"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптар туралы"

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Төрағасының 1997 жылғы 3 қазандағы N 156-А қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 қазанда тіркелді. Тіркеу N 404. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы Ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 2 қазандағы N 1402 Қаулысын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:

      I. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi лицензия беруге өтiнiштi қарау кезiнде заңды тұлғаларға қойылатын талаптардың тiзбесi белгiленсiн:

      1. Өтiнушiнiң мынадай көрсеткiштерiнiң оның қызметiнiң барлық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (БҚҰК) белгiлеген талаптарға және нормативтерге сәйкестiлiгi;
      1) жарғылық капиталының мөлшерi;
      2) өтiнушiнiң штатында өтiнушiнiң (оның филиалының, өкiлдiгiнiң) 3-санатты бiлiктiлiк куәлiктерi бар кемiнде үш маманының болуы, оның iшiнде:
      басшы қызметкерлер;
      активтердi инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелердiң басшылары;
      инвестициялық шешiмдердi қабылдауға және жүзеге асыруға тiкелей қатысатын мамандар.
      3) үй-жайдың, ұйымдастыру техникаларының, компьютерлердiң, бағдарламалық-техникалық құралдардың және брокерлiк кеңселермен, зейнетақы қорларымен, Орталық депозитариямен және банк-кастодиандармен өзара әрекеттестiктi қамтамасыз ететiн телекоммуникациялық құрал-жабдықтың болуы;
      4) заңды тұлға өзiнiң құрылтайшыларының қаржылық тұрақтылығын растау керек;
      5) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi ұйымдастыруды реттейтiн iшкi құжаттар әзiрлену керек.

      2. Осы Қаулының 1-тармағында аталған көрсеткiштер мынадай құжаттарман расталу керек:
      1) заңды тұлғалар-құрылтайшылар туралы мәлiметтер;
      анкеталық мәлiметтер (1-қосымша);
      заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшiрмелерi;
      бухгалтерлiк баланстар және аяқталған соңғы екi қаржы жылының және БҚҰК құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қаржы нәтижелерi туралы есептер;
      аяқталған соңғы қаржы жылындағы қаржылық есеп берушiлiкке аудиторлық есеп;
      2) жеке тұлғалар-құрылтайшылар туралы мәлiметтер:
      анкеталық мәлiметтер (2-қосымша);
      табыстар және мүлiк туралы салық органдары растаған декларация;
      3) басқару органдары туралы мәлiметтер, бөлiмшелерi туралы ережелер және тегiн, атын, әкесiнiң атын, енгiзу туралы бұйрықтың күнiн және нөмiрiн көрсете отырып штаттық кесте енгiзiлген өтiнушiнiң ұйымдық құрылымы;
      4) жоспарлау-қаржылық құжаттарымен қоса өтiнушiнiң қызметiнiң экономикалық негiздемесi (бизнес-жоспар);
      5) өтiнушiнiң iшкi аудит қызметi туралы ереже;
      6) инвестициялық шешiмдi қабылдаудың және жүзеге асырудың тәртiбi туралы ереже;
      7) зейнетақы активтерiмен жасалған мәмiлелердiң орындалысына бақылау жасаудың тәртiбi туралы ереже;
      8) мәлiметтердiң тұтастығын және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге iшкi бақылау жасау туралы ереже;
      9) инвестициялық шешiмдер қабылдауға және жүзеге асыруға тiкелей қатысатын тұлғалардың, олардың құқықтары мен мiндеттерi нақты жазылған лауазымдық нұсқаулары;
      10) үй-жайдың ұйымдастыру техникаларының, телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың және бағдарламалық-техникалық құралдардың бар екенiн растайтын құжаттар;
      11) бухгалтерлiк баланс және өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылының және соңғы тоқсанның (құжаттарды ұсыну сәтiне) қаржылық нәтижелерi туралы есебi;
      12) өтiнушiнiң аяқталған соңғы қаржы жылындағы (егер аяқталса) қаржылық есеп берушiлiкке аудиторлық есеп;
      13) өз капиталының қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есебi және жарғылық капиталын қалыптастыруды растайтын қаржылық құжаттар;
      14) өтiнушiнiң осы Қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған қызметкерлерiне БҚҰК берген, қолданылып жүрген үшiншi санатты (бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
      14-1) осы Қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғалардың еңбек кiтапшаларының (олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн;
      15) ақпараттық-техникалық қызмет көрсетуге Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығымен жасасқан келiсiмнiң көшiрмесi.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 14)-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ 14-1)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысымен .
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысымен .

      3. БҚҰК өтiнушiден Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қосымша құжаттарды ұсыну жолымен оның қызметi туралы мәлiметтердi ашуды талап етуге құқылы.

      4. Өтiнушiнiң лицензия алуға ұсынылған құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғасына осы құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығына заңмен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi. Лицензиар өтiнушiнiң құжаттарындағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi үшiн жауап бермейдi.

      5. Өтiнушi мәлiметтердегi және осы Қаулының 2-тармағына сәйкес лицензия алуға ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы БҚҰК жазбаша түрде ескертуге мiндеттi.
      Өзгерiстер туралы мәлiметтер БҚҰК он күн мерзiмде берiлу керек.

      II. Лицензиат зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi 6 ай iшiнде жүзеге асырмаған жағдайда, лицензияны қолдану тоқтатыла тұрады.

      6. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау БҚҰК Инвестициялау басқармасына жүктелсiн.

      7. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшiне енедi.

      Ұлттық комиссияның
         Төрағасы