Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1515. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны ірілендіру және қайта атау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта атау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының ұсынысына келісім берілсін.
      2. Кәсіпорынға "Алматы қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы:
      1) Кәсіпорын Жарғысына тиісті өзгерістерді енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі