Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 86 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 сәуірде № 38586 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы:

      2026 жылғы 1 маусымнан қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 139 және 142- тармақтарын;

      2027 жылғы 1 шілдеден қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4), 31), 32), 50), 51), 52) және 53) тармақшаларын, 21-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасының бесінші абзацын, 6) тармақшасының төртінші, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын және екінші бөлігін, 24-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын және үшінші бөлігін, 33-тармағының бірінші бөлігі 6) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларын, екінші бөлігі 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларын және алтыншы бөлігін, 34-тармағының екінші бөлігінің 2), 8), 9) және 10) тармақшаларын және төртінші бөлігін, 35-тармағын, 43-тармағы бірінші бөлігінің 8), 9) және 10) тармақшаларын және екінші бөлігін, 44-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 4) тармақшасының төртінші абзацын, 6) тармақшасының он екінші абзацын және екінші бөлігін, 55-тармағы тоғызыншы бөлігінің он сегізінші абзацын және оныншы бөлігін, 11-тарауын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қағидалардың 146-тармағы 9) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, оның қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:

      "9) банк омбудсманы шешімдерінің орындалуын мониторингтеу".

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 86 қаулысымен
бекітілген

Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 48-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне және 6- тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы", "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі – конфиденциалдылықты бұзу, банктің ақпараттық активтерінің тұтастығын немесе қолжетімділігін қасақана бұзу салдарынан зиянның пайда болу ықтималдығы;

      2) ақпараттық технологиялар тәуекелі – банк пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың істен шығуы (жұмыс істеуінің бұзылуы) салдарынан зиян туындау ықтималдығы;

      3) алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдері – үшінші тұлғалардың және (немесе) банк қызметкерлерінің тарапынан алаяқтық салдарынан қаржылық шығындар мен беделдік тәуекелдердің туындау, банктің қаржылық қызметтерді есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзитімен байланысты операцияларда пайдалану, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға байланысты операцияларда және электрондық казино мен интернет-казиноның, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметті атқару құқығына арналған лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдалану ықтималдығы;

      4) әлеуметтік тәуекел – клиенттерді, жеткізушілерді және өзге де мүдделі тараптарды қоса алғанда, қоғаммен өзара іс-қимылдан туындайтын шығындардың туындау ықтималдығы;

      5) банктің антифрод-жүйесі – банктік қызметтерді көрсету кезінде алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың белгілері бар операциялардың алдын алу және анықтауға, дропперлерді анықтауға бағытталған техникалық және талдамалық шаралар кешені;

      6) банктің уәкілетті алқалы органы – директорлар кеңесі, директорлар кеңесінің жанындағы комитет, басқарма, басқарманың жанындағы комитет;

      7) бедел тәуекелі – қоғамда банктің сенімділігі, ол көрсететін қызметтердің сапасы немесе жалпы банк қызметінің сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде жоспарланған кірістерді алмау ықтималдығы;

      8) дроппер – үшінші тұлғаға өзінің банктік шотына және (немесе) электрондық төлем құралына қолжетімділік берген, сол сияқты өзінің төлем құралдарын, оның ішінде олардың заңсыз операцияларда рұқсатсыз пайдаланылуына әкеп соққан материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаға пайдалануға берген тұлға;

      9) заңдық тәуекел – банктің не контрагенттің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда - оның шыққан елінің заңнамасының, сондай-ақ жасалған шарттардың талаптарын сақтамау салдарынан шығындардың туындау ықтималдығы;

      10) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтамау тәуекелі - исламдық банк операцияларының қағидаттарына және (немесе) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындыларына сәйкес келмейтін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыру, өнімдер мен қызметтер ұсыну, шарттар жасасу не бизнес-процестерді іске асыру нәтижесінде клиенттер мен инвесторлар тарапынан қаржылық шығындардың, беделге зиянның, қолайсыз құқықтық салдардың және (немесе) сенімнің жоғалу ықтималдығы;

      11) капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – активтердің көлемін, қызметтің сипаты мен күрделілік деңгейін, ұйымдық құрылымын, стратегиялық жоспарларын, банктің тәуекел-бейінін, нормативтік құқықтық базасын ескере отырып, елеулі тәуекелдерді басқару процестерінің жиынтығы, тұрақты қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігін қолдау үшін банк капиталының жеткіліктілігінің нысаналы деңгейін айқындау мақсатында осындай тәуекелдерді бағалау және жинақтау.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының капиталы деп резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері түсініледі;

      12) капиталды қаржыландыру жоспары – банк капиталының күрт төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдер мен іс-әрекеттердің жиыны;

      13) кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналы – кепілмен қамтамасыз етудің сипаты мен сипаттамасын, сапаны тәуелсіз бағалаудың бірінші және неғұрлым өзекті бағалауының қорытындысы (бағалау күні, сапаны тәуелсіз бағалаудың атауы, бағалау құны, әдісі) бойынша ақпаратты, кепіл қызметінің қорытындысын (күні, құны), құнының әр түрлі болуының себептерін, өткізу бойынша ақпаратты (бар болса) қамтитын кепілмен қамтамасыз ету құнының ішкі журналы;

      14) кепілсіз тұтынушылық қарыз – жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген, берілу сәтіне кепіл туралы талап қоюсыз банктік қарыз;

      15) комплаенс-тәуекел – банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің қаржы нарығында қызметтер көрсету және операциялар жүргізу тәртібін регламенттейтін банктің ішкі құжаттарын, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттердің заңнамасының талаптарын орындамау салдарынан шығындардың туындау ықтималдығы;

      16) корпоративтік басқару – банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері), акционерлердің, басшы қызметкерлердің және аудиторлар директорлар кеңесінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ банктің уәкілетті алқалы органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі.

      Корпоративтік басқару жүйесі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді;

      17) кредиттік тәуекел – қарыз алушының немесе контрагенттің банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындамау салдарынан туындайтын шығын ықтималдығы;

      18) кредит төлеу қабілеттілігі – қарыз алушының болашақта банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді толығымен және мерзімінде орындай алу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік беретін, қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштермен ұсынылған кешенді құқықтық және қаржылық сипаттамасы;

      19) кредит шарты – нәтижесінде банк тарапынан қарыз алушыға талаптар туындайтын (немесе келешекте туындауы мүмкін) қаржыландыру (шартты қаржыландыруды қоса) туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім;

      20) күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда қаржыландыру жоспары – банктің өз міндеттемелері бойынша уақтылы жауап беру қабілетінің төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдердің жиынтығы мен іс-қимылдар жоспары;

      21) қадағалап стресс-тестілеу – оқиғалар дамуының болжамды (стрестік) сценарийлеріне банктердің қаржылық орнықтылығын бағалауға бағытталған уәкілетті органның құралы. Банктер қадағалап стресс-тестілеуге қатысушылар үшін бірыңғай әдіснаманың және сценарийлердің негізінде ішкі модельдерді қолданумен есептеулер жүргізеді және уәкілетті органға стресс-тестілеудің нәтижелерін ұсынады. Бұл ретте банктер жүргізілген есептеулердің сапасы мен стресс-тестілеудің нәтижелері үшін жауапты болады;

      22) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;

      23) қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше – ақпараттың конфиденциалдылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзуы банкті шығындарға алып келетін банктің бөлімшесі, ақпарат иесі;

      24) заңсыз оқыс оқиғалар – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынатын төлем транзакциялары, оларға Қағидалардың шеңберінде есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзитімен, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырумен, электрондық казино мен интернет-казиноның, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметті атқару құқығына арналған лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты белгілері бар төлем транзакциялары жатады;

      25) маңызды ақпараттық актив – ақпарат және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысанының жиынтығы болып табылатын, банк олардың конфиденциалдығын, тұтастығын, қолжетімділігін бұзудан болған залалдар деңгейі негізінде маңызды деп айқындайтын ақпараттық актив;

      26) маңызды тәуекел – іске асырылуы банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауына алып келетін тәуекел;

      27) мүдделер қақтығысы – банктің, оның акционерлерінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің басқару органының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері) және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүдделілігі және олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе банктің және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің мүліктік және өзге де мүдделері арасында қарама-қайшылық туындайтын жағдай, бұл банк және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін;

      28) нарықтық тәуекел – нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнының өзгерістерінде байқалатын нарықтық жағдайдың тиімсіз өзгерістері себеп болатын баланстық және баланстан тыс баптары бойынша қаржы шығынының туындау ықтималдығы;

      29) оқыс оқиғалардың дерекқоры – банк электрондық түрде жүргізетін алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар базасы;

      30) операциялық тәуекел – стратегиялық тәуекел және бедел тәуекелін қоспағанда, қолайсыз және жеткіліксіз ішкі процестер, адам ресурстары мен жүйелер немесе сыртқы оқиғалар ықпалының нәтижесінде шығындардың пайда болу ықтималдылығы;

      31) орнықты даму бойынша ақпарат (ESG (Environmental, Social, Governance (Инвайронментал, Соушл, Гавернэнс)) – банк орнықты даму (ESG) бойынша есеп шеңберінде ашатын, орнықты даму саласындағы қаржылық емес ақпарат болып табылатын ақпарат;

      32) орнықты даму бойынша есеп (ESG (Environmental, Social, Governance (Инвайронментал, Соушл, Гавернэнс)) – экология, әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесінің, сондай-ақ корпоративтік басқару жүйесінің жұмыс істеуі мәселелерін қамтитын есеп және (немесе) жылдық есеп;

      33) өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – банктің өтімділіктің тиісті деңгейін ұстап тұруы және қызмет, валюта түріне байланысты түрлі уақыт аралықтарында өтімділік тәуекелін басқарудың тиісті жүйесін енгізу мақсатында өтімділік тәуекелін басқару процестерінің жиынтығы;

      34) өтімділік тәуекелі – банктің өз міндеттемелерін елеулі шығындарсыз белгіленген мерзімде орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде қаржылық залалдардың туындау ықтималдығы;

      35) пайыздық тәуекел – банктің активтері, пассивтері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруінің салдарынан шығыстардың (зиянның) туындау ықтималдығы;

      36) саясат – банктің директорлар кеңесі бекіткен, банктің тиімді қызмет етуін және оның қызметінің стратегиясына, тәуекел бейініне, тәуекел дәрежесіне сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі сандық және сапалық өлшемдерін, қағидаттарын, стандарттарын айқындайтын ішкі құжат. Саясат шеңберінде банктің директорлар кеңесі жекелеген рәсімдерді, процестерді, нұсқаулықтарды сипаттайтын тиісті ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;

      37) стратегиялық тәуекел – банктің стратегиялық дамуын айқындайтын және банктің қызметіне тән қауіптерді жеткілікті түрде есепке алмаудан көрінетін шешімдер қабылдау, банктің бәсекелестер алдында басымдыққа жетуі мүмкін қызметтің перспективалық бағыттарын дұрыс немесе жеткілікті түрде негіз келтіріп айқындамау, банк қызметінің стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін қажетті ресурстар мен ұйымдастыру шараларының болмауы немесе толық көлемде қамтамасыз етілмеуі кезінде жіберілген қателер (кемшіліктер) нәтижесінде зиянның туындау ықтималдығы;

      38) стресс-тестілеу – ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың банктің қаржылық жағдайына әлеуетті әсерін бағалау әдісі;

      39) тәуекел – күтілетін немесе көзделмеген оқиғалардың банктің қаржылық орнықтылығына, оның капиталына және (немесе) кірістеріне және (немесе) іскерлік беделіне теріс әсер етуі мүмкін ықтималдық;

      40) тәуекел-бейін – тәуекел түрлерінің және әлсіз тараптарды анықтау және тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде кейінгі іс-қимылдардың басымдығын айқындау үшін банктің банк қызметінің барлық түріне тән тәуекелдер түрлеріне ұшырау дәрежесін сипаттайтын өзге мәліметтердің жиынтығы;

      41) тәуекел дәрежесі – банк стратегияны іске асыру кезінде қабылдауға дайын не алып тастауға ниетті маңызды тәуекелдердің біріктірілген деңгейі (деңгейлері);

      42) тәуекел дәрежесін мәлімдеу – банктің директорлар кеңесі бекітетін, маңызды тәуекелдердің банк қабылдауға дайын не стратегияны іске асыру кезінде алып тастауға ниетті болатын біріктірілген деңгейі (деңгейлері) (тәуекелдің рұқсат етілген мөлшерінің лимиттері) сипатталатын құжат. Тәуекел дәрежесін мәлімдеу кірістілікке, капиталға, өтімділікке, тәуекелдерге қатысты көрсеткіштерді, өзге де қолданылатын көрсеткіштерді қоса алғанда, сапалық сипаттағы, сондай-ақ сандық сипаттағы мәмілені қамтиды;

      43) тәуекел-мәдениет – тәуекелдердің банктің қаржылық жай-күйіне әсер етуін азайту мақсатында, банктің тәуекелдерді түсінуіне, қабылдауына, басқаруына және бақылауына бағытталған процестері, рәсімдері, ішкі қағидалары, сондай-ақ ұйымдық құрылымның барлық қатысушыларының кәсптік қызметінің этикалық нормалары және стандарттары. Тәуекел-мәдениет банк қызметінің қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестерін және тетіктерін толықтырады және тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас құрауышы болып табылады;

      44) тәуекелді өңдеу – тәуекелдерді өзгерту жөніндегі шараларды таңдау және іске асыру процесі;

        45) тәуекелдер тізілімі – тәуекелдердің өлшемшарттары мен туындау себептері, олардың туындау ықтималдығы, әсері (залалы), тәуекелдерді өңдеу басымдығы мен әдістері бар құрылымдалған тәуекелдер тізілімі;

      46) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      47) ұйымдық құрылым – банктің бағыныстылық, есеп беру құрылымын көрсететін басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелерінің сандық құрамын және жүйесін белгілейтін ішкі құжат және (немесе) ішкі құжаттардың жиынтығы;

      48) цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтер платформасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      49) ішкі (экономикалық) капитал – маңызды тәуекелдерді, оның ішінде әлеуетті, банк қабылдаған, меншікті модельдерді қолданумен банктің ішінде есептелген капитал;

      50) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесі – банк қарыз алушыларын кредиттеу кезінде экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді анықтау және басқару үшін арналған саясаттардың, рәсімдердің, құралдардың және ішкі ресурстардың жиынтығы;

      51) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді кешенді бағалау (ESDD (Environmental and Social Due Diligence (Инвайронментал энд Соушл Дью Дилиджэнс)) – банк әлеуетті клиентінің қызметіне байланысты ықтимал экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді талдау, кредит берудің банк үшін әлеуетті міндеттеме немесе тәуекел болып табылатын экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерге алып келмейтініне көз жеткізу мақсатында жүргізіледі;

      52) экологиялық тәуекел – қоршаған ортаға және (немесе) оның жекелеген құрамдас бөліктеріне елеулі әрі қайтымсыз салдарларға әкеп соғатын экологиялық залал келтіру тәуекелдері немесе адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірудің ықтималдығы;

      53) ESG-тәуекелдері (Environmental, Social, Governance (Инвайронментал, Соушл, Гавернэнс) – банктің пайдасы мен залалдарына әсер ететін экологиялық тәуекелдер, әлеуметтік тәуекелдер және корпоративтік басқару тәуекелдерінің туындау ықтималдығы.

      Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына қолданған кезде:

      директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті басқару органы түсініледі;

      басқарма деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері түсініледі;

      меншікті капитал деп есептелген резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері түсініледі;

      қаржылық есептілік деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік түсініледі;

      тәуекел-менеджмент басшысы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі;

      бас комплаенс-бақылаушы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі.

      3. Қағидалардың мақсаты мыналарды:

      1) банктің меншікті капиталының банк қабылдайтын тәуекелдері деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз етуі үшін банктің тәуекелдерін уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және оларға мониторинг жасау арқылы оларды тиімді басқаруды және тиісті өтімділік деңгейінің бар болуын;

      2) корпоративтік басқарудың тиісті практикасын және іскерлік этика мен тәуекел-мәдениеттің тиісті деңгейін;

      3) банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, ішкі саясаттың, банктің рәсімдерінің және өзге ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын;

      4) банктің және оның қызметкерлерінің қызметінен кемшіліктерді уақтылы анықтау мен жоюды;

      5) банкте кездейсоқ немесе төтенше жағдайларды шешу үшін барабар тетіктер құруды қамтамасыз ету арқылы банктің тәуекелдерді басқару жүйелерін және ішкі бақылауды қалыптастыру тәртібін айқындау болып табылады.

      4. Банктің директорлар кеңесі таңдалған бизнес модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне сәйкес келетін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банктің меншікті капиталының мөлшерін және банк қызметіне тән елеулі тәуекелдерді өтеу үшін қажетті өтімділікті айқындау мақсатында банктің елеулі тәуекелдерін анықтау, өлшеу және бағалау, мониторингтеу, бақылау және азайту рәсімдерінің тиісті процесін қамтамасыз етеді.

      Тәуекелдерді басқару жүйесі Қағидаларда белгіленген құрауыштар жиынтығын білдіреді, ол банктің тәуекелдерін уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және мониторингтеу, сондай-ақ оның қаржылық орнықтылығы мен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды барынша азайту мақсатында банк әзірлеген және регламенттеген ішкі рәсімдердің, процестердің, саясаттардың, банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеттесу тетігін қамтамасыз етеді.

      5. Тәуекелдерді басқару жүйесі:

      1) қызмет етуге қабілетті және тұрақты бизнес-модельді таңдауға, тәуекел дәрежесі стратегиясын ескере отырып, стратегия мен бюджетті жоспарлаудың тиімді процесіне негізделген банк қызметінің негізгі бағыттарының кірістілігі мен қабылданатын тәуекелдер деңгейі арасындағы тиімді арақатынасты;

      2) банк тәуекелдерінің мөлшерін объективті бағалауды, тәуекелдерді басқару процестерінің толықтығын және құжаттамалауды, оларды алдын ала анықтауды, өлшеуді және бағалауды, мониторингтеу мен бақылауды, банктің меншікті капиталы мен өтімділігінің жеткілікті көлемін қолдау мақсатында қаржылық ресурстарды, персоналды және ақпараттық жүйелерді тиімді пайдалана отырып ұйымдастыру құрылымының әр деңгейінде елеулі тәуекел түрлерін барынша азайтуды;

      3) ұйымдастыру құрылымының барлық деңгейінде банктің елеулі тәуекелдерге бейім барлық қызмет түрлерін қамтуды, жекелеген елеулі тәуекел түрлеріне бағалардың толықтығын, банктің тәуекел-бейінін анықтау мен тәуекел дәрежесін құру мақсатында олардың өзара әсерін;

      4) барлық елеулі тәуекел түрлері бойынша тәуекел дәрежесі деңгейінің болуын және белгіленген деңгейлер бұзылған жағдайда, оның ішінде деңгейі жоғары деп айқындалған тәуекелдерді қабылдау жауапкершілігін, тәуекел дәрежесі стратегиясының шеңберінде банктің директорлар кеңесін, директорлар кеңесі жанындағы комитеттерді және басқармасын (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органын) ақпараттандыру рәсімдерін қоса алғанда, іс-қимыл алгоритмін;

      5) тиімді корпоративтік басқару жүйесін құру арқылы тәуекелі бар шешімдер қабылдайтын банктің уәкілетті алқалы органдарының хабардарлығын, банк қызметіне тән елеулі тәуекелдер туралы толық, шынайы және уақтылы басқарушылық ақпараттың болуын;

      6) ұсынылатын ақпаратты жан-жақты бағалау негізінде адал, тиісті мұқияттылықпен және сақтықпен (duty of care) (дьюти оф кэр) шешімдерді ұтымды қабылдау және банк мүддесінде әрекет ету. Мұқияттылық және сақтық білдіру міндеті, мұндай шешімдер жеткілікті ақпарат негізінде және Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) банктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтай отырып қабылданған жағдайда, бизнес-шешімдер қабылдау кезінде жіберілген қателерге қолданылмайды. Көрсетілген міндет қателер ақпаратты алу және бағалау бойынша қажетті шаралар қолданбаудың не көрсетілген талаптарды сақтамаудың салдары болып табылатын жағдайларда қолданылады;

      7) банк қызметкерлерінің және лауазымды тұлғаларының өздерінің жеке басының пайдасын, банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың мүддесін есепке алмай, банк мүддесіне залал келтірмей (duty of loyalty) (дьюти оф лоялти) банк мүддесінде адал шешім қабылдауын және іс-қимыл жасауын;

      8) банктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері арасында тәуекелдерді басқару функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін және мүдделер қақтығысын барынша азайтуды ескере отырып, олардың жауапкершілігін нақты бөлу;

      9) үш қорғаныс жүйесі желісін құру арқылы банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау функциясын операциялық қызметтен бөлу, оның ішінде:

      бірінші қатар – банктің құрылымдық бөлімшелері деңгейінде;

      екінші қатар – тәуекелді басқару және бақылау функцияларын атқаратын бөлімшелер деңгейінде;

      үшінші қатар – тәуекелдерді басқару жүйесінің қызметінің тиімділігіне баға беру бөлігінде ішкі аудит бөлімшесінің деңгейінде;

      10) банктің қызметін регламенттеу, банкте тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың тиімді жүйелерін құру және олардың жұмыс істеуі мақсатында әзірленген және банктің стратегиясына, ұйымдық құрылымына, тәуекелдер бейініне және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың болуын, сондай-ақ олардың кезеңмен қайта қаралуы және жаңартылып отыруын;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын;

      12) ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру арқылы банктің тәуекелдерді басқару жөніндегі қолданыстағы рәсімдерін, процестерін, саясаттарын және өзге де ішкі құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      6. Уәкілетті орган банктің тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау шеңберінде мына қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, банктердің қаржылық жағдайының нашарлауына және банктердің қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу, банктердің депозиторларының, кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің заңды мүдделерін қорғау;

      2) банктің елеулі тәуекелдерін өлшеу және бағалау, мониторингтеу, бақылау және барынша азайту тетігі ретінде банктің тәуекелдерді басқару жүйесін бағалаудан көрінетін нысаннан жоғары мағынасының басым түсуі және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;

      3) бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру кезіндегі, сондай-ақ бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша банк қабылдаған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне және банк тәуекелдерінің маңыздылығына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану кезіндегі тепе-теңдік;

      4) тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауға және қадағалап ден қою шараларына бірыңғай тәсіл қолдану;

      5) банк қызметіндегі елеулі тәуекелдерді анықтау.

      7. Уәкілетті орган:

      1) корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін;

      2) банк операцияларының түрлері мен күрделілігін ескере отырып, банк қызметіне тән маңызды тәуекелдерді;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесінің таңдалған бизнес модельге, қызмет ауқымына, банк операцияларының түрлері мен күрделілігіне сәйкес келуін;

      4) банктің қаржылық орнықтылығын қолдау мүмкіндігін анықтау мақсатында банктің ірі қатысушыларының қаржылық жағдайын;

      5) банк конгломератына қатысушылардың қаржылық жағдайының банктің қаржылық орнықтылығына ықпалын;

      6) қызметтің ауқымы мен қабылданатын тәуекелдер деңгейін негізге ла отырып, тәуекелдерді басқару жүйелерін түзету арқылы банктің қаржылық орнықтылығының нашарлауына жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын қолдану тиімділігін;

      7) банк қызметін бағалау шеңберінде сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесінің қолданылуын және моделін жасау әдістерінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.

2-тарау. Бизнес модель

      8. Банктің бизнес моделі – бәсекеге қабілеттілікті және кірістіліктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ететін таңдалған стратегияның, өнімдердің, жоспарлау процестерінің жиынтығы. Банктің бизнес моделін қалыптастырған кездегі негізгі қағидаттар мыналар болып табылды:

      1) банктің жуық арадағы 12 (он екі) айда кірістіліктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қаржылық көрсеткіштерді бюджеттік жоспарлауға және болжам жасауға негізделген қабілетінде көрініс тапқан жұмыс істеуі;

      2) банктің кемінде 3 (үш) жыл кезеңге кірістіліктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және қаржылық көрсеткіштерді стратегиялық жоспарлауға және болжам жасауға негізделген қабілетінде көрініс тапқан орнықтылығы.

      Банк бизнес модельге стратегиялық тәуекелдердің және банк қызметіне тән тәуекелдердің ықпалын бағалау мақсатында бизнес модельге үнемі талдау жүргізіп отырады.

      Банк қызметі активтердің көлемін, қызметтің сипаты мен күрделілік деңгейін, ұйымдық құрылымын, тәуекел-прфилін ескере отырып таңдалған бизнес модель шеңберінде жүзеге асырылады.

      9. Банктің стратегиясын директорлар кеңесі кемінде 3 (үш) жыл кезеңге бекітеді және ол мыналарды қамтиды:

      1) банк қызметінің миссиясы және даму мақсаттары. Мақсаттар өлшемді, қолжетімді, шынайы болып табылады және оларды іске асырудың нақты мерзімдері бар;

      2) банк қызметін дамытудың экономика секторлары мен географиялық бөлу бойынша нарықтың нысаналы сегменттері;

      3) банктің таңдалған стратегиясының кірістердің негізгі көздерін ескере отырып күшті және әлсіз жақтарын талдау;

      4) тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейлерін ескере отырып кредит портфелінің, өтімді активтердің, клиенттердің салымдарының және басқа да тартылған қаражаттың сандық көрсеткіштері. Бұл ретте қолда бар және қолжетімді ресурстарды, ағымдағы және әлеуеттік экономикалық жағдайларды ескеретін пайдаланылатын шынайы жіберулер;

      5) кірістердің негізгі көрсеткіштерін талдау;

      6) салымдардың негізгі түрлері, олардың құрылымы және жоспарланатын өзгерістер, оның ішінде жаңа өнімдер мен қызметтерді ендіруге және оларды дамытуға байланысты тәуекелдер мен процестерді бағалауды, банктің осындай өнімдерді ендіру және дамыту бойынша ағымдағы мүмкіндіктерін бағалауды ескере отырып жаңа өнімдер мен тәуекелдерді ендіру мен дамыту бойынша өзгерістер;

      7) банк қызметінің стратегиялық даму сценарийі (теріс және оқиғаның дамуының неғұрлым ықтимал нұсқалары).

      10. Банктің бюджетін банктің директорлар кеңесі жыл сайын бекітеді және онда қаржылық көрсеткіштердің ай сайынғы болжамы қамтылады (активтер мен пассивтердің, кірістер мен шығыстардың, валюталар бөлігінде (ұлттық және шетел валюталарында, жиынтығында) несие портфелі, клиенттердің салымдары және басқа да тартылған қаражат, клиенттердің санаттары туралы ақпарат).

      Бюджет банктің стратегиясына сәйкес келеді. Бұл ретте қолданылатын жорамалдар нақты және қолда бар және қолжетімді ресурстарды, ағымдағы және әлеуетті экономикалық жағдайлар мен ықтимал тәуекелдерді ескереді.

      Тиімді бюджеттік жоспарлаудың құрамдас бөліктерінің бірі тарифтік саясат болып табылады, онда мынадай ең аз құрамдас бөліктері қамтылады:

      банк қызметтеріне сұраныс пен бағаларды нарықтық талдау жүргізу ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      пайыздық мөлшерлемелер мен тарифтер құрылымын қалыптастыру ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      банк үшін қолайлы пайыздық мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті төмен және жоғары шектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамасының, төлемдер және төлем жүйелері туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасының талаптарын, оларды қолдану және кезеңмен қайта қарауды ескере отырып, оларды бекітудің ішкі тәртібіне қойылатын талаптар;

      банк қызметтерінің бағаларын анықтау әдісін таңдау өлшемшарттары, сондай-ақ банк қызметінің сипаты мен күрделілігі деңгейін және банкке тән тәуекелдерді бағалауға негізделген әдістемелерге қойылатын талаптар;

      баға белгілеу процесіне қатысушылар және ақпаратпен алмасуды қоса алғанда, олардың арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі;

      банк клиенттерін олардың өзгеруі туралы ақпаратты қоса алғанда, банк қызметтерін ұсыну талаптары туралы уақтылы хабардар ету ішкі тәртібі мен рәсімдері.

      Банк ай сайын бюджеттің болжамды көрсеткіштердің нақты мәндеріне сәйкес келу мәніне, қажет болғанда түзету бойынша кейіннен түзету шараларын әзірлей отырып, анықталған ауытқулардың себептеріне талдау жүргізеді және одан әрі құжаттай отырып негізделген түзетулерді енгізеді.

      11. Банк стратегиялық және бюджеттік жоспарлау барысында әлеуетті тәуекелдерді анықтау мақсатында кірістіліктің негізгі көздерін талдауды жүргізеді.

      Банктің стратегиясы мен бюджетін өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында банк өз қызметін жүзеге асыратын нысаналы нарықтардың талдауын жыл сайын жүзеге асырады, бәсекелі ортаны, ресурстардың жеткіліктілігін және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кірістілікті түрлендіру мүмкіндігін бағалауды жүргізеді.

      Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау қабылданған және бекітілген тәуекел дәрежесі шеңберінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Тәуекел дәрежесінің стратегиясы

      12. Банктің директорлар кеңесі тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында жеке құжат ретінде не банк стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде тәуекел дәрежесінің стратегиясын бекітеді. Тәуекел дәрежесінің стратегиясы банктің жалпы стратегиясын іске асыру шеңберінде банк қызметін жүзеге асыруда қабылданатын тәуекелдердің нақты шекарасын анықтайды, сондай-ақ тәуекелдердің іске асырылуына жол бермеу не олардың банктің қаржылық жағдайына тигізетін теріс ықпалын барынша азайту мақсатында банк қызметінің тәуекел бейінін айқындайды. Тәуекел дәрежесінің стратегиясы мыналарды:

      1) Қағидалардың 2-тарауында белгіленген стратегиялық және бюджеттік жоспарлау кезінде;

      2) Қағидалардың 5 және 6-тарауларында белгіленген капитал жеткіліктілігін және өтімділікті бағалаудың ішкі процестерінде;

      3) Қағидалардың 4-тарауында белгіленген банктің ұйымдық құрылымын және еңбекке ақы төлеу саясатын қалыптастыру кезінде ескереді.

      13. Тәуекел дәрежесінің тиімді стратегиясы:

      1) банктің тәуекел дәрежесінің сипаттамасын қамтиды;

      2) барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша стратегияны тарату процесін қамтиды және банктің қызметкерлеріне жеткізіледі;

      3) банктің ұйымдық құрылымының барлық деңгейлерінде мәдениет тәуекелін, сондай-ақ мәдениет тәуекелі шеңберіндегі тәуекел дәрежесінің деңгейлерін сақтау тәжірибесін таратуға бағытталған;

      4) банктің шешімдерді қабылдау кезінде шамадан тыс тәуекелдер қабылдаудан қорғауды қамтамасыз етеді;

      5) тәуекел дәрежесін мәлімдеу қалыптастыру үшін негіз болып табылады;

      6) нарықтық талаптар және (немесе) банктің қаржылық орнықтылығының деңгейі елеулі түрде өзгерген жағдайда ауыстырылады.

      14. Тәуекел дәрежесінің стратегиясында банктің директорлар кеңесі банктің бюджеттік жоспарлау және операциялық қызметі шеңберінде банк қабылдайтын тәуекелдерге қатысты жалпы бағытын белгілейтін тәуекел дәрежесін мәлімдеуді қалыптастырады. Тәуекел дәрежесін тиімді мәлімдеу:

      1) банктің стратегиясын ескере отырып қалыптастырылады;

      2) тәуекелдің әрбір елеулі түрі бойынша банк өз қызметінде тәуекел бейінді ескере отырып қабылдайтын тәуекел дәрежесі деңгейінің біріктірілген деңгейін (деңгейлерін) анықтайды;

      3) тәуекелдің әрбір елеулі түрі бойынша тәуекел дәрежесі деңгейінің біріктірілген деңгейін (деңгейлерін) анықтау үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіштерді қамтиды;

      4) банктің олар бойынша сандық бағалау жүзеге асыруға болмайтын беделдік және (немесе) өзге тәуекелдерін қоса алғанда, тәуекелдерді қабылдау не оларды алып тастау негіздерін сипаттайтын сандық сипаттағы мәлімдеуді қамтиды, сондай-ақ оларды бақылауға мүмкіндік беретін тәсілдерді белгілейді;

      5) болжамдық тәсілді білдіреді, тәуекел дәрежесінің деңгейлерін бұзуға алып келетін әлеуеттік оқиғаларды анықтау мақсатында стресс-тестілеу нәтижесін ескереді.

      15. Банктің директорлар кеңесі тәуекел дәрежесін айқындау мақсатында тәуекел дәрежесінің жинақталған деңгейін (деңгейлерін) және нақты тәуекелдің әрбір түрі бойынша тәуекел дәрежесінің деңгейін белгілейді.

      Тәуекел дәрежесінің қолданылатын деңгейлері мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      нақты айқындамасы бар;

      релеванттық болып табылады;

      өлшеуге болатын;

      мерзімдік негізде есептеледі;

      тәуекел дәрежесі деңгейлерінің нақты мәндері және оларды орындау туралы ақпарат банктің директорлар кеңесіне және тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке ұсынылады;

      болжамдық тәсілді ескере отырып әзірленген.

      16. Тәуекел дәрежесінің тиімді деңгейлері:

      1) тәуекел дәрежесінің жинақталған деңгейін (деңгейлерін) сақтауға ықпал ететін деңгейде белгіленеді;

      2) қолда бар капиталды, өтімділікті, кірістілікті, даму стратегиясын есепке алады;

      3) шоғырланудың (клиентке, валютаға, ел тәуекеліне, нарық сегменттеріне шоғырлануды және шоғырланудың өзге де түрлеріне) барлық маңызды тәуекелдерді есепке алады;

      4) уәкілетті органның тек үздік практикаларын және (немесе) талаптарын қолдануға ғана емес негізделген, бірақ банкке тән маңызды тәуекелдерді есепке алады;

      5) объективті және түсінікті бағалауды қолдана отырып әзірленеді, екі мағыналы емес;

      6) өзектілігіне жүйелі түрде қайта қаралып тұрады;

      7) стресс-тесттілеу нәтижелерімен бекітілген негізді кемшіліктерді ескереді.

      17. Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін айқындау рәсімі мынадай құрауыштарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) банктің тәуекел дәрежесінің деңгейін сипаттайтын сандық және сапалық өлшемдерді есептеу және айқындаудың ішкі тәртібі;

      2) тәуекел дәрежесінің деңгейлерін есептеу мен айқындау үшін пайдаланылатын ақпараттар және материалдар, әдістер мен құралдар;

      3) банктің тәуекел дәрежесінің деңгейлерін есептеу және айқындауға қатысатын және тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейлерін бақылау және мониторингтеуге жауапты тұлғалар және (немесе) банк бөлімшелері;

      4) тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлеріне түзету енгізген кездегі талаптар.

      Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін белгілеу кезінде қолданылатын сандық тәсілдер тәуекелдер деңгейін бағалаудың сенімді жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

      18. Тәуекел дәрежесінің деңгейлері тәуекелдер деңгейлерінің мынадай шектерін қамтиды:

      1) түзету шараларын қолдануды қажет етпейтін деңгей;

      2) тәуекел деңгейін төмендету мақсатында қолжетімді ретінде айқындалған, алайда тәуекелдерді басқару жүйелерінің қолданыстағы рәсімдерінде жекелеген түзету шараларын қажет ететін деңгей;

      3) банктің қаржылық орнықтылығын және оның төлемқабілеттілігінің нашарлауын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолдануды талап ететін, жоғары болып айқындалған деңгей.

      Тәуекел дәрежесін айқындау кезінде банк тәуекел дәрежесін ағымдағы уақыт кезеңінде белгіленген және болашақта оны қаншалықты тиімді қабылдауға стресс-тестілеу (сценарийлік талдау және сезімталдықты талдау) жүргізу арқылы бағалау жүргізеді.

      Тәуекел бейінінде сипаттамасы жоқ маңызды тәуекелдер анықталған жағдайда, банк тәуекелдің деңгейін бағалайды, осындай тәуекелдерді тәуекел бейінді қосу үшін тиісті рәсімдерді пысықтайды, тәуекел дәрежесінің деңгейін айқындайды және анықталған тәуекелді болдырмау және (немесе) барынша азайту бойынша шаралар әзірлейді.

      Тәуекел дәрежесінің жинақталған деңгейі (деңгейлері) мерзімде негізде белгіленеді. Тәуекелдің жекелеген түрлері бойынша тәуекел дәрежесінің деңгейі нарықтағы ахуал өзгерген және (немесе) уәкілетті органның талаптары өзгерген кезде, алайда тәуекел дәрежесінің жинақталған деңгейі шеңберінде жыл бойы қайта қаралады.

4-тарау. Корпоративтік басқару

      19. Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің негізгі элементтері мыналар болып табылады:

      1) ұйымдық құрылым;

      2) корпоративтік құндылықтар;

      3) банк қызметінің стратегиясы;

      4) банктің уәкілетті органдары арасында шешімдер қабылдауға қатысты міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;

      5) банктің директорлар кеңесі мүшелерінің, басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері), сыртқы және ішкі аудиторлары арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тетіктері;

      6) тәуекелдерді басқару рәсімдері және әдістері;

      7) ішкі бақылау жүйесі;

      8) сыйақы жүйесі;

      9) басқару есептілігінің барабар жүйесінің болуы;

      10) корпоративтік басқарудың айқындылығы.

      20. Банктің ұйымдық құрылымы таңдап алынған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне сәйкес келеді, мүдделер қайшылығын барынша азайтады және алқалы органдар мен құрылымдық бөлімшелер арасындағы тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді мыналарды:

      1) банктің директорлар кеңесін;

      2) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (исламдық банктік операцияларды жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк, ислам банкі үшін), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тұрақты негізде жұмыс істейтін исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не өзге де ұқсас органды;

      3) банктің директорлар кеңесі жанындағы комитеттер;

      4) банктің басқармасын (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері);

      5) тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері);

      6) исламдық қаржыландыру қызметін (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк үшін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы үшін);

      7) комплаенс-бақылау бөлімшесін;

      8) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімшені (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк, ислам банкі үшін);

      9) ішкі аудит бөлімшесін;

      10) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесін (исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк, ислам банкі үшін);

      11) кепіл қызметінің функцияларын орындайтын бөлімшені, оның ішінде аутсорсинг негізінде кепіл қызметін (банктің стратегиясы кепілмен қамтамасыз етуге кредиттер беруді көздемейтін және банктің ағымдағы портфелінде кепілмен қамтамасыз етуге берілген қарыздар болмаған жағдайларды қоспағанда) (бұдан әрі – кепіл қызметінің бөлімшесі) қоса отырып, олармен шектелмей бөледі.

