгiнде лицензиялау шарттарының бұзылғанын жою жөнiнде ______________________________________________________________________ (лицензияланатын қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорынның басшысының лауазымы, Ф,А,Ә) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 ж.27.05. N 885 "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiмен жолаушылар мен жүктердiң тасымалдарын лицензиялау шарттары мен тәртiбi туралы" Ережеге сай және материалдар негiзiнде ______________________________________________________________________ (материалдар, актiлер, рапорттар, хаттамалар тiзiмi) Лицензия шарты бұзылғанының белгiлi фактiлерi: ______________________________________________________________________ (бұзу жасалған орын мен уақыты, бұзу жағдайы, жүзу құралы), ______________________________________________________________________ (тiркеу порты, бұзу жасаған тұлғаның қызметi, Ф,А,Ә) Осыған қатысты мына нұсқаулар берiледi: 1.____________________________________________________________________ 2.____________________________________________________________________ 3.____________________________________________________________________ 4.____________________________________________________________________ Нұсқаманы (тапсырма) танысуға берген күннен бастап 10 күннiң iшiнде қабылданған шаралар туралы ___________________________________________ ______________________________________________________________________ (Көлiк инспекциясы бөлiмiнiң аты) мекен-жай бойынша _____________________________________________________ (пошталық толық мекен-жайы) _________________________________ ____________________________ Көлiк инспекциясындағы бөлiм (қолы) басшысының қызметi және Ф,А,Ә Тапсырманы алған Лицензиялауға жауапты кәсiпорын басшысы (кәсiпкер), кеме капитаны _________________________________ ____________________________ (фамилиясы, аты - жөнi) (қолы) N 3 Қосымша ТАПСЫРМА Теңiз және өзен көлiгiнде лицензияланатын объектiлердi тексеруге (инспектрлеу) 199 __ " __ " ______________ N ___________________________ (тапсырма беру журналы бойынша) 1.____________________________________________________________________ 2.____________________________________________________________________ 3.____________________________________________________________________ 4.____________________________________________________________________ 5.____________________________________________________________________ 6.____________________________________________________________________ (тексерушiлердiң қызметi Ф,А,Ә) Тексерiлетiн объектiлер:______________________________________________ ______________________________________________________________________ _______________ ___________________ дейiн ________________ күнге (тексеру мақсаты) ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (тексеруге тапсырма беру) ___________________________________ ____________________________ (басшының Ф,А,Ә және қызметi) (қолы) органның мөрi
Лицензиялауға жауапты кәсiпорын Басшысы (кәсiпкер), көлiк кемесiнiң Капитаны тапсырманың көшiрмесiн алды.
___________________________________ ____________________________ (Ф, А, Ә,) (қолы)
оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.