      21. Банктің директорлар кеңесінің негізгі қағидаттары мен міндеттеріне мыналар жатады:

      1) ұсынылатын ақпаратты жан-жақты бағалау негізінде адал, тиісті мұқияттылықпен және сақтықпен (duty of care) (дьюти оф кэр) шешімдерді ұтымды қабылдау және банк мүддесінде әрекет ету. Мұқияттылық және сақтық білдіру міндеті, мұндай шешімдер жеткілікті ақпарат негізінде және Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) банктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтай отырып қабылданған жағдайда, бизнес-шешімдер қабылдау кезінде жіберілген қателерге қолданылмайды. Көрсетілген міндет қателер ақпаратты алу және бағалау бойынша қажетті шаралар қолданбаудың не көрсетілген талаптарды сақтамаудың салдары болып табылатын жағдайларда қолданылады;

      2) банкпен ерекше қатынастағы адамдардың жеке пайдаларын, банктің мүддесіне зиян келтіретін мүдделерін (duty of loyalty) (дьюти оф лоялти) ескермей банктің мүддесі үшін шешімдер қабылдау және адал түрде іс-әрекет ету;

      3) банктің қызметіне белсенді түрде тарту және банк қызметінің маңызды өзгерістері және сыртқы талаптар туралы хабардар ету, сондай-ақ банктің ұзақ мерзімді перспективадағы мүддесін қорғауға бағытталған уақтылы шешімдер қабылдау;

      4) корпоративтік басқару кодексінің жобасын және (немесе) оған өзгерістерді алдын ала қарау.

      Корпоративтік басқару кодексі шеңберінде мүдделер қақтығысын басқару рәсімі және оны іске асыру, сондай-ақ орындалуын бақылау тетіктері әзірленеді. Рәсім мынадай құрауыштардан қамтиды:

      банк қызметіндегі мүдделер қақтығысын барынша азайту рәсімінің тетігі;

      мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында басқа ұйымның лауазымды тұлғасының функцияларын орындауға кіріскенге дейін директорлар кеңесінің мүшесі өтетін мақұлдау процесі;

      директорлар кеңесі мүшелерінің мүдделер қақтығысын тудырған немесе оның туындауының әлеуетті себебі болып табылатын кез келген мәселе бойынша дереу ақпарат ұсыну міндеті;

      директорлар кеңесі мүшесінің сол мәселелер шеңберінде мүдделер қақтығысы бар директорлар кеңесі мүшесінің дауыс беруден қалыс қалу міндеті;

      директорлар кеңесінің рәсім ережелерінің бұзылуына ден қою тетігі.

      Корпоративтік басқару кодексі шеңберінде рәсімдер әзірленеді, олар арқылы банк қызметкерлері банктің қызметіне қатысты бұзушылықтар туралы конфиденциалды түрде хабарлайды;

      5) банктің корпоративтік басқару жүйесінің мынадай қағидаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету:

      банк қызметінің ауқымы мен сипатына, оның құрылымына, тәуекелдер саласына, банктің бизнес-моделіне сәйкестігі;

      акционерлердің Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес көзделген құқықтарын қорғау және осы құқықтарды іске асыруды қолдау;

      Қазақстан Республикасының банктік, валюталық заңнамасына, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес ақпараттың уақтылы және дәйекті ашылуын қамтамасыз ету;

      орнықты даму (ESG) бойынша ақпаратты уақтылы және дәйекті ашылуын бақылау;

      өз міндеттерін орындау үшін директорлар кеңесі мүшелерінің толық, өзекті және уақтылы ақпаратқа қолжетімділігі бар;

      6) мынадай ішкі құжаттарды бекіту және олардың орындалуын бақылау:

      банктің ұйымдық құрылымы;

      банктің даму стратегиясы;

      банктің орнықты даму стратегиясы, оның ішінде банктің даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылатын;

      банктің рентабельділігін басқару саясаты;

      стресс-тестілеу рәсімдері және сценарийлері;

      күтпеген жағдайлар болған жағдайда қаржыландыру жоспарын;

      қызметтің үздіксіздігін басқару саясаты;

      банктің директорлар кеңесіне тікелей есеп беретін банктің басшы қызметкерлеріне және банк қызметкерлеріне сыйақы төлеудің ішкі тәртібі;

      кадр саясаты;

      еңбекақы төлеу саясаты;

      есеп саясаты;

      тариф саясаты;

      кредит саясаты;

      проблемалық активтер саясаты;

      капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі – КЖБІП) негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжат;

      өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі – ӨЖБІП) негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжат;

      банктің ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясаты (саясаттары);

      ішкі бақылау саясаты;

      кредиттік тәуекелді басқару саясаты;

      экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешені;

      орнықты даму саясаты;

      нарықтық тәуекелді басқару саясаты;

      операциялық тәуекелді басқару саясаты;

      комплаенс-тәуекелді басқару саясаты;

      терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – АЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) арқылы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) тәуекелін басқару саясаты;

      кепіл саясаты;

      өтімділікті басқару саясаты;

      ішкі аудит саясаты, оның ішінде исламдық банк операциялары қағидаттары бойынша (мұндай қызмет бар болса), ішкі аудитор этикасының кодексі, ішкі аудит бөлімшесі туралы ереже, ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері, ішкі аудиттің жылдық жоспары;

      аудиторды тарту саясаты (рәсімдері);

      алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару саясаты;

      клиенттердің құқықтары мен мүдделерін сақтау саясаты;

      исламдық банктік операцияларына байланысты тәуекелдерді басқару саясаты;

      7) банктің тәуекел дәрежесінің стратегиясын және тәуекел дәрежесінің деңгейін бекіту;

      8) тәуекел дәрежесі стратегиясының, тәуекел дәрежесі деңгейлерінің және тәуекелдерді басқару саясатының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      9) бухгалтерлік есепке жауапты қаржы қызметінің болуын және қаржылық есептіліктің сапалы жасалуын қамтамасыз ету;

      10) аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті алдын ала бекіту, сондай-ақ қажеттілігі бойынша мерзімді тәуелсіз тексерулер жүргізуге сұра салу жіберу;

      11) банк басқармасының мүшелерін сайлау, тәуекел-менеджменті басшысын, ішкі аудит басшысын және бас комплаенс-бақылаушыны тағайындау;

      12) анықталған бұзушылықтарды жоюды кейіннен бақылай отырып, аудит комитеті жіберген есептерді қарау;

      13) банк қызметкерлері олар арқылы банктің қызметіне және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ асыра сілтеушіліктер туралы конфиденциалды түрде хабарлайтын банк рәсімдерінің тиімді сақталуын бақылау;

      14) банкте қорғаудың мынадай үш желісін қалыптастыру:

      қорғаудың бірінші желісін банктің тәуекелдерді уақтылы анықтауға, бағалауға, олар туралы ақпаратты қорғаудың екінші желісінің бөлімшелеріне жіберуге, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етеді. Қорғаудың бірінші желісі операцияларды банктің тәуекел-дәрежесінің бекітілген деңгейлері шеңберінде жүзеге асырады және тәуекелдерді басқарудың қабылданған саясаттары шеңберінде жұмыс істейді;

      қорғаудың екінші желісін тәуекелдерді басқару, комплаенс-бақылау жөніндегі тәуелсіз бөлімшелер, клиенттердің құқықтары мен мүдделерін сақтау жөніндегі бөлімше және бақылау функцияларын (құзыретінің шеңберінде қауіпсіздік, қаржылық бақылау, кадрмен қамтамасыз ету, заң тәуекелін, операциялық тәуекелді басқару функцияларын жүзеге асыратын бөлімшелерді қоса алғанда) жүзеге асыратын басқа бөлімшелер қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері) банктің қызметіндегі тәуекелдерге кешенді талдау жүргізеді, банктің директорлар кеңесіне және тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке қажетті есептерді қалыптастырады, басқарма мүшелерінің және бизнес бөлімшелердің тәуекелдерді маңызды түрде бағалауға және анықтауға ықпал етеді.

      Комплаенс-бақылау бөлімшесі банктің қызметіне әсер ететін Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, шетелдік мемлекеттер заңнамасының, сондай-ақ банктің қаржы нарығында қызметтер көрсету және операциялар жүргізу тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттарының талаптарын сақтау рәсімдерін ұйымдастырады және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелдердің бар екендігі туралы толық және дәйекті ақпаратты ұсынады;

      қорғаудың үшінші желісін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің, қорғаудың бірінші және екінші желілерінің сапасы мен тиімділігін бағалауға жауапты тәуелсіз ішкі аудит бөлімшесі қамтамасыз етеді;

      15) банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) қызметіне бақылауды:

      банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) директорлар кеңесі бекіткен стратегиялар мен саясаттарды, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін іске асыруды мониторингтеу; Қағидаларға сәйкес банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекіту;

      ішкі бақылау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;

      банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) мүшелерімен тұрақты кездесулер өткізу;

      басқарма (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері) ұсынған мәліметтерге талдау және маңызды түрде бағалау жүргізу;

      банктің стратегиясында айқындалған және қаржылық орнықтылыққа бағытталған ұзақ мерзімді мақсаттарға сәйкес келетін нәтижеліліктің қажетті стандарттарын және басқарма мүшелерінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) еңбекақы төлеу жүйесін белгілеу арқылы жүзеге асыру;

      16) тәуекел-менеджмент басшысымен (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тәуекел-менеджмент басшысының) өзара іс-әрекет және оның жұмысын бақылау;

      17) банктің директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін мерзімді түрде (жылына бір реттен кем емес) бағалау;

      18) қабылданған шешімдердің жазбаларын (отырыстардың хаттамалары, қаралаған мәселелер туралы қысқаша ақпарат, ұсынымдар, бар болса, сондай-ақ банктің директорлар кеңесі мүшелерінің ерекше пікірлері) жүргізуді қамтамасыз ету. Мұндай құжаттар және (немесе) материалдар Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес талап ету бойынша уәкілетті органға беріледі;

      19) тәуекелдерді басқару мақсаты үшін толық, дәйекті, уақтылы ақпаратты жинау және талдау мақсатында ақпараттық технологиялардың дамыған инфрақұрылымын қамтамасыз ету. Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін айқындау бойынша ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымында шектеулердің бар екендігі туралы хабардар болу;

      20) қарыз берудің мақсатқа сай екендігін талдау және бағалау негізінде мөлшері банктің меншікті капиталының 5 (бес) пайызынан асатын қарызды беру бойынша шешім қабылдау;

      21) банктік қарыз берудің мақсатқа сай екендігін талдау және бағалау негізінде мөлшері 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден асатын кепілсіз тұтынушылық қарыз беру бойынша шешім қабылдау. Бұл тармақшаға ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыз беру туралы жағдайлар жатпайды;

      22) ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасының бесінші абзацы мен 6) тармақшасының төртінші, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарында көрсетілген талаптар ESG-тәуекелдерді, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау және оларды басқару, сондай-ақ орнықты даму стратегиялары мен саясаттары бар және орнықты даму жөніндегі шоғырландырылған есептерді (ESG) және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептерді жариялайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдарына қолданылатын ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы ақпаратты ашу жөніндегі бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктерге қолданылмайды.

      22. Банктің директорлар кеңесінің құрамы және оның мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптары мынадай талаптарға жауап береді:

      1) банктің директорлар кеңесінің құрамы және оның өкілеттіктері тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті;

      2) банктің директорлар кеңесі таңдап алған бизнес-модельге, қызметтің ауқымына, операциялардың түрі мен күрделігіне сәйкес қажетті біліктілігі, мінсіз іскерлік беделі және жиынтығында банкті жалпы басқару үшін жеткілікті тәжірибесі бар адамдардан тұрады;

      3) банктің директорлар кеңесінің мүшелері шешімдер қабылдау процесінде өзара іс-қимыл жасауға, ынтымақтастыққа және сыни талқылауға бағдарланған;

      4) банктің директорлар кеңесінің мүшелері өз міндеттерін адал орындайды және шешім қабылдайды, мүдделер қақтығысын барынша азайтады.

      Банктер туралы заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген банктің директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болып табылатын немесе болуға ниеттенетін тұлғаның тәуелсіздігін куәландыратын талапты (бұдан әрі – тәуелсіздікке қойылатын талаптар) іске асыру мақсатында елеулі іскерлік қатынастар деп мөлшері тәуелсіз директор тағайындалған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша банктің меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан асатын мәмілелер жасасу түсініледі.

      Банктер туралы заңның 46-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацында айқындалған мерзімде тәуелсіз директор банктің кадрлар және директорлар кеңесінің сыйақылары мәселелері жөніндегі комитетіне Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы декларацияны ұсынады.

      Банк жыл сайын акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің тәуелсіз директорларының тәуелсіздікке қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы есеп береді.

      23. Банк қызметінің жекелеген бағыттары бойынша тиімділікті арттыру және барынша жан-жақты жұмыс істеу мақсатында және таңдап алынған бизнес-моделіне, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне қарай банктің директорлар кеңесі банктің директорлар кеңесінің жанынан арнайы комитеттер құрады.

      Әрбір комитет өз қызметін оның өкілеттіктерін, құзыретін, сондай-ақ жұмыс қағидаттарын, банктің директорлар кеңесіне есептер берудің ішкі тәртібін, комитет мүшелерінің алдында тұрған міндеттерді және комитеттегі банктің директорлар кеңесі мүшелерінің жұмыс мерзімдері бойынша шектеулерді айқындайтын құжат шеңберінде жүзеге асырады. Банктің директорлар кеңесі өкілеттіктердің шоғырлануын болдырмау және жаңа көзқарастарды ілгерілетуге ықпал ету үшін осындай комитеттердің мүшелерін (сарапшыларды қоспағанда) мерзімді ротациялауды көздейді.

      Комитеттер қабылданған шешімдердің жазбаларын (отырыстардың хаттамалары, қаралған мәселелер туралы қысқаша ақпарат, ұсынымдар (бар болса), сондай-ақ комитет мүшелерінің ерекше пікірлері) жүргізеді. Банктің басшысы немесе басқарма мүшесі болып табылмайтын директорлар кеңесінің мүшесі директорлар кеңесінің жанындағы комитеттің төрағасы болып табылады.

      24. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде банктің директорлар кеңесінің комитеттері мынадай:

      1) стратегиялық жоспарлау;

      2) кадрлар мен сыйақылар;

      3) аудит;

      4) тәуекелдерді басқару;

      5) орнықты даму және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару;

      6) банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелерді қарайды.

      Аталған мәселелерді директорлар кеңесінің жеке комитеті қарайтын аудит мәселелерін қоспағанда, банктің директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитеті қарайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген талап ESG-тәуекелдерді, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау және оларды басқару, сондай-ақ орнықты даму стратегиялары мен саясаттары бар және орнықты даму жөніндегі шоғырландырылған есептерді (ESG) және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептерді жариялайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдарына қолданылатын ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы ақпаратты ашу жөніндегі бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктерге қолданылмайды.

      25. Аудит мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қойылатын негізгі талаптар:

      1) аудит мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына банктің директорлар кеңесінің мүшелері ғана кіреді;

      2) аудит мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы банктің тәуелсіз директоры болып табылады;

      3) аудит мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына аудит және (немесе) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік және (немесе) тәуекелдерді басқару саласында жұмыс тәжірибесі бар банктің директорлар кеңесінің кемінде бір мүшесі кіреді.

      26. Аудит мәселелері жөніндегі комитет:

      1) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін Қағидалардың 13-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес ішкі аудит саясатын, ішкі аудитордың әдеп кодексін, ішкі аудит бөлімшесінің ережелерін, ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдерін және басқарушылық ақпарат жүйесін әзірлеуді қамтамасыз ету;

      2) сыртқы аудитормен банк қызметі туралы ұсынылатын ақпараттың сапасы, сыртқы аудиторлардың ұсынымдарын қарау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, анықталған ескертулердің жойылуын бақылау, сондай-ақ кейіннен банктің директорлар кеңесінің алдын ала бекітуіне шығару үшін аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілікті қарау;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін:

      сыртқы аудиторды іріктеудің өлшемшарттары мен талаптарын;

      қаржылық есептілік аудиті үшін, сондай-ақ аудит мәселелері бойынша банкке консультациялық қызметтер көрсеткені үшін қызметтерге ақы төлеу жүйесін айқындауды қоса алғанда, сыртқы аудиторды тарту саясатын (рәсімдерін) әзірлеуді қамтамасыз ету;

      4) сыртқы аудитордың қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін қарау;

      5) ішкі аудиттің жылдық жоспарын алдын ала қарау;

      6) ішкі және сыртқы аудиттің нәтижелері туралы есептерді алдын ала қарау, банк басқармасының ішкі және сыртқы аудиттің бұзушылықтарын жою және ұсынымдарын орындау бойынша іс-қимылдарды уақтылы орындауын бақылау, қызметтің банк саясаттарына, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкессіздіктері;

      7) уәкілетті органның тексеру актілерін және банктегі тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың жалпы жүйесінің құрылымы мен тиімділігіне қатысты өзге де сарапшылардың қорытындыларын қарау;

      8) ішкі аудит қызметінің тиімділігін және исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудитті бағалау нәтижелерін қарау үшін жауаптылық атқарады.

      27. Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қойылатын негізгі талаптар:

      1) тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша комитеттің төрағасы банктің тәуелсіз директоры не директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады;

      2) құрамына тәуекелдерді басқару немесе ішкі бақылау саласында жұмыс тәжірибесі бар банк комитетінің кемінде бір мүшесі кіреді.

      28. Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет:

      1) банктің тәуекел-дәрежесінің стратегиясын әзірлеуді қамтамасыз ету, банктің тәуекел-бейінін айқындау;

      2) банктің тәуекел-дәрежесінің біріктірілген деңгейінің (деңгейлерінің) мөлшерлерін және кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тәуекелдің әрбір маңызды түрі бойынша банктің тәуекел-дәрежесінің деңгейлерін айқындау;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін Қағидалардың 5-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, КЖБІП-тің негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжатты әзірлеуді қамтамасыз ету және банктің бекітілген құжатты сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      4) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін Қағидалардың 6-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, ӨЖБІП-тің негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжатты әзірлеуді қамтамасыз ету және банктің бекітілген құжатты сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін стресс-тестілеуді өткізу рәсімдерін және стресс-тестілеу сценарийлерін әзірлеуді қамтамасыз ету;

      6) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін Қағидалардың 7-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, банк қызметінің үздіксіздігін басқару саясатын әзірлеуді қамтамасыз ету және банктің бекітілген саясатты сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      7) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін күтпеген жағдайларға арналған қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз ету;

      8) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін Қағидалардың 8 және 9-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, банктің ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясаттарын (саясатын) әзірлеуді қамтамасыз ету және банктің бекітілген саясаттарды (саясатты) сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      9) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін Қағидалардың 10-тарауында белгіленген талаптарды ескере отырып, комплаенс-тәуекелді басқару саясатын әзірлеуді қамтамасыз ету және банктің бекітілген саясатты сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      10) банктің директорлар кеңесіне қабылданатын тәуекелдердің деңгейі туралы толық, дәйекті және уақтылы ақпарат беруді тұрақты негізде қамтамасыз ететін басқару ақпараты жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеуді қамтамасыз ету үшін жауаптылық атқарады. Осы тармақшада көрсетілген тәртіп банктің директорлар кеңесіне ақпаратты уақтылы дайындауға және банктің директорлар кеңесіне жіберуге жауапты құрылымдық бөлімшелерін, банк органдарын көрсете отырып, банк және оның еншілес ұйымдары қабылдайтын тәуекелдер деңгейі туралы басқарушылық ақпаратты ұсыну өлшемшарттарын, құрамын, жиілігін және нысандарын қамтиды. Басқарушылық есептілік нысандары Қағидалардың 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тарауларында белгіленген талаптарды ескере отырып, мәліметтерді, сондай-ақ:

      стресс-тестілеу және банк тәуекелдерінің өзара байланысын бағалаудың және анықтаудың басқа құралдарының нәтижелері бойынша;

      банктің қаржылық жағдайына тәуекелдердің әсерін бағалау бойынша, оның ішінде банктің кірістері мен шығысындағы өзгерістерді бағалау, меншікті капиталдың мөлшері мен жеткіліктілігін бағалау бойынша, өзгерістерді туындатқан және қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне әсер ететін негізгі факторлар мен себептерді анықтау бойынша мәліметтерді қамтиды;

      11) банк басқармасының тәуекел-дәрежесінің деңгейлерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      12) банк тәуекелдерін басқару үшін, сондай-ақ толық, дәйекті және уақтылы қаржылық, реттеушілік және басқарушылық ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында ішкі модельдер мен ақпараттық жүйелердің болуы;

      13) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банкті және оның беделін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, жалпы корпоративтік басқару жүйесінің жұмыс істеу сапасы мен тиімділігін бағалау нәтижелерін қарау үшін жауаптылық атқарады.

      Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшеден (бөлімшелерден) және басқа да жауапты бөлімшелерден банк тәуекелдерінің ағымдағы деңгейі, тәуекел дәрежесі деңгейінің бұзылуы және тәуекел деңгейін төмендету бойынша тетіктер туралы деректер мен есептерді тұрақты түрде алады.

      29. Кадрлар және сыйақылар мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қойылатын негізгі талаптар:

      1) кадрлар және сыйақылар мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы банктің директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып табылады;

      2) кадрлар және сыйақылар мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қызметкерлерді басқару саласында жұмыс тәжірибесі бар комитеттің кемінде бір мүшесі кіреді.

      30. Кадрлар және сыйақылар мәселелері жөніндегі комитет:

      1) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуі үшін мүдделер қақтығысын барынша азайтуды ескере отырып, банктің ұйымдық құрылымының жобасын;

      2) банктің тиісті органының кейіннен бекітуі үшін мүдделер қақтығысын басқару рәсімін және оны іске асыру тетіктерін;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыларды есептеу, сондай-ақ банктің басшы қызметкерлеріне материалдық көтермелеудің басқа да түрлері жөніндегі саясатты әзірлеу үшін жауаптылық атқарады.

      Сыйақы мөлшері тәуекелдің нәтижеге арақатынасына тікелей байланысты. Мерзімі мен алу ықтималдығы белгісіз болып табылатын болашақ кірістер есебіне сыйақыларды төлеу тәсілдері қабылданған сапалық және сандық көрсеткіштер негізінде мұқият өлшенеді. Сыйақылар жүйесі тәуекел дәрежесінің лимиттерін, ішкі рәсімдерді немесе уәкілетті органның талаптарын бұзуды қоса алғанда, барлық тәуекелдерді ескере отырып, тіркелмеген сыйақы мөлшерін өзгерту мүмкіндігін көздейді.

      4) ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, директорлар кеңесінің жекелеген мүшелерінің жеке қажеттіліктерін ескеретін директорлар кеңесінің мүшелеріне арналған оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу үшін жауаптылық атқарады.

      31. Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына қойылатын негізгі талаптар:

      1) банктің директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы болып табылады;

      2) стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитеттің құрамына мынадай салалардың бірінде жұмыс тәжірибесі бар кем дегенде бір комитет мүшесі кіреді:

      ақпараттық технологияларды дамыту;

      банктік қызметтерді дамыту және көрсету;

      тәуекелдерді басқару;

      бюджеттік жоспарлау.

      32. Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитет мыналарды:

      1) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банк стратегиясының жобасын алдын ала қарау, сондай-ақ стратегияның орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру және банк стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалға, тәуекел-бейініне және қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      2) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тиісті жылға арналған банк бюджетінің жобасын алдын ала қарау, сондай-ақ оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің рентабельділігін басқару саясатының жобасын алдын ала қарау, сондай-ақ банктің және оның қызметкерлерінің аталған саясатты сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру;

      4) стратегияның, даму жоспарларының орындалу барысы, банк қызметінің стратегиялық маңызды көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізу туралы ақпаратты қамтитын банктің директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын құжаттарды алдын ала қарау үшін жауаптылық атқарады.

      33. Банк басқармасы таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне және банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжаттарына сәйкес банктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Банк басқармасы мыналар:

      1) банк стратегиясының орындалуын қамтамасыз ету, банктің директорлар кеңесі бекіткен рәсімдердің, процестер мен саясаттардың сақталуы;

      2) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банк стратегиясының жобасын әзірлеу, сондай-ақ стратегияның орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру және банк стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалға, тәуекел-бейініне және қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тиісті жылға арналған банк бюджетінің жобасын әзірлеу;

      4) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің рентабельділігін басқару саясатының жобасын әзірлеу, сондай-ақ банктің және оның қызметкерлерінің көрсетілген саясатты сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) банктің стратегиясы, саясаттары және өзге де ішкі құжаттары бекітілген және (немесе) оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бекітілген қызмет учаскелері бойынша банк қызметкерлеріне оларды жеткізуді айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеу және банк пен оның қызметкерлерінің Қағидалардың талаптарын сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      6) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуі үшін банктің кадр саясатын әзірлеу, сондай-ақ оның банктің стратегиясына, ұйымдық құрылымына, тәуекел-бейініне, қол жеткізілген нәтижелерге және Қазақстан Республикасының еңбек, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асыру үшін жауаптылық атқарады.

      Кадр саясаты банк қызметіне құзыретті басшы қызметкерлерді тартуды қамтамасыз ететін стандарттарды, шарттар мен тетіктерді белгілейді және мыналарды:

      банк қызметіне байланысты процестер мен тәуекелдерді басқаруға қабілетті қажетті тәжірибесі, біліктілігі және мінсіз іскерлік беделі бар қызметкердің болуын;

      қызметкерлердің негізгі санаттары бойынша кадрлық әртүрлілікті, оның ішінде гендерлік, этникалық және жас ерекшеліктері бойынша әртүрлілікті қолдауды;

      төтенше жағдайларға ден қоюды үйретуді, алғашқы медициналық көмек көрсетуге және өрт қауіпсіздігіне оқытуды және қауіпсіз кеңсе ғимараттарын қоса алғанда, жұмыс орнында денсаулық пен еңбекті қорғауға ықпал ететін еңбек жағдайларын жасауды;

      функциялар мен міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін ресурстардың жеткілікті санын ұстап тұруды;

      өз міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын барынша азайтуды;

      бір қызметкерге өкілеттіктердің шоғырлану тәуекелін барынша азайтуды;

      сыйақыларды, сондай-ақ материалдық тұрғыдан ынталандырулардың өзге түрлерін төлеу тәртібін қоса алғанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің ішкі тәртібін;

      банк қызметкерлері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      7) кейіннен директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тариф саясатын әзірлеу, сондай-ақ банктің және оның қызметкерлерінің тариф саясатын сақтауына мониторингтеуді жүзеге асыру үшін;

      8) кейіннен тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің кредит саясатын әзірлеу;

      9) қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру жоспарын (жоспарларын) бекіту;

      10) банктің директорлар кеңесіне банктің ішкі құжаттарында және Қағидаларда белгіленген басқарманың жұмысын бақылау және сапасын бағалау үшін қажетті ақпарат ұсыну үшін жауаптылық атқарады, ол мыналарды қамтиды:

      банк басқармасының банк стратегиясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін кедергі келтіретін себептерді (бар болса) көрсете отырып, оларға қол жеткізуі;

      банк қызметінің банктің директорлар кеңесі бекіткен стратегиялар мен саясаттарға сәйкес келуі;

      банк қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жай-күйі, оның ішінде банк кірістілігінің орнықтылығы (құбылмалығы) туралы ақпарат;

      банк қабылдайтын шешімдердің банктің директорлар кеңесі бекіткен рәсімдерге, процестерге және саясаттарға сәйкес келмеуі;

      тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлерден асып түсуі және оларды бұзу себептері;

      комплаенс-бақылау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, ішкі аудит жөніндегі бөлімшелер және сыртқы аудит пен уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктерді банк басқармасының уақтылы, толық және сапалы жоюы туралы, сондай-ақ олардың ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат;

      қате, толық емес немесе рұқсатсыз жасалған операцияларды, активтердің сақталуын қамтамасыз ету қызметіндегі кемшіліктерді, қаржылық және реттеушілік есептілікті қалыптастыру кезіндегі қателерді, банктің ішкі құжаттарын, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды уақтылы анықтауды қоса алғанда, ішкі бақылау жүйесінің жай-күйі туралы ақпарат, сондай-ақ мүдделер қақтығысын анықтау, алдын алу және басқару, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қатысты жағдайларды қоса алғанда, ішкі теріс пайдалану мен алаяқтықтық фактілері туралы ақпарат;

      11) банк қызметтерін ұсыну процесінде туындайтын, клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібін әзірлеу, сондай-ақ банктің осы тармақшада көрсетілген талаптарды сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру үшін жауаптылық атқарады. Клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескереді және мыналарды:

      банкке келіп түсетін жолданымдарды қабылдауды, бастапқы өңдеуді, тіркеуді және клиенттердің жолданымдарына жауаптарды қоса алғанда, клиенттердің арыздары (өтініштері) бойынша іс қағаздарын жүргізу рәсімін;

      клиенттердің жолданымдары бойынша іс қағаздарын жүргізуге жауапты банктің құрылымдық бөлімшесін;

      келіп түскен жолданымдарды клиенттің жолданымына жауаптарды өңдеу және жауап дайындау тапсырылатын жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе қызметкерлерге жеткізу (беру) рәсімін;

      клиенттердің жолданымдарын уақтылы өңдеу және клиенттердің жолданымдарына жауаптар дайындау мерзімдерін;

      клиенттердің жолданымдарын қарау және клиенттердің жолданымдарына жауаптар дайындау кезінде банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының ішкі тәртібін;

      банк клиенттерінен келіп түскен жолданымдардың жіктеуішін жүргізудің ішкі тәртібі мен рәсімдерін айқындайды;

      12) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуден бас тарту, сондай-ақ оған тән тәуекел факторларын ескере отырып, клиентпен іскерлік қатынастарды бұзу рәсімін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу;

      13) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешенін әзірлеу және іске асыру;

      14) орнықты даму жөніндегі ақпаратты (ESG) ашу рәсімдерін әзірлеу;

      15) банктік қарыз шартын жасамас бұрын маңызды және тәуекелі жоғары жобаларда экологиялық және әлеуметтік тәуекелдердің қолайлылығы туралы шешім қабылдау рәсімдерін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу;

      16) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдері жоғары қарыз операцияларын жүргізуден бас тарту рәсімдерін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу;

      17) банктің орнықты даму саясатын әзірлеу және іске асыру;

      18) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару бойынша деректерді жинау жүйелерін әзірлеу және статистиканы қалыптастыру және орнықты даму жөніндегі ақпаратты (ESG) қалыптастыру;

      19) банкте орнықты даму қағидаттарын енгізу рәсімдерін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу және іске асыру;

      20) орнықты даму жөніндегі ақпаратты (ESG) уақтылы және дәйекті ашуды қамтамасыз ету үшін жауап береді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органы:

      1) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы стратегиясының жобасын әзірлеу;

      2) кейіннен Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тиісті жылға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу;

      3) кейіннен Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының рентабельділігін басқару саясатының жобасын әзірлеу;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының стратегиясы, саясаттары және өзге де ішкі құжаттары бекітілген және (немесе) оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бекітілген қызмет учаскелері бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметкерлеріне оларды жеткізуді айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеу;

      5) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органының бекітуі үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кадр саясатын әзірлеу үшін жауаптылық атқарады. Кадр саясаты банк қызметіне құзыретті басшы қызметкерлерді тартуды қамтамасыз ететін стандарттарды, шарттар мен тетіктерді белгілейді және мыналарды:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметіне байланысты процестер мен тәуекелдерді басқаруға қабілетті, қажетті тәжірибесі, біліктілігі және мінсіз іскерлік беделі бар қызметкердің болуын;

      қызметкерлердің негізгі санаттары бойынша гендерлік, этникалық тиесілігі және жасы бойынша кадрлық әртүрлілікті сақтауды;

      төтенше жағдайларға ден қоюды үйретуді, алғашқы медициналық көмек көрсетуге және өрт қауіпсіздігіне оқытуды және қауіпсіз кеңсе ғимараттарын қоса алғанда, жұмыс орнында денсаулық пен еңбекті қорғауға ықпал ететін еңбек жағдайларын жасауды;

      функциялар мен міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін ресурстардың жеткілікті санын ұстап тұруды;

      өз міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын барынша азайтуды;

      бір қызметкерге өкілеттіктердің шоғырлану тәуекелін барынша азайтуды;

      сыйақыларды, сондай-ақ материалдық тұрғыдан ынталандырулардың өзге түрлерін төлеу тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің ішкі тәртібін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметкерлері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      6) кейіннен Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін тарифтік саясатты әзірлеу;

      7) кейіннен тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кредиттік саясатын әзірлеу;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) бекіту;

      9) Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының банк қызметтерін ұсыну процесінде пайда болатын клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібін әзірлеу үшін жауаптылық атқарады. Клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескереді және мыналарды:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне келіп түсетін жолданымдарды қабылдауды, бастапқы өңдеуді, тіркеуді және клиенттердің жолданымдарына жауаптарды қоса алғанда, клиенттердің арыздары (өтініштері) бойынша іс қағаздарын жүргізу рәсімін;

      клиенттердің жолданымдары бойынша іс қағаздарын жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының құрылымдық бөлімшесін;

      келіп түскен жолданымдарды клиенттің жолданымына жауаптарды өңдеу және жауап дайындау тапсырылатын жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе қызметкерлерге жеткізу (беру) рәсімін;

      клиенттердің жолданымдарын уақытылы өңдеу және клиенттердің жолданымдарына жауаптар дайындау мерзімдерін;

      клиенттердің жолданымдарын қарау және клиенттердің жолданымдарына жауаптар дайындау кезінде Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының ішкі тәртібін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының клиенттерінен келіп түскен жолданымдардың жіктеуішін жүргізудің ішкі тәртібі мен рәсімдерін айқындайды;

      10) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуден бас тарту, сондай-ақ оған тән тәуекел факторларын ескере отырып, клиентпен іскерлік қатынастарды бұзу рәсімін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу;

      11) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешенін әзірлеу және іске асыру;

      12) орнықты даму жөніндегі ақпаратты (ESG) ашу рәсімдерін әзірлеу;

      13) банктік қарыз шартын жасамас бұрын маңызды және тәуекелі жоғары жобаларда экологиялық және әлеуметтік тәуекелдердің қолайлылығы туралы шешім қабылдау рәсімдерін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу;

      14) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдері жоғары қарыз операцияларын жүргізуден бас тарту рәсімдерін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу;

      15) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің орнықты даму саясатын әзірлеу және іске асыру;

      16) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару бойынша статистикалық деректерді жинау жүйелерін әзірлеу және орнықты даму жөніндегі ақпаратты (ESG) қалыптастыру;

      17) банкте орнықты даму қағидаттарын енгізу рәсімдерін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу және іске асыру;

      18) орнықты даму жөніндегі ақпаратты (ESG) уақтылы және дәйекті ашуды қамтамасыз ету үшін жауап береді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлері таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органы бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады және мыналар үшін жауап береді:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы стратегиясының орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі бекіткен рәсімдерді, процестер мен саясаттарды сақтау;

      2) стратегияның орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалға, тәуекел-бейініне және қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының рентабельділігін басқару саясатын сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының кадр саясатының Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының стратегиясына, ұйымдық құрылымына, тәуекел-бейініне, қол жеткізілген нәтижелерге және Қазақстан Республикасының еңбек, банктік заңнамасының талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және оның қызметкерлерінің тариф саясатын сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органына Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің ішкі құжаттарында және Қағидаларда белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкелерінің жұмыс сапасын бақылау және бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, оған мыналар:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының стратегиясында белгіленген мақсаттарға оларға қол жеткізу үшін кедергі келтіретін себептер болса (бар болған жағдайда), көрсете отырып қол жеткізуі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы қызметінің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органы бекіткен стратегиялар мен саясатқа сәйкес келуі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жай-күйі, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы кірістілігінің орнықтылығы (құбылмалығы) туралы ақпарат;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қабылдайтын шешімдердің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті басқару органы бекіткен рәсімдерге, процестерге және саясатқа сәйкес келмеуі;

      тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлерден асып түсуі және оларды бұзу себептері;

      комплаенс-бақылау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, ішкі аудит бойынша бөлімшелер және сыртқы аудит пен уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктерді Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің уақтылы, толық және сапалы жоюы туралы, сондай-ақ олардың ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат;

      қате, толық емес және рұқсатсыз орындалған операцияларды, активтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметтегі кемшіліктерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілікті және реттеушілік есептілікті қалыптастыру кезіндегі қателерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ішкі құжаттарындағы, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалымен ерекше қарым-қатынастағы адамдарға қатысты уақтылы анықтау бөлігінде ішкі бақылаудың жай-күйі туралы ақпарат;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының банктік қызметтерді ұсыну процесінде пайда болатын клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібі талаптарын сақтауының мониторингін жүзеге асыру үшін жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің тиісті атқарушы органы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бекітілген ұйымдық құрылымы шеңберінде алқалы органдарға Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметкерлеріне берілген міндеттерді тиісінше орындауға жауапты.

      Банктің Басқармасы банктің бекітілген ұйымдық құрылымы шеңберінде банктің алқалы органдарына немесе қызметкерлеріне берілген міндеттердің тиісінше орындалуына жауапты.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында және екінші бөлігінің 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, ESG-тәуекелдерді, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ орнықты даму (ESG) және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептер бойынша шоғырландырылған есептерді жариялайтын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдарына таралатын ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы ақпаратты ашу жөніндегі бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар банктерге қолданылмайды.

      34. Банктің директорлар кеңесі директорлар кеңесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын жеткілікті өкілеттіктерге, тәуелсіздікке және ресурстарға ие тәуекел-менеджменті басшысы жетекшілік ететін және (немесе) басқаратын тәуекелдерді басқару бөлімшесінің (бөлімшелерінің) болуын қамтамасыз етеді.

      Тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері) мынадай, олармен шектелмей, келесі функцияларды орындайды:

      1) тәуекелдерді басқару саясаты мен рәсімдерін, тәуекел дәрежесінің стратегиясын және тәуекел дәрежесі деңгейлерін анықтауды қоса алғанда, тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу;

      2) Қағидалардың 11-тарауына сәйкес экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу;

      3) банк қызметіне тән маңызды ағымдағы және әлеуетті тәуекелдерді, оның ішінде қадағалап стресс-тестілеу және ішкі стресс-тестілеу аясына енген банктер үшін қадағалап стресс-тестілеу арқылы анықтау;

      4) тәуекелдерді бағалау және тәуекел дәрежесінің (дәрежелерінің) біріктірілген деңгейін анықтау;

      5) кейін тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тәуекел дәрежесінің деңгейлерін, тәуекел дәрежесі деңгейлерінің сақталу мониторингін әзірлеу;

      6) тәуекел дәрежесі деңгейлерінің бұзушылықтарын анықтауға бағытталған ерте ескерту жүйелерін және триггерлерді әзірлеу;

      7) басқармаға, тәуекелдерді басқару комитетіне және банктің директорлар кеңесіне басқарушылық есептілік ұсыну;

      8) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді кешенді бағалауды (ESDD) қамтамасыз ету;

      9) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді кешенді бағалаудың (ESDD) нәтижелерін талдау, оның ішінде талаптарға сәйкестігін тексеру және тәуекелдерді санаттау;

      10) орта немесе жоғары деңгейдегі экологиялық және әлеуметтік тәуекелдері бар жобаларды қарау немесе оларды соңғы шешім қабылдау үшін басқарма немесе Қазақстан Республикасындағы бейрезидент банктің атқарушы органының қарауына жіберу.

      Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін әзірлеу және әрі қарай тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына шығару, банктің директорлар кеңесінің бекітуі бөлігінде осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларының, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлігінің 6) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қолданылмайды.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, ESG-тәуекелдерді, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ орнықты даму (ESG) және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептер бойынша шоғырландырылған есептерді жариялайтын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдарына таралатын ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы ақпаратты ашу жөніндегі бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар банктерге қолданылмайды.

      35. Банктің директорлар кеңесі бөлімшенің және (немесе) орнықты даму жөніндегі уәкілетті тұлғаның, банк басқармасының жетекшілік ететін мүшесінің және (немесе) орнықты даму жөніндегі директордың (Chief Sustainability Officer (Чиф Састейнабилити Оффисер) бар болуын қамтамасыз етеді.

      Орнықты даму жөніндегі бөлімше және (немесе) жауапты уәкілетті тұлға, мынадай функцияларды орындайды, олармен шектелмейді:

      1) банктің қызметінде орнықты даму (ESG) тәжірибелерін және тәсілдерін енгізу;

      2) бірақ клиенттерді кредиттеу кезінде экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару құжаттары мен банк экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесін қоспағанда, ESG бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;

      3) орнықты даму (ESG) бойынша ақпаратты банктің басқармасына және директорлар кеңесіне сұрату бойынша ұсыну;

      4) банк қызметкерлерін орнықты даму, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер мәселелері бойынша жүйелі оқыту ұйымдастыру және тұрақты даму тақырыбына қатысты барлық тренингтердің мазмұнын үнемі жаңартып отыру;

      5) орнықты даму (ESG) бойынша есептің дайындалуын үйлестіру.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, ESG-тәуекелдерді, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ орнықты даму (ESG) және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептер бойынша шоғырландырылған есептерді жариялайтын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдарына таралатын ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы ақпаратты ашу жөніндегі бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар банктерге қолданылмайды.

      36. Банк тәуекел-менеджмент басшысы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдағанда, кандидаттың келесі талаптардың біріне сәйкестігін тексереді:

      банктік қызмет саласында тәуекелдерді басқару функцияларын жүзеге асыруға және (немесе) тәуекелдерді басқару әдіснамасын әзірлеуге байланысты кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы, бұл тәуекелдерді басқару басшысының өкілеттіктерін тиісінше орындау үшін жеткілікті болуы тиіс;

      қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.

      Тәуекел-менеджментінің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі таңдалған бизнес модельге, қызметтің ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне сәйкес келеді. Тәуекел-менеджменті басшысының тәуелсіздігі мыналармен:

      1) бағыныстылығына қарамастан, тәуекел-менеджмент басшысы лауазымына банктің директорлар кеңесі тағайындайды және босатады;

      2) тәуекел-менеджмент басшысы басқарманың қатысуынсыз, банктің директорлар кеңесіне кедергісіз кіре алады;

      3) тәуекел-менеджмент басшысы өз міндеттерін орындау үшін қажетті кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады;

      4) тәуекел-менеджмент басшысы бас операциялық директор, қаржы директоры, банктің операциялық қызметінің басқа ұқсас функцияларын (андеррайтингті, кепіл қызметін қоспағанда), ішкі аудит бөлімшесінің басшысы лауазымын қоса атқармайды.

      Тәуекел-менеджменті басшысының және директорлар кеңесі және (немесе) тәуекелдерді басқару комитеті арасындағы өзара іс-әрекеттестік тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      Тәуекел-менеджментінің басшысын лауазымынан босату туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органға беріледі. Уәкілетті органның сұратуы бойынша банктің директорлар кеңесі мұндай шешім қабылдау себептерінің негіздерін ұсынады.

      37. Тәуекелдерді анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау банкті басқарудың барлық деңгейлерінде тұрақты негізде жүзеге асырылып тұрады. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру банктің тәуекел-бейінінің өзгеруіне сәйкес, сондай-ақ сыртқы ортаның өзгеруін ескере отырып, жүзеге асырылады.

      Банк банктің қызметіне тән (оның ішінде, баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, бизнес - бөлімшелердің топтары, портфельдері және жеке түрлері бойынша) барлық маңызды тәуекелдерді анықтайды. Маңызды тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында банктің директорлар кеңесі, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет және тәуекел –менеджментінің басшысы тұрақты негізде банктің қызметіне тән тәуекелдерді бағалауды, сондай-ақ банктің тәуекел-бейінінің маңыздылығын қолдап тұруды жүзеге асырып тұрады. Тәуекелдерді бағалау рәсіміне ағымдағы тәуекелдерді толассыз талдау, сондай-ақ жаңа және әлеуетті тәуекелдерді анықтау кіреді. Тәуекелдерді бағалау кезінде банк маңызды тәуекелдердің шоғырлануы дәрежесін ескереді.

      Тәуекелдерді анықтау және өлшеу кезінде сандық, сондай-ақ сапалық өлшемшарттар ескеріледі. Банк сонымен қатар, бағалау қиынға соғатын, мәселен, беделдік және заңды тұрғыдағы тәуекелдерді ескереді.

      Тәуекелдерге анықтау және оған ұшырауға бейімділікті өлшеуден басқа, тәуекелдерді басқару бөлімшесі тәуекелдерді азайтудың ықтимал тәсілдеріне бағалау жүргізеді және тәуекелдердің деңгейін төмендету қажеттілігін атап көрсетеді. Тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейлерінен асып түсетін тәуекелдерді қабылдау туралы шешім қабылданған жағдайларда, тәуекел-менеджментінің басшысы мұндай ерекшелік туралы асып түсу себептерінің тиісті талдауымен директорлар кеңесіне есеп ұсынады және бұдан әрі тәуекелдерді басқару жүйесінің аясында және ол бойынша белгіленген деңгейде қабылданған тәуекелдің деңгейін төмендетуді бақылауды жүзеге асырады.

      Тәуекел-менеджментінің басшысы банктің директорлар кеңесін тәуекелдерді басқару бойынша бөлімшенің пікірі және банк басқармасының банк қабылдайтын тәуекелдер деңгейіне қатысты шешімнің арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың бар-жоғы туралы ақпараттандырады.

      Тәуекелдерді басқару саясатын және рәсімін қоса алғанда, тәуекелдерге байланысты мәселелер бойынша үнемі ақпараттандырып тұру банк аясында тәуекелдерді басқарудың жоғары мәдениетінің маңызды факторы болып табылады. Тәуекелдерді басқару мәдениеті тәуекелдер туралы ақпаратпен жан-жақты алмасуға ықпал етеді және қызметкерлердің, басқарманың және банктің директорлар кеңесінің тәуекелдерді қабылдаумен байланысты мәселелерді ашық талқылау және сыни баға беруді көздейді.

      Тәуекелдермен байланысты, дереу шешім немесе шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін мәселелер бойынша маңызды ақпарат шұғыл тәртіпте банктің директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке, қажет болған жағдайда банк басқармасына, алдын алу шараларын қабылдау үшін бақылауды жүзеге асыратын жауапты лауазымды адамдар мен бөлімшелер басшыларына ұсынылады.

      Банк тәуекелдер туралы ақпаратпен тиімді алмасуға кедергі келтіретін және банктің тартылған бөлімшелерінің пікірін (сараптамасын) ескерусіз банктің уәкілетті органдарының шешімдер қабылдауына әкелетін жеке бөлімшелердің аясында жабық топтар құруды болдырмайды. Ақпаратпен алмасумен байланысты проблемаларды еңсеру үшін директорлар кеңесі, және бақылауды жүзеге асыратын банк бөлімшесі ішкі коммуникациялар жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда тиісті өзгерістер енгізеді.

      38. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операциялардың күрделілігі деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға:

      1) тәуекелдерді, активтер мен пассивтерді басқару тиімділігін, активтердің сақталуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;

      2) сыртқы және ішкі қолданушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктердің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын қамтамасыз ету;

      3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      4) банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз етуге қол жеткізуге бағытталған.

      Ішкі бақылау аясында қызметтің ішкі саясатқа және рәсімдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер мен төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жүзеге асыру бойынша банк процестерін тексеру жүргізеді. Банктің тәуекелдерді басқару, стратегиялық бизнес шешімдер қабылдау және меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігін анықтау мақсаттарында дәйекті ішкі және сыртқы ақпараты болады. Банктің директорлар кеңесі және директорлар кеңесінің тиісті комитеттері сапалы, өзекті және дәйекті деректердің негізінде тәуекелдермен байланысты шешімдер қабылдайды.

      Тәуекелдерді саралау және модельдеу әдістері тәуекелдердің сапалы талдауы және мониторингіне қосымша ретінде пайдаланылады. Тәуекел-менеджментінің басшысы банктің директорлар кеңесін және тәуекелдері басқару мәселелері жөніндегі комитетті тәуекелдерді басқару бойынша қолданылатын әдістер мен модельдердің әлеуетті кемшіліктері туралы хабардар етеді.

      39. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің директорлар кеңесі немесе исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшысы исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келетін банктің қызметі мен өнімдері мәселелері бойынша банктің құрылымдық бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында жеткілікті өкілеттіктері, тәуелсіздігі және ресурстары бар осындай қызметтің басшысы басқаратын исламдық қаржыландыру қызметінің болуын қамтамасыз етеді.

      Исламдық қаржыландыру қызметінің басшысы өз қызметін тұрақты негізде атқарады және исламдық банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша қызметіне жатпайтын функциялар мен міндеттерді қатар атқара алмайды.

      Исламдық қаржыландыру қызметінің басшысы банк басқармасына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшысына есеп береді және операцияларды жүзеге асыруға және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының исламдық банктік операциялар қағидаттарына сәйкес келетін қызметін жүргізуге жауапты.

      Банк исламдық қаржыландыру қызметінің басшысы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдағанда кандидаттың келесі талаптарға сәйкестігін ескереді:

      жоғары білімнің болуы;

      исламдық банктік іс және (немесе) исламдық қаржылар саласында кемінде 3 (үш) жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;

      банк немесе басқа қаржы ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалында басқарушы лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуы.

5-тарау. Капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі

      40. Банктің директорлар кеңесі КЖБІП негізгі тәсілдері мен қағидаларын регламенттейтін және келесі бөлімдерден тұратын банктің ішкі құжатын бекітеді:

      1) КЖБІП ұйымдастыру құрылымының сипаты;

      2) тәуекел дәрежесінің стратегиясының сипаты;

      3) КЖБІП аясында кредиттік, нарықтық, операциялық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру;

      4) стресс-тестілеу рәсімдерін ұйымдастыру;

      5) жаңа өнімдер және қызмет түрлері аясында тәуекелдерді басқару рәсімдерін ұйымдастыру;

      6) капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін өзіндік бағалау рәсімін ұйымдастыру.

      41. КЖБІП банкті басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады және мынадай мақсаттарда құрылады:

      1) оларды өтеу үшін жеткілікті болатын капиталдың қажетті деңгейін айқындау мақсатында, банктің қызметіне тән тәуекелдердің маңызды түрлерін анықтау, бағалау, жинақтау және бақылау; оның ішінде:

      кредиттік тәуекел;

      нарықтық тәуекел;

      операциялық тәуекел;

      сондай-ақ, банк ұшырауға бейім өзге тәуекелдер;

      2) банктің стратегиясына, маңызды тәуекелдерді жан-жақты бағалау нәтижелеріне, тәуекелдің сыртқы және ішкі факторларына қатысты банктің қаржылық тұрақтылығын стресс-тестілеу нәтижелеріне, сондай-ақ Банктер туралы заңның 72-бабымен белгілеген банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарға байланысты капиталды жоспарлау.

      42. КЖБІП ұйымдастырушылық құрылымын сипаттау капиталдың жеткіліктілігін басқару процесін іске асыруға қатысатын банктің алқалы органдары мен бөлімшелерінің жауапкершілігін көрсетумен КЖБІП қатысушыларының тізбесінен тұрады, оның ішінде:

      1) банктің директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару және тәуекел дәрежесінің деңгейін (деңгейлерін) анықтау мақсатында капиталдың жеткіліктілігін басқару үшін жауапты болады. Банктің директорлар кеңесі есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей, капитал жеткіліктілігінің қажетті деңгейін қолдау туралы ақпаратты қамтитын КЖБІП және ӨЖБІП сақтау бойынша есепті бекітеді;

      2) тәуекелдері басқару мәселелері жөніндегі комитет банктің директорлар кеңесі бекіткен тәуекел дәрежесінің деңгейі аясында тәуекелдерді басқару және капиталды басқару саласындағы рәсімдерді әзірлеу үшін жауапты болады. Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет Банктің Директорлар кеңесіне капитал деңгейінің елеулі өзгерістері туралы мерзімді түрде хабарлайды;

      3) ішкі бақылау функциялары жүктелген бөлімше (бөлімшелер) қызметкері КЖБІП рәсімдерінің сақталуын тексеруді жүзеге асырады және нәтижелерді банктің директорлар кеңесіне береді;

      4) тәуекелдері басқару бойынша процеске қатысатын бөлімше (бөлімшелер):

      капиталдың жеткіліктілігін басқару процесінің іске асырылуы үшін жауапты болады;

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің сақталуы жөніндегі есептің құрылымына сәйкес КЖБІП және ӨЖБІП сақтау бойынша есеп дайындауға жауапты болады. Банк есептеулерді, қолданылатын модельдерді, түсіндірме жазбаларды, талдамалық анықтамаларды, өзін-өзі бағалау нәтижелерін, КЖБІП тиімділігін бағалауды және КЖБІП рәсімдерінің сақталуын тексеру нәтижелерін қамтитын, олармен шектелмей, КЖБІП және ӨЖБІП сақтау бойынша есепке растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;

      стресс-тестілеу өткізу үшін жауапты болады;

      5) бюджет әзірлеу және жоспарлау үшін жауапты бөлімше инвестициялар жоспарлауды және банк қызметінің барлық бағыттары бойынша бюджет әзірлеуді жүзеге асырады;

      6) капиталды басқару бөлімшесі (бөлімшелері) капиталдандыру деңгейін ұлғайту бойынша шаралар әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ мүдделі бөлімшелермен бірлесіп капиталды қаржыландыру жоспарын әзірлейді;

      7) ішкі аудит бөлімшесі КЖБІП тиімділігін бағалауды жүргізеді.

      КЖБІП аясында банктің директорлар кеңесі Қағидалардың 3-тарауына сәйкес әзірленген тәуекел дәрежесінің бекітілген стратегиясының сақталуы үшін жауапты болады.

      43. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, стратегияға, активтердің көлеміне, банк операцияларының күрделілігі деңгейіне сәйкес келетін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және оны өтеуге арналған мынадай, олармен шектелмейтін:

      1) кредиттік тәуекел тән операциялар жүргізу ішкі тәртібі және тиісті шешімдер қабылдау;

      2) кредиттік әкімшілік ету рәсімдері;

      3) кредиттік тәуекелді бағалау рәсімдері;

      4) кредиттік мониторинг;

      5) кепілдік қамтамасыз етуді басқару;

      6) проблемалық кредиттерді басқару;

      7) кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау;

      8) банк клиенттерінің қызметінде экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді анықтау рәсімдері;

      9) клиенттің қызметінде орта немесе жоғары деңгейдегі экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер анықталған жағдайда қарыз беру кезінде әрекеттер жоспары немесе шарттар жобаларын әзірлеу;

      10) клиенттің қызметінде орта немесе жоғары деңгейдегі экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер болған жағдайда, қарыз беру кезінде белгіленген шарттар мен әрекеттер жоспарын банк клиентінің сақтауын мониторингтеу.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, ESG-тәуекелдерді, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ орнықты даму (ESG) және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептер бойынша шоғырландырылған есептерді жариялайтын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдарына таралатын ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы ақпаратты ашу жөніндегі бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар банктерге қолданылмайды.

      44. Кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің шеңберінде банк мынадай қағидаттар мен талаптарды басшылыққа алады:

      1) директорлар кеңесі және банк тәуекелдерін басқару мәселелері жөніндегі комитет мыналарды қамтамасыз етеді:

      провизиялардың жеткіліктілік деңгейін ұстап тұру;

      төмендегілермен қамтамасыз етілетін кредиттік тәуекелді бағалау процесін бақылауды жүзеге асыру:

      шешімдер қабылдау мақсатында ақпараттың толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы заңнамасының, сондай-ақ кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдердің талаптарын сақтау;

      басқарушылық, реттеушілік және қаржылық есептіліктің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

      бизнес-бөлімшелерден тәуелсіз қарыздарды бағалау рәсімінің болуы;

      қарыздарды бағалау барысында барлық қолжетімді ақпаратты пайдалануға негізделген кредиттік тәуекелдің деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесін бекіту;

      кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысушылардың арасында нақты және толық көлемде регламенттелген өзара іс-қимыл рәсімдерінің болуы;

      провизияларды қалыптастырудың бекітілген әдістемесі және капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі шеңберінде провизиялар деңгейінің күтілетін шығындарға сәйкестігін бағалауды қамтитын тиімді ішкі бақылау жүйесін құру;

      экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау процесіне бақылау жасау мынадай арқылы қамтамасыз етіледі:

      банктің тұрақты даму саласындағы стратегиясын бекіту;

      экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешенін бекіту;

      банктің ұйымдық құрылымын экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу мақсатында бекіту;

      экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер деңгейі жоғары маңызды қаржыландыру жобаларына байланысты экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша шешімдер қабылдау (маңызды қаржыландыру жобалары деп қарыз алушыға берілетін қарыздың және (немесе) өзге де қаржы құралдарының мөлшері банктің меншікті капиталының 5 (бес) пайызынан асатын жағдайлар түсініледі);

      орнықты даму саласындағы стратегияның, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешенінің орындалуына, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысты талаптардың сақталуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;

      орнықты қаржыландыру жөніндегі бөлімшенің басшысына және (немесе) орнықты даму жөніндегі директорға тұрақты даму (ESG) бойынша ақпаратты ашу үшін директорлар кеңесіне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      қоршаған ортаға неғұрлым осал салалар немесе секторлар үшін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер бойынша ішкі лимиттерді белгілеу, сондай-ақ экологиялық таза жобалар, салалар немесе секторлар үшін лимиттерді айқындау;

      2) банктің директорлар кеңесі жанындағы комитет мыналарды қамтамасыз етеді:

      банктің орнықты даму саласындағы стратегиясын алдын ала бекіту;

      экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешенін алдын ала бекіту;

      3) банк кредиттік қызметті және бекітілген кредиттік саясат шеберінде кредиттік тәуекелді басқаруды жүзеге асырады, оған мыналар кіреді, мұнымен шектелмейді:

      банктің кредиттік қызметінің негізгі бағыттары;

      кредиттік процестің қатысушылары және олардың жауапкершілік салалары;

      кредиттерді қарау және мақұлдау тәртібін қоса алғанда, оның ішінде банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды кредиттеуге қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі, кредиттік тәуекелдің концентрациясын шектеу мақсатында кредиттеу лимиттері;

      қарыз алушының кредиттік қабілеттілігін талдау рәсімі.

      Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылданған шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталынан 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыздан асатын немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеге дейін банктің меншікті капиталынан 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайыздан асатын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (олармен шектелмей) жүзеге асырады:

      қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

      жылжымайтын және жылжымалы мүлігінің болуы;

      қарыз берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында;

      борыш жүктемесі;

      қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

      қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса);

      басқа да берешегінің болуы;

      банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

      банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар;

      білімі және қамтылуы (қызмет саласы) туралы ақпарат;

      әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары;

      ақшаны нысаналы пайдалану туралы ақпарат;

      қарыз алушының кірістері туралы қосымша ақпарат.

      Егер жеке тұлғаға берілген қарыздардың және қабылдаған шартты міндеттемелердің жалпы сомасы банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайтын немесе банктің мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (олармен шектелмей) жүзеге асырады:

      қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

      несие берешегінің болуы, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы;

      борыш жүктемесі;

      қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

      қарыз алушының банктің скорингтік жүйелеріндегі рейтингі (бар болса);

      банктің алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

      банктік шоттар бойынша қалдықтар және операциялар;

      білімі және қамтылуы туралы ақпарат;

      әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары;

      ақшаны нысаналы пайдаланылуы туралы ақпарат (бар болса).

      Банк банктік қарыз шартын жасасу кезінде жеке тұлғаны (заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды қоспағанда), тәуекел деңгейі жоғары қарыз алушы ретінде мынадай екі немесе одан да көп фактор болған кезде жіктейді:

      кредиттік тарихының мерзімі 3 (үш) жылдан аз;

      банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді өтеу жөніндегі міндеттемені орындау мерзімін кешіктіру соңғы 12 (он екі) айда қатарынан күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 3 (үш) айлық есептік көрсеткіштен асады;

      3 (үш) және одан да көп қаржы ұйымдарындағы өтелмеген банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер;

      банктік қарыздарды және (немесе) микрокредиттерді өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың ай сайынғы жиынтық сомасы банк есептеген жеке тұлғаның ай сайынғы тұрақты кірісінің 45 (қырық бес) пайызынан асады;

      кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпараттың болуы;

      тұрақты кіріс көзін бағалаудың ішкі әдістемесіне сәйкес тұрақты кіріс көзі расталмаған.

      Банк осы тармақшаның алтыншы немесе жиырмасыншы абзацтарында көзделген қарыздарды берген жағдайда, банк банктік қарыз шарты жасалғанға дейін және берілген қарызды (қарыздарды) ескере отырып, дефолт ықтималдығын бағалауды жүргізеді. Егер берілген қарызды (қарыздарды) ескере отырып, банктік қарыз (қарыздар) бойынша дефолт ықтималдығы 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайған жағдайда, бұл ретте дефолттың бастапқы ықтималдығы 5 (бес) пайыздан асатын болса, банк банктің ішкі құжаттарына сәйкес осындай қарыз алушының тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді.

      Соңғы 12 (он екі) айда банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешекке жол берген қарыз алушы үшін борыш жүктемесі коэффициентінің деңгейі "Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36722 болып тіркелген) белгіленген қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейі мөлшерінің жартысын құрайды.

      Заңды тұлғаға ұсынылған қарыздардың және шартты міндеттемелердің жалпы сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын болса банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

      қарыз алушы-заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін және негізгі қаржылық коэффициенттерін (рентабельділігі, меншікті және қарыз қаражатының арақатынасы, ақша қаражатының түсу жоспары (қаржы ұйымдарына қарыздар беру, қаржы ұйымдарында салымдарды орналастыру, 6 (алты) айдан аз мерзімге кредиттік желі ашу жағдайларын қоспағанда), кірістер деңгейін талдау.

      Банк алдындағы жиынтық міндеттемелері банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын қарыз алушының талдау үшін қабылданатын қаржылық есептілігі (мерзімі 6 (алты) айдан кем овердрафттар, кредиттік карталар, кредиттік желілер түрінде қаржыландыру жағдайларын қоспағанда), мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      баланстың материалдық (маңызды) құрауыштары (баланс валютасынан 5 (бес) пайыздан астам) және (немесе) пайда мен зияндар туралы есеп (түсімнен 5 (бес) пайыздан астам) бойынша шоттардың талдамасымен есептіліктің негізгі үш нысанының болуы. Бұл талап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына, "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамына, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс), Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fitch Ratings (Фич Рейтингс) агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар жария компанияларға, жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғаларға, сондай-ақ қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін компаниялар куәландырған аудиттелген қаржылық есептіліктің болуы жағдайларына қолданылмайды;

      қаржылық есептіліктің барлық нысандары арасындағы толық сәйкестік;

      ұсынылған қаржылық есептіліктің астында қарыз алушының жауапты (уәкілетті) тұлғаларының қолдарының болуы.

      Қор биржасының листингтік талаптарына сәйкес келетін аудиттелген қаржылық есептілік болған жағдайда кез келген мақсаттар үшін аудиттелген қаржылық есептілікке басымдылық беріледі, сондай-ақ оны салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді. Жеке халықаралық корпорациялардың (акциялары немесе қатысу үлестері қор биржасында не халықаралық қор биржаларында листингке алынбайтын) немесе жария халықаралық корпорациялардың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне енгізілетін заңды тұлғалар үшін қаржылық есептілікті салық декларациясымен салыстырып тексеру талап етілмейді.

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық декларациясының болуы (Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық декларациясын тапсыру талап етілген жағдайда) және сол бір кезең үшін құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақшаның әкелінуін есептеу үшін пайдаланылатын қаржы есептілігіндегі деректермен салық декларациясындағы деректердің қайшылығының болмауы талап етіледі. Қаржылық және салықтық есептілік көрсеткіштері арасындағы алшақтыққа бухгалтерлік және салықтық есепке алу айырмашылықтарына байланысты жол беріледі. Өзге жағдайларда есептілік нысандары арасындағы деректердің айтарлықтай алшақтығының себептері қарыз алушы бойынша банктің жауапты бөлімшесінің қорытындысында сипатталады және банктің уәкілетті алқалы органы қарайды.

      Банк ішкі құжаттардағы алшақтықтың маңыздылығын белгілейді. Белгіленген шектер болмаған жағдайда түсім, қорытынды қаржылық нәтиже, активтердің рентабельділігі көрсеткіштері бойынша 30 (отыз) пайыздан астам мөлшердегі алшақтық (олармен шектелмей) елеулі алшақтық болып табылады.

      Қаржылық есептілік объективті болған жағдайда банк қаржылық есептілікті құнсыздану белгілерін бағалау және провизияларды есептеу мақсатында ақша ағындарын есептеу үшін пайдаланады.

      Қаржылық есептілік және (немесе) салық декларациясы болмаған жағдайда (Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес оларды тапсыру талап етілмеген жағдайда) қарыз алушының активтері және өзге де кіріс көздері (банк шоттары бойынша үзінді көшірмелер, меншігінде тиісті активтердің болуын растау) туралы ақпарат сұратылады.

      Құнсыздану белгілері мен құнсыздану санаттарын бағалау шеңберінде қарыз алушылардың, қоса қарыз алушылардың, кепілдік беруші мен кепілгерлердің қаржылық есептілігін шоғырландырылған түрде пайдалануға жол беріледі.

      Қарыз бойынша күтілетін ақша ағындарын есептеу мақсатында қарыз алушының қаржылық есептілігін (оның ішінде банк тарапынан) оның төлем қабілетсіздігі басталған жағдайда қарыз алушымен оның берешегін өтеу бойынша шарттық міндеттемелері бар тұлғалардың (оның ішінде қарыз алушымен байланысты) есептілігімен, сондай-ақ егер осы тұлғаның активтері қарыз алушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылса, қарыз алушымен осындай шарттық міндеттемелері жоқ тұлғалардың есептілігімен шоғырландыруға жол беріледі.

      Банк осы тармақшаның қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық жетінші, қырық сегізінші, елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтарында белгіленген талаптарды сақтамай қарыз берген жағдайда, қарыз алушының барлық міндеттемелері халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі – ХҚЕС) бойынша құнсызданған активтерге жатқызылады;

      несие берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдында несие берешегінің болуы;

      қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

      өтімді активтердің деңгейі;

      борыш жүктемесі;

      банк алдындағы берешекті өтеудің өзге көздерінің болуы;

      болжамды бос ақша ағындары;

      қарыз алушының сыртқы ортасын бағалау (экономиканың, саланың жай-күйі, даму перспективалары, өндіріс пен өткізу нарықтарының әртараптандырылуы және қарыз алушының тиісті нарықтағы нарықтық үлесі, қарыз алушының өнімін көрсету сияқты қарыз алушының операциялық қызметінің сипаттамалары, операциялар географиясы, бизнестің циклділігі, тұтынушылардың басымдықтарындағы өзгерістер, технологиядағы өзгеріс, экономика секторына кірудегі кедергілер және қарыз алушының кіріс алу және бағаларды ұстап тұру мүмкіндігіне ықпал ететін басқа да факторлар);

      басқару сапасын бағалау (тәжірибе, құзыреттілік, іскерлік бедел);

      қарыз алушының меншік иелерін бағалау;

      сот талқылауларына тартылу фактілерінің болуы;

      сенімсіз салық төлеушілер тізіміне енгізу.

      Егер заңды тұлғаға берілген қарыздардың және шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы 500 (бес жүз) миллион теңгеден немесе банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайтын болса, банк кредит қабілеттілігіне талдауды төмендегі ақпарат негізінде және мына факторларды ескере отырып (алайда олармен шектелмей) жүзеге асырады:

      қарыз алушының тұрақты және жеткілікті кірісінің болуы;

      несие берешегінің, оның ішінде басқа кредиторлардың алдындағы несие берешегінің болуы;

      қарыздар бойынша төлем тәртібі (кредиттік тарих);

      борыш жүктемесі;

      банк алдындағы берешекті өтеудің өзге де көздерінің болуы;

      тиісті саланы дамыту перспективалары.

      Кредит беру саласына және қарыз алушының типіне қарай сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы өзгеріп отырады.

      Жеке және заңды тұлғаларға қатысты кредит саясаты қарыз алушының кредит қабілеттілігіне талдау қолданылмайтын жағдайларды (банктік кепілдіктерді, аккредитивтерді, банктік контркепілдікпен шығарылған банктік кепілдіктерді, сондай-ақ өтімділігі жоғары активтермен қамтамасыз етілген қарыздарды беру) айқындайды. Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктер үшін бас банк немесе банкке қатысты үлестес тұлға кредиттік қабілеттілігінің талдауын қарыз алушының жолданымы банкке түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан кешіктірмей жүзеге асырылған жағдайда, қарыз алушының бас ұйымы немесе қарыз алушыны шоғырландырылған қаржылық есептілігіне қосатын ұйымның деңгейінде пайдалануға жол беріледі;

      негізділік, орындылық және тәуелсіздік қағидаттарына негізделген және қарыздарды қайта құрылымдау жағдайлары мен шарттарының сипатын қамтитын қарыздарды қайта құрылымдауға қатысты кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі. Банк қайта құрылымдау жағдайлары мен түрлерін "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36994 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 61 қаулы) талаптарына сәйкес айқындайды.

      Банк қайта құрылымдаудан кейін қарызды өтеу перспективаларының болуын ескере отырып, қарыз алушылар бойынша қарыздарды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдайды.

      № 61 қаулының талаптарына сәйкес айқындалатын қарыздарға мәжбүрлеп қайта құрылымдау жүргізу туралы шешімді (қарыз алушылар және (немесе) өзара байланысты қарыз алушылар тобы бойынша мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеден асатын банктің меншікті капиталының 1 (бір) пайызынан немесе мөлшері 100 (жүз) миллиард теңгеге дейінгі банктің меншікті капиталының 2 (екі) пайызынан асатын шартты міндеттемелерді қоса алғандағы жалпы берешек) банктің басқармасы немесе құрамына банктің басқарма төрағасы кіретін банктің уәкілетті алқалы органы қабылдайды. Қабылданған шешімдер туралы ақпарат тоқсан сайынғы негізде банктің директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі;

      мынадай факторларды есепке алатын (олармен шектелмей) кредиттік тәуекелді басқарудың қолайлы әдістері:

      әдісті пайдаланған кезде өз білімі мен тәжірибесінің болуы;

      экономикалық тиімділігі;

      қарыз алушының және (немесе) контрагенттің типі, олардың қаржылық жай-күйі;

      4) банк кредиттік қызметін кредит тәуекелі тән болып келетін операцияларды жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырады, оларға мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді:

      әлеуетті қарыз алушыларға және (немесе) контрагенттерге қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредит берудің әр түрі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (оның ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және банк қызметкерлеріне) кредит беру талаптары;

      қарыз алушының және (немесе) контрагенттің ақпаратына, оның ішінде кредит беру туралы шешім қабылдауға қажетті қаржылық және басқа ақпаратқа қойылатын талаптар;

      Қағидалардың 11-тарауына сәйкес экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді кешенді бағалау (ESDD) жүргізуге қойылатын талаптар;

      кредит беру секторына, қарыз алушының кредиттік тарихына, сондай-ақ кредиттердің сапасын толық бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық факторлар негізінде рейтингтік жүйеге талдау жасауды көздейтін корпоративтік кредит берудің ішкі тәртібі;

      кредиттік скоринг әдіснамасы немесе сандық және сапалық сипаттамаларға негізделген қарыз алушының төлем қабілеттілігінің және кредиттік қабілеттілігінің талдауы және оны пайдаланудың ішкі тәртібі;

      кредит беруге негіз болатын рейтингтің рұқсат етілетін ең төменгі деңгейін белгілеу (бар болса);

      кредит саясатынан, стандарттардан, рәсімдерден, лимиттерден ауытқу мониторингін мақұлдаудың, бекітудің және талдаудың ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      қарыз алушыларға жүргізілген талдауды ескере отырып, оның ішінде бар болса, қарыз алушылардың рейтингтерін және (немесе) скорингтік бағалауын ескере отырып, кредит беру лимиттерін және (немесе) кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Кредит беру лимиттері, оның ішінде кепілсіз кредиттер бойынша кредит беру лимиттері валюталар, салалар, қарыз алушылардың (контрагенттердің) санаттары (қаржы ұйымдары, корпоративтік, бөлшек кредиттеу), өнімдер, байланысқан тараптардың топтары бойынша және бір қарыз алушыға белгіленеді;

      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға кредит беруге қатысты да кредиттер беру туралы өтініштерді қараудың, мақұлдаудың, беру (беруден бас тарту) туралы шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібі;

      кепілмен қамтамасыз етуге қатысты, мыналарды айқындайтын ішкі тәртіп:

      банктің жекелеген өнімдері үшін, оның ішінде қарыз алушыға кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін кепіл түрлері және олардың жарамдылық өлшемшарттары;

      кепіл түріне және банк өнімінің түріне байланысты кепіл құрылымына қойылатын талаптар;

      өнімдердің түріне және банктің кредит портфелінің құрылымына байланысты кепіл түрлері бойынша лимиттер;

      өтімді және өтімділігі жоғары кепілді айқындау;

      қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы өтімді кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициент (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса) не қолда бар бағалау);

      қамтамасыз етудің жалпы құрылымындағы өтімділігі жоғары кепіл үлесі, қарыз сомасының кепіл құнына қатынасын сипаттайтын коэффициент (бағалаушы мен кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кепілді бағалауынан ең төмен құны (екеуі де бар болса), не қолда бар бағалау);

      кепілді қабылдау және қарыз беру шеңберінде, оның ішінде арнайы техникалық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптарды айқындай отырып, кепілді қарап-тексеруге қойылатын талаптар (барлық кепілдің жалпы санының кемінде 20 (жиырма) пайызын тәуелсіз іріктеуді қамтамасыз ете отырып, ипотекалық кредит беру шеңберінде қарап-тексеруді іріктеу тәсілімен жүргізуге жол беріледі);

      кепіл түріне қарай талаптарды белгілей отырып, кепілмен қамтамасыз етуді мониторингтеу және онымен жұмыс істеу тәртібі;

      кепіл мүлкін қайта бағалауға қойылатын талаптар;

      кепілдердің заңды күшін қамтамасыз ететін рәсімдер, оның ішінде кепіл түріне және банк өнімінің түріне қарай кепілді тіркеуге қойылатын талаптар;

      қарыз алушының өндірістік қызметі көрсеткіштерінің өзгерістерін, қамтамасыз етудің құнын және сақталуын, оның ішінде оның бағасына едәуір ықпал ететін басқа да жағдайларға ұшырау ықтималдығын есепке ала отырып кепілдік қамтамасыз етудің жедел бағалауы;

      өткізу және өндіріп алудың шекті мерзімдерін қоса алғанда, кепіл және банк өнімі түріне байланысты кепілдік қамтамасыз етуді өткізу рәсімдері;

      егер қарыз алушыға берілген қарыздар мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызынан аспайтын болса және бағалау объектісі республикалық маңызы бар қалалардағы және облыс орталықтары болып табылатын қалалардағы жылжымайтын мүлігі болып табылатын жағдайын қоспағанда бағалаушылар тарапынан кепілдік қамтамасыз етудің құнын бағалаудың объективтілігі (барабарлығы);

      әртүрлі өлшемдерге (бағалауға қате көзқарас, бағалаушы мен қарыз алушының үлестес болуы, бағалаушы мен банктің, оның ішінде кепіл қызметі қызметкерлерінің үлестес болуы) және кепілмен қамтамасыз етудің өтімділігіне қарай бағалаушы айқындаған кепіл құнына қатысты дисконттарды белгілеуге қойылатын талаптар.

      Банк ол бойынша кепілзат жылжымайтын мүлік және материалдық емес активтер (жер қойнауын пайдалану құқықтары) қойылатын қарыз беру туралы шешім қабылдаған кезде бағалау нәтижелерін қарайды. Соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құн 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайда, банк бағалаушының кепілзатты бағалау жүргізуін (жылына кемінде 1 (бір) рет) қамтамасыз етеді.

      Банк ХҚЕС-ке, сондай-ақ № 61 қаулының талаптарына сәйкес соңғы бағалау күніне бағалаушы айқындаған нарықтық құны 100 000 (бір жүз мың) асатын кепілдер есептік көрсеткішті, жер қойнауын пайдалану құқығы үшін 500 000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткішті құрайтын, кепіл бойынша кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю белгілері болған жағдайда уәкілетті тіркеуші органда оның түріне қарамастан кепілдің тіркелуін қамтамасыз етеді.

      Банк қызметкерлері тарапынан кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі банктің ішкі бағалауды қалыптастыру кезінде бағалауға жол берілетін тәсілдерге қойылатын талаптарды нақты формалдауды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, бағалауға дұрыс тәсілдерді пайдалануды, атап айтқанда:

      осы тәсіл шеңберінде кепіл түріне байланысты бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану тәртібі белгіленеді;

      кепіл құнын бағалау кезінде сараптамалық бағалау қолданылған жағдайда, осындай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, регламенттелген процес қамтамасыз етіледі;

      соңғы 4 (төрт) тоқсандағы не аяқталған күнтізбелік жылдағы объект бойынша теріс операциялық ақша ағындары немесе EBITDA (пайыздарды, салықтарды төлеу бойынша шығыстар шегерілгенге дейінгі пайда, тозу және есептелген амортизация) теріс мәні кезінде кіріс тәсілі шеңберінде дисконтталған ақша ағындары негізіндегі тәсілді қолдануға жол берілмейді. Бұл талап мынадай жағдайларға қолданылмайды:

      компанияны инвестициялық сатысында бағалау, сондай-ақ егер бағаланатын компанияның балансында активтер, оның ішінде ақша ағындарын құруға қабілетті келісімшарттар болған;

      растаушы ақпарат немесе нарықтық деректер болған жағдайда ақша ағынын құруға қабілетті объектілерді бағалау.

      Объектінің құнын есептеу кезінде кіріс тәсілі шеңберінде есептеу банктің ішкі құжаттарында белгіленетін бағалау объектісінің тәуекел деңгейіне сәйкес келетін дисконттау мөлшерлемесі пайдаланылады.

      Салыстырмалы тәсіл шеңберінде объектінің құнын есептеу кезінде нарықта орын алатын неғұрлым өзекті мәмілелер туралы ақпарат және (немесе) бағалау объектісімен салыстырылатын объектілерді сату туралы ұсыныстар пайдаланылады, ал олар болмаған жағдайда тиісті түзетулер қолданылады.

      Банктің кепіл қызметі бөлімшесі тарапынан, оның ішінде бағалаушы белгілеген кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) бағалаудың ішкі тәртібі оған ұқсастар тізбесіне және оларды салыстырмалы деп тану өлшемшарттарына қойылатын талаптардың нақты ресімделуін қамтамасыз етеді, олармен шектелмейді:

      объектінің типі және (немесе) кіші түрі;

      объектінің орналасқан жері;

      объектінің жалпы ауданы;

      үй-жайлардың жай-күйі, бағалау объектісінің сыртқы жай-күйі;

      объектінің нысаналы мақсаты;

      объектінің өзге де техникалық сипаттамалары.

      Кепіл қызметінің бөлімшесі бағалаушылардың әрбір есебі бойынша ішкі тәртіп негізінде кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

      Банк бағалаушы айқындаған кепілмен қамтамасыз ету құнын бағалаудың объективтілігін (барабарлығын) талдаудың ішкі тәртібін әзірлейді, ол мыналарды қамтамасыз етеді, онымен шектелмейді:

      кепіл түріне байланысты бағалау тәсілдерін қолдану тәртібі;

      бағалау есептеулерінің дұрыстығына қойылатын өлшемшарттар мен талаптар;

      болжамдарды, түзетулерді және сараптамалық пайымдауларды пайдалану бөлігіндегі талаптар мен шектеулер;

      толық және негізделген есептеулердің болуы;

      кепіл объектісін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін толық ақпараттың болуы;

      кепіл нысанасын міндетті түрде тексеру және бейне-, фототүсірілім жүргізу;

      құқық белгілейтін құжаттардың толық топтамасының болуы;

      банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнында (10 (он) пайыздан астам) елеулі айырмашылыққа әкеп соққан себептер мен өлшемшарттарды анықтау.

      Бағалау туралы есептерде қамтамасыз ету құнындағы елеулі (10 (он) пайыздан астам) айырмашылық анықталған кезде банк айырмашылыққа әкеп соққан мән-жайлар бойынша ақпаратты кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына енгізеді.

      Банк кепілді дұрыс бағаламау мүмкіндігін болдырмау үшін олар бойынша кепілді қамтамасыз ету құнының статистикалық журналына ақпарат енгізілген бағалау туралы есептерге талдау жүргізеді.

      Қарыз беру туралы шешім қабылдау шеңберінде банк барлық өлшемдерді ескере отырып, бағалаушы айқындаған кепіл құнының объективтілігін (барабарлығын) бағалау қорытындылары бойынша айқындалған кепіл құнын пайдаланады.

      Қабылданған шешімдерді белгіленген ішкі тәртіпке сәйкестігі тұрғысынан бағалау Қағидалардың 12-тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Белгіленген ішкі тәртіптен ауытқулар анықталған жағдайда, мүдделі бөлімшелер анықталған ауытқулар туралы ақпаратты банктің уәкілетті алқалы органына жеткізеді. Банк қызметіндегі елеулі ауытқуларды болдырмау мақсатында банктің уәкілетті алқалы органы қарыз көлеміне (сомасына) және (немесе) ауытқулар санына шектеулер белгілейді және белгіленген шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      Банк мыналарды:

      қарызды және (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін және (немесе) қарыз алушы оның құнын бағалауды қоса алғанда, банктің балансындағы кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі деректер банкінің клиенті болуын тоқтатқаннан кейін банктің ішкі жүйелерінде кемінде 5 (бес) жыл сақтауды;

      банктің ішкі құжаттарына сәйкес кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді уақтылы жаңартуды және тәуекел-метрикаларды (PD, LGD, EAD), провизиялар мен капиталды есептеуге жауап беретін модульдерге, сондай-ақ басқарушылық, қаржылық және реттеушілік есептілікті автоматты түрде қалыптастыруға жауап беретін модульдерге деректерді автоматты түрде ауыстыруды;

      қолмен түзетуді қолданғанға дейінгі бастапқы деректерді, қолмен түзетуді қолдануға жауапты тұлғалар туралы деректерді қоса алғанда, кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректерді кез келген қолмен түзету туралы деректерді автоматты түрде тіркеу және сақтауды қамтамасыз етеді.

      Сақтауға жататын кепілмен қамтамасыз ету бойынша деректер мыналарды қамтиды (олармен шектелмейді):

      бағалау объектісінің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне, бизнес-сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – ЖСН) кепіл берушінің, қарыз алушының, тең қарыз алушылардың және кепілгерлердің ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН және ЖСН-нен өзгеше болса,) байланыстыру және байланысты қарыз алушылардың сәйкестендіруші топтары мен байланысты қарыз алушылардың барлық БСН немесе ЖСН-нің нақты көрсетілуі;

      кепілмен қамтамасыз етудің түрі мен кіші түрі;

      бағалау объектісінің кадастрлық нөмірі (егер қолданылса);

      бағалау объектісінің орналасқан жері (елі, өңірі, мекенжайы);

      дисконттарды кепілмен қамтамасыз етуге қолданғанға дейінгі нарықтық құны;

      кепілмен қамтамасыз етуге бағалау (қайта бағалау) жүргізу күні;

      әрбір бағалау объектісі бойынша, оның ішінде банк балансындағы ағымдағы кепіл және жылжымайтын мүлік объектілері бойынша, сондай-ақ банк өткізген барлық бағалау объектілері бойынша кемінде 5 (бес) жыл кезең үшін қолданылған дисконттар. № 61 қаулысына сәйкес дисконттар арасында өндіріп алу ықтималдығы және (немесе) өткізу ықтималдығы, сатуға дейінгі күтілетін мерзім, қолданылған дисконттау мөлшерлемесі және индекстер, сатуға арналған күтілетін шығыстар, өтімділік коэффициенттері қолданылмаған жағдайда дисконт мәндері туралы ақпаратты сақтау қамтамасыз етіледі;

      барлық дисконттарды, оның ішінде ұлттық валютадағы баламасын есепке алғаннан кейінгі нарықтық құн;

      провизияларды есептеу кезінде пайдаланылатын кепілмен қамтамасыз ету құны;

      бағалау объектісінің ауыртпалық белгісі;

      бағалау объектісінің ауыртпалық кезектілігі;

      кепіл беруші, кепілдік беруші, кепілгер, сақтандырушы (заңды немесе жеке тұлға, атауы, бірегей сәйкестендіруші) туралы мәліметтер;

      бағалау объектісіне ауыртпалықтың болуын растау күні;

      қарыз алушы немесе қарыз деңгейіндегі бағалау объектісі бойынша банктің талап ету құқықтарының кезектілігі;

      қарыз алушы мен қарыз деңгейіндегі кепілдер үшін қамтамасыз етудің аллоцирленген құны (олардың бірегей сәйкестендірушісіне сілтеме жасай отырып, әрбір қарыз алушыға кепіл мүлкінің үлесін көрсете отырып);

      кепілмен қамтамасыз етуді бағалау тәсілі;

      пайдаланылатын аудан бірлігі;

      бағалау объектісінің жалпы, пайдаланылатын алаңы (егер қолданылса);

      бағалау күніне жалға берілетін алаңның үлесі (егер қолданылса);

      жалға беру үшін ықтимал қолжетімді алаңның үлесі (егер қолданылса);

      5) дұрыс рейтингтік модельдің және (немесе) скорингтік жүйенің болуы.

      Банктің директорлар кеңесі рейтингтік модельді және (немесе) скорингтік жүйені әзірлеуге, оларды енгізуге, қолдануға және жұмыс істеуін бақылауға жауапты бөлімшелерді айқындайды. Рейтингтік модельде және (немесе) скорингтік жүйеде кредиттік тәуекелдің әрбір деңгейінің сипаттамасы және оларды тағайындау талаптары қамтылады. Қарыз алушының кредиттік рейтингін және (немесе) скорингтік баллын тағайындау барысында банк қарыз алушының (қарыз алушылардың) қаржылық жағдайын және қарыз алушы бойынша басқа да қолжетімді ақпаратты есепке алады.

      Қарыз алушыға кредиттік рейтинг және (немесе) скорингтік балды беру кезінде банк қарыз алушының келешектегі кредитті төлеу қабілеттілігіне және төлем қабілеттілігіне әсер ететін факторлар туралы өзекті қолжетімді ақпаратты басшылыққа алады.

      Заңды тұлғаларға берілген кредиттік рейтинг жаңартылу тұрғысынан мерзімді мониторингке жатады. Қайта қарау жиілігі қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлау тәуекеліне әкелетін теріс ақпарат болған және (немесе) банк алдындағы міндеттемелерді өтеу мүмкін болмаған және өзге де қолжетімді ақпарат болмаған жағдайда ұлғаяды;

      6) кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптаудың барабар жүйесі болуы.

      Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі шеңберінде банк кредиттік портфель сапасының мониторингі үшін кешенді рәсімдер мен ақпараттық жүйелерді (ол болмаған жағдайда – бағдарламалық қамтамасыз етуді) енгізеді және пайдаланады. Рәсімдер мен ақпараттық жүйелерде проблемалық қарыздарды сәйкестендіретін және анықтайтын, тиісті бақылауды қамтамасыз ететін өлшемшарттар қамтылады.

      Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі директорлар кеңесі, директорлар кеңесі жанындағы комитеттер, басқарма, кредиттік тәуекелді басқару процесіне қатысатын банктің өзге бөлімшелері үшін ақпарат беруді қамтамасыз етеді және банктің кредиттік тәуекелінің деңгейін жалпы баланс бойынша да және әрбір актив бойынша да бағалауға мүмкіндік береді.

      Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша активтерді сыныптау жүйесі кредиттік тәуекел тән барлық активтерді (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) жан-жақты талдауға негізделеді.

      Активтерді жан-жақты талдауда:

      қарыз алушының және (немесе) контрагенттің міндеттемелері бойынша дефолттар ықтималдығын (PD);

      қарыз алушының және (немесе) контрагенттің дефолт жағдайында шығындар мөлшерін (LGD);

      дефолтқа ұшырайтын міндеттемелер шамасын (EAD);

      тәуекел бойынша позиция сақталатын мерзім ішінде;

      кепілді қамтамасыз ету құнын және оны өткізу мүмкіндігін;

      бизнес-ортаны және экономикалық жағдайларды бағалау;

      экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер.

      Кредиттік тәуекел тән болатын активтерді сыныптау (банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыз аспайтын сомада негізгі емес қызмет бойынша дебиторлық берешекті қоспағанда) кем дегенде 5 (бес) санаттың негізінде жүзеге асырылады және мыналарды:

      КЖБІП шеңберінде капиталдың жеткіліктілігін сенімді бағалауды;

      күтілетін шығындарды өтеуге арналған провизиялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

      Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер неғұрлым жоғары санатқа сыныптау үшін дәлелді және негізделген негіздер болмаған жағдайда, ең нашар санаттарға сыныпталады.

      Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аз мерзімі өткен берешегі бар активтер, егер ішкі құжаттарда айқындалған қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің өзге факторлары болса, ең нашар санатқа сыныпталады;

      7) проблемалық активтерді басқару саясатының болуы.

      Банктің директорлар кеңесі проблемалық активтерді басқару саясатын бекітеді, ол мыналарды қамтиды:

      проблемалық активтердің анықтамасы;

      проблемалық активтерді басқару әдістері (қайта құрылымдау, сату, есептен шығару, кепілді қамтамасыз етуді алып қою, банкроттық және басқа әдістер);

      проблемалық активтерге қатысты лимиттер (портфельдер бөлігінде) және лимиттер бұзылған кезде белгіленген лимиттерге сәйкес келтіру үшін проблемалық активтерді басқарудың бекітілген әдістерін іске асыру мерзімдері;

      проблемалық активтер көлемінің ұлғаю тәуекеліне ертерек ден қоюдың сандық және сапалық өлшемдері;

      мүдделі бөлімшелердің тізімі және проблемалық активтермен жұмыс істеу кезінде өзара іс-қимылының ішкі тәртібі;

      директорлар кеңесіне проблемалық активтердің деңгейі туралы басқарушылық есептілікті ұсынудың ішкі тәртібі;

      банк қолданатын проблемалық активтерді басқару әдістерін бағалау рәсімдері;

      8) провизияларды қалыптастырудың сенімді әдістемесінің болуы.

      Күтілетін шығындарды жабу үшін қалыптастырылатын провизиялардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында банк жыл сайын (не қажет болған кезде жиі) провизияларды қалыптастыру әдістемесіне талдауды:

      провизияларды қалыптастыру әдістемесінің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың шығындардың нақты сомаларына сәйкестігін айқындау;

      ағымдағы нарықтық жағдайларды, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруін талдау;

      провизияларды қалыптастыру әдістемесінің валидациялары арқылы жүргізеді.

      Ұжымдық қарыздар бойынша провизияларды қалыптастыру кезінде банк қажетті уақыт кезеңін қамтитын және банктің кредиттік шығындарын неғұрлым дұрыс көрсететін тарихи деректерді талдайды. Бұл ретте тарихи деректер ағымдағы нарықтық және экономикалық жағдайды талдаумен толықтырылады.

      Егер провизияларды қалыптастыру әдістемесі провизиялары жеке негізде қалыптастырылатын қарыздар бойынша кредиттік тәуекелдің өсу белгілерінің болмауын көрсеткен жағдайда, мұндай қарыздар ұжымдық негізде кредиттік тәуекел деңгейін бағалауға жатады.

      Банк болжамды макроэкономикалық ақпараттың әсерін есепке алуға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дефолт ықтималдығын бағалаудың әрбір моделі сәйкес келетін егжей-тегжейлі талаптарды сипаттайтын дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің жалпы әдіснамасын әзірлеуді (жаңартуды) қамтамасыз етеді.

      Дефолт ықтималдығын бағалау модельдерінің әдіснамасы мынадай талаптарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      кредиттік құнсыздануды анықтау;

      пайдаланылатын деректердің сапасы, маңыздылығы және көлемі;

      модельдерді әзірлеу және тестілеуге арналған модельдерді қалыптастыру әдіснамасы;

      модельдің жекелеген блоктарының болуы (оның ішінде қаржылық, сапалық факторларды, мемлекеттік немесе топтық деңгейде қолдау мүмкіндігін есепке алу жөніндегі талап) және олардың түпкілікті PD айқындаудағы ең жоғары салмағы;

      кредиттік құнсызданудың байқалатын деңгейлері негізінде модельді калибрлеу әдіснамасы (кредиттік құнсыздану деңгейлерінің нақты статистикасы негізінде модельді калибрлеу);

      макро-сценарийлерді әзірлеу және есепке алу бойынша талаптар, миграция матрицаларын есептеу және қолдану әдіснамасы бойынша;

      жетекші рейтинг агенттіктерінің кредиттік шкалаларымен үйлесімді валидтік кредит шкаласын әзірлеу;

      PD әр түрлі түрлерін есептеу (он екі айға, бүкіл жарамдылық мерзіміне (lifetime PD), қазіргі сәтте (PIT PD) және циклдік (TTC PD) бастапқы тану кезінде);

      қаржылық кепілдіктер бойынша PD моделін есептеу;

      бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді пайдалану немесе сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдер арқылы жылдық PD бағалау.

      Модельді әзірлеу шеңберінде:

      скорингтік модельді қолдану кезінде әзірлеу үшін іріктеме қарыз алушыларының әрқайсысы бойынша скоринг балын есептеу;

      скорингтік модельді қолдану кезінде модельді калибрлеу, яғни скоринг балын портфель бойынша кредиттік құнсызданудың байқалатын тарихи деңгейінің модельдерін пайдалана отырып, PD мәніне ауыстыру;

      макроэкономикалық жағдайды есепке алу және PD TTC-ті PD PIT-ке аудару моделін әзірлеу;

      жылдық PD-ды бақыланатын дефолт деңгейі бойынша жылдық деректерді не сенімді статистикалық талдауға негізделген балама тәсілдерді пайдалану арқылы бағалау;

      модельді әзірлеу кезінде дефолттардың бақыланатын деңгейі бойынша тарихи деректердің өзекті көлемін таңдауды және күтілетін макрокөрсеткіштер негізінде PIT мәндерін калибрлеуді көздеуі тиіс;

      статистикалық негізделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері үшін Қазақстан Республикасының PD-ге сәйкес келетін PD-дің ең төменгі шегін белгілеу.

      Банк барлық тәуекел-метрикалардың (PD, LGD, EAD), құнсыздану сатыларының және провизиялардың банктің ішкі жүйелерінде автоматты түрде есеп айырысуды, сондай-ақ кредиттік тәуекелдің елеулі ұлғаю оқиғаларын, ХҚЕС бойынша құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғаларды, құнсыздану санаттарын айқындауды қамтамасыз етеді.

      Банк мынадай деректердің (олармен шектелмей) қарызды (немесе) баланстан тыс міндеттемені өтегеннен кейін жүйелерде кемінде 5 (бес) жыл сақталуын қамтамасыз етеді:

      Solely Payments of Principal and Interest (Солли Пэйментс оф Принсипал энд Интерес) (SPPI) тесттен өту немесе өтпеу нәтижелері;

      9 ХҚЕС-ке сәйкес қаржы құралын сыныптау;

      құнсыздануды объективті растау болып табылатын оқиғалар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме бойынша әрбір оқиға үшін жеке деректер өрісі);

      қарыз алушының құнсыздану сатысы;

      жеке бағаланатын қарыз алушылар үшін "going-concern" және "gone-concern" әдістері бойынша сценарийлердің ықтималдылығы;

      тиімді пайыздық мөлшерлеме (бастапқы және ағымдағы пайыздық мөлшерлемелер);

      дефолт деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;

      қайтарым деңгейлері (міндеттемелердің сомасы бойынша – қалпына келтіруді ескере отырып және қалпына келтіруді есепке алмай) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;

      қайта құрылымдау деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша – қайта құрылымдау бойынша жеке және мәжбүрлі қайта құрылымдау бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;

      қалпына келтіру деңгейлері (қарыз алушылардың, міндеттемелердің саны бойынша және міндеттемелердің сомасы бойынша) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде;

      есептен шығару деңгейлері (міндеттемелер сомасы бойынша - ішінара есептен шығару бойынша жеке және толық есептен шығару бойынша жеке) абсолюттік және пайыздық көрсеткіштерде);

      PD мәндері (оның ішінде әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін берілген сәттен бастап және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде);

      тану сәтіндегі және қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме мерзімі ішіндегі әрбір айға арналған он екі айлық PD және lifetime PD мәндері;

      LGD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін LGD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

      LGD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін LGD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

      EAD мәндері (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін EAD мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

      кредиттік шығындар (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін күтілетін кредиттік шығындар мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

      тәуекел-саралау коэффициенттерінің мәндері (RWA) (әрбір қарыз алушы және (немесе) міндеттеме үшін RWA мәнін қоса алғанда) қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттеме берілген сәттен бастап (бірақ 9ХҚЕС енгізген күннен бұрын емес) және қарыздың және (немесе) баланстан тыс міндеттеменің бүкіл қолданылу мерзімі ішінде әрбір айға;

      кредиттік конверсия коэффициенттері;

      қарыз алушының баланстық және баланстан тыс міндеттемелерінің сомасы (соңғы 5 (бес) жыл бойынша);

      қарыз алушының есептен шығарылған қарыздары (соңғы 5 (бес) жыл бойынша);

      провизиялардың қорытынды мәні (қарыз алушы деңгейінде және міндеттеме деңгейінде);

      БСН немесе ЖСН-ге және ішкі бірегей сәйкестендірушілеріне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) қарыз алушы мен қарыз және (немесе) баланстан тыс міндеттемені байланыстыру;

      БСН немесе ЖСН және ішкі бірегей сәйкестендірушісіне (егер олар БСН немесе ЖСН-нен өзгеше болса) барлық бірлесіп қарыз алушылар мен кепілгерлерді байланыстыру;

      банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобының бірегей сәйкестендірушісіне байланыстыру;

      банктің ішкі құжаттарына сәйкес байланысты қарыз алушылар тобы қатысушыларының БСН немесе ЖСН-не байланыстыру;

      құнсыздану сатысын және провизияларды есептеу үшін талап етілетін, қарыз алушылардың қаржылық көрсеткіштері;

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектінің кәсіпкерлік санатына жататындығының белгісі;

      банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізіміне тиесілілік белгісі;

      қайта құрылымдау және (немесе) мәжбүрлі қайта құрылымдау белгісі;

      қарыз бойынша және қарыз алушыға осы банктегі қарыздар бойынша қайта құрылымдауды жүргізудің барлық күндері.

      Банк жүйелері барлық қарыз алушылар, олардың баланстық және баланстан тыс міндеттемелері және банк портфельдері үшін кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю оқиғаларының және ХҚЕС бойынша құнсыздану оқиғаларының іске қосылу оқиғасының фактісін тіркейді және жүйелерде сақтайды;

      9) кредиттік тәуекелді бағалау модельдерінің валидация рәсімінің болуы.

      Модельдерді қолдана отырып кредиттік тәуекелді бағалаудың барабарлығын қамтамасыз ету мақсатында банк олардың валидациясы, бэк-тестинг жүргізу процестерін, тәуекелдердің жоспарланған деңгейінен ауытқудың рұқсат етілген деңгейін регламенттейді. Жоспарланған тәуекел деңгейінен ауытқыған жағдайда, банк түзету шараларының жоспарын әзірлейді.

      Валидация бір немесе бірнеше мына әдістер:

      модельдің кемсітушілік қабілетін тексеру;

      модельдің болжамды дәлдігін бағалау;

      рейтингтердің ауысуын талдау;

      рейтингтерді салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асырылады.

      Валидацияны 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет банктің тәуелсіз бөлімшесі не тәуелсіз үшінші тарапты тарта отырып жүзеге асырады. Валидацияны жүргізу жиілігі ағымдағы нарықтық жағдайға, стратегияға, активтердің көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне байланысты болады, экономикада немесе банкті кредиттеудің ішкі процестерінде елеулі өзгерістер болған жағдайда ұлғаяды. Валидация нәтижелері тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке ұсынылады.

      Банктің тәуелсіз бөлімшесі 1 (бір) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізген скорингтік моделдердің ішкі валидациясы.

      Банктің тәуелсіз бөлімшесі скорингтік модельдердің ішкі валидациясын банктің ішкі құжаттарында провизияларды есептеуде пайдаланылатын өлшемдерді (қатысушылар, тексеру аясы, тексеру салалары, пайымдауларды дайындау өлшемшарттары, нәтижелерді ұсыну форматы, мерзімдері) валидациялаудың егжей-тегжейлі сипатталған процесін қоса алғанда, олармен шектелмей, валидацияның толық процесін ресімдеу кезінде мүмкін болады.

      Банктің валидацияға жауапты тәуелсіз бөлімшесі тексеру процесін сипаттай отырып, нәтижелерді және маңыздылық дәрежесін ашып көрсете отырып, әрбір тексерілген параметр бойынша қорытынды қалыптастырады.

      Валидация нәтижелері толық негіздемесімен тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке беріледі.

      Валидация нәтижелерін қарау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет модельге өзгерістер енгізу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы мәселесі бойынша қорытындыны қамтитын хаттама жасайды.

      Модельді валидациялау шеңберінде мыналарды жүргізу талап етіледі, оның ішінде:

      модельдің реттеуші талаптарға сәйкестігін тексеру;

      модельді болжау дәлдігін анықтау үшін модельді бэк-тестингтеу (модель әзірленгеннен өзгеше іріктеулерде модельдің дәлдігін тексеру). Банк неғұрлым кейінгі бақылаулар негізінде модельдің релеванттығын тексереді;

      модельдерді әзірлеу кезінде пайдаланылатын деректердің маңыздылығы мен сапасын тексеру. Тексеру шеңберінде кейіннен моделін жасау үшін таңдаудың жеткілікті екендігіне эконометриялық тестілер арқылы көз жеткізу қажет;

      модельді тәуекел-метрикаларды бағалаудың басқа модельдеріне сәйкестігін тексеру;

      10) кредиттік тәуекелді бағалау кезінде барабар және негізделген сараптамалық бағалауды қолдану.

      Сараптамалық бағалауды қолдану қажет болған жағдайларда банк:

      мұндай бағалауды қолдану лимиттерін көрсете отырып, сараптамалық бағалауды қолданудың регламенттелген процесін;

      сараптамалық бағалауды жүргізетін қызметкерлер құзыретінің жеткілікті деңгейін;

      сараптамалық бағалауды қолданудағы біркелкі тәсілді қамтамасыз етеді. Бірдей жағдайларда сараптамалық бағалауларда елеулі ауытқулар болмайды;

      сараптамалық бағалау тиісті сақтықты қолдана отырып, негізделген және құжатталған рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

      Банктің тарихи деректерді ескере отырып, сараптамалық бағалауды қолдануы ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалды талдаумен, атап айтқанда (қолданылуы бойынша):

      қарыздар беру процестеріндегі, шешімдер қабылдау стандарттары мен практикаларындағы, қайтарудағы, есептен шығарудағы өзгерістермен;

      сыртқы және ішкі экономикалық факторлардың, серпінді ескере отырып, бизнес ортаның өзгерістерімен;

      жұмыс істемейтін және қайта құрылымдалған қарыздар деңгейінің өзгерістерімен;

      нарықтың жаңа сегменттері және өнімдері пайда болуымен;

      кредиттік тәуекел шоғырлануының өзгерісімен толықтырылады;

      11) қарыздар (дебиторлық берешекті және шартты міндеттемелерді қоса алғанда), сондай-ақ кредиттік тәуекел тән өзге операциялар туралы толық және дұрыс ақпаратты қамтамасыз ететін, деректерді сақтау құралдарының жиынтығын қоса алғанда, кредиттік тәуекел деңгейін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін қажетті құралдардың болуы.

      Банк кредиттік басқаруды мыналарды қамтитын, олармен шектелмейтін рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады:

      ұсынылған кредиттік құжаттардың кредиттер беру талаптарына сәйкестігін тексеру;

      кредиттік шарттардың қабылданған шешімдерге сәйкестігін тексеру;

      кредиттік досьені қалыптастыру және жүргізу.

      Кредиттік досьені (бөлігін) электрондық түрде қалыптастыруға рұқсат беріледі. Кредиттік досьеде (олармен шектелмей):

      қарыз алушыны идентификаттау бойынша құжаттар қамтылады:

      осы құжаттар топқа жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны құруға байланысты құжаттар (акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін түпкі меншік иелері-жеке тұлғаларды жария етумен, оның құқық субъектілігін растаумен), сондай-ақ қарыз алушының атынан әрекет ететін және қарыз алушының атынан кредиттік және кепіл құжаттамасына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттар жатады.

      Нысаналы пайдалануды анықтауға жататын құжаттама (овердрафтарды, банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен нысаналы пайдалануды растаусыз тұтынушылық кредиттерді және банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан кем жиынтық сомасымен айналым қаражатын толықтыру мақсатындағы кредиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің қатысуымен синдикатталған қарыздардан басқа). Осы құжаттар топқа жасау мақсатында қаржыландыру сұратылатын мәміле бойынша құжаттар мен ақпарат (қайта құрылымдау және (немесе) қайта қаржыландыру жағдайында қаржыландырудың бастапқы мақсаттарын қоса алғанда), оның ішінде ірі қарыз алушылар бойынша:

      қарызды пайдалану мақсатын растайтын құжаттар, оның ішінде заңды тұлғалар үшін – жеткізу, сатып алу-сату шарттары, сыртқы сауда келісімшарттары және басқалары;

      қарыз бен шартты міндеттемелердің сомасы асатын заңды тұлға үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден асатын – банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы болатын банктер үшін, меншікті капиталының мөлшері 100 (бір жүз) миллиард теңгеден аспайтын – банктің меншікті капиталының 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызы болатын банктер үшін – өзін-өзі ақтау мерзімін және кредиттелетін мәміленің рентабельділік деңгейін сипаттайтын қарызды берудің техникалық-экономикалық негіздемесі не қарызды пайдалану мақсаттарын, өткізу нарықтарын және қарыз алушының маркетингтік стратегиясын, тәуекелдерді бағалауды және оларды басқаруды көрсететін қарыз алушының бизнес-жоспары, жылдар бойынша нақтыланған қаржылық жоспары (жылдар бойынша бизнес-жоспарды іске асырудың қаржылық көрсеткіштері, бизнес-жоспарды қаржыландыру және қарызды өтеу көздері мен көлемі), кірістер (шығыстар) сметасы (инвестициялық мақсаттарға байланысты қарыздар, стартап жобалар немесе негізгі өтеу көзі кредит ресурстары есебінен сатып алынған тауарларды және (немесе) қызметтерді сатудан түсетін түсімдер болады деп жоспарланған қарыздар) жатады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      айналым қаражатын толықтыруға арналған кредит деп ағымдағы өндірістік процестерді қаржыландыру үшін берілген кредит түсініледі;

      тұтынушылық кредит деп заңды тұлға құрмай жеке тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берілген және мына өлшемшарттарға сәйкес келетін кредит түсініледі:

      кредит беру кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мақсатына байланысты емес және қарыз алушы кредитті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланбайды деп болжанады;

      кредитті ұзақ пайдаланылатын тауарларды (тұрғын үй жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, жиһазды және өзгелерін) сатып алуға және (немесе) әртүрлі қызметтерге (білім беру, туристік, медициналық, жөндеу-құрылыс және өзгелерді) ақы төлеуге және (немесе) өзге де сатып алулар мен мақсаттарға (басқа банктегі қарызды қайта қаржыландыруға (егер бұрын алынған қарыз тұтыну мақсаттарына байланысты болған жағдайда), ұялы телефондарды, тамақ өнімдерін және өзге де тауарларды) жолдау жоспарлануда;

      кредитті алушыда алынған кредит бойынша банк алдындағы міндеттемелерге қызмет көрсетуге объективті мүмкіндік беретін, банктің ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен расталған тұрақты табыс көзі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан дивидендтер, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер және басқа да кірістер) бар.

      Клиенттің қаржылық жағдайын және қамтамасыз ету сапасын талдау үшін қажетті құжаттар:

      құжаттардың бұл тобына олардың негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізілетін және қарыз алушы қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін көрсететін барлық құжаттар, сондай-ақ қабылданатын қамтамасыз етудің болуын, сапасын, мөлшерін растайтын құжаттар жатады, ол мыналарды қамтиды (олармен шектелмейді):

      кепіл құжаттамаға қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;

      бағалаушының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі;

      банктің Қағидалары мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес бағалаушының кепілді бағалаудың барабарлығы бойынша кепіл қызметі бөлімшесінің қорытындысы;

      кепіл нысанына берілген құқығын растайтын құжаттар;

      уәкілетті тіркеуші органдарда тіркелгені туралы белгісі бар, кепіл туралы шарттың көшірмесі.

      Кредиттік мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттама. Осы топқа банк бөлімшелері қарыз ресімдеу барысында қалыптастыратын немесе мерзімді кредиттік мониторингті растау үшін қажетті құжаттама, сондай-ақ кредиттік тәуекелді басқару мақсаттары үшін қарыз алушылар (контрагенттер) туралы мәліметтерді жаңарту рәсімі жатады;

      12) басқарушылық ақпарат жүйесінің болуы және жұмыс істеуі.

      Банк мына:

      кредиттік портфель және оның ішінде оның өзгерістерінің серпінінде ұсынылған оның сапасы туралы;

      банкте кредиттердің әр түрлері бойынша белгіленген лимиттерге жиынтығында ұшырауға жақындауды бағалауды қоса алғанда (лимит алдындағы тәсіл), кредиттік тәуекелге ұшырау мөлшері (деңгейі) туралы;

      байланысты қарыз алушылар тобына және оның өзгеру серпіні қатысты кредиттік тәуекелге ұшырауы туралы;

      ірі қарыз алушылардың (контрагенттердің) және банкпен ерекше қатынастармен, оның ішінде банк акционерлерімен ерекше қатынастармен байланысты қарыз алушылардың (контрагенттердің) кредиттік тәуекелі шоғырлануы және оның өзгеру серпіні туралы;

      қарыз алушылардың (контрагенттердің) ішкі рейтингтері және олардың өзгеру серпіні туралы, қарыз алушылардың (контрагенттердің) рейтингі бойынша кредиттер сапасының мониторингі және оның кезеңділігі туралы;

      провизиялардың мөлшері және провизиялардың барабар деңгейін бағалау туралы;

      қайта құрылымдалатын, қайта қаржыландырылатын және проблемалық кредиттер туралы;

      лимиттердің сақталуын мониторингтеу және бақылау туралы;

      саясат пен лимиттерден ауытқулар туралы ақпаратты қамтитын, олармен шектелмейтін басқарушылық есептілік нысандарын әзірлейді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарында, 2) тармақшасында, 4) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының он екінші абзацында көзделген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктерге қолданылмайды, егер мұндай бейрезидент банктерде ESG тәуекелдерін, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ ESG тәуекелдері, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер бойынша ақпаратты ашу жөніндегі бекітілген саясаттар мен рәсімдер болса, олар еншілес ұйымдарға қолданылып, орнықты даму (ESG) бойынша шоғырландырылған есептер мен экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер жөніндегі есептерді жариялауды көздесе.

      45. Жеке тұлғаның тұрақты табыс көзі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, бағалы қағаздардан дивидендтер, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен кірістер және басқа да кірістер) мыналарды:

      қарыз алушы сенімді ақпарат дереккөздері бар тұрақты табыс көзін растау үшін ұсынған ақпаратты салыстыруды;

      жеке тұлға еңбек қатынастарында болмаған жағдайларда тұрақты табыс көзінің бар екендігіне жеткілікті дәлелдемелер беруді;

      басқа кірістердің түсуінің жүйелілік критерийлерін айқындау және түсімдердің ауытқуы байқалған кезде тұрақты табыс ретінде қарастырыла алатын соманы айқындау үшін басқа табыс алу көздерін растаудың неғұрлым ұзақ кезеңін қолдануды қамтамасыз етеді.

      46. Банктер туралы заңның 61-бабының 3-тармағында көзделген қарыз алушының өтініші бойынша шешімді банк қарыз алушылардың мынадай:

      1) ақылға қонымды мерзім ішінде төлемге қабілеттілікті қалпына келтірудің расталған көздері болған жағдайда олардың төлемге қабілеттіліктерінің төмендеуіне алып келген қысқа мерзімді және қайтымды мән-жайлардың салдарынан уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған;

      2) осы Қағидалардың 44-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сәйкес жіктелген жоғары деңгейдегі тәуекелі бар;

      3) болашақта төлемге қабілеттілікті ішінара немесе толығымен қалпына келтіру перспективалары болған жағдайда төлемге қабілеттіліктің орнықты төмендеуіне алып келген орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді қайтымсыз мән-жайлардың салдарынан өмірде қиын жағдайға тап болған;

      4) борыш жүктемесі ұзақ мерзімді сипатқа ие болатын, қайтымсыз мән-жайлардың салдарынан болған және қарыз алушының төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің объективті перспективалары жоқ, оның орнықты төмендеуімен бірге жүретін төлемге қабілетсіздіктің маңызды деңгейіндегі санаттары үшін берешекті реттеу шараларын қамтитын жеке тұлғалардың берешектерін реттеу бойынша кредиттік шешімдерді қабылдаудың ішкі тәртібіне сәйкес қабылдайды.

      47. Банк қарыз алушыға кепілсіз тұтынушылық қарыз, оның ішінде қарыз алушыға ашылған белгіленген кредиттік лимит шеңберінде кепілсіз тұтынушылық қарыз (қарыздың бір бөлігін) беру, жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша кепілсіз тұтынушылық қарыз беру, қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына әкелген қарыз алушының кредиттік лимиті және (немесе) кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша талаптарды өзгерту туралы оң шешімдерді, егер:

      қарыз алушыда банктік қарыздар бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам және (немесе) микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер берген микрокредиттер бойынша 1 (бір) күннен астам мерзімі өткен берешегі болған,

      қарыз алушыда соңғы 36 (отыз алты) айда банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешегі болған,

      қарыз алушының бір немесе бірнеше банктік қарыздары немесе микрокредиттері бойынша соңғы 12 (он екі) ай ішінде қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда, қабылдамайды.

      Осы тармақтың үшінші абзацының мақсаттары үшін 2025 жылғы 1 шілдеден бастап банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешек ескеріледі, оны банк қарыз алушының кредиттік бюродан алынған кредиттік есебі негізінде айқындайды.

      Осы тармақтың төртінші абзацының мақсаттары үшін 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізілген қарыз алушының банктік қарыздың немесе микрокредиттің міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау ескеріледі. Қарыз алушының міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау өлшемшарттары деп бұрын жасалған бір немесе бірнеше банктік қарыз немесе микрокредит шарттарының мынадай бір немесе бірнеше талаптарға сәйкестігі түсініледі:

      1) банктік қарыз немесе микрокредит шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша берешек сомасы қайта құрылымдау сәтінен бастап қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) пайызға және одан артық пайызға төмендеген жоқ;

      2) банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі бар және соңғы 12 (он екі) айда 2 (екі) және одан да көп қайта құрылымдау жүргізілді;

      3) қайта құрылымдалған банктік қарыз немесе микрокредит бойынша сыйақының негізгі борышқа қатынасы 20 (жиырма) пайыздан асады;

      4) негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті жабатын жаңа банктік қарыз немесе микрокредит беру жолымен банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешекті ішкі немесе сыртқы қайта қаржыландыру жүргізілді.

      Осы тармақта белгіленген шектеулер Банктер туралы заңның 61-бабында және Қағидалардың 46-тармағында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылатын қарыз алушының берешегін реттеу жағдайларына қолданылмайды.

      48. Директорлар кеңесі ағымдағы нарықтық жағдайға, даму стратегиясына, активтердің көлеміне және банк операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін нарықтық тәуекелді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банктің нарықтық тәуекелін тиімді анықтауды, өлшеуді, мониторингі мен бақылануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ меншікті капиталдың оны жабу үшін жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында нарықтық тәуекелді хеджирлеу стратегиясын айқындайды.

      Нарықтық тәуекелді басқару жүйесі банк тәуекелдері басқарудың ішкі процестерімен ықпалдастырылған, ал оның нәтижелері оның нарықтық тәуекелінің деңгейі мен бейімін мониторингтеу мен бақылау процесінің, сондай-ақ банктің ағымдағы қызметін жүзеге асыру кезінде шешімдер қабылдау процесінің ажырамас бөлігін құрайды. Нарықтық тәуекелді бағалау нәтижелері банктің даму стратегиясын әзірлеу процесінде есепке алынады.

      Нарықтық тәуекелді басқару активтер мен міндеттемелер позициясын басқару, оң пайыздық маржаны және күтілетін кірістілікті қамтамасыз ете отырып, қаржы құралдарының құнын қалыптастыру, ашық валюталық позицияны басқару, нарықтық тәуекелдердің тұрақты мониторингі және тиісті операцияларға тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейлерін бақылау негізінде жүзеге асырылады.

      Нарықтық тәуекелді басқару жүйесі бағалы қағаздар портфелін басқаруды және валюталар, пайыздық мөлшерлемелер және туынды қаржы құралдары бойынша ашық позицияларды бақылауды қамтиды.

      49. Банк нарықтық тәуекелді басқару процесінде:

      1) бағыныштылық және есептілік ішкі тәртібін қоса алғанда, нарықтық тәуекелді басқару процесіне тартылған банктің ұйымдық құрылымын;

      2) сауда және банк кітабының құрылымын, сондай-ақ құралдарды сауда және банк кітабының құралдарына бөлу рәсімдерін айқындайды.

      Сауда кітабы – сауда операцияларын қолдау, сатып алу және сату бағасының арасындағы айырма түрінде кіріс алу, әртүрлі тәуекелден банк операцияларын хеджирлеу үшін сатып алынатын және сатылатын қаржы құралдары ұсынылған банктің қаржы портфелінің бөлігі. Сауда кітабының позициялары үнемі қайта бағаланады. Қалған барлық операциялар банк кітабына жатады;

      3) пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып тұратын активтер (міндеттемелер);

      4) нарықтық тәуекелді бағалау тәсілдері, әдістері және модельдері;

      5) банктің тәуекел дәрежесі деңгейін белгілеуге және мониторингіне тәсілдер және тәуекелді барынша азайту әдістері тәуекелге бағытталған.

      50. Нарықтық тәуекелді басқару жүйесінің жұмыс істеуі мынадай негізгі компоненттер негізінде жүзеге асырылады, бірақ онымен шектелмейді:

      1) банктің инвестициялық қызметінің стратегияларын бекіту және мерзімді талдау, банктің белгіленген тәуекел-профилін ескере отырып, активтер мен пассивтердің оңтайлы құрылымын, банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі деңгейін және маңызды нарықтық тәуекелді өтеуге өтімділік деңгейін қалыптастыру.

      Инвестициялық қызметтің стратегиясы мына негізгі қағидаттарға жауап береді:

      мазмұны іске асыру мақсаты, бағыты және мерзімдері бойынша банктің жалпы стратегиясына сәйкес келеді;

      банктің инвестициялық қызметін басқарудың тактикалық және стратегиялық процестері арасында өзара байланыстың болуы;

      барынша көп пайда табу, сапалы инвестициялық портфельдің өсуін қамтамасыз ету, банк активтерінің жалпы құрылымында өтімді активтердің жеткілікті деңгейін ұстап тұру;

      нарықтық тәуекелді басқару бойынша талаптардың, әдістердің және рәсімдердің орындалуын ескере отырып, активтер және пассивтер құрылымын қалыптастыру;

      2) нарықтық тәуекелге тән банктің барлық бағытын ескеретін нарықтық тәуекелді анықтау, бағалау, мониторингі бойынша рәсімдерді (банктік және сауда кітабын, баланстық және баланстан тыс операцияларды), сондай-ақ көрсетілген тәуекелдерді хеджирлеу әдістерін бекіту.

      Банк нарықтық тәуекелді басқару процесін әзірлейді, олар мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      нарықтық тәуекелді басқару процесінің қатысушыларын, есеп беретін құрылымды нақты белгілей отырып, олардың өкілеттіктері жауапкершілігін, сондай-ақ ақпарат алмасу ішкі тәртібін;

      операцияларды оларды пайдалану мақсатын көрсете отырып, сондай-ақ қаржы құралдарына, оның ішінде көлеміне, құрамына және шарттарына қойылатын ішкі талаптарды және өлшемшарттарды жүзеге асыруға рұқсат берілген шетел валюталарының, қаржы құралдарының тізбесін;

      нарықтық тәуекел деңгейін анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау ішкі тәртібі және рәсімдерін.

      Нарықтық тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингі және бақылау рәсімдері:

      активтердің, міндеттемелердің, баланстан тыс позициялардың барлық түрлерін қамтиды;

      нарықтық тәуекелдің барлық түрлерін және олардың дереккөздерін қамтиды;

      мөлшерлеме, баға және басқа да нарықтық шарттарын қоса отырып, нарықтық тәуекел деңгейіне әсер ететін факторлардың өзгеруін бағалауды және мониторингін жүйелі негізде жүргізуге мүмкіндік береді;

      нарықтық тәуекелді уақытында сәйкестендіруге және нарықтық шарттардың қолайсыз өзгеруіне жауап ретінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

      Нарықтық тәуекелдің қабылданған деңгейін бағалау мақсатында банк, даму стратегиясына, банктің активтер көлеміне және операциялары күрделілігінің деңгейіне сәйкес келетін модельдерді пайдаланады.

      Банк кітабына қатысты банк пайыздық тәуекелді анықтауды, өлшеуді (бағалауды), мониторингті және бақылауды жеке жүргізеді.

      Банк кітабының пайыздық тәуекелін сандық бағалау үшін банк оның деңгейін мониторингтеу және басқару мақсатында кем дегенде екі қосымша әдісті қолданады:

      банктің экономикалық құнының өзгеруін сандық бағалау (economic value of equity, EVE), яғни, банктің баланстық және баланстан тыс шоттарында көрсетілген талаптар мен міндеттемелерден туындайтын ақша ағындарының таза құны өзгеретін шаманы есептеу;

      таза пайыздық кірістің өзгеруін сандық бағалау (net interest income, NII), яғни, пайыздық күйзеліс сценарийлеріне сәйкес банктің күтілетін таза пайыздық кірісі өзгеретін шаманы есептеу (мөлшерлемелердің параллель жоғары және (немесе) төмені ауысуы).

      Банк қолданатын пайыздық тәуекелдерді бағалау әдістері пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне сезімтал, банк жүргізетін операцияларға (мәмілелерге) тән, пайыздық тәуекелдің барлық маңызды көздерін қамтиды. Жиынтық көлемі активтер (міндеттемелер) көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайтын пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып тұратын шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарына қатысты банк шетел валютасының әрқайсысы бойынша жеке пайыздық тәуекелді өлшеуді жүргізеді. Пайыздық тәуекелдерді бағалау әдіснамасы шеңберінде қабылданған жорамалдар банктің тиісті ішкі құжаттарында құжаттандырылады.

      Банк кезеңдік негізде банк қызметіне тән нарықтық тәуекелдің әрбір типі үшін құбылып тұратынына талдау жүргізеді. Құбылмалы талдау пайдаға (шығынға) және өзгермелі тәуекел факторлардың ықтимал өзгерістері банктің меншікті капиталына ықпалын көрсетеді.

      Банк кезеңдік негізде нарықтық тәуекелді бағалау модельдеріне бэк-тестинг жүзеге асырады. Банк нарықтық тәуекелді бағалау модельдерінің сенімділігін және тиімділігін тексеру мәніне бэк-тестинг жүргізеді және қажеттілігіне қарай оларды жетілдіреді. Бэк-тестинг нәтижелері қажеттілігіне қарай нарықтық тәуекелді басқару рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстарымен тәуекелдерді басқару мәселесі бойынша комитетке және банктің директорлар кеңесіне жіберіледі.

      Банк тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейінен асу мүмкіндігін ескерту мақсатында нарықтық тәуекел деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізеді. Нарықтық тәуекелдің мониторинг кезеңділігін банк қызметінің тиісті бағыты үшін оның маңыздылығының дәрежесін негізге ала отырып банк анықтайды.

      Нарықтық тәуекелдің мониторингі барысында алынған нарықтық тәуекел деңгейінің елеулі өзгерістері туралы ақпарат қажетті шешім қабылдау үшін директорлар кеңесіне дейін, банктің тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетіне дейін уақтылы жеткізіледі.

      Нарықтық тәуекелді барынша азайту мақсатында банк мыналарды белгілейді:

      Қағидалардың 3-тарауына сәйкес валюталық, баға және пайыздық тәуекелдері бойынша тәуекел дәрежесінің деңгейін;

      белгіленген тәуекел дәрежесі деңгейінің сақталуына тұрақты бақылау;

      директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселесі бойынша комитетке, банк басқармасына және басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелерге белгіленген шекті мәніне жеткені және (немесе) тәуекел дәрежесі деңгейінің бұзушылықтары туралы тез арада ақпарат беру рәсімі;

      тәуекел дәрежесі деңгейіне жеткен кезде қабылданатын нарықтық тәуекелді төмендету бойынша шаралар;

      3) нарықтық тәуекелді басқару рәсімі:

      қаржы құралдарының құрылымы, олардың сандық және құн көрсеткіші өзгерген;

      жаңа технологияларды және банк операцияларын және басқа да мәмілелерді, өзге де қаржы инновациялары мен технологияларын жүзеге асыру талаптарын әзірлеу және енгізу;

      жаңа нарыққа шыққан кезде;

      4) хеджирлеу тиімділігін (оңтайлығын) және құнын өлшем шарттарын белгілеуді қоса отырып, тәуекелдерді хеджирлеу әдістері мен өлшемшарттары.

      Банк нарықтық тәуекелдің әрбір түрі үшін хеджирлеу стратегиясын әзірлейді және іске асырады, олар мынаны қамтиды:

      хеджирленетін баптар;

      пайдаланатын хеджирлеу құралдарының сипаттамасын (контрагенттің сенімділігін бағалауды, хеджирлеу құралдарының мерзімін ескере отырып биржалық, биржадан тыс құралдарын пайдалану);

      хеджирлеу құралдарын өтеу үшін қажетті өтімділік деңгейін анықтау ішкі тәртібін;

      хеджирлеу тиімділігін бағалау рәсімінің және әдістерінің сипаттамасын.

      Егер әділ құнының немесе толық көлемде хеджирлеу объектісі бойынша ақша ағынының өзгеруі хеджирлеу құралы бойынша әділ құнының немесе ақша ағынының өзгеруімен өтелсе хеджирлеу тиімді болып саналады. Хеджирлеу банктің жалпы тәуекелдеріне емес, нақты сәйкестендірілетін тәуекелге қатысты жүзеге асырылады;

      5) қаржы құралдарын пайдаланудан банктің кірістілік мониторингінің ішкі тәртібі және рәсімі;

      6) тәуекелдерді басқару рәсімін жүзеге асыру шеңберінде олардың нәтижелерін пайдалану ішкі тәртібін қоса отырып нарықтық тәуекелді бағалау мақсатында стресс-тестілеуді жүзеге асыру рәсімі.

      Банк қызметіне тән әлеуетті нарықтық тәуекелдер деңгейін анықтау, банктің өзгерістерге қарсы тұру қабілеттілігін бағалау мақсатында кезеңдік негізде нарықтық тәуекелді стресс-тестілеу жүргізеді.

      Стресс-тестілеу, жүргізу рәсімі мен әдістерінің кезеңділігі банктің тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді. Стресс-тестілеу жүргізу кезеңділігі банктің нарықтық тәуекелге ұшырағыштығы, капитал нарықтарының және өзге де сыртқы факторларының құбылмалығы деңгейін негізге ала отырып анықталады. Стресс-тестілеу жүргізу кезеңділігі сыртқы факторлар маңызды өзгерген жағдайда ұлғаяды.

      Стресс-тестілеу жүргізген кезде мынадай сценарийлер пайдаланылады:

      тарихи;

      шетел валютасының және (немесе) банктің ашық позициялары бойынша бағалы металлдардың бағамын өзгеруін көздейтін;

      қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруін көздейтін;

      пайыздық мөлшерлемелердің жалпы деңгейінің өзгеруін, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдарының кірістілігінің өсу немесе төмендеу сценарийлерін көздейтін;

      кірістіліктің өзгеруін көздейтін;

      банк тартатын және орналастыратын ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлеме арасындағы арақатынасының өзгеруін көздейтін;

      нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің құбылмалылық дәрежесін өзгертуді көздейтін;

      банк қызметінің басты нарықтық, қаржылық және (немесе) өзге талаптарының күрт нашарлауын көздейтін.

      Банк оның бизнесінің құрылымына және қабылдайтын тәуекелдер бейініне сәйкес келетін әдіснаманы, стресс-тестілеу сценарийлерін пайдаланады.

      Стресс-тестілеу нәтижелері директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетіне және банк басқармасына және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне кезеңдік негізде ұсынылады. Егер стресс-тестілеу нәтижелері тәуекелдің жекелеген факторларына банктің осалдығы туралы куәландырса, банк қабылдаған тәуекел деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдайды;

      7) нарықтық тәуекелге оның ішінде лимитті белгілеу алдындағы тәсілге негізделген ұшырағыштықты ерте байқау индикаторларының жүйесі;

      8) ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу рәсімдері және нарықтық тәуекелге банктің ұшырағыштық деңгейіне әсер ететін нарықтық шарттардың өзгерген жағдайда банк рәсімдері;

      9) нарықтық тәуекелге ұшырағыштық деңгейін өз уақытында және толық көлемде бағалауға, тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейіне жақындату және өзгерістерге өз уақытында әсер етуге мүмкіндік беретін сапалы, жан-жақты, кезеңдік басқарушылық ақпараты жүйесінің ішкі тәртібін бекіту.

      Банк банктің директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке және банктің басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ұсынуға арналған басқарушылық ақпараттың, нарықтық тәуекелге ұшырағыштығы туралы ақпараттың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

      Басқарушылық ақпарат мыналар қамтылады, олармен шектелмейді:

      ағымдағы пайыздық мөлшерлемелері, валюта бағамдары, нарықтық баға белгілеу және олардың динамикалары туралы мәліметтер;

      валюта және қаржы құралдары бөлігіндегі маңызды ашық позициялар туралы мәліметтер;

      пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдары бойынша біріктірілген позициялар бойынша пайыздық тәуекел деңгейі туралы мәліметтер;

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау жөніндегі есеп құрылымының 8-тармағы 1) тармақшасының жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарына сәйкес толтырылатын банк портфелінің пайыздық тәуекелі туралы мәліметтер;

      пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруіне құбылып отыратын қаржы құралдары бойынша позициялардың белгіленген лимиттерге сәйкестігі туралы мәліметтер;

      нарықтық тәуекел туралы ерте ескерту индикаторлары туралы мәліметтер;

      пайыздық мөлшерлемелерінің, валюта бағамдарының, болашақта баға индекстерінің өзгеруі туралы сараптама бағалар;

      нарықтық тәуекелдерді өлшеу нәтижелер;

      10) нарықтық тәуекелді төмендету бойынша шаралар қабылдау ішкі тәртібінің болуы;

      11) нарықтық ақпаратқа негізделген қаржы құралдарының әділ құнын бағалауды жүргізу рәсімдерінің болуы.

      51. Директорлар кеңесі банктің ұйымдық құрылымының барлық деңгейінде және жаңадан жасалатын өнімдерде, қызмет түрлерінде, процестерде және жүйелерде банктің тәуекелдерін басқарудың жалпы процесіне толықтай интеграцияланған операциялық тәуекелді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және оны өтеуге меншікті капиталдың жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында банктің операциялық тәуекелін тиімді анықтауды, өлшеуді, мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді. Операциялық тәуекелді басқару жүйесі мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) есеп беру ішкі тәртібін қоса алғанда, операциялық тәуекелді басқару процесіне тартылған барлық қатысушылардың толық сипатталған өзара іс-әрекеті.

      Банк операциялық тәуекелді басқару процесіне қатысушыларды 3 (үш) қорғаныс желісі негізінде анықтайды.

      Бірінші қорғаныс желісін банктің құрылымдық бөлімшелерінің өздері қамтамасыз етеді. Бұл құрылымдық бөлімшелердің басшылары олардың қызметіне тән, оның ішінде қызметкерлерге, өнімдерге, процестерге және жүйелерге байланысты операциялық тәуекелді анықтауға, өлшеуге, мониторинг пен бақылауға жауап береді дегенді білдіреді. Ағымдағы нарықтық жағдайды, стратегияны, активтердің көлемін, банк операцияларының күрделілік деңгейін негізге ала отырып, бірінші қорғаныс желісіндегі операциялық тәуекелді басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін банктің құрылымдық бөлімшелерінде операциялық басқару бойынша тәуекелдерді үйлестірушілер тағайындалады, олардың операциялық тәуекелді басқару және ішкі аудит бөлімшелерімен өзара әрекеттесу ішкі тәртібі белгіленеді.

      Екінші қорғаныс желісін операциялық тәуекелді басқару бойынша тәуелсіз бөлімше қамтамасыз етеді.

      Үшінші қорғаныс желісін банктің операциялық тәуекелін басқару жүйесінің тиімділігін тәуелсіз бағалау арқылы ішкі аудит бөлімшесі қамтамасыз етеді;

      2) операциялық тәуекелді өлшеу құралдарының сипаттамасы;

      3) операциялық тәуекелдің тәуекел дәрежесінің деңгейін белгілеу ішкі тәртібі;

      4) ақпарат алмасу ішкі тәртібі және операциялық тәуекелдің ішкі оқиғаларының негізі;

      5) тәуекелді анықтау кезінде дәлдікті қамтамасыз ету үшін операциялық тәуекел оқиғаларын жіктеу жүйесі;

      6) операциялық тәуекелді талдау және банктің операциялық тәуекелінің деңгейі мен түрлері айтарлықтай өзгерген жағдайда, операциялық тәуекелді басқару саясатын тиісінше қайта қарау.

      52. Операциялық тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында директорлар кеңесі:

      1) мынадай құрамдас бөліктерді қамтитын, олармен шектелмейтін операциялық тәуекелді басқару саясатын бекіту үшін жауапты болады:

      операциялық тәуекелді басқарудың мақсаттары мен міндеттері;

      операциялық тәуекелді басқарудың негізгі қағидаттары;

      операциялық тәуекел оқиғаларының түрлерін жіктеу;

      банктің операциялық тәуекелінің тәуекел дәрежесінің деңгейі;

      3 (үш) қорғаныс желісінің негізінде операциялық тәуекелді басқару процесіне қатысушыларды, есеп беру құрылымын нақты анықтай отырып, олардың өкілеттіктерін, жауапкершіліктерін белгілеу;

      операциялық тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторинг пен бақылау ішкі тәртібі мен рәсімдерін белгілеу, оның ішінде:

      операциялық тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін анықтау;

      операциялық тәуекелді басқару рәсімдері мен тетіктерін белгілеу;

      ақпаратты ұсынудың түрлерін, нысандары мен мерзімдерін қоса алғанда, операциялық тәуекелді басқару процесінің қатысушылары арасында 3 (үш) қорғаныс желісі бойынша ақпарат алмасу ішкі тәртібі;

      саясаттан, рәсімдерден, лимиттерден ауытқуларды мақұлдау, бекіту, талдау және бақылау рәсімдері;

      жаңа өнімдерді, қызмет түрлерін, процестер мен жүйелерді мақұлдау және (немесе) қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізу ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      операциялық тәуекелді басқару кезінде кемшіліктер анықталған және (немесе) банктің операциялық тәуекелге ұшырағыштық деңгейіне әсер ететін жағдайлар орын алған жағдайларда ішкі құжаттар мен рәсімдерге өзгерістер енгізу жөніндегі талаптар;

      2) операциялық тәуекелді басқару мәдениеті тәуекелін қалыптастыру;

      3) сыртқы факторлардың өзгеруінен туындаған операциялық тәуекелді, сондай-ақ тәуекел деңгейі мен түрлерінің өзгеруін қоса алғанда, жаңа өнімдермен, қызмет түрлерімен, процестермен немесе жүйелермен байланысты операциялық тәуекелдерді уақтылы анықтауды және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында операциялық тәуекелді басқару жүйесін үнемі талдау;

      4) операциялық тәуекелді басқарудың ең үздік тәжірибесін қолдану үшін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ету;

      5) тұрақты түрде қарастырыла отырып, операциялық тәуекелге қатысты тәуекел дәрежесінің деңгейін бақылау және бекіту. Тәуекел дәрежесі деңгейінің өзектілігін талдау барысында сыртқы факторлардың өзгеруі, банк операцияларының, оның ішінде қызметтің жекелеген түрлері бойынша айтарлықтай ұлғаюы, ішкі бақылау жүйесін аудиторлық тексеру нәтижелері (бар болса), операциялық тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігі немесе тәуекелдің азаюы, келтірілген зиянның көлемі, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейінің бұзылу жиілігі, ауқымдары және сипаты ескеріледі.

      53. Банк мыналар арқылы (бірақ, олармен шектелмейді):

      1) аудиторлық тексерулердің нәтижелерін пайдалану арқылы.

      Аудиторлық тексерулердің нәтижелері банктің операциялық тәуекелін басқару барысында қосымша ақпарат көзі болып табылады;

      2) операциялық тәуекел оқиғалары туралы ішкі деректерді жинау мен талдауды жүзеге асыру.

      Операциялық тәуекел оқиғалары туралы ішкі деректерді жинау және талдау (операциялық тәуекел оқиғалары бойынша дерекқорды жүргізу) – операциялық тәуекелге ұшырағыштығын және операциялық шығындар туралы ақпараттың негізінде ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін процесс.

      Шығындардың туындау жағдайларын талдау ірі шығындардың себептері туралы ұсыныс пен бақылау жүйесіндегі іркілістің эпизодтық немесе жүйелік болып табылатындығы туралы ақпарат береді;

      3) операциялық тәуекелдер бойынша сыртқы оқиғаларды талдау.

      Операциялық тәуекел оқиғалары туралы сыртқы деректердің құрамына (бар болса) жиынтық операциялық шығындар, мерзімдері, шығындарды өтеу туралы деректер, сондай-ақ, шығындардың басқа банктерде орын алу оқиғалары туралы тиісті эпизодтық ақпарат кіреді;

      4) операциялық тәуекелді өзіндік бағалау.

      Банк осы арқылы банктің процестеріне тән операциялық тәуекелдерді анықтайтын және олардың процестерге ықпалын және анықталған операциялық тәуекелдерді бақылаудың қолданыстағы рәсімдерінің тиімділігін бағалайтын операциялық тәуекелді айқындайтын құрал;

      5) бизнес-процестердің сипаттамасы (регламенттеу).

      Бизнес-процестердің сипаттамасы (регламенттеу) – оның аясында бірінші қорғау желісін жасайтын құрылымдық бөлімшелер бизнес-процестердің негізгі кезеңдерін, қызмет түрлерін, операциялық тәуекелдерді, тәуекелдерді бақылау мен басқару кемшіліктері мен тәуекелдер арасындағы өзара тәуелділікті анықтауға ықпал ететін ұйымдастырушылық функцияларды анықтайтын процесс;

      6) операциялық тәуекелдің негізгі көрсеткіштерін қолдану.

      Операциялық тәуекелдің негізгі индикаторлары банк ұшыраған операциялық тәуекел профилі туралы ұғымды беретін статистикалық деректерді және (немесе) мәнді (шаманы) білдіреді. Операциялық тәуекелдің негізгі индикаторлары банктегі операциялық тәуекел деңгейінің өзгерістеріне мониторинг үшін пайдаланылады, бұл өз кезегінде процестердегі, ұйымдастырудағы кемшіліктерді, іркілістер мен әлеуетті шығындарды анықтауды қамтамасыз етеді;

      7) операциялық тәуекелді сценарийлік талдау.

      Операциялық тәуекелді сценарийлік талдау шығындар туралы сыртқы оқиғаларды банктің ішкі процестерімен салыстыру және операциялық тәуекелдің әлеуетті туындау жағдайларын анықтау және ықтимал салдарларын анықтау үшін бақылау немесе тәуекел жүйесінде бұрын анықталмаған кемшіліктер туралы құрылымдық бөлімшелер басшыларының және тәуекелдерді басқару бөлімшесінің операциялық сараптамалық қорытындысын алу барысын білдіреді.

      Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет операциялық тәуекел деңгейін тұрақты мониторингтеу барысының болуын қамтамасыз етеді.

      54. Банк әртүрлі алушыларға ұсынылатын операциялық тәуекелді басқару жөніндегі есептіліктің құрамы мен жиілігін айқындайтын ішкі тәртіптің белгіленуі қоса қамтылатын, Банктің (бөлімшелердің) жауапты адамдарының ақпаратты дайындау және тиісті алушыларға жеткізу үшін басқарушылық ақпарат жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Есептілікті ұсынудың белгіленген ішкі тәртібі операциялық тәуекелді алдын ала басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Операциялық тәуекел туралы басқарушылық есептілікте:

      1) операциялық тәуекел бойынша банктің тәуекел дәрежесінің белгіленген деңгейінің бұзылуы туралы ақпарат;

      2) оқиғалардың себептерін, түрлерін, салдарларын көрсете отырып, залалдың мөлшері туралы операциялық тәуекелдің жіктелуі бойынша бөлінген шығындар мен операциялық тәуекелдің маңызды ішкі оқиғалары туралы мәліметтер;

      3) шешімдер қабылдау үшін операциялық тәуекелдің маңызды сыртқы оқиғалары туралы мәліметтер;

      4) операциялық тәуекелдің туындауының маңызды оқиғалары бойынша қабылданатын түзетуші шаралар туралы ақпарат және (немесе) қабылданған шаралардың тиімділігін талдау;

      5) операциялық тәуекелдің өзіндік бағалау нәтижелері;

      6) тәуекелдің негізгі индикаторларын мониторингтеу нәтижелері;

      7) сценарийлік талдау нәтижелері;

      8) операциялық тәуекел картасы туралы ақпарат қамтылған.

      Басқарушылық есептілікте толық, дәйекті, уақтылы ақпарат бар. Есептіліктің кезеңділігі банктің тәуекелдерге ұшырағыштық деңгейін, сондай-ақ оның қызметіндегі өзгерістер қарқынын және сипатын көрсетеді.

      Операциялық тәуекелді басқаруды үнемі жетілдіру және операциялық тәуекелді басқару қағидаттарын, рәсімдерін және процестерін ары қарай дамыту мақсатында операциялық тәуекел туралы басқарушылық есептілікті қалыптастыру процестеріне кезең-кезеңмен талдау жасалып тұрады.

      55. Стрестік жағдайда туындайтын әлеуетті тәуекелдер анықталған жағдайда, банк кезеңдік негізде (бірақ жарты жылда 1 (бір) реттен кем емес) капитал жеткіліктілігінің әлеуетті қауіп көздерін анықтау үшін стресс-тестілеу жүргізеді. Банк стресс-тестілеуді мынадай әдістерді пайдалану арқылы (олармен шектелмей) жүргізеді:

      1) сценарийлік талдау;

      2) құбылмалылық талдауы.

      Стресс-тестілеуді жүргізу процесінде мыналар қамтылады:

      стресс-тестілеу банкке капитал жеткіліктілігінің деңгейінде стресс-тестілеудің ықпалын талдауға, ішкі және сыртқы ортаның өзгеруі кезінде тәуекелдің туындау деңгейін бағалауға мүмкіндік береді;

      стресс-тестілеу жүргізудің дәрежесі мен жиілігі таңдап алынған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, сондай-ақ банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді. Банк нашарлап бара жатқан нарықтық жағдайларда немесе банктің басшылығының талабы бойынша стресс-тестілеуді жүргізу жиілігін ұлғайту мүмкіндігіне ие;

      банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеуді, сценарийлерді (оның ішінде, экономикалық өсу кезеңінде консервативтік сценарийлерді де қарастырады), нәтижелерді бағалауды жүргізу рәсімдерін бекіту бөлігінде стресс-тестілеу процесінде және стресс-тестілеу барысында анықталған капитал тәуекелін барынша азайту шараларын қабылдау нәтижесінде белсене қатысады.

      Банк стресс-тестілеуді жүзеге асыру кезінде стресс-тестілеудің мынадай сценарийлерін пайдаланады, олармен шектелмейді:

      тұтастай алғанда және экономиканың жекелеген салалары бойынша экономикалық өсудің құлдырауын қоса алғанда, елдің экономикалық конъюнктурасының төмендеуіне ықпалын бағалауға негізделген жалпы экономикалық сценарий;

      жергілікті стрестік факторлардың ықпалын бағалауға негізделетін, оның ішінде банктің кредиттік қызметінің ерекшеліктерімен және оның кредиттік портфелінің құрылымымен байланысты банктің бизнесіне арналған ерекше сценарий;

      төтенше жағдайлардың ықтималдығын ескеретін сценарий.

      Банк консервативтік, бірақ капитал жеткіліктілігінің деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін сыртқы және ішкі көрсеткіштердің әлеуетті іске асырылатын жағымсыз өзгерістері негізінде стресс-тестілеу сценарийін әзірлейді.

      Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу сценарийін және қабылданған жорамалдарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін бекітеді. Банктің сценарийлері мен тиісті болжамдарын таңдаудың негізділігі құжатталады және стресс-тестілеудің нәтижелерімен бірге қарастырылады.

      Стрестік сценарийлері мен құбылмалылықты анықтау кезінде банк тарихи және гипотетикалық, оның ішінде тәуекелдер мен болжамдардың әдеттегі диапазонының шектерінен тыс стрестік ахуалды қоса алғанда, ақпараттың кең өрісін пайдаланады.

      Уәкілетті орган қабылдайтын стрестік ахуалдың сценарийлерін қолдану мүмкіндігінен басқа, банк оның жеке сипаттамасымен сәйкесетін қолдануға неғұрлым жарамды стрестік ахуалды пайдалануға ұмтылады, олармен шектелмейді.

      Банктің директорлар кеңесі тұрақты түрде стресс-тестілеу сценарийлерінің елеулі өзгерістері тұрғысынан қарастырады. Стресс-тестілеу сценарийлерін өзгерту қажет болған кезде аралық бағалау жүргізіледі.

      Стресс-тестілеу сценарийлерін және жорамалдарды әзірлеу кезінде банк мыналарды басшылыққа алады:

      сценарийде банк ұшырауы ықтимал барлық маңызды тәуекелдер қамтылады;

      стресс-тестілеу кезінде банк тәуекелдердің әралуан түрлерінің өзара байланысын қарастырады;

      банк стресс-тестілеудегі жорамалдарды анықтау кезінде консервативтік тәсілді ұстанады. Сценарийдің түрі мен дәрежесін негізге ала отырып, банк оның қызметіне қатысты бірқатар жорамалдардың орындылғын ескереді;

      стресс-тестілеудің тәсілдері мен модельдері статистикалық және эконометрикалық негізделген болып табылады;

      тәуекелдердің жекелеген түрлері бойынша банктердің ішкі модельдері стресс-тестілеу мақсаттарына бейімделеді;

      банк қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын, сондай-ақ ағымдағы сәтте капитал жеткіліктілігі деңгейінің қаншалықты жоғары болуына қарамастан идиосинкразиялық және нарықтық сценарийлерді, оның ішінде:

      капитал нарығының қолжетімді болмауын;

      энергия қорлары құнының төмендеуін;

      ұлттық валюта бағамының әлсіреуін;

      жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарысты;

      мөлшерлемелердің өзгеруін;

      ішкі жалпы өнімнің өзгеруін;

      ауыл шаруашылық секторындағы дағдарысты;

      инфляциялық болжамдардың өсуін;

      халықтың жұмыссыздық деңгейінің артуын және кірістерінің азаюын;

      активтердің нарықтық құнының төмендеуін;

      экологиялық және әлеуметтік тәуекелдердің туындауы.

      Осы тармақшаның тоғызыншы бөлігінің он сегізінші абзацында көрсетілген талап ESG-тәуекелдерді, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ орнықты даму бойынша шоғырландырылған есептерді (ESG) және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептерді жариялайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің ұйымдары еншілес ұйымдары қолданылатын ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы ақпаратты ашу бойынша бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің ұйымдары еншілес ұйымдары болып табылатын банктерге қолданылмайды.

      Банктің директорлар кеңесі және өтімділік тәуекелін басқару процесіне қатысатын бөлімшелер стресс-тестілеу нәтижелерін және болжамдалатын тәуекелдерді, сондай-ақ кері әсерлерді барынша азайту бойынша кейінгі іс-әрекеттерді хабарлайды және талқылайды. Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу процесінің нәтижелерін банктің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесіне қосады. Стресс-тестілеу нәтижелері ішкі лимиттерді белгілеу кезінде қолданылады.

      Банктің директорлар кеңесі күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда, оның ішінде процестің кемшіліктерін жою мақсатында стресс-тестілеу нәтижелерін капитал жеткіліктілігін қолдау процесіне есепке алады.

      56. Банк:

      1) жаңа өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге тән немесе қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізген жағдайда тәуекелдерді бағалауды;

      2) ендіруден болатын шығындарды және пайданы талдауды;

      3) банктің тәуекел дәрежесі деңгейінің өзгеруін бағалау және тиісті өзгерістер енгізуді;

      4) тәуекелдерді басқару процесінің, бақылаудың қажетті тетіктерінің болуын;

      5) қалған тәуекелдердің деңгейі туралы ақпараттың болуын;

      6) жаңа өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге тән немесе қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізген жағдайда тәуекелдерді анықтау, өлшеу, мониторингтеу және бақылау үшін рәсімдер мен әдістердің болуын;

      7) жаңа өнімдерді, қызмет түрлерін, процестер мен жүйелерді әзірлеу, мақұлдау мен ендірудің алдында немесе қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізген жағдайда банктің технологиялық инфрақұрылымына немесе адам ресурсына инвестициялар салуды жүзеге асыру бойынша банктің мүмкіндігін бағалауды қамтамасыз ететін жаңа өнімдерді, қызмет түрлерін, процестер мен жүйелерді әзірлеуді, мақұлдау мен ендіруді немесе қолданыстағы өнімдерге, қызмет түрлеріне, процестер мен жүйелерге елеулі өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.

      57. Банктің директорлар кеңесі жыл сайын меншікті капитал жеткіліктілігін және банктің директорлар кеңесіне қолжетімді өзге де ақпаратты бағалаудың ішкі процесі аясында анықталған нәтижелердің негізінде капитал жеткіліктілігін бағалауды жүзеге асырады.

      Нәтижелерін, стресс-тестілеу тәсілдерін қолдануды, тәуекелдерді анықтауды және ақпарат жинау процесін, тәуекелдерді бағалау модельдерінің валидациясын қоса алғанда капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі сандық және сапалық көрсеткіштерге үздіксіз шолу жасауға тиіс. Шолу 3 (үш) қорғау желісі аясында олардың КЖБІП-дегі рөліне қарай жасалады. Шолу ішкі және сыртқы факторлар өзгерген кезде өзгерістерді уақтылы енгізуге ықпал етеді.

      58. Осы тараудың талаптары базалық банк лицензиясы бар банктерге қолданылмайды.

6-тарау. Өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі

      59. Директорлар кеңесі банктің ӨЖБІП негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін және мына бөлімдерді:

      1) ӨЖБІП ұйымдастырушылық құрылымының сипаттамасын;

      2) тәуекел дәрежесі стратегиясының сипаттамасын;

      3) әр күндік өтімділік тәуекелін және өтімділіктің айырмашылығын қоса алғанда, өтімділік тәуекелін және қорландыруды басқаруды ұйымдастыруды;

      4) өтімділік тәуекелін басқаруды жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін бекіту процесіне біріктіру процесінің сипаттамасын;

      5) өтімділікпен күтпеген жағдайлар болған кезде қорландыру стратегиясына және қаржыландыру жоспарына шолуды;

      6) өтімділік буферлерін және кепілмен қамтамасыз етуді басқаруды ұйымдастыруды;

      7) стресс-тестілеу рәсімдерін ұйымдастыруды;

      8) өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін өзіндік бағалау рәсімдерін ұйымдастыруды қамтитын ішкі құжатын бекітеді.

      60. ӨЖБІП ұйымдастырушылық құрылымының сипаттамасында банктің өтімділік пен өтімділік тәуекелін басқару процестерін іске асыруға қатысатын жауапты алқалы органдарын және бөлімшелерін көрсете отырып, ӨЖБІП-ке қатысушылар тізбесі қамтылады, оның ішінде:

      1) банктік директорлар кеңесі өтімділік тәуекелін басқару және тәуекел дәрежесінің деңгейін анықтауға жауапты болады. Банктің директорлар кеңесі есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірден кешіктірмей КЖБІП және ӨЖБІП-тің сақталуы бойынша есепті бекітеді;

      2) тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет директорлар кеңесі белгілеген тәуекел дәрежесінің деңгейі шеңберінде өтімділікті басқару саласындағы саясаттар мен рәсімдерді әзірлеуге жауап береді. Бұдан басқа, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет банктің директорлар кеңесіне тәуекел дәрежесін сақтау және өтімділік деңгейінің елеулі өзгерістері туралы кезең-кезеңімен хабарлайды;

      3) ішкі бақылау функциялары жүктелген тұлғалар бөлімшесі (бөлімшелері) ӨЖБІП рәсімдерінің сақталуын тексереді және нәтижелерін банктің директорлар кеңесіне жеткізеді;

      4) тәуекелдерді басқару процесіне қатысатын бөлімше (бөлімшелер):

      өтімділік тәуекелін басқару процесін іске асыруға жауапты болып табылады;

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау жөніндегі есептің құрылымына сәйкес КЖБІП және ӨЖБІП сақтау жөніндегі есепті дайындауға жауап береді. Банк есептеулерді, қолданылатын модельдерді, түсіндірме жазбаларды, талдамалық анықтамаларды, өзін-өзі бағалау нәтижелерін және ӨЖБІП тиімділігін бағалауды қамтитын, олармен шектелмейтін растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;

      стресс-тестілеу өткізу дайындық үшін жауапты болады;

      5) өтімділікті басқару бөлімшесі (бөлімшелері) өтімділікті жедел басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлейді (әзірлейді) және жүзеге асырады (іске асырады) және тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірге күтпеген жағдайлар туындаған кезде қаржыландыру жоспарын жасайды;

      6) ішкі аудит бөлімшесі ӨЖБІП тиімділігіне бағалау жүргізеді.

      61. ӨЖБІП шеңберінде банктің директорлар кеңесі бекітілген тәуекел дәрежесі стратегиясын ұстануға жауапты.

      62. Банк әр түрлі уақыт аралығындағы активтер, міндеттемелер және баланстан тыс құралдар бойынша ақша ағындарын егжей-тегжейлі болжауды қамтитын өтімділік тәуекелін анықтау, бағалау, мониторингілеу және бақылау жөніндегі тиімді процесті әзірлейді.

      Банк өтімділік тәуекелінің деңгейіне әсер ететін барлық баланстық және баланстан тыс баптарды бағалайды. Банк өтімділік тәуекелін реттеу мақсатында банктің қорландыруды тартуға қажеттілігін өтеу үшін нарықтағы өтімділік деңгейін бағалайды.

      Өтімділік тәуекелін басқару кезінде банк активтер құнының төмендеуін және өтімділік, кірістілік және капитал деңгейіне күйзелістері кезінде оларды сату әсерін ескереді.

      Банк өтімділік тәуекелі мен ол ұшырасатын басқа да тәуекел түрлері арасындағы өзара іс-қимылды ескереді.

      Өтімділікті өлшеу болашақта өтімді активтердің ықтимал тапшылығын айқындау үшін банктің қолма-қол ақша ағындары мен түсімдерін бағалауды қамтиды. Банк қалыпты жағдайлардағы түрлі уақыт деңгейлеріндегі және күйзеліс дәрежесі әртүрлі бірқатар сценарийдегі баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді қоса алғанда, активтер мен міндеттемелер бойынша болжанатын ақшалай ағындарын өлшейді және болжайды.

      Мұндай уақыт деңгейлеріне мыналар жатады:

      өтімділікке қажеттілік және күндізгі негізде қаржыландыру мүмкіндігі;

      өтімділікке қажеттілік және 1 (бір) жылға дейін қысқа және орта мерзімді деңгейлерді қаржыландыру мүмкіндігі;

      1 (бір) жылдан астам ұзақ мерзімді өтімділік.

      Банк өтімділік тәуекелінің артуы мен қорландырудың шектеулі тәуекелдерін анықтайтын ерте ескерту индикаторларын әзірлейді. Әзірленген индикаторлар банктің өтімділік, қорландыру деңгейінің теріс үрдісін анықтайды және банктің қаржылық жағдайына туындайтын тәуекелдердің әсерін азайту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында нақты бағалауды көрсетеді.

      Банк ерте ескертудің сапалық және сандық индикаторларының триггерлерін анықтайды.

      Ерте ескертудің сапалық және сандық индикаторлары өз сипаты бойынша мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      активтердің, әсіресе міндеттемелердің есебінен қаржыландырылатын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі бар немесе өтеу мерзімі белгіленбеген активтердің тез өсуі;

      жеке активтерде немесе міндеттемелерде шоғырланудың ұлғаюы;

      валюта айырмашылықтарының ұлғаюы;

      міндеттемелердің орташа өлшенген өтеу мерзімінің төмендеуі;

      рұқсат етілген деп белгіленген, бірақ тәуекел деңгейін төмендету мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданыстағы рәсімдерінде жекелеген түзету шараларын талап ететін банктің ішкі лимиттерінің және (немесе) пруденциалдық нормативтерінің мәндеріне жақындау;

      теріс үрдістер немесе банк қызметіне байланысты жоғары тәуекел;

      банк кірісінің айтарлықтай төмендеуі, активтер сапасының және банктің жалпы қаржылық жағдайының нашарлауы;

      банкке қатысты жағымсыз ақпарат, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында;

      банктің кредиттік рейтингін төмендету;

      акциялар бағасының төмендеуі немесе банк борышы құнының өсуі;

      корпоративтік немесе бөлшек қорландыру құнының өсуі;

      қосымша қамтамасыз етуді ұсыну және (немесе) жаңа мәмілелер бойынша қамтамасыз етусіз бас тарту және мерзімдерді ұзарту жөніндегі контрагенттердің талаптарын арттыру;

      банк үшін берілген кредит желілерінің белгіленген мөлшерін жабу немесе қысқарту;

      бөлшек депозиттер жылыстауының ұлғаюы;

      мерзімді корпоративтік депозиттер жылыстауының ұлғаюы;

      ұзақ мерзімді қаржыландыруды тартудағы қиындықтар.

      Банк қалыпты және күйзеліс жағдайларында төлемдер мен есеп айырысулар бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау мақсатында бір күн ішіндегі өтімділік позициясы мен ілеспе тәуекелдерді белсенді түрде басқарады, осылайша төлемдер мен есеп айырысу жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді.

      Банк өтімділіктің бір күн ішіндегі тәуекелін басқарады, олармен шектелмейді:

      ақшалай қаражаттың күтілетін түсімі мен жылыстауын есепке ала отырып, өтімділіктің күндізгі позицияларын қадағалау, операциялық күннің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын қаржыландырудың әлеуетті тапшылығының мөлшерін болжау;

      өтімділіктің кіріс және шығыс ағындарының негізгі көздері ретінде әрекет ететін негізгі клиенттерді айқындау, тұрақты байланыс орнату және жақын болашақтағы ірі түсімдер мен алымдар туралы хабардар ету арқылы түсімдер мен жылыстауларды болжау;

      өтімділік ағындары мен ықтимал кредиттік қажеттіліктер өте жоғары болатын негізгі кезеңдерді, күндерді және жағдайларды анықтау;

      бизнес-бөлімшелердің қажеттіліктерін түсіну;

      қажетті қосымша бір күн ішіндегі өтімділіктің мөлшерін немесе басым төлемдерді өтеу үшін өтімділіктің жылыстауын шектеу қажеттілігін айқындау мақсатында күтілетін төлемдерге қатысты өтімділіктің ішкі позициясын бақылау;

      қысқа мерзімде қажетті бір күн ішіндегі өтімділіктің жеткілікті деңгейін алу мақсатында қорландырудың сенімді көздерінің болуы;

      күнделікті қарыз қаражатын алу қажет болған жағдайда кепіл ретінде пайдаланылатын банк активтерін басқару;

      осындай активтердің, кепілге арналған жедел тетіктердің жеткілікті мөлшерінің болуы;

      бір күн ішіндегі қажеттіліктерге сәйкес негізгі клиенттер қаражатының жылыстауын мониторингілеу;

      қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету шараларын қоса алғанда, өтімділіктің күндізгі ағынында күтпеген үзілістер туындаған жағдайда банктің ден қою шаралары.

      Банк банктің директорлар кеңесіне, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетіне және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне банктің өтімділік тәуекеліне ұшырауы және банктің өтімділік жағдайы туралы ақпарат беруге арналған тиімді басқарудың ақпараттық жүйесін ұсынады.

      Банк басқарушылық есептілік жүйесін әзірлеуде, ол:

      өтімділік тәуекелінің барлық көздерін, оның ішінде шартты міндеттемелер бойынша тәуекелдерді, сондай-ақ міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге және тиісті көздер бойынша өтімділіктің белгілі бір мөлшерін алу қажеттілігіне әкелетін оқиғалардың туындауымен байланысты тәуекелдерді қамтиды;

      әртүрлі уақыт деңгейі қимасындағы өтімділік позициясы жөнінде ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;

      жеке және біріктірілген негізде банктің едәуір позициялары бар валюталардың түрлері бойынша қалыпты және күйзелісті жағдайларда да өтімділік бойынша позицияларды мониторингілеу үшін тәуекелді өлшеуді қамтамасыз етеді;

      ауыртпалықсыз жоғары өтімді активтердің динамикасын, оларды сату немесе күйзеліс жағдайы басталған кезде қаражатты тарту үшін кепіл ретінде пайдалану мақсатында мониторингілеу мен талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

      өтімді активтер қорының деңгейіне әсер ететін факторлар туралы ақпаратты мониторингілеу мен талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

      әртүрлі сценарийлер бойынша стресс-тестілеу нәтижелерін есепке ала отырып, әртүрлі уақыт деңгейі қимасындағы ақша қаражатының болашақ ағындарын бағалауды және болжауды қамтамасыз етеді;

      күйзеліс кезеңінде неғұрлым толық және өзекті ақпаратты қамтамасыз етуді көздейді.

      Басқарушылық есептілік жүйесі мыналарды анықтайтын ішкі тәртіпті орнатуды қамтиды, олармен шектелмейді:

      әртүрлі алушыларға ұсынылатын өтімділік тәуекелін басқару бойынша есептіліктің өлшемшарттары, құрамы, ішкі тәртібі және жиілігі (мысалы, күнделікті есептілік өтімділік тәуекелін басқаруға жауапты тұлғаларға, тұрақты түрде – басқармаға, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке және директорлар кеңесіне ұсынылады, жиілігі жоғары – күйзелістік жағдайлар кезеңінде);

      ағымдағы өтімділік тәуекелінің деңгейін белгіленген лимиттермен салыстыру, өтімділік деңгейіндегі жағымсыз үрдістерге әкеп соқтыратын теріс факторларды анықтау, сондай-ақ бұзушылықтарды шектеу тәсілдері;

      шекті мәндерді, бұзушылықтардың себептерін және қалыптасқан жағдайды теңестіру жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, өтімділік тәуекелінің лимиттерін бұзу туралы хабарламалар;

      ақпаратты дайындауға және тиісті алушыларға жеткізуге жауапты тұлғалар (бөлімшелер).

      Ақпараттық жүйелер өтімділік тәуекелдерін басқару жүйесінің жұмыс істеуін, оның ішінде белгіленген лимиттердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйелер банк бизнесінің күрделілігіне, тәуекел профиліне, қызмет салаларына, активтердің көлеміне және банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді.

      63. Өтімділік тәуекелін басқаруды жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін бекіту процесіне біріктіру процесінің сипаттамасы.

      Банк барлық маңызды қызмет түрлері үшін жаңа өнімдерді бекіту процесінде өтімділік шығындарын, пайдасы мен тәуекелдерін ескереді.

      Банктің ӨЖБІП банк қызметінің барлық бағыттарына тән шығындарды, пайда мен өтімділік тәуекелдерін (оның ішінде қазіргі уақытта тікелей әсер етпейтін, бірақ болашақта іске асыру мүмкіндігі бар шартты тәуекелдермен байланысты қызметті) ескереді. Шығыстардың, пайдалардың және өтімділік тәуекелдерінің мұндай бөлінуі активтер мен міндеттемелердің күтілетін мерзімдеріне, олардың нарықтағы өтімділік тәуекелінің сипаттамаларына және салыстырмалы түрде тұрақты қорландыру көздеріне қолжетімділіктен түсетін пайданы қосқанда, кез келген басқа тиісті факторларға байланысты факторларды қамтиды.

      64. Қорландыру стратегиясына және өтімділікпен болатын күтпеген жағдайлардағы қаржыландыру жоспарына шолу (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары). Банк қорландыру көздерін әртараптандырады және мына факторларды (олармен шектелмей):

      1) өнімдер, құралдар, нарықтар бойынша қорландыру көздерінің түрлерін;

      2) қорландыру мерзімдерін;

      3) эмитенттің, контрагенттің немесе кредитордың сипаттамаларын, оның ішінде экономика секторын, географиялық орналасуын;

      4) қорландыру көздерінің валютасын ескере отырып, шоғырлануға арналған ішкі лимиттерді белгілейді.

      Әртараптандыру мақсаттары қаржыландыру жоспарларының бір бөлігі болып табылады (бір жылға дейін және одан да көп) және стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды жасау процесінде ескеріледі.

      Директорлар кеңесі, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет және банк басқармасы қорландыру көздерінің сипаттамасы мен әртараптандыруы туралы ақпараттандырылады және ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне дереу ден қою мақсатында қорландыру стратегиясын кезең-кезеңімен қайта қарайды.

      Салымшылар мен контрагенттердің қаражатын тартудың тиімділігі мен мүмкіндіктерінде шешуші мәні бар қаржы нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету қорландыруды әртараптандыруды қамтамасыз етудің маңызды құрауышы болып табылады. Тиісті нарықтарға қол жеткізуді қамтамасыз ету мыналарды:

      қорландыру мақсатында таңдалған қаржы нарықтарында қатысуды қолдауды;

      аңдалған қаржыландыру нарықтарында қатысуды нығайту мүмкіндігін;

      ақша қаражатын беретін ағымдағы және әлеуетті кредиторлармен өзара қарым-қатынасты анықтауды, орнатуды, қолдауды;

      кредиторлардың банкпен қарым-қатынасты қолдауға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында банкті капиталдандырды арттыруды ескереді, олармен шектелмейді.

      Банк банктің стрестік жағдайлар мен өтімділік дағдарыстарына қарсы тұру қабілетін арттыратын қорландырудың балама көздерін айқындайды. Өтімділік дағдарысының сипатына, ауырлығына және ұзақтығына байланысты әлеуетті қаржыландыру көздері мыналарды:

      депозиттердің өсімін;

      міндеттемелерді өтеу мерзімдерін ұзартуды;

      қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді борыштық құралдардың эмиссиясын;

      топтың ішіндегі қаражат аударымдарын, еншілес компанияларды немесе бизнес бағыттарын сатуды;

      активтерді секьюритилендіруді;

      қолда бар жоғары өтімді активтерді сатуды немесе репо мәмілелерін жасауды;

      қызметтің негізгі бағыттары бойынша көлемдердің ұлғаюын тежеуді (мысалы, кредит беруді баяулату) қамтиды, олармен шектелмейді.

      Банктің директорлар кеңесі, тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет және басқарма болашақта өтімділікті қамтамасыз ете отырып, тиімділікті бағалау үшін әр қаржыландыру көзінен қаражатты жедел тарту мүмкіндіктерін үнемі бағалайды және бақылайды.

      Банктің директорлар кеңесі төтенше жағдайлар кезіндегі өтімділіктің жетіспеушілігін жою процесін нақты анықтайтын қаржыландыру жоспарын бекітеді. Қаржыландыру жоспары банк қызметінің ауқымына, тәуекелдер профиліне, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, активтерге және банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді. Қаржыландыру жоспары әр түрлі қолайсыз жағдайларда өтімділікті сақтау және қолма-қол ақша тапшылығын азайту үшін болжанбаған шығыстарды қамтамасыз ету үшін әртараптандырылған, қолжетімді және жүзеге асырылатын әлеуетті шаралардың нақты сипаттамасын қамтиды.

      Қаржыландыру жоспары мыналарды қамтиды:

      күтпеген жағдайлар туындаған кезде қаржыландырудың нақты айқындалған және қолжетімді көздері, осы көздерден тартылатын қаражаттың мүмкін мөлшерін бағалай отырып;

      күтпеген жағдайлар үшін қаржыландырудың әр көзінен қосымша қаражат тарту үшін талап етілетін уақыт;

      мыналарды реттейтін нақты операциялық рәсімдер:

      ішкі үйлестіру мен байланысты қамтамасыз ету мақсатында өкілеттіктері мен жауапкершілік салаларын көрсете отырып, қаржыландыру жоспарын әзірлеуге және іске асыруға жауапты банктің тұлғаларының (органдарының, бөлімшелерінің) құрамын қалыптастыру;

      іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі және олардың қандай іс-әрекеттерді орындау қажет екендігі, олардың қабылдануы, қашан және қалай орындалғаны үшін жауап беретіндігі;

      әртүрлі күйзелістік жағдайларды жүзеге асырудың бірнеше нұсқалары.

      Операциялық сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру жоспары үнемі тестіленеді және жаңартылып отырады.

      65. Банкте әртүрлі күйзеліс сценарийлері кезінде қолжетімділікті жоғалтуға немесе кредиторлар ұсынатын, оның ішінде кепілмен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ салымшылар орналастырған өтімді қаражат көлемін азайтуға әкеп соқтыратын оқиғаларды қоса алғанда, айтарлықтай шығындар мен дисконттарсыз өте қысқа мерзімде пайдалануға болатын, ауыртпалық салынбаған жоғары өтімді активтердің тұрақты қоры бар.

      Өтімділіктің қажетті қорын өтімділік тәуекелі бойынша банктің белгіленген тәуекел дәрежесімен салыстыруға болады. Бұл үшін стресс жағдайында өтімділік қажеттіліктерін бағалауға ауыртпалықсыз жоғары өтімді активтер қорының қажетті мөлшерін анықтау қажет. Ағымдағы жағдайларда және стресс кезеңдерінде өтімділікке қажеттілікті бағалау шарттық және шарттық емес ақшаның әкетілуін (әкелінуі), салымшылардың қаражатты алып қою жөніндегі шартсыз талабын қамтиды, сондай-ақ қамтамасыз етілмеген қаржыландыруға және өзге де өтімділік көздеріне қолжетімділіктің елеулі шектеулерін немесе жоғалуын, оның ішінде активтердің өтімділігінің төмендеуін және құнын елеулі жоғалтпай оларды тез өткізу мүмкіндігін ескереді.

      Өтімділіктің қажетті қоры негізінен мынадай:

      ақшалай қаражат;

      өтімді мемлекеттік бағалы қағаздар;

      стрестің барынша жағымсыз және айтарлықтай жоғалтуларсыз қамтамасыз ету немесе дисконт ретінде іске асырылатын немесе пайдаланылатын ауыртпалық салынбаған өтімді активтер түріндегі шамалы жағымсыз кезеңде іске асырылуы мүмкін қаржы құралдары сияқты ең жоғары сапалы өтімді активтерден қалыптастырылады.

      Жоғары өтімді активтерді анықтаудың жалпы сипаттамасы мыналарды:

      оның құрылымының және тәуекел сипаттамасының айқындылығын;

      бағалаудың жеңілдігі мен анықтығын;

      стрестің барлық сценарийлерінде аталған актив үшін өтімді нарықтың бар болуын;

      қалыпты нарықтық айналымға қатысты банктің қорларын қоса алғанда, актив үшін нарықтың қолжетімді көлемдерін;

      өтімділіктегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кез келген уақытта қаржыландыруды алу мақсатында осы активтерді пайдалану үшін құқықтық, нормативтік немесе операциялық кедергілердің болмауын қамтиды.

      Кепілмен қамтамасыз етуді тиімді басқару мыналарды анықтайтын рәсімдерді қоса алғанда, олармен шектелмей:

      банктің оларды босату мерзімін ескере отырып, қазіргі уақытта кепілге берілген активтерді қоса алғанда, кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін активтерге мұқтаждығын бағалауды;

      қаржыландырумен қамтамасыз етілген негізгі контрагенттердің және нарықтың әрбір түріне қатысты кепілмен қамтамасыз ету ретінде пайдалану үшін активтің қандай да болмасын әрбір түрінің сәйкестігін бағалауды;

      кепіл ретінде, эмитент бөлігінде, қаржы нарығы мен контрагенттердің мүмкіндіктеріне қатысты көлем, шамадан тыс шоғырлануды болдырмау үшін баға сезімталдығы, сондай-ақ нарықтық стрестің әртүрлі сценарийлерін ескере отырып, пайдалануға болатын активтерді әртараптандыруды;

      қажет болған жағдайда активтердің дереу жұмылдырылуы мүмкіндігін бағалауды жүзеге асыру мақсатында эмитенттер, географиялық орналасқан жерлері, валюталар бойынша кепілмен қамтамасыз ету мониторингін жүргізеді.

      66. Стресс-тестілеу жүйесі стресс-тестілеудің пайдаланылатын түрлерін талдауды, стресс-тестілеудің сценарийлерін, қолданылатын олқылықтарды, нарықтық талаптар және басқару шаралары өзгерген жағдайда жеткіліктілік өтімділігінің көрсеткіштерінің орнықтылығын тексеруге арналған әдіснамалық базаны қамтиды.

      Банк банктің ерекшелігіне, сол сияқты ауқымды нарықтық стрестерге бағытталған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сценарийлердің түрлі факторлары және олардың өтімділік деңгейіне, банктің ақшалай ағындарына, табыстылығы мен төлем қабілеттілігіне ықпалын талдау және сандық бағалау мақсатында екі сценарийді біріктіру бойынша мерзімдік негізде стресс-тестілеу жүргізеді.

      Жүргізілген стресс-тестілеу нәтижесін банктің директорлар кеңесі қарайды. Қарау нәтижесі бойынша банкке ықпал етуді шектеу, өтімділіктің қажетті қорын құру және өтімділік деңгейін түзету үшін салдарларды болдырмау немесе жеңілдету бойынша шаралар қабылдайды.

      Стресс-тестілеу нәтижелері банкті қаржыландыру жоспарын қалыптастыруда және стратегия мен ӨЖБІП-ті анықтауда негізгі рөл атқарады.

      Стресс-тестілеуді жүргізу процесі мыналарды қамтиды:

      банк өтімділіктің позициясына стресс-сценарийлердің ықпалын талдайды, түрлі уақыт кезеңінде (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді), оның ішінде күн ішіндегі негізде ішкі және сыртқы ортаның өзгеруі кезінде өтімділік тәуекелінің туындау деңгейін бағалайды;

      стресс-тестілеуді жүргізу дәрежесі мен жиілігі таңдап алынған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, сондай-ақ банктің қаржы жүйесіндегі рөліне сәйкес келеді. Банк нашарлап отыратын нарықтық жағдайларда және банктің директорлар кеңесінің немесе тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитеттің талап етуі бойынша стресс-тестілеулерді жүргізу жиілігін ұлғайту мүмкіндігіне ие болады;

      банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеулерді, сценарийлерді өткізу рәсімдерін бекіту (оның ішінде өтімділіктің профициті кезеңінде де стресс-сценарийлердің консервативті сценарийлерін қарастырады), нәтижелерді бағалау бойынша және стресс-тестілеу барысында анықталған өтімділік тәуекелін барынша азайту бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде стресс-тестілеу процесіне қатысады;

      банк стресс-тестілеуде нарықтың басқа қатысушыларының нарықтық стресс пе дәреже жағдайына ықтимал сипаттамалық ықпалын ескереді, онда жалпы нәтижесі нарық қозғалысын күшейтіп, нарықтық жүктемені ұлғайтады.

      Сценарийлерді әзірлеу және стресс-тестілеуге жол беру кезінде банк мыналарды басшылыққа алады:

      сценарий банк әлеуетті түрде ұшырауы мүмкін нарықтағы қорландыру мен өтімділіктің барлық негізгі тәуекелдерін қамтиды;

      банк ағымдағы сәтте тәуекел деңгейінің қаншалықты жоғары екендігіне қарамастан, қысқа мерзімді және ұзаққа созылатын, сондай-ақ идиосинкразиялық және нарықтық сценарийлерді қарайды, оның ішінде:

      бұрынғы жоғары өтімді бірнеше нарықтардағы өтімділіктің бір уақытта болмауын;

      қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген қорландыруға қол жеткізудің айтарлықтай қиын жолдарын;

      валютаны конвертациялауды шектеуді;

      бір немесе бірнеше негізгі төлем немесе есеп жүйелеріне ықпал ететін күрделі операциялық немесе есептік іркілістерді қарайды;

      банк нарықтағы өтімділіктің қысқаруы және қорландыруды шектеулер арасындағы өзара байланысты ескереді;

      стресс-тестілеу кезінде банк тәуекелдердің әр түрі арасындағы өзара байланысты қарайды;

      банк көптеген валюталардағы және бірнеше негізгі төлем және есеп жүйелеріндегі өтімділікке қажеттілікті ескереді;

      банк стресс-тестілеуге жол берулерді анықтау кезінде консервативті тәсілді ұстанады. Сценарийдің типін және ауырлық дәрежесін негізге ала отырып, банк оның қызметіне қатысты бірқатар жол берулердің орындылығын мыналарды қоса алғанда, олармен шектелмей:

      бүкіл нарық ауқымындағы өтімділіктің тарылуын;

      бөлшекті және корпоративтік қаржыландырудың әкетілуін;

      қаржыландырудың жаңа қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген көздеріне қол жеткізе алмауды;

      активтерді сату және (немесе) репоны жүзеге асыру үшін қолданыстағы дисконттарға сұраныстың туындауын;

      контрагенттердің дефолтын, оның ішінде банкаралық нарықтағы дефолтын;

      қосымша маржаны және кепілзатты белгілеу ықтималдылығын;

      қаржыландыру мерзімдерінің өзгеру ықтималдығын;

      кредиттік желілерді қоса алғанда, баланстан тыс құралдар мен операциялар бойынша шартты міндеттемелерді орындауға бағытталған өтімділікті;

      активтер көлеміндегі жоспарланған өзгерістерді;

      банкаралық салымдардың қайта қалпына келтірілмеуін;

      банкке ұсынылған кредиттік желілерді пайдалану мүмкіндігінің болмауын;

      кредиттік рейтингті елеулі түрле төмендету триггерлерінің ықпалын;

      банк клиенттерінің қаражатын конвертациялау;

      құқықтық, нормативтік, операциялық және уақытша шектеулерді ескере отырып, өтімді активтерді сату қабілеттілігінің төмендеуін;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, квазимемлекеттік сектор компанияларының қаражатына шектеулі қолжеткізуді;

      банктің активтерді сатудың шектеулі операциялық мүмкіндігін;

      банктің кредиттік рейтингінің айтарлықтай төмендеуін;

      банкке сенімділік деңгейіне ықпал ететін банк туралы жағымсыз ақпараттың пайда болуын ескереді.

      Банк стресс-сценарийдің өзектілігін растау мақсатында оны ұдайы негізде талдайды. Талдауларда нарықтық жағдайлардағы өзгерістер, активтер сипатының, көлемінің өзгеруі немесе банктің бизнес-моделінің және қызметінің күрделілігі, стресс жағдайларындағы нақты тәжірибе ескеріледі.

      Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу сценарийін және қабылданған олқылықтарды, сондай-ақ стресс-тестілеу нәтижелерін бекітеді. Банктің сценарийлерді және тиісті болжамдарды таңдау негізділігі құжатпен бекітіледі және стресс-тест нәтижелерімен бірге қаралады.

      Стресс-тест және болжанатын тәуекелдер нәтижесі, сондай-ақ теріс ықпал етуді барынша азайту бойынша кейін қабылданатын іс-әрекеттер хабарланады және банктің директорлар кеңесімен және өтімділік тәуекелін басқару процесіне қатысатын бөлімшелермен талқыланады. Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу процесінің нәтижесін банкті стратегиялық және бюджеттік жоспарлау процесіне ықпалдастырады. Стресс-тестілеу нәтижесін ішкі лимиттерді белгілеу кезінде пайдаланады.

      Банктің директорлар кеңесі стресс-тестілеу нәтижесін қаржыландыру жоспарын бағалауға және жоспарлауға, оның ішінде жоспардағы кемшіліктерді түзету мақсатында қосады.

      67. Банк мыналар:

      1) өтімділікті басқару саясаты;

      2) процесті ұйымдастыру;

      3) рәсімдер, жүйелер және бақыланатын іс-әрекеттер;

      4) өтімділік деңгейі және қорландыру жеткіліктілігі бойынша процестің әлсіз тұстарын анықтауға ӨЖБІП өзін-өзі бақылауын жыл сайын өткізеді.

      Өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша және процестің сәйкессіздіктерін және (немесе) әлсіз жақтарын анықтау кезінде банк іске асырылуға тиіс түзету іс-әрекеттері туралы ақпаратты, оның ішінде жауапты тараптар, күтілетін орындау мерзімдері, қажетті ресурстар туралы ақпаратты қамтитын іс-шаралар жоспарын жасайды.

      68. Осы тараудың талаптары базалық лицензиясы бар банктерге қолданылмайды.

7-тарау. Үздіксіз қызметті басқару

      69. Банктің директорлар кеңесі ағымдағы нарықтық ахуалға, стратегияға, активтер көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін банк қызметін үздіксіз басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

      Банк қызметтің үздіксіздігін Қағидалардың 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77 және 78-тармақтарында тізбектелген рәсімдер арқылы (олармен шектелмей) басқарады.

      70. Банк банктің ішкі құжатында айқындалған әдіс бойынша бағалау жүзеге асырылатын қызметке ықпал етуге:

      1) банк қызметкерлеріне, үй-жайларына, технологияларына немесе ақпаратына ықпал етулерге, бұрмалауларға немесе шығасыларға;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын бұзуларға;

      3) беделді жоғалтуға талдау жасайды.

      Банк қызметіне ықпал етуді талдау қызметтің күрделі түрлерін қалпына келтірудің уақытша шектеулерін анықтау үшін, сондай-ақ күтпеген жағдайда негізгі қызметті жаңартуға және жалғастыруға қажетті ресурстарды (күрделі ресурстарды) анықтау үшін жүргізіледі.

      Банктің қызметіне ықпал етуге талдау жүргізу үшін:

      күрделі өнімдерді беру іркілісіне байланысты ықтимал шығындардың көлемін және қызметтердің уақытын бағалайды;

      сәйкестендіру арқылы қызметтің әрбір түрінің іркілісінің барынша қолайлы кезеңін белгілейді:

      қызмет жаңартылатын ең көп уақыт кезеңі;

      қызметті жүзеге асырудың қалыпты деңгейі жаңартылатын уақыт кезеңі;

      күрделі өнімдері мен қызметтерді ұсыну үшін белгіленген мерзімде ең аз жұмыс істеу күйінде үздіксіз қолдануы және (немесе) жаңартылуы қажет қызметті орындау түрлері мен деңгейін, активтерін немесе өзге де ресурстарын анықтайды;

      апат режимінде қызметтің күрделі түрлерін қалпына келтіру және одан әрі жүзеге асыру үшін ең қажетті ресурстардың көлемін анықтайды;

      қызметтің әрбір күрделі түрлерін мақсатты қалпына келтіру уақытын белгілейді. Мақсатты қалпына келтіру уақыты тиісті өнімнің немесе қызметтің тұруы барынша шекті уақытынан кем болуы тиіс;

      деректерді резервтеудің соңы және қызметтің күрделі түрінің тұруы басталғаны арасындағы қалпына келтірудің мақсатты нүктесін белгілейді;

      басымдылықты белгілей отырып мақсатты қалпына келтіру уақыты бойынша қызметтің күрделі түрлерін ранжирлейді;

      банк қызметінің күрделі түрлері және аталған адамдардың күтпеген жағдайлар басталған кезде банкке қалай көмек көрсете алатыны тәуелді болатын жеткізушілерді, контрагенттерді, басқа мүдделі тараптарды анықтайды.

      71. Банк қызметтің күрделі түрлерін сәйкестендіреді. Банк қызметіне әсерін талдау барысында банкке шығыны қысқа мерзімді кезеңде барынша теріс әсер ететін және қысқа мерзімде қалпына келтіруге жататын қызмет ретінде анықталған қызмет түрі күрделі қызмет түрі болып табылады.

      72. Банк мыналарды қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін, қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурстарды анықтайды:

      1) қызметкер.

      Қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурс ретінде қызметкерді анықтау үшін банк мыналарды:

      қажетті қызметкерлер санын;

      қажетті дағдылары мен міндетін анықтайды;

      2) үй-жай.

      Қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурс ретінде үй-жайды анықтау үшін банк мыналарды:

      негізгі және балама алаңдарды;

      жоғары деңгейде қорғауды талап ететін үй-жайды анықтайды;

      3) технологиялар.

      Қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурс ретінде технологияларды анықтау үшін банк мыналарды:

      қызметтің күрделі түрлерін қолдайтын ақпараттық-технологиялық қызметтерді;

      қызметтің күрделі түрлерін қолдайтын телекоммуникациялық қызметтерді;

      қызметтің күрделі түрлерін қолдайтын басқа да технологияларды, оның ішінде периметрді қорғау, инкассация технологияларын анықтайды;

      4) ақпарат.

      Қызметтің күрделі түрлерін қолдауға қажетті ресурс ретінде ақпаратты анықтау үшін банк мыналарды:

      банктің ішкі құжаттарын қоса алғанда, қызметтің күрделі түрлерін орындауға қажетті ақпаратты;

      қалпына келтіруді талап ететін ақпараттың көлемін (мақсатты қалпына келтіру нүктесі);

      ақпаратты сақтау, қорғау және қалпына келтіру әдістерін анықтайды;

      5) жеткізушілер, сыртқы қызметтер және жабдықтар.

      Банк жеткізушілерді, сыртқы қызметтерді және жабдықтарды анықтайды, олар қызметтің күрделі түрлерін орындауға тәуелді болады;

      6) қаржылық ресурстар.

      Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда банк қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру жоспарын (жоспарларын) орындау үшін әлеуетті қол жетімді қаржылық ресурстардың көлемін анықтайды.

      73. Банк күтпеген жағдайлардың тәуекелін талдау қызметтің күрделі түрлерінде және олар пайдаланатын ресурстарда туындайтын қауіпті және осалдығын бағалауға мүмкіндік береді. Ресурстарға жағымсыз әсерін тигізетін қауіп ретінде банк мыналарды қарайды, олармен шектелмейді:

      1) қызметкерлердің тапшылығын;

      2) технологиялардың, оның ішінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (компьютерлік вирустары, компьютерлік аппараттық құралдарынан бас тарту, байланыс залалы) тапшылығын;

      3) жабдықтың тапшылығын (су, электр);

      4) үй-жайларға кіру рұқсатының болмауы;

      5) негізгі жеткізушілердің, контрагенттердің тапшылығы;

      6) негізгі ақпараттың қол жетімсіздігі;

      7) қаржы ресурстарының қол жетімсіздігі.

      74. Банк мынадай негізгі ресурстарды қамтитын күтпеген жағдайлардың тәуекелдерін басқару шараларын анықтайды (олармен шектелмейді):

      1) қызметкер;

      2) үй-жай;

      3) технологиялар;

      4) ақпарат;

      5) жеткізушілер, контрагенттер және жабдық каналдары.

      Күтпеген жағдайлардың тәуекелдерін басқару шараларын таңдау кезінде банк банктің қызметіне әсерін талдау нәтижелерін ескереді және оның ішінде қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын сыртқы өнім берушілермен, сыртқы контрагенттермен (салымшылармен, кредиторлармен), банк акционерлерімен, уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен және басқа да мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың ішкі тәртібін айқындайды.

      Күтпеген жағдайлардың тәуекелдерін басқару шараларын таңдаған кезде банк мынадай факторларды ескереді, олармен шектелмейді:

      қызметтің күрделі түрінің барынша қолайлы іркіліс кезеңі;

      қызметтің үздіксіздігін және қалпына келтіруді қамтамасыз ету жоспарын (жоспарларын) іске асыруға шығындар;

      әрекетсіздігінің салдары;

      іске асырудан тәуекелінің шынайылығы және шығын шамасы;

      үздіксіз қызметін басқару жүйесінің белгіленген мақсаттарымен келісілушілігі;

      банктің үздіксіз қызметін басқару саясатымен және рәсімдерімен келісушілігі.

      Банк өз қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін негізгі білімдері мен құзыреттілігін қолдау бойынша шараларды анықтайды. Бұл шаралар мынадай нұсқаларды қамтиды, олармен шектелмейді:

      қызметтің күрделі түрлерін жүзеге асыру ішкі тәртібін регламенттеу;

      қызметкерлер жетпеген жағдайда функцияларын қайта бөлу үшін күнделікті қызметте пайдаланбайтын қызметкердің қосымша құзыретінің тізімін енгізу;

      қызметкерді кросс-функционалдық тренингтерді жүргізуді қоса алғанда қосымша кәсіби дағдыларға оқыту.

      Банк негізгі үй-жайлардың жоқ болуына байланысты күрделі өнімдері мен қызметтерді ұсынуға әсерін төмендету бойынша шараларды анықтайды. Бұл шаралар мынадай нұсқаларды қамтиды, олармен шектелмейді:

      баламалы үй-жайларды ұсыну;

      қызметкерді банктің басқа да үй-жайларына ауыстыру;

      күрделі емес жұмысты орындайтын қызметкерлердің жұмыс орындарын пайдалану;

      үйдегі немесе қашықтағы үй-жайлардағы жұмыс.

      Барабар үй-жайды таңдаған кезде банк мынадай ерекшеліктерді ескереді, олармен шектелмейді:

      үй-жайдың қорғалуы;

      үй-жайға кіру рұқсаты;

      негізгі үй-жайға жақындығы;

      қажетті коммуникациялардың болуы.

      Банк қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттық-технологиялық және коммуникациялық қызметтерде жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау бойынша шараларды анықтайды.

      Банк күрделі оқиға болған жағдайда қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттың бүтіндігін, қолжетімділігін және конфиленциалдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды анықтайды.

      Банк пайдаланылатын ресурстардың тізбесін (материалдық жабдықты, қаржы ресусртарын қоса алғанда) және олардың болуын, оның ішінде мыналарды:

      қойма үй-жайларда қосымша ресурстарды, оның ішінде технологиялық және телекоммуникациялық жабдықты сақтауды;

      қоймада ресурстарды мерзімді жеткізу (ауыстыру) туралы жеткізушімен келісуді;

      ресурстардың барабар жеткізушілердің болуын қамтитын күрделі оқиғалар болған жағдайда сыртқы жеткізушілерден және контрагенттерден және өзге де мүдделі тұлғалардан қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды анықтайды.

      75. Банк қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) әзірлеуді және оның болуын қамтамасыз етеді. Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспар (жоспарлар) мына қағидаттарға жауап береді:

      1) жауапты адамдарға түсінікті болуы;

      2) жауапты адамдардың пайдалануы үшін қолжетімді болуы;

      3) қызметтің үздіксіздігін басқару саясатына сәйкес келетін қолдану мақсаты мен саласына ие, мыналарды қоса алғанда:

      банк қызметінің күрделі түрлерінің тізімі, сондай-ақ тұрып қалудың барынша рұқсат етілген, оның ішінде қалпына келтіруді талап ету уақыты;

      қызметтің күрделі түрлерін, оның ішінде ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар үшін қалпына келтірудің нысаналы уақыты;

      беделді жоғалтудың тәуекелін барынша азайту бойынша шаралар;

      4) сыртқы ұйымдардың іс-қимылдарымен келісіледі;

      5) қызметтің үздіксіздігін және қалпына келтіруді қамтамасыз етуге қатысқан қызметкерлердің функциялары мен жауапкершілігінің сипаттамасы қамтылады;

      6) жаңарту кестесіне ие, оның ішінде:

      жаңартуға жауапты қызметкерлердің тізімін қоса алғанда жаңарту туралы шешім қабылдау рәсімі және жоспарды жаңартуды талап ететін жағдайлар;

      жоспарды жаңарту туралы хабардар етілетін қызметкерлердің тізімі;

      7) назар аудара отырып апатты сыртқы және ішкі коммуникациялар кестесін қамтиды:

      күрделі өнімдер мен қызметтерді қалпына келтіруге және апатты ұсынуға қатысатын қызметкерлер командасының ішіндегі коммуникацияларға;

      үздіксіз қызметті қамтамасыз етуге қатысатын сыртқы ұйымдармен коммуникацияларға;

      уәкілетті органмен коммуникацияларға;

      бұқаралық ақпарат құраларымен және клиенттермен коммуникацияларға;

      қалпына келтіру жұмыстары барысында контрәріптестермен және басқа да мүдделі тараптармен коммуникацияларға;

      коммуникациялар әдістеріне;

      8) қызметтің күрделі түрлерін қалпына келтіру және апатты ұсыну үшін түрлі уақыт сәтінде қажетті ресурстар мен жеткізушілердің ең төменгі көлеміне қойылатын талаптарды қамтиды;

      9) қызметтің күрделі түрлерін қалпына келтіру және үздіксіз ұсыну бойынша іс-қимылдардың бірізділігін қамтиды, оның ішінде:

      қалпына келтіру процесіне бөгде тараптарды тарту кестесі;

      банк қызметін қалпына келтіру процесіне банктің контрагенттері мен мүдделі тұлғаларын тарту кестесі;

      банк қызметінің күрделі түрлерін қалпына келтірудің бірізділігі мен орындары;

      күрделі ақпараттық-технологиялық қызметтерді қалпына келтіру мерзімдері мен орындары, сондай-ақ оларды қалпына келтіру бойынша іс-қимылдардың бірізділігі, оның ішінде жаңа ғимаратта желілік инфрақұрылымды қалпына келтіру, базалық функционалдылықты, қосымшалар мен деректер қорын, синхрондауды, резервтік көшіруді, телекоммуникацияларды қалпына келтіру;

      қажетті ресурстарды жұмылдыру мерзімдері мен орындары;

      10) барлық қажетті егжей-тегжейді, оның ішінде резервтік үй-жайлардың орналасуы, жүру бағыты, уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдарының, банк қызметін қалпына келтіруге қатысқан ұйымдардың байланыстарын, сондай-ақ олармен байланыстың тәсілдерін қамтиды;

      11) жұмыс барысы, қабылданған шешімдер және қабылданған шаралар туралы негізгі ақпаратты құжаттандыру әдісін қамтиды;

      12) мыналарға:

      апатты режимдегі жұмыстарды аяқтау туралы шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін өлшемшарттарды қоса алғанда жұмыстың апатты режимінің күшін жою;

      күнделікті жұмыс істеу режиміне өту;

      бұзылған ішкі банктік процестерді болжанбаған жағдайлардың салдарын жойғаннан кейін қалпына келтіру кестесіне ие;

      13) жоспардың қолдауға және қайта қарауға жауапты жалғыз иесі бар.

      76. Банк мыналарды анықтау мақсатында үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) тестілейді:

      1) қызметтің күрделі түрлері күрделі оқиғаның маңыздылығына қарамастан қорғалған;

      2) бұл жоспарлар болжанбаған жағдайлар талаптарында банктің қызметін және күнделікті жұмыс істеу режиміне өтуді қамтамасыз етеді.

      77. Банк:

      1) банк қызметіндегі едәуір өзгерістер болған жағдайда тестілеуді жүзеге асырады;

      2) қызметтің үздіксіз басқару жүйесінің жекелеген элементтерінде, сондай-ақ жүйенің жалпы сенімділігін тексеру мақсатында тестілеуді жүзеге асырады;

      3) тестілеуді жоспарлауды сынақтарды өткізу барысында туындайтын күрделі оқиғалардың ықпалын барынша азайтатындай жүзеге асырады;

      4) әрбір тестілеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

      5) банктің үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарларды әзірлеуге жауапты қызметкерлер, ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерін қатарынан және қажет болған жағдайда банктің үздіксіз қызметін және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында консультациялық қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдардан тәуелсіз мамандар қатарынан бақылаушылар тобын (тестілеуді бақылаушыларды) айқындайды. Бақылаушылар тобы (тестілеуді бақылаушылар):

      әрбір тесттің орындалуын бақылауды;

      тестілеу нәтижелерін бағалауды;

      тестілеуді жүргізу, қажетті түзету іс-қимылдарын қоса алғанда оның нәтижелері мен пікірлер туралы хаттама жасауды;

      хаттаманы үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарларды тестілеуге тартылған банк бөлімшелерінің басшыларымен келісуді жүзеге асырады;

      6) келісілген тексеру, оның ішінде тестілеу нәтижелері, анықталған кемшіліктерді жою және банктің үздіксіз қызметін басқару жүйесінің жоспарларын және басқа да элементтерін жетілдіру кіретін хаттама негізінде тестілеу жүргізудің қорытындысы бойынша есеп жасайды және оны келіседі.

      Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарлард) жетілдіру бойынша ұсыныстар бар тестілеу жүргізудің қорытындысы бойынша есеп қажеттілік болған кезде қарау үшін тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке және бекіту үшін банктің директорлар кеңесіне жіберіледі.

      78. Банктің директорлар кеңесі қызметтің үздіксіздігін басқару бойынша рәсімдер мен процестерді енгізу мәртебесі, анықталған ішкі рәсімдер мен саясаттарды бұзу фактілері, оқиғалар, банктің орнықтылығын және белгілі бір операцияларды қалпына келтіру қабілетін арттыру жөніндегі тексерулер мен жоспарлардың нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын басқарушылық ақпарат жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

8-тарау. Ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару

      79. Банктің директорлар кеңесі ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, ол ішкі операциялық ортаға, стратегияға, ұйымдық құрылымына, активтердің көлеміне, банк операцияларының сипаты мен күрделілік деңгейіне сәйкес келеді және ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

      80. Ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесіне:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару саясаты;

      2) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару рәсімдері;

      3) басқару ақпараты жүйесі;

      4) ішкі аудит бөлімшесінің ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау кіреді, алайда мұнымен шектелмейді.

      81. Банк ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесінің мына қатысушыларын (алайда олармен шектелмей) айқындайды:

      1) банктің тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімше;

      2) ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімше.

      82. Банк тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше құрады, оның функцияларына мыналар қоса енетін ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару кіреді:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін әзірлеу, ендіру және дамыту;

      2) банктің ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігіндегі стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және келісуге қатысу;

      3) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін бағалауға қатысу;

      4) ақпараттық технологиялар тәуекелдерінің деңгейіне мониторинг;

      5) банктің құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және консультация;

      6) ақпараттық технологиялар бөлімшесі жүргізетін ақпараттық технологиялар тәуекелдеріне бағалау жүргізуді жоспарлау және нәтижелерін талдау;

      7) ақпараттық технологиялар тәуекелдері кіретін тәуекелдер тізілімін әзірлеу және қалыптастыру;

      8) ақпараттық технологиялардың маңызды тәуекелдерін іске асыру туралы есептерді және олардың салдарын жою бойынша іс-шаралардың орындалу мониторингін тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетке ұсыну;

      9) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жөніндегі есептілікті немесе өзге ақпаратты директорлар кеңесіне ұсыну;

      10) ішкі аудит нәтижелерін ақпараттық технологиялар тәуекелдері бөлігінде пайдалану.

      83. Банк ақпараттық технологиялар жөніндегі құрылымдық бөлімше құрады, оның функцияларына мыналар кіреді:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелдеріне бағалау жүргізу;

      2) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін өңдеу бойынша шаралар әзірлеу және оларды іске асыру бойынша есептіліктерді тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшеге ұсыну;

      3) ақпараттық технологиялардың едәуір тәуекелдерін іске асыру, сондай-ақ олардың салдарын жою туралы есептілікті дайындау және оларды банктің тәуекелдер бөлімшесіне ұсыну;

      4) банктің стратегиясын күрделі бизнес-процестер үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

      Банк тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің ақпараттық технологиялар жөніндегі құрылымдық бөлімшеден тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

      84. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару тәртібін айқындайтын ішкі құжатты әзірлейді, оған мыналар кіреді, алайда мұнымен шектелмеді:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін сәйкестендіру рәсімдері;

      2) ақпараттық технологиялардың әрбір тәуекелінің іске асуына ықпал ететін ішкі және (немесе) сыртқы факторларды айқындау рәсімдері;

      3) бағалаудың сапалы және (немесе) сандық әдістерін қолдана отырып, оның ішінде оларды іске асыру туралы деректер негізінде ақпараттық технологиялардың барлық анықталған тәуекелдерінің ықтималдық және салдарын бағалау рәсімдері;

      4) ақпараттық технологиялардың маңызды тәуекелдерін іске асыру туралы мәліметтерді жинау және сақтау рәсімдері;

      5) ақпараттық технологиялар тәуекелдері кіретін тәуекелдер тізілімін қалыптастыру рәсімдері;

      6) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін өңдеу шараларын әзірлеу рәсімдері;

      7) ақпараттық технологиялар тәуекелдерін өңдеу бойынша шаралардың орындалу мониторингі рәсімдері.

      85. Ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімше банктің күрделі бизнес-процестер үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді, ол мыналарды ашады, алайда мұнымен шектелмейді:

      1) ресурстарға қажеттілікті анықтау, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты бюджетті анықтау;

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында талап етілетін іс-шараларды мерзімдері мен оларды іске асыруға жауаптыларды көрсете отырып сипаттау.

      Банк басқару ақпараты жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, банктің, дайындыққа және ақпаратты тиісті алушыларға дейін жеткізуге жауапты тұлғалардың ақпараттық технологиялары тәуекелдерін басқару жөніндегі өлшемшарттарын, құрамы мен есептілік жиілігін айқындайтын ішкі тәртіпті белгілеу кіреді, алайда мұнымен шектелмейді.

9-тарау. Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару

      86. Банктің директорлар кеңесі ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, ол ішкі операциялық ортаға, стратегияға, ұйымдық құрылымға, активтердің көлеміне, банк операцияларының сипаты мен күрделілік деңгейіне сәйкес келеді және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған.

      87. Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесіне:

      1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясаты;

      2) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару рәсімдері;

      3) басқару ақпараты жүйесі;

      4) ішкі аудит бөлімшесінің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін бағалау кіреді, алайда мұнымен шектелмейді.

      88. Банк ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесінің мына қатысушыларын (алайда олармен шектелмейді) айқындайды:

      1) банктің тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімше;

      2) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімше;

      3) ақпараттық технологиялар жөніндегі бөлімше;

      4) қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше.

      89. Банк тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімше құрады, оның функцияларына ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару кіреді:

      1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін әзірлеу, ендіру және дамыту;

      2) банктің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және келісуге қатысу;

      3) банктің күрделі ақпараттық активтерінің тізбесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру, оған кемінде қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше кіреді және оған басшылық ету;

      4) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалауға қатысу;

      5) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері деңгейін мониторингтеу;

      6) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша банктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет ету және кеңес беру;

      7) ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі жүргізетін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалауды жүргізуді жоспарлау және нәтижелерін талдау;

      8) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін қамтитын тәуекелдер тізілімін әзірлеу және қалыптастыру;

      9) ақпараттық қауіпсіздіктің едәуір тәуекелдерін іске асыру және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу туралы есептілікті тәуекелдерді басқару мәселесі жөніндегі комитетке ұсыну;

      10) ақпараттық қауіпсіздіктің елеулі тәуекелдерін іске асыру туралы есептілікті ұсыну және тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке олардың салдарын жою бойынша іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу;

      11) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері бөлігінде ішкі аудит нәтижелерін пайдалану.

      90. Банк функцияларына мыналар кіретін ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құрылымдық бөлімшені құрады:

      1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалауды жүргізу;

      2) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін өңдеу шараларын әзірлеу және оларды іске асыру жөніндегі есептілікті тәуекелдерді басқару бөлімшесіне ұсыну;

      3) ақпараттық қауіпсіздіктің елеулі тәуекелдерін іске асыру туралы, сондай-ақ олардың салдарын жою туралы есептілікті дайындау және тәуекелдерді басқару бөлімшесіне ұсыну;

      4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі банк стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу.

      Банк тәуекелдерді басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі құрылымдық бөлімшеден тәуелсіз болуын қамтамасыз етеді.

      91. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мыналар қамтылатын, олармен шектелмейтін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару тәртібі айқындалатын ішкі құжатты әзірлейді, ол төмендегі рәсімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) күрделі ақпараттық активтерді анықтау мақсатында ақпараттық активтерді сәйкестендіру және жіктеу;

      2) күрделі ақпараттық активтердің осалдығын сәйкестендіру;

      3) күрделі ақпараттық активтерге қатысты әлеуетті қауіпті сәйкестендіру;

      4) қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару шараларын сәйкестендіру;

      5) сапалық және (немесе) сандық бағалау әдістерін қолдана отырып, оның ішінде оларды іске асыру туралы деректер негізінде ақпараттық активтердің конфиденциалдылығын, тұтастығын және қолжетімділігін бұзу ықтималдығы мен салдарын бағалау;

      6) ақпараттық қауіпсіздіктің едәуір тәуекелдерін іске асыру туралы мәліметтерді жинау және сақтау;

      7) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін қамтитын тәуекелдер тізілімін қалыптастыру;

      8) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін өңдеу шараларын орындауды мониторингтеу.

      92. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі мыналар ашып көрсетілетін, олармен шектелмейтін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі банк стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді:

      1) ресурстарға деген мұқтаждықты айқындау, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқаруға бағытталған шараларды іске асыруға байланысты бюджетті айқындау;

      2) мерзімдерін және іске асыруға жауапты орындаушыларды көрсете отырып ақпараттық қауіпсіздік саласында талап етілетін іс-шараларды сипаттау.

      93. Қорғалатын ақпаратқа ие бөлімшелер ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару шеңберінде мыналарды жүзеге асырады:

      1) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне қорғалатын ақпараттың сипаттамасын беру;

      2) тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшылық етуімен банктің күрделі ақпараттық активтерінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында банктің күрделі ақпараттық активтерінің тізбесін қалыптастыру.

      94. Банк банктің ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі есептілігінің өлшемшарттарын, құрамын және жиілігін, ақпаратты дайындауға және тиісті алушыларға жіберуге жауапты тұлғаларды (бөлімшелерді) айқындайтын ішкі тәртіпті белгілеуді қамтитын, бірақ онымен шектелмейтін басқар ақпараты жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

10-тарау. Комплаенс-тәуекелді басқару

      95. Банктің директорлар кеңесі банктің комплаенс-тәуекелін басқару рәсімін бақылайды, банкте комплаенс-бақылау бөлімшесін құрады, бас комплаенс-бақылаушыны қызметіне тағайындайды және босатады, комплаенс-тәуекелді басқару саясатын бекітеді.

      Комплаенс-бақылау бөлімшесі Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің қызметіне әсер ететін шет мемлекеттер заңнамасының, сондай-ақ банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау үшін рәсімдерді ұйымдастырады және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелдің болуы туралы толық және дәйекті ақпарат ұсынады.

      Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет директорлар кеңесі бекітуге тиіс және комплаенс-тәуекелді басқарудың негізгі қағидаттары, оның ішінде соның негізінде банк құрылымының барлық деңгейлерінде комплаенс-тәуекел анықталатын және басқарылатын банкте комплаенс-мәдениет құру қағидаттары қамтылатын комплаенс-тәуекелді басқару саясатын әзірлеуге жауап береді.

      96. Комплаенс-бақылау бөлімшесі комплаенс-тәуекелді басқару саясатын әзірлеуге, комплаенс-тәуекелді басқаруды қамтамасыз етуге және банктің комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі қызметін үйлестіруге жауапты болады. Комплаенс-бақылау бөлімшесі комплаенс-тәуекелді басқару саясаты мен рәсімдерінің, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының комплаенс-тәуекелді басқару саясатын филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент банктің комплаенс-бақылау бөлімшесі әзірлейді.

      Комплаенс-бақылау бөлімшесі банктің бірінші қорғау қатарын құрайтын құрылымдық бөлімшелерінің қандай да бір қызметінен тәуелсіз банктің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      Комплаенс-бақылау бөлімшесінің тәуелсіз болуы мынадай факторлармен қамтамасыз етіледі:

      комплаенс-бақылау бөлімшесінің дербес құрылымдық бөлімше мәртебесі бар;

      комплаенс-бақылау бөлімшесінің қызметкерлері банктің өзге құрылымдық бөлімшелеріндегі лауазымдарды қоса атқармайды;

      комплаенс-бақылау бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері олардың комплаенс-тәуекелді басқару міндеттері мен оларға жүктелген кез келген басқа міндеттер арасында мүдделер қақтығысы ықтимал болатын жағдайға ұшырамайды;

      комплаенс-бақылау бөлімшесінің қызметкерлерінде өз құзыретінің шеңберінде рұқсаты бар және қажет болғанда банктің құрылымдық бөлімшелерінен, банктің еншілес ұйымдарынан кез келген ақпаратты талап етеді, сондай-ақ банктің және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін комплаенс-бақылау функцияларын орындауға жәрдем көрсетуге тартады.

      97. Комплаенс-бақылау бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады, олармен шектелмейді:

      1) шоғырландырылған негізде банктің комплаенс-тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторингтеу және бақылаудың ішкі тәртібін, тәсілдері мен рәсімдерін әзірлеу;

      2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қарсы іс қимыл мақсаты үшін ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу, ендіру және оның болуын қамтамасыз ету;

      3) комплаенс-бағдарламаны (жоспарды) қалыптастыру, ол мыналарды қамтиды:

      банк бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып комплаенс-тәуекелді басқару саясатын сақтауын тексеру;

      банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасының, сондай-ақ банктің комплаенс-тәуекелге ұшырау дәрежесін айқындау мақсатында банктің қызметіне әсерін тигізетін шет мемлекеттердің заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру;

      қызметкерлерді комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша оқыту;

      4) банк басқармасына банктің комплаенс-тәуекелін басқаруға ықпал көрсету;

      5) осындай функцияны банктің заң бөлімшесі орындайтын жағдайларды қоспағанда, банктің басшылығы мен қызметкерлеріне өзгерістер туралы хабардар етуді қоса алғанда, комплаенс-тәуекелді басқаруға қатысы бар Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарының нормалары, қағидалар, саясат туралы консультация беру;

      6) банкте банктің қызметкерлерін банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының талаптарымен таныстыру жұмысын ұйымдастыруды бақылау;

      7) комплаенс-тәуекелді, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін басқару мәселелері бойынша банктің еншілес ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      8) жаңа банктік өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ендіру барысына міндетті түрде қатысу;

      9) банкте мүдделер қақтығысын анықтау, бағалау және бақылау іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын, комплаенс-тәуекелді, КҚ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін басқару саясаты мен рәсімдерін (бұдан әрі - комплаенс-талаптар) бұзушылықтардың алдын алу процестері мен рәсімдерін әзірлеу;

      11) банктің дербес немесе құрылымдық бөлімшелерімен және лауазымды адамдарымен бірлесіп комплаенс-талаптардың анықталған бұзушылықтарын, және комплаенс-тәуекелді басқарумен байланысты банк жұмысындағы кемшіліктерді банкті, банк қызметкерлерін және банк қызметтерін есірткіні заңсыз өндірумен, айналымымен және (немесе) транзитімен, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ электрондық казино мен интернет-казинолардың, шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты заңсыз әрекеттерге тарту фактілерін жою бойынша ұсынымдар мен түзету шараларын әзірлеу және банктің директорлар кеңесіне тиісті ақпарат ұсыну;

      12) комплаенс-тәуекел бойынша есептілік жүйесін әзірлеу және жүргізу және тұрақты негізде банктің директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша ақпарат ұсыну;

      13) банктің құрылымдық бөлімшелерімен, оның ішінде ішкі аудит бөлімшесімен өзара әрекет ету және комплаенс-тәуекелді басқару жұмысын үйлестірудің ішкі тәртібін әзірлеу;

      14) банктің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне тартылу тәуекелін бағалау үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау және есепті жылдан кейінгі жылғы

      5 ақпаннан кешіктірмей жыл сайын уәкілетті органға ақпарат ұсыну.

      Бас комплаенс-бақылаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған функцияларды орындауға, комплаенс-талаптардың бұзылуын болдырмау жөніндегі процестер мен рәсімдерді және комплаенс-талаптардың бұзылуын жою бойынша түзету шараларын комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімшенің тиісінше іске асыруына жауапты болады.

      Банктің ішкі құжаттарына сәйкес комплаенс-тәуекелді басқарудың жекелеген функциялары қажет болғанда мүдделер қақтығысының болмау талабымен банктің өзге құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.

      Осы тармақтың 1) және 8) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қолданылмайды

      98. Банк бас комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде кандидаттың мынадай талаптардың біріне сәйкестігін тексереді:

      банктік қызмет саласында комплаенс-бақылау функцияларын, комплаенс-тәуекелдерді басқаруды және (немесе) ішкі бақылауды жүзеге асыруға байланысты кемінде 5 (бес) жыл жұмыс стажының болуы;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс стажының болуы.

      Бас комплаенс-бақылаушының тәуелсіздігі төмендегідей айқындалады:

      1) бағыныштылығына қарамастан, бас комплаенс-бақылаушыны лауазымына банктің директорлар кеңесі тағайындайды және босатады;

      2) бас комплаенс-бақылаушы банк басқармасының қатысуынсыз банктің директорлар кеңесіне кедергісіз қолжетімділікке ие;

      3) бас комплаенс-бақылаушы өз міндеттерін орындауына қажетті кез келген ақпаратқа қолжетімділікке ие;

      4) бас комплаенс-бақылаушы бас операциялық директор, қаржы директоры қызметін, банктің операциялық қызметінің, ішкі аудит бөлімшесі басшысының басқа да ұқсас функцияларын қоса атқармайды.

      Бас комплаенс-бақылаушының және комплаенс-бақылау бөлімшесі басшысының функцияларын қоса атқаруға рұқсат етіледі.

      Бас комплаенс-бақылаушы мен директорлар кеңесінің және (немесе) тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитеттің арасында өзара әрекет ету тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      Бас комплаенс-бақылаушыны қызметіне тағайындау мен босату туралы ақпарат уәкілетті органға жіберіледі. Уәкілетті органның сұратуы бойынша банктің директорлар кеңесі осындай шешімді қабылдау себебінің негіздемесін ұсынады.

      99. Банк комплаенс-тәуекелді анықтайды, өлшейді, мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады және мыналарды қамтитын, олармен шектелмейтін комплаенс-тәуекелді басқару рәсімін әзірлейді:

      1) ішкі құжаттар дайындау арқылы комплаенс-тәуекелді, оның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін басқару мәселелері бойынша банктің қызметкерлеріне арналған ішкі нұсқауларды (нұсқаулықтарды) әзірлеу;

      2) банктің және оның қызметкерлерінің комплаенс-тәуекелді басқару саясаты мен рәсімдерін сақтауын мониторингтеу;

      3) комплаенс-тәуекел оқиғалары туралы деректер жинау;

      4) клиенттердің шағымдарын (өтініштерін) комплаенс-тәуекелдің болуына талдау;

      5) банктің комплаенс-тәуекелге ұшырағыштығының дәрежесін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді әзірлеу мен талдау;

      6) банк қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасын, сондай-ақ шет мемлекеттердің банктің қызметіне әсерін тигізетін заңнамасын бұзу фактілеріне банктің ішкі құжатында айқындалған тәртіпке сәйкес дербес немесе құрылымдық бөлімшелермен және (немесе) банктің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тергеулер (тексерулер) жүргізу;

      7) банктің нақты операциясының (мәмілесінің) немесе оның бөлігінің Қазақстан Республикасының банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасына, сондай-ақ шет мемлекеттердің банктің қызметіне әсерін тигізетін заңнамасына сәйкестігіне қатысты сұратулар бойынша консультациялар беру.

      100. Банк комплаенс-тәуекелді анықтау, өлшеу, мониторингтеу және бақылау рәсімдерін әзірлеу кезінде мынадай факторларды есепке алады, олармен шектелмейді:

      1) активтердің көлемі, банк бизнесінің сипаты мен күрделілігі;

      2) бастапқы ақпарат ретінде пайдалануға арналған деректердің қолжетімділігі;

      3) ақпараттық жүйелердің жай-күйі мен олардың мүмкіндіктері;

      4) комплаенс-тәуекелді басқару процесіне тартылған қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі.

      101. Банк мыналар ескерілетін комплаенс-тәуекелді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді:

      1) банктің стратегиясы және қызметінің түрлері;

      2) активтердің көлемі, банк бизнесінің сипаты мен күрделілігі;

      3) банктің ұйымдық құрылымының күрделілігі;

      4) банктің қызметіне тән тәуекелдердің деңгейі мен түрлері;

      5) банктің қолданған комплаенс-тәуекелді басқару рәсімдерінің тиімділігі;

      6) әлеуетті ішкі ұйымдық өзгерістер және (немесе) нарықтық жағдайлардың өзгерістері;

      7) Қазақстан Республикасының банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасы, сондай-ақ шет мемлекеттердің банктің қызметіне әсерін тигізетін заңнамасы.

      102. Комплаенс-тәуекелді басқару жүйесі мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) комплаенс-тәуекелді басқару саясаты мен рәсімдері;

      2) клиенттерді қабылдау және оларға қызмет көрсету бағдарламасы қамтылатын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін басқару саясаты мен рәсімдері (customer acceptance polіcy). Банк клиенті қызмет көрсетуге қабылдау туралы шешім қабылдаудың рәсімдерін әзірлеу және іске асыру кезінде тән тәуекел факторларын есепке алады;

      3) ішкі аудит бөлімшесінің комплаенс-тәуекелді басқару жүйесінің тиімділігін бағалауы.

      Комплаенс-тәуекелді басқару жүйесі 3 (үш) қорғау қатарына негізделеді:

      банктің қызметкерлері;

      комплаенс-бақылау бөлімшесі;

      ішкі аудит бөлімшесі.

      103. Комплаенс-тәуекелді басқару саясаты мен рәсімдері мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) комплаенс-тәуекелді басқару мақсаты мен міндеттері;

      2) комплаенс-тәуекелді басқару қағидаттары, оның ішінде банкте комплаенс-мәдениетті құру қағидаттары (банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы талаптарының, шет мемлекеттердің банк қызметіне әсерін тигізетін заңнамасы талаптарын және банктің қызметтер көрсетуі және қаржы нарығында операциялар жүргізуі рәсімдерін реттейтін ішкі құжаттарын сақтау мәдениеті);

      3) комплаенс-тәуекелді басқарудың, оның ішінде тәуекелге бағдарланған тәсілге негізделген ішкі тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері;

      4) банкті және (немесе) оның еншілес ұйымдарын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ процестеріне немесе өзге қылмыстық қызметке қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдерін басқару ішкі тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері (КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелі);

      5) 3 (үш) қорғау қатары негізіндегі комплаенс-тәуекелді басқару жүйесінің қатысушылары, есеп беру құрылымын нақты айқындай отырып, олардың өкілеттіктері, жауапкершілігі;

      6) бас комплаенс-бақылаушының, комплаенс-бақылау бөлімшесі басшысының өкілеттіктері мен жауапкершілігі;

      7) комплаенс-бақылау бөлімшесі қызметкерлерінің кәсіби қасиетіне қойылатын талаптар;

      8) комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша банктің еншілес ұйымдарының қызметін бақылау және үйлестіру рәсімдері;

      9) комплаенс-тәуекелді басқару жүйесінің қатысушылары арасында өзара әрекет ету және ақпарат алмасу ішкі тәртібі.

      104. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін басқару саясаты мен рәсімдерінде мыналар қамтылады, олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін басқару тәртібін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу және орындау, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қарсы іс-қимыл мақсатында қаржылық мониторингтеуді және ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      2) банктің КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін ішкі бақылау жөніндегі қағидаларына сәйкес КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) банктің құрылымдық бөлімшелері және (немесе) қызметкерлері бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ бөлігінде банктің тәуекелдерін басқаруды ұйымдастырудың ішкі тәртібі;

      4) клиенттерді қабылдау және оларға қызмет көрсету бағдарламасының (customer acceptance policy) болуы;

      5) банк клиентті қызмет көрсету үшін қабылдау туралы шешім қабылдау рәсімдерін әзірлеу және іске асыру кезінде тәуекел факторларын, оның ішінде анықталған және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған тәуекел факторларын ескереді.

      Клиентпен іскерлік қарым-қатынастар орнатудан бас тарту және тоқтату ішкі рәсімдері мен тәртібі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған тәуекел факторлары ескеріле отырып әзірленеді. Іскерлік қарым-қатынастар орнатудан бас тарту және тоқтату фактілері туралы ақпарат уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесі) күнінен кешіктірілмей жіберіледі;

      6) қаржылық мониторинг жүргізілуі тиіс операцияларды анықтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер мен ақпаратты уақтылы жіберуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйенің, деректердің үлкен көлемін өңдеуге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (бұдан әрі – инновациялық технологиялар) негізіндегі шешімдердің және рәсімдердің болуы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген банктің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, инновациялық технологиялар, банктің рәсімдері:

      1) есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзитіне;

      2) қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және "Астана" халықаралық қаржы орталығы тарапынан реттелмейтін цифрлық активтер қызметтерін көрсететін провайдерлердің пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;

      4) электрондық казино мен интернет-казиноның, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырумен, сондай-ақ ставкалар мен ұтыстар бойынша есеп айырысуды қамтамасыз ететін бірыңғай есепке алу жүйесінен тыс букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді жібере отырып, банктің ішкі құжаттарына сәйкес, оның ішінде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамаларды ескере отырып, операцияларды жүргізуді анықтау мен қабылдамауды не оларға қол жеткізуді шектеуді, оларды орындаудан бас тартуды қосымша қамтамасыз етеді.

      Инновациялық технологиялар мыналарды қамтамасыз етеді және онымен шектелмейді:

      1) ұқсас сипаттамалары бар адамдар санатының іс-әрекетін бағалауды ескере отырып және клиенттің бұрынғы іс-әрекетімен және оған тән операциялармен салыстырғанда үлкен деректерді талдау негізінде клиенттің іс-әрекетін талдауды қоса алғанда, клиентті мониторингтеу және тиісті тексеру. Ұқсас сипаттамалары бар адамдардың санаттарын банк клиенттің түрін, клиенттің қызмет түрін (сипатын), жас санатын, жеке тұлға-клиенттің азаматтығын және банктің ішкі құжаттарында айқындалған басқа да көрсеткіштерді ескере отырып айқындайды;

      2) банкте бар алаяқтық операциялар мен заңсыз оқыс оқиғаларға байланысты операциялар бойынша тарихи деректерді талдау негізінде ауытқуларын анықтау және алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операциялардың, алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың өлшемшарттарын айқындау үшін машиналық оқыту алгоритмдерін пайдалану;

      3) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операциялардың, алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың жаңа схемалары мен өлшемшарттарын ескере отырып, өзара байланысты транзакциялар мониторингі жүйелерінің және нақты уақыт режимінде шешім қабылдау жүйелерінің болуы және оларды бейімдеп оқыту;

      4) ішкі (сыртқы) есептер мен құжаттарды, интернет-ресурстарды мониторинг және талдау.

11-тарау. Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару және орнықты даму жөніндегі ақпаратты (ESG) ашу

      105. Банктің директорлар кеңесі банктің орнықты даму стратегиясында айқындалған орнықты даму мақсаттарына сәйкес келетін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

      106. Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесі банкте экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару мақсатында енгізіледі.

      Банктің экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесі:

      1) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқару процесін;

      2) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешенін;

      3) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін құжаттама мен есепке алу талаптарын;

      4) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді айқындау және басқаруға байланысты шешімдер қабылдау рәсімдері мен процестерін;

      5) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша банктің уәкілетті алқалы органдарының, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше басшыларының және орнықты даму жөніндегі бөлімше басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін;

      6) қарыз алушының экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерін кешенді бағалауды (ESDD);

      7) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді кешенді бағалау (ESDD) нәтижелерін қаржыландыру операциялары бойынша шешімдер қабылдау процестеріне ықпалдастыруды;

      8) клиент қызметінің экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштерін мониторингтеу процесін;

      9) ақпаратпен ішкі алмасу мен банк қызметкерлерін оқыту үшін қажетті ресурстардың болуын қамтиды, олармен шектелмейді.

      107. Банк орта кәсіпорындарды қаржыландыру, корпоративтік қаржыландыру және жобалық қаржыландыру кезінде әлеуетті қарыз алушының қызметіне байланысты экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерге кешенді бағалау (ESDD) жүргізеді.

      108. Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешені мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқарудың мақсаттары мен рәсімдері;

      2) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару қағидаттарын, оның ішінде банкте экологиялық және әлеуметтік мәдениетті қалыптастыру қағидаттары (банктің және оның қызметкерлерінің орнықты даму қағидаттарын сақтау мәдениеті);

      3) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқарудың ішкі тәртібін, тәсілдері мен рәсімдері;

      4) банк үшін қолайлы экологиялық және әлеуметтік тәуекелдердің төменгі және жоғарғы шекті деңгейлері;

      5) банктің кредиттік қызметінде экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді есепке алу рәсімдері;

      6) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мен орнықты даму жөніндегі бөлімше басшыларының өкілеттіктері мен жауапкершілігі;

      7) орнықты даму жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар;

      8) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасудың ішкі тәртібі.

      109. Орнықты даму жөніндегі ақпаратты (ESG) ашу банктің жылдық есебіне енгізу және (немесе) орнықты даму жөніндегі жеке есепті (ESG) жариялау арқылы жүзеге асырылады.

      Банк орнықты даму жөніндегі есепті (ESG) жылдық есепті дайындау кезінде есепті жылдан кейінгі жылғы 30 шілдеден кешіктірмей және жеке есепті дайындау кезінде есепті жылдан кейінгі жылғы 30 тамыздан кешіктірмей жыл сайын жасайды.

      Сандық ақпаратты талдау мақсатында банк орнықты даму жөніндегі есепке (ESG) есепті жылдың және оған дейінгі екі жылдың нәтижелерін енгізеді (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап).

      110. Осы тараудың талаптары ESG-тәуекелдерді, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау мен басқару, сондай-ақ ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер жөніндегі ақпаратты ашу бойынша бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар және халықаралық банктердің орнықты даму жөніндегі шоғырландырылған есептері (ESG) мен экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептерін жариялайтын халықаралық банктердің еншілес ұйымдары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.

12-тарау. Ішкі бақылау

      111. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау – банктің уәкілетті алқалы органдары, құрылымдық бөлімшелері және барлық қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындау кезінде жүзеге асыратын күнделікті қызметке енгізілген және мына мақсаттарды орындауға бағытталған процесс:

      1) банк тәуекелдерін, активтері мен пассивтерін басқарудың тиімділігін қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз ету;

      4) банктің және оның қызметкерлерінің, банк клиенттерінің:

      заңсыз қызметті, оның ішінде алаяқтықты, алдауды, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ, есірткінің заңсыз өндірілуін, айналымын және (немесе) транзитін, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға, электрондық казино мен интернет-казиноның, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;

      КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелі жоғары операциялар жүргізуге байланысты операцияларды жүзеге асыруға;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және "Астана" халықаралық қаржы орталығы тарапынан реттелмейтін цифрлық активтер қызметтерін көрсететін провайдерлер арқылы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді одан әрі сатып алуға байланысты операцияларды жүзеге асыруға;

      жиырма бір жасқа толмаған жеке тұлғалардың ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға тартылуына жол бермеу.

      Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін бағалауды іскерлік қатынастарды клиент заңсыз оқыс оқиғалар шеңберінде пайдаланады деген күдік болған жағдайда, сондай-ақ:

      1) Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған, ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған төлем карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын қоспағанда, бір банк шығарған бес және одан көп дебет карточкасын ұстаушылар болып табылатын;

      2) Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған төлем карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын қоспағанда, жиынтығында бірнеше банк шығарған (банкте мұндай мәліметтер бар болса) он және одан көп дебет карточкаларын ұстаушылар болып табылатын;

      3) банктің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалған есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзиті факторының негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелі жоғары елдердің резиденттері болып табылатын;

      4) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты не тұрақты тұруға рұқсаты жоқ (Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын клиенттерге қатысты қолданылады;

      5) мынадай шарттардың бірі болған кезде он төрт жастан жиырма бес жасқа дейінгі адамдар санатына жататын клиенттер:

      банктік шот бойынша жеке тұлғалар арасында жүйелі аударымдар (P2P) жүргізіледі және басқа операциялар жоқ;

      банктік шот бойынша ұялы байланыстың абоненттік нөмірін толықтыру бойынша ірі сомаларға жүйелі төлемдер жүргізіледі;

      банктік шот бойынша көрсетілген клиентке не клиенттер санатына (тобына) тән емес қалыптан тыс операциялар жүргізіледі.

      Осы тармақша шеңберіндегі ірі сомалардың жүйелілігі мен мөлшері банктің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады;

      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және "Астана" халықаралық қаржы орталығы тарапынан реттелмейтін цифрлық активтер қызметтерін көрсететін провайдерлердің пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тартылған;

      7) электрондық казино мен интернет-казиноның, сондай-ақ мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, бірыңғай есепке алу жүйесінен тыс букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тартылған.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде (4 және 5) тармақшаларды қоспағанда) көрсетілген клиенттерге қатысты банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін береді, осындай клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады және:

      банк клиенттерінің қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

      күдікті операциялар анықталған кезде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгіленген шараларды қабылдау;

      мониторингті жүзеге асыру және клиенттің операцияларын зерделеу;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қатысты іскерлік қатынастардың мақсаты мен сипатын белгілеу жөнінде шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді жаңарту;

      банктің клиенттері бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жолдау;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда банк клиенттерімен іскерлік қатынастарды тоқтату үшін жауап береді.

      Банк осы тармақтың екінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген клиенттерді мәртебесі және (немесе) кімнің қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне жатқызады және талдау қорытындылары бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейіндегі клиентке қатысты банкте бар мәліметтер мен ақпаратты берген кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шараларды жүргізеді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген клиенттерге қатысты банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін барынша азайту мақсатында ішкі бақылау қағидаларында операциялардың сомасы мен түрлері бойынша лимиттер мен өлшемшарттарды айқындайды және олардың сақталуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      Банк уәкілетті орган қалыптастыратын тізбеге сәйкес электрондық казино мен интернет-казиноның пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын анықтауды және бұғаттауды жүзеге асырады.

      Банк "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайтын, тізбесін уәкілетті орган қалыптастыратын цифрлық активтер биржаларының пайдасына жасалатын төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын анықтауды және бұғаттауды жүзеге асырады.

      Цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына қатысты банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін бағалауды жүзеге асырады. Цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген кезде банк клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде:

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне бағалау жүргізуге;

      клиенттер үшін көзделген тиісінше тексеру жөніндегі шаралардан басқа цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының беделі мен қызметінің сипаты туралы мәліметтерді алу және тіркеу, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті тарапынан оған қатысты шаралар қолдану жөніндегі шараларды қамтитын іскерлік қатынастарды орнату кезінде тиісінше тексеру рәсімдерін жүргізуге;

      банк цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының бүркеме-банктегі шоттарды пайдалану фактілерін анықтаған жағдайларда, цифрлық активтердің платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен іскерлік қатынастарды тоқтатуға;

      құрылтайшылары мынадай:

      қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не тиісінше орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген;

      оған қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын;

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" қаулысымен белгіленген офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген;

      банк басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық деңгейі, есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзиті туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ жоғары тәуекелін білдіреді деп айқындаған шет мемлекеттің аумағында тіркелген, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысымен іскерлік қатынастар орнатудан бас тартуға немесе оларды тоқтатуға);

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының ақшасымен жүргізілетін операцияларды мониторингтеуді жүзеге асыруға және зерделеуге, сондай-ақ қаражатты шетелге, оның ішінде оффшорлық аймақтарға заңсыз шығарудың алдын алуға;

      ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операциялар (бұдан әрі – күдікті операциялар) анықталған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген шараларды қабылдауға;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен іскерлік қатынастарды тоқтатуға;

      банктік шотты толықтыру кезінде цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге;

      ақшамен операциялар бойынша транзакциялар жазбасын сақтауды қамтамасыз етуге және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысын тиісінше тексеру шеңберінде алынған және жиналған құжаттарды, деректерді және (немесе) мәліметтерді кемінде 5 (бес) жыл сақтауды қамтамасыз етуге;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының және оның бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына тиесілілігін және (немесе) қатыстылығын тексеруді жүзеге асыруға;

      күдікті операциялар анықталған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген мерзімдерде қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға қажетті ақпаратты ұсынуға жауап береді.

      Цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен операцияларды жүзеге асыратын банк клиенттеріне қатысты банк Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес клиентті тиісті тексеру және сәйкестендіруді жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен операцияларды жүзеге асыратын банктің клиенттеріне қатысты банк клиенттер күдікті операциялар жасаған және (немесе) клиентті КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейіне жатқызған жағдайларды қоспағанда, біржолғы банк операцияларын жүргізу кезінде 7 000 000 (жеті миллион) теңгеден аспайтын не 7 000 000 (жеті миллион) теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспайтын сомада банк операцияларын жүргізу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған шараларын қолданады.

      Цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен операцияларды жүзеге асыратын банктің клиенттеріне қатысты банк біржолғы банк операцияларын жүргізу кезінде 7 000 000 (жеті миллион) теңгеге тең немесе одан асатын не 7 000 000 (жеті миллион) теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомада тең немесе одан асатын сомада банк операциясын жүргізу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша, клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады және:

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының пайдасына аударымды жүзеге асыру кезінде банк клиенттері қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге;

      күдікті операциялар анықталған кезде Қазақстан Республикасы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген шаралар қабылдауға;

      банк клиенттерінің ақшасымен жасалатын операциялардың мониторингін жүзеге асыруға және зерделеуге, сондай-ақ қаражатты шетелге, оның ішінде оффшорлық аймақтарға заңсыз шығарудың алдын алуға;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда банк клиенттерімен іскерлік қатынастарды тоқтатуға жауап береді.

      Клиенттердің операцияларына қызмет көрсету үшін банк шотын ашу кезінде цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы мынадай құжаттарды ұсынады:

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті берген цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қаржылық қызметтер көрсетуге арналған лицензия;

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде тіркелгенін растайтын тізілімнен үзінді-көшірме;

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының бизнес-жоспары мен бизнес-моделі;

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ қарсы іс-қимыл жөніндегі саясаты;

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының басшысын тағайындау туралы бұйрық;

      цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының атқарушы органы және оның басшысы туралы ақпарат (жеке басын куәландыратын құжат, тұрғылықты жері туралы деректерді растау, ұсыным хаттар, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтер).

      Тиімді ішкі бақылау тиісті басқарушылық бақылауды және бақылау мәдениетін (бақылау ортасын) қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

      Басқарушылық бақылау және бақылау мәдениеті (бақылау ортасы) банктің директорлар кеңесі мен банк басқармасының ішкі бақылау жүйесін құруға және тиімді жұмыс істеуіне бағытталған жалпы қатынасын, хабардар болуын және практикалық әрекеттерін сипаттайды.

      112. Банктің директорлар кеңесі және банктің басқармасы әдеп қағидаттарын, кәсіптік қызметтің және корпоративті басқарудың стандарттарын ұстанудың негізінде басқарушылық бақылауды және бақылау мәдениетін (бақылау ортасын) қалыптастырады, бұл олардың заңнамалық тұрғыдан белгіленген міндеттерімен және жауапкершілігімен жиынтығында банктің осы органдары тарапынан, мыналарды:

      1) банктің стратегиясын, банктің ішкі құжаттарын әзірлеуді және оларды іске асыруды қоса алғанда, банк қызметін ұйымдастыруды;

      2) банк тәуекелдерін басқару жүйелерінің жұмыс істеуін және банк тәуекелдерін бағалауды;

      3) банк операцияларын және басқа мәмілелерді (ұйымдастырушылық құрылым) жасау кезінде өкілеттіктерді бөлуді;

      4) ақпараттық ағындарды басқаруды (ақпаратты алу және беру) және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;

      5) ішкі бақылау жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін бақылауды қоса алғанда, тиісті бақылауды қамтамасыз етеді.

      113. Банк банктің мыналар кіретін, бірақ мұнымен шектелмейтін ішкі бақылау жүйесінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді:

      1) ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру қағидаттары;

      2) қызметкерлердің кәсіби қасиеттеріне қойылатын талаптар;

      3) ішкі бақылауды жүзеге асырудың ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      4) қорғаудың үш желісі негізінде ішкі бақылау жүйесінің қатысушыларын, олардың өкілеттіктерін, есеп берушілік құрылымын нақты анықтаумен жауапкершілігін анықтау;

      5) қорғаудың үш желісі бойынша ішкі бақылау жүйесінің қатысушылары арасында өзара іс-әрекет пен ақпаратпен алмасу ішкі тәртібі;

      6) ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында кемшіліктер анықталған жағдайда банктің ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу ішкі тәртібі.

      Банк ішкі бақылау жүйесін әзірлеу кезінде мынадай қағидаттарды негізге алады:

      басқарудың барлық деңгейінде күнделікті қызмет ретінде барлық құрылымдық бөлімшелерді және банк қызметкерлерін және ішкі бақылау ұйымын ішкі бақылау барысына қатысу;

      банктің барлық бағыттары мен бизнес-процестері бойынша ішкі бақылау қызметінің және бизнес-процестердің және рәсімдерді регламенттеудің барлық бағыттарын ішкі бақылаумен қамту;

      ішкі бақылауды тұрақты негізде (үздіксіздік) жүзеге асыру.

      114. Банк ішкі бақылау жүйесінің қатысушыларын қорғаудың үш желісі негізінде анықтайды:

      1) қорғаудың бірінші желісін банктің құрылымдық бөлімшелерінің өздері қамтамасыз етеді. Құрылымдық бөлімшелер басшылары құрылымдық бөлімшелерде ішкі бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру үшін жауаптылық атқарады;

      2) қорғаудың екінші желісін банктің тәуекелдерді, комплаенс-бақылауды басқару жөніндегі бөлімшелері, заң бөлімшесі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімшесі, қаржылық бақылау функциясын орындайтын бөлімшесі (тұлғалар) және бақылау функцияларын жүзеге асыратын өзге құрылымдық бөлімшелер қамтамасыз етеді;

      3) қорғаудың үшінші желісін ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тәуелсіз бағалау арқылы ішкі аудит бөлімшесі қамтамасыз етеді.

      115. Банк мынадай өзара байланысты элементтерге негізделген ішкі бақылауды жүзеге асыру рәсімдерін әзірлейді:

      1) тәуекелдерді басқаруды бақылау;

      2) бақылау іс-әрекеттері және өкілеттіктерді бөлу;

      3) ақпарат және өзара іс-әрекет;

      4) мониторинг және кемшіліктерді түзету.

      116. Ішкі бақылау жүйесі тұрақты негізде банкке тән тәуекелдерді уақтылы анықтау мен бағалауды және банктің ішкі құжаттарына сәйкес және банктің санкциялық саясатына сәйкес халықаралық, елдік, ұлттықтан жоғары санкцияларды ескере отырып, оларды барынша азайту бойынша уақтылы шараларды қабылдауды бақылауды қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді, бірақ мұнымен шектелмейді:

      1) банктің алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне жағымсыз әсер ететін ішкі факторлардың (банктің ұйымдық құрылымының күрделілігі, оның қызметінің сипаты, қызметкерлердің сапалық мінездемелері, ұйымдастырушылық өзгерістер, кадрлардың тұрақтамауы), сондай-ақ сыртқы факторлардың (банк саласындағы экономикалық жағдайлардың және ахуалдың өзгеруі, технологиялық жаңалықтар) тәуекелдерін бағалау барысында қарау және есепке алу;

      2) тәуекелдерді банк қызметінің жекелеген бағыттары бойынша бағалауды жүзеге асыру;

      3) банктің ішкі құжаттарында жаңа операциялар мен қызмет көрсетулерді регламенттеу болған жағдайда банктің оларды жүргізуі;

      4) банктің тиісті ішкі құжаттарда айқындалған адамдарға (банктің бөлімшелеріне, органдарына) банктің тәуекелдерге ұшырағыштық деңгейіне әсер ететін факторлар туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз ету.

      Ішкі бақылау жүйесі кез келген жаңа немесе бақыланбайтын, оның ішінде жаңа қызметтер мен өнімдерді енгізуге байланысты айтарлықтай тәуекелдердің анықталуына қарай түзетуге ұшырайды.

      117. Бақылау іс-әрекеттеріне мыналар кіреді, бірақ мұнымен шектелмейді:

      1) банктің директорлар кеңесі, банктің директорлар кеңесінің комитеттері және басқармасы ішкі бақылаудың кемшіліктерін, бұзушылықтарын, қателерін анықтау және оларды жою мақсатында жүзеге асыратын бақылау;

      2) құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асыратын бақылау;

      3) материалдық құндылықтардың нақты болуын және оған қол жеткізуді, материалдық құндылықтарды сақтауға арналған үй-жайларды күзетуді қамтамасыз етуді бақылау;

      4) белгіленген лимиттердің сақталуын тексеру;

      5) құқықтар мен өкілеттіктерді келісу және беру жүйесі;

      6) банк операцияларының және мәмілелерінің бухгалтерлік есепте және есептілікте уақтылы және дұрыс көрсетілуін тексеру;

      7) операциялар мен мәмілелерді жасау кезінде банктің саясаттары мен рәсімдерінің сақтауын тексеру.

      Міндеттерді бөлу шеңберінде бақылау іс-әрекеттері мүдделер қақтығысын және оның пайда болу жағдайларын, заңсызіс-әрекеттерді жасауды азайтуға, сондай-ақ сол бір құрылымдық бөлімшеге және (немесе) қызметкерге:

      банк операциялары мен басқа мәмілелерді жасауға және бір мезгілде олардың есепте көрсетуді жүзеге асыруға;

      ақшаны төлеуге санкция беруге және банктің ішкі құжаттарында белгіленген лимиттерді ескере отырып, оларды нақты төлеуді жүзеге асыруға;

      банк клиенттерінің шоттары бойынша және банктің меншікті қаржылық-шаруашылық қызметін көрсететін шоттар бойынша операциялар жүргізуге;

      кредит беру кезінде ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және толықтығын бағалауға және кредиттің қайтарылуын мониторингтеуді жүзеге асыруға;

      мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін қызметтің кез келген басқа салаларында іс-әрекет жасауға мүмкіндік беруді болдырмауға мүмкіндік береді.

      Банктің операцияларына байланысты бақылаудың мынадай әдістері қолданылады:

      қосарланған бақылау ("төрт көз" және "бірлесіп қол жеткізу" қағидаты).

      "Төрт көз" қағидаты бір қызметкердің жұмысын операцияны есептеудің, санкция берудің және құжаттандырудың дұрыстығын тексеруге екінші қызметкерді тарту мақсатында басқа қызметкердің тексеруін (мақұлдауын) талап етеді.

      "Бірлесіп қол жеткізу" қағидаты 2 (екі) немесе одан көп қызметкердің құндылықтардың және құжаттардың нақты қорғалуы үшін бірдей шамада жауаптылық атқаратын рәсімді жорамалдайды. Жауапкершілік банктің тиісті ішкі құжатында белгіленеді және барлық қызметкерге жіберіледі;

      операцияларды талдау.

      Операцияның дұрыс емес немесе санкция берілмеген операцияны ескерту тұрғысында алдын ала талдау.

      Санкция берілмеген операцияны жүргізу фактісін ашу мақсатында оны жүргізгеннен кейін талдау.

      Талдаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін талдауды жүзеге асырушы адам осы операцияны жүргізетін қызметкерлерден тәуелсіз болуы қажет;

      банк басшылығын банк жұмысының көрсеткіштері, қаржылық жағдайлары және бюджеттен ауытқулар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған операциялардың нәтижелері туралы есептер;

      банк қызметкеріне қателерді бақылау және анықтау тәсілдерін үйрету;

      деректердің қорғалуын қамтамасыз ету;

      қызметкерді қателерден қорғауды қамтамасыз ету;

      қателерді уақтылы анықтау мақсатында олардың болуын тексеру.

      118. Ішкі бақылау тұрғысынан алғанда қаржылық, операциялық сипаттағы дәйекті және толық ақпараттың және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, валюталық заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, әлеуметтік қорғау туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының белгіленген нормативтік талаптарының сақталуы туралы мәліметтердің, сондай-ақ шешімдер қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар туралы келіп түсетін сыртқы нарықтық ақпараттың болуы қамтамасыз етіледі. Ақпаратты жинау, талдау және оны мақсаты бойынша тапсыру:

      1) банктің директорлар кеңесін, банктің басқармасын және тиісті ішкі құжаттарда белгіленген адамдарды (банктің бөлімшелерін, органдарын) шешімдер қабылдау және өздерінің міндеттерін орындау үшін ақпаратпен;

      2) банк ішінде және одан тыс ақпараттың тұтастығын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық ағындардың болуын;

      3) банктің ақпараттық ағындарының және ақпараттық қауіпсіздігінің басқарылуын барабар бақылауды қамтамасыз етуді болжайды.

      Ақпараттық жүйелердің және техникалық құралдардың жұмыс істеуін ішкі бақылау олардың қорғалуын, үзіліссіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін ақпараттық-технологиялық жүйелерді бақылауды көздейді.

      Ішкі бақылау тұрғысынан алғанда банктің барлық операцияларын және мәмілелерін міндетті есепке алу қамтамасыз етіледі.

      Банктің қаржылық ақпаратының уақтылылығын, дәйектілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз етуді бақылау мыналарды тексеруді талап етеді (олармен шектелмейді):

      банкте бухгалтерлік есептің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы заңнамасына және ХҚЕС-ке сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерін;

      банкте бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша ішкі құжаттың болуын;

      бухгалтерлік есепте операциялар мен оқиғаларды хронологиялық және уақтылы тіркеуді қамтамасыз етуді;

      әрбір операциялық күн соңындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікті қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді;

      синтетикалық (қорытынды) есептің талдау (егжей-тегжейлі) есепке сәйкес келуін;

      санкциялау немесе операцияларды қаржылық есептілікте көрсету барысына тартылмаған қызметкерлердің бухгалтерлік жазбаларды тұрақты тексеруді жүзеге асыруын;

      бастапқы құжаттар негізінде бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыруды және бастапқы құжаттардың тиісінше ресімделуін және сақталуын қамтамасыз етуді.

      119. Банктің ішкі бақылау жүйесін мониторингтеуді тұрақты негізде қорғаудың бірінші және екінші желілері, сондай-ақ банктің басқармасы жүзеге асырады.

      Ішкі бақылаудың маңызды кемшіліктері туралы банктің директорлар кеңесіне хабарланады.

      Ішкі аудит бөлімшесі ішкі бақылаудың тиімділігін бағалайды.

      Тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады.

      120. Банктің ішкі бақылау жөніндегі басқарушылық есептілігінде ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында анықталған маңызды бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы, сондай-ақ оларды жою жөнінде қабылданған шешімдердің немесе шаралардың нәтижелері туралы ақпарат қамтылады.

13-тарау. Ішкі аудит

      121. Банк банк операцияларының стратегиясын, ұйымдастырушылық құрылымын, активтердің көлемін, сипатын және күрделілік деңгейін ескеретін ішкі аудиттің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ішкі аудит бөлімшесі, өз қызметінде тәуелсіз, банктің директорлар кеңесіне есеп беретін нақты белгіленген өкілеттіктерге ие. Ішкі аудит бөлімшесінде өз функциялары мен міндеттерін объективті және сапалы орындау үшін жеткілікті ресурстар мен өкілеттіктер бар.

      Банк ішкі аудит басшысы лауазымына кандидатты тағайындау туралы шешім қабылдағанда, кандидаттың мынадай талаптардың біріне сәйкестігін тексереді:

      экономика және (немесе) қаржы және (немесе) ішкі аудит және (немесе) тәуекел-менеджмент және (немесе) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау саласында кемінде 5 (бес) жылды құрайтын жұмыс стажы;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында кемінде 5 (бес) жылды құрайтын жұмыс стажы.

      Ішкі аудит бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлерінің басқа лауазымдары жоқ, банктің алқалы органының мүшесі болып табылмайды және банктегі және (немесе) еншілес ұйымдардағы міндеттерді қоса атқармайды.

      Ішкі аудит бөлімшесі өз қызметінде ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын басшылыққа алады.

      122. Банктің директорлар кеңесі және ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет ішкі аудит бөлімшесі жұмысының тиімділігін төмендегілер арқылы арттыруға ықпал етеді:

      1) ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне жүйелерге, банктің алқалы органдарының жазбалары мен отырыстарының хаттамаларына қолжетімділікті қоса алғанда, банктің кез келген құжатына, ақпаратына және объектісіне шектеусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      2) ішкі аудит бөлімшесінің ішкі бақылау жүйесінің, тәуекелдерді басқару жүйесінің, банк қызметінің барлық бағыттарындағы корпоративті басқарудың тиімділігін тәуелсіз бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      3) ішкі аудиторларға этика кодексін және Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын сақтау талаптарын белгілеу;

      4) ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне өз лауазымдық міндеттерін орындауы үшін банк қызметі және ішкі аудит әдістері туралы жеткілікті білімінің, қажетті және жеткілікті ақпаратты жинау дағдыларының болуы, талдай және бағалай білуі бойынша талаптарды белгілеу;

      5) банк басқармасы үшін аудиттік тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын уақтылы және тиімді іске асыру талаптарын белгілеу;

      6) банктің тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін мерзімді түрде бағалауды жүргізуді, бухгалтерлік есеп жүргізу ішкі тәртібін, қаржылық және реттеуші есептілікті, комплаенс-тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау жүйесін құру және тұтастығын қамтамасыз ету талаптары.

      Ішкі аудит бөлімшесі корпоративтік басқару, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігіне тәуелсіз, жан-жақты бағалау жүргізеді.

      Ішкі аудит бөлімшесі өз жоспарлары мен іс-әрекеттерін әзірлеу кезінде тәуекелдерге негізделген тәсілді қолданады, банк қызметіне тән тәуекелдер туралы тәуелсіз, негізделген пікір қалыптастырады, ішкі процестерге тиісті баға береді.

      123. Ішкі аудит бөлімшесінің тиімді қызметі мынадай қағидаттарға негізделген:

      1) мыналар арқылы қол жеткізілетін тәуелсіздік пен объективтілік:

      банктің кез келген бөлімшесінде және тәуекелге негізделген тәсіл негізінде қызметтің кез келген саласында аудит жүргізу;

      ішкі аудит бөлімшесінің ішкі бақылау шараларын әзірлеуге, енгізуге және қолдануға қатыспауы;

      ішкі аудит бөлімшесі қызметкерлерінің қызметіндегі мүдделер қақтығысының болмауы;

      орындалатын міндеттерді ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлері арасында, егер мүмкін болса, қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіпқойлығына нұқсан келтірместен ауыстыру;

      ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне сыйақы төлеу мен банктің құрылымдық бөлімшелері қызметінің қаржылық нәтижелері арасында байланыстың болмауы. Ішкі аудит бөлімшесінің басшысына және қызметкерлеріне сыйақы төлеу мүдделер қақтығысының туындауын болдырмайтындай және ішкі аудит бөлімшесінің тәуелсіздігі мен объективтілігіне күмән келтірмейтіндей етіп белгіленеді;

      ішкі аудит бөлімшесінің есептерін директорлар кеңесі мен ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитеттің қарауына, осындай есептерді банк басқармасына – түзету құқығынсыз танысу үшін ұсыну;

      ішкі аудит бөлімшесі басшысының лауазымға тағайындайтын, оның қызметін бақылайтын және қажет болған жағдайда жұмыстан босату туралы шешім қабылдайтын банктің директорлар кеңесіне тікелей есеп беруі;

      ішкі аудит бөлімшесінің басшысын қызметінен босату туралы шешім туралы ақпарат уәкілетті органға жіберіледі. Уәкілетті органнан сұрату түскен жағдайда, банк осындай шешім қабылдау себептерін түсіндіреді;

      2) төмендегі сипаттамаларға сәйкес келетін кәсіби құзыреттілік және кәсіби абайлаушылық:

      ішкі аудит бөлімшесі қызметкерлерінің ақпаратты жинау және қабылдау, анықталған фактілерді тексеру және бағалау және ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлерімен өзара әрекеттесу қабілеті;

      ішкі аудит бөлімшесі басшысының қызметкерлер штатын жинақтау және қажетті дағдылар деңгейін үнемі бақылау мен бағалау жауапкершілігі;

      ішкі аудит бөлімшесі қызметкерлерінің және (немесе) кәсіби құзыреттілік талаптарына сәйкес келетін, тартылатын сыртқы сарапшылардың біліктілігі мен дағдыларының деңгейі және банк қызметінің тексерілетін бағыттарына ішкі аудитті тиісті деңгейде жүргізу мүмкіндігі;

      ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерге сәйкес біліктілікті арттыру;

      3) мынадай қағидаттарға сәйкес келетін кәсіби этика:

      ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлерінің өз міндеттерін адал орындауы, олардың жауапкершілігі, әдептілігі мен адалдығы;

      лауазымдық міндеттерін орындау барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау;

      мүдделер қақтығысын болдырмау. Банк қызметкерлері қатарынан қабылданған ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне олар жұмыс істеген бөлімшеге аудит жүргізуге ішкі аудит бөлімшесіне ауыстырылған күннен бастап келесі 12 (он екі) ай ішінде рұқсат етілмейді;

      ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлері ішкі құжаттардың, Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын орындайды.

      124. Банк қызмет тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені бекітеді. Ереже мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) ішкі аудит бөлімшесінің банктегі мәртебесі, өкілеттіктері, міндеттері және банктің басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимыл ішкі тәртібі;

      2) ішкі аудит бөлімшесінің міндеттері мен қызмет саласы;

      3) ішкі аудит бөлімшесінің атқарылған жұмыс нәтижелері туралы директорлар кеңесіне, басқармаға және банктің басқа да мүдделі бөлімшелеріне хабарлау міндеттері;

      4) ішкі аудит бөлімшесі кеңес беретін шарттар;

      5) ішкі аудит бөлімшесі басшысының жауапкершілігі мен есептілігі;

      6) ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын басшылыққа алуға қойылатын талаптар;

      7) ішкі аудит бөлімшесінің банктің сыртқы аудиторымен өзара әрекеттесу процедуралары;

      8) ішкі аудит бөлімшесінің қызмет барысындағы өкілеттіктері (оның ішінде банктің және оның еншілес ұйымының кез келген бөлімшесі мен қызмет түрін тексеру, банк құжаттарына, мәліметтеріне, материалдық объектілеріне, басқарушылық есептілікке, барлық отырыстар мен мәжілістердің жазбалары мен хаттамаларына, қабылданған шешімдерге шектеусіз қолжетімділік).

      125. Ішкі аудит бөлімшесінің қызмет саласы мынадай бағалауды қамтиды:

      1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі;

      2) банктің саясаттары мен рәсімдерінің тиімділігі;

      3) бухгалтерлік есеп жүйесі мен ақпараттың сенімділігі;

      4) басқарушылық есептілік жүйесінің дұрыстығы, тиімділігі және тұтастығы (оның дәйектілігін, дәлдігін, толықтығын, қолжетімділігін, құпиялылығын және деректердің жан-жақты сипатын қоса алғанда);

      5) активтер мен капиталдың сақталуы.

      126. Ішкі аудит бөлімшесінің қызметі банк қызметін реттеудің барлық мәселелерін жеткілікті дәрежеде қамтиды (тәуекелдерге негізделген тәсіл негізінде), атап айтқанда:

      1) тәуекелдерді басқару, оның ішінде:

      құрылымдық бөлімшелердің міндеттерін қоса алғанда, тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыруды бағалау;

      банк қызметінің тәуекел дәрежесі стратегиясына және тәуекел дәрежесін анықтау рәсімдеріне сәйкестігін бағалау;

      тәуекелдерді басқару шеңберінде қабылданған мәселелер мен шешімдер туралы ақпараттандыру және тарату ішкі тәртібінің тиімділігін бағалау;

      анықтауды, бағалауды, мониторинг пен бақылауды, әрекет етуді, банк қызметінде туындайтын тәуекелдер туралы есеп беруді қоса алғанда, тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігін бағалау;

      дәлдігін, дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару шеңберінде қолданылатын ақпараттық жүйелерде мәліметтерді құру процесін бағалау;

      тәуекелдерді бағалау модельдерінде пайдаланылатын тәсілдердің реттілігін, дереккөздердің өзектілігін, тәуелсіздігі мен дәйектілігін тексеруді қоса алғанда, осы модельдерді бекіту және пайдалану процесін бағалау.

      Егер тексеру барысында ішкі аудит бөлімшесі тәуекелдерді басқару бөлімшесінің (бөлімшелерінің) теріс қорытындысы болса да, банк басқармасының шешімдер қабылдауының маңызды фактілерін анықтаған болса, мұндай фактілерді ішкі аудит бөлімшесі банктің директорлар кеңесіне жібереді;

      2) ішкі бақылау жүйесі, оның ішінде:

      ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыруды тексеру;

      ішкі бақылау процесстері мен рәсімдерін бағалау;

      ішкі бақылау бойынша басқарушылық ақпараттың дәйекті, толық және уақтылы болуын бағалау;

      3) капитал мен өтімділік жеткіліктілігі, оның ішінде:

      капитал мен өтімділік жеткіліктілігін, капитал, өтімділік және міндетті нормативтерді сақтай отырып, банк қабылдайтын тәуекелдер арақатынасының барабарлығын бағалаудың ішкі процесстерінің тиімділігін бағалау;

      стресс-тесттерді, тестілеу міндеттерін өткізу реттілігін, сценарийлер мен қолданылатын жорамалдардың нақтылығын, процесстердің дәйектілігін ескере отырып, капитал мен өтімділік деңгейінің стресс-тестілеу процесстерін бағалау;

      4) реттеуші және басқарушылық есеп.

      Ішкі аудит бөлімшесі тәуекелдерді басқару және банк басшылығы мен уәкілетті орган үшін есептілікті дайындау процесстерінің тиімділігін бағалайды;

      5) комплаенс-тәуекел.

      Комплаенс-тәуекелді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін басқару процесстері мен рәсімдерінің тиімділігін бағалау;

      6) қаржы блогының қызметі:

      қорытынды қаржылық деректердің барабарлығын, дәлдігі мен толық болуын және негізгі деректерді, оның ішінде қаржылық нәтижелерді кейіннен жіберуін қамтамасыз ету, қаржы құралдарын бағалау және олардың құнын төмендету тұрғысынан қорытынды қаржылық деректерді қалыптастыру процессін бағалау;

      баға белгілеу модельдерінде пайдаланылатын тәсілдердің реттілігін, дереккөздердің өзектілігін, тәуелсіздігі мен дәйектілігін тексеруді қоса алғанда, осы модельдерді бекіту және пайдалану процесін бағалау;

      операцияларды жүзеге асыру қағидалары бұзушылығына жол бермеу және оларды анықтау үшін қолданыстағы бақылау тетіктерін бағалау;

      банктің тәуекел бейініне, сыртқы ортаға және ең төменгі реттеуші талаптарға сәйкес келу тұрғысынан өтімділік, валюта және пайыздық мөлшерлеме бойынша банктік позицияларды өлшеу және мониторингі бойынша банктің рәсімдерін бағалау;

      тексеру барысында банк транзакцияларының саясаттарына сәйкес келу тұрғысынан оларды іріктеп тестілеу және осы транзакцияларға қатысты ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалау;

      бухгалтерлік есеп жүргізу процесстерінің, оның ішінде бақылау рәсімдерінің тиімділігін бағалау.

      127. Аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша ішкі аудиттің нәтижелері туралы есеп жасалады, онда мыналар қамтылады, бірақ мұнымен шектелмейді:

      1) аудиторлық тексеруді жүргізудің мақсатын, көлемін, мерзімдерін қоса алғанда, жалпы ақпарат, тексеруші топтың құрамы туралы мәлімет;

      2) бұзушылықтар мен кемшіліктерді туындатқан себептерді және олардың банк қызметіне әсерін көрсете отырып, тексеру барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің тізбесі;

      3) анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыным;

      4) аудиторлық есеп жіберілетін адамдар тізбесі.

      Ішкі аудиттің нәтижелері туралы есеп танысып шығу үшін банктің басқармасына жіберіледі, анықталған маңызды фактілер мен жасалған қорытындылар банктің аудит мәселелері жөніндегі комитетінің және директорлар кеңесінің қарауына жіберіледі.

      128. Ішкі аудит бөлімшесінің басшысы тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде аудиторлық тексерулердің жыл сайынғы жоспарын дайындауға жауап береді, онда мыналар қамтылады, бірақ мұнымен шектелмейді:

      1) аудиттің мақсаты және ауқымы;

      2) аудитке жататын бағыттар;

      3) аудиті жүргізу мерзімдері;

      4) қажетті кадр және өзге ресурстар.

      Аудиторлық тексерулердің жыл сайынғы жоспары тәуекелдерді бағалауымен негізделеді және қажет болса жыл ішінде қайта қаралады.

14-тарау. Аутсорсинг

      129. Жекелеген операцияларды орындау және (немесе) бизнес-процесстерді жүзеге асыру үшін аутсорсингке сыртқы мердігерлер тартылған жағдайда банктің директорлар кеңесі сыртқы мердігерлерді тарту нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді басқарудың тиімді қағидаттары мен тәжірибелерінің болуын қамтамасыз етеді. Сыртқы мердігерлерді тарту жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) аутсорсингке қандай функциялар және қалай жіберілетінін айқындау рәсімдері;

      2) әлеуетті контрагенттерді таңдау кезінде компанияның қаржылық жай-күйінің сенімділігін тексеруін жүзеге асыру процесстері;

      3) сыртқы мердігерлер меншігінің құрылымын, конфиденциалдылық талаптарын ескеретін және келісімшарттарды бұзу құқықтарын көздейтін сыртқы мердігерлермен келісімшарттар жасасудың сенімді қағидаттары;

      4) қызметтер көрсету көзінің қаржылық жағдайын ескеретін осындай келісімшарттарды жасауға байланысты тәуекелдерді басқару және мониторингін жүргізу;

      5) банкте және қызметтер көрсететін ұйымда тиімді бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

      6) төтенше жағдайлар туындаған кезде тиімді жоспарлар әзірлеу;

      7) қызметтер көрсететін ұйым мен банктің арасында міндеттерді нақты бөле отырып, қызметтер көрсету туралы кешенді келісімшарттарды және (немесе) шарттарды орындау.

15-тарау. Кепілмен қамтамасыз етуді басқару

      130. Банк стратегияны, ұйымдық құрылымды, активтердің көлемін, банк бизнесі күрделілігінің сипаты мен деңгейін ескеретін кепіл қызметі бөлімшесінің қызмет етуін қамтамасыз етеді. Кепіл қызметі бөлімшесінің анық айқындалған өкілеттіктері бар. Кепіл қызметі бөлімшесінің ресурстарын банк өзінің функциялары мен міндеттерін орындау қажеттілігін ескере отырып, объективті және сапалы түрде айқындайды.

      Кепіл қызметі бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері олардың кепілдерді бағалау жөніндегі міндеттері мен оларға жүктелген кез келген басқа да міндеттерінің арасында мүдделер қақтығы туындауы мүмкін болатын уақытта өзге де құрылымдық бөлімшелерде қызметтер атқармайды.

      Кепіл қызметінің бөлімшесі өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және бағалау стандарттарын және (немесе) халықаралық бағалау стандарттарын басшылыққа алады.

      131. Банктің ішкі құжаттары:

      1) кепіл қызметі бөлімшесінің қарыз беру және кредиттік тәуекелді басқару туралы шешімдер қабылдау шеңберінде кепілге ішкі бағалау жүргізуге қойылатын талаптарды;

      2) бағалау қызметі және бағалау жүргізу әдістері туралы жеткілікті білімнің, қажетті және жеткілікті ақпарат жинау дағдыларының, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін талдау және бағалау жүргізу қабілетінің болуы бойынша кепіл қызметі бөлімшесінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды;

      3) кепіл қызметінің тиімділігіне мерзімді бағалау жүргізу талаптарын белгілеу кепіл қызметі бөлімшесі жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

      132. Кепіл қызметі бөлімшесінің тиімді қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің қызметінде мүдделер қақтығысының болмауы;

      2) кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің сыйақысы мен банктің өзге құрылымдық бөлімшелері қызметінің қаржылық нәтижелері арасында байланыстың болмауы. Кепіл қызметі бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері сыйақысының сыйлықақы бөлігі мүдделер қақтығысының туындауын болдырмайтындай және кепіл қызметі бөлімшесі қызметінің объективтілігіне күмән келтірмейтіндей етіп белгіленеді;

      3) кепіл қызметі бөлімшесі қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі (кепіл қызметі бөлімшесінің басшысында бағалаушылар палатасы берген "бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәліктің және "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушылар палаталарының біріне мүшелігінің болуы).

      133. Банк қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында кепіл қызметінің бөлімшесі туралы ережені әзірлейді. Ереже төмендегілерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) банктегі кепіл қызметі бөлімшесінің мәртебесі, өкілеттіктері, міндеттері және банктің өзге бөлімшелерімен өзара іс-қимылдың ішкі тәртібі;

      2) кепіл қызметі бөлімшесінің міндеттері мен қызмет саласы;

      3) кепіл қызметі бөлімшесінің жауапкершілігі мен есептілігі;

      4) ұлттық бағалау стандарттарын сақтау туралы талаптар;

      5) кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналын жүргізу туралы талаптар.

16-тарау. Жеке тұлғаларға қаржылық қызметтер көрсету кезінде алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару

      134. Банктің Директорлар кеңесі нарықтық жағдайға, стратегияға, активтер көлеміне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және банктік қызметтерді пайдаланған кезде алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында тиімді анықтауды, өлшеуді, мониторинг жасауды және бақылауды қамтамасыз етеді және мыналарды:

      1) алаяқтықпен және заңсыз оқыс оқиғалармен күрес жөніндегі саясат пен рәсімдерді;

      2) басқарушылық есептілік жүйесін;

      3) ақпараттық технологияларды, оның ішінде банктің антифрод-жүйесін қамтиды, олармен шектелмейді.

      135. Алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару шеңберінде бөлімшелердің функцияларына мыналар кіреді, олармен шектелмейді:

      1) алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару жүйесін әзірлеу, енгізу және дамыту;

      2) банктің алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, ол мыналарды ашады, олармен шектелмейді:

      ресурстарға қажеттілікті анықтау, оның ішінде алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл процестерін іске асыру үшін қажетті бюджетті айқындау;

      алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл бойынша талап етілетін іс-шаралардың мерзімдері мен оларды іске асыруға жауаптыларды көрсете отырып, осындай іс-шаралардың сипаты;

      3) сыртқы қызмет көрсету арналарында және банк қызметкерлері жасаған банк клиенттеріне қатысты алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимылдарды әзірлеу және алдын алу тәсілдерін, модельдерін, технологиялары мен процестерін енгізу;

      4) алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл процестерін және қаржы өнімдерін және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсынудың цифрлық арналарын енгізу, қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және үздіксіз жақсартып отыру;

      5) бизнес-процестерді және енгізілетін қаржы өнімдерін және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдері тұрғысынан бағалау;

      6) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдері деңгейіне мониторинг;

      7) қаржы өнімдерін және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл саласындағы реттеушілік талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету, банктің ішкі құжаттарында бақылау рәсімдерін белгілеген кезде әзірлеу және кейіннен әдіснамалық қолдау көрсету;

      8) сыртқы және ішкі деректерді анықтау және талдау, сондай-ақ алаяқтықтың және заңсыз оқыс оқиғалардың жаңа схемаларының алдын алу;

      9) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операциялардың типологиясын әзірлеу;

      10) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операцияларды жүзеге асыратын адамдардың тізімдерін, дропперлердің, алаяқтардың, заңсыз оқыс оқиғаларға байланысты адамдардың тізімін, оның ішінде соңғы күнтізбелік он екі айдағы клиенттер мен олардың операциялары бойынша тарихи мәліметтерді мониторингтеу мен талдаудың негізінде қалыптастыру;

      11) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операциялардың, алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар клиенттердің, қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың іс-қимылының мониторингін жүзеге асыру;

      12) оқыс оқиғалар дерекқорын, оның ішінде Қағидалардың 111-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген клиенттердің операцияларын мониторингтеу, сондай-ақ соңғы күнтізбелік он екі айдағы клиенттер мен олардың операциялары бойынша тарихи мәліметтерді мониторингтеу мен талдау қорытындысы бойынша жүргізу және үздіксіз жаңартып отыру;

      13) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операциялар, алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар, анықталған дропперлер туралы деректерді, оның ішінде соңғы күнтізбелік он екі айдағы мәліметтерді мониторингтеу мен талдау қорытындысы бойынша анықталған деректерді алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығына (бұдан әрі – ҚРҰБ антифрод-орталығы) тәулік бойы режимде беру және пайда болуына қарай жаңа ақпаратпен үздіксіз толтырып отыру;

      14) "Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 54 қаулысына (бұдан әрі - № 54 қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36742 болып тіркелген) сәйкес ҚРҰБ антифрод-орталығымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;

      15) тұрақты (мерзімді) ақпараттандыру арқылы банк клиенттерінің, банк қызметкерлерінің және үшінші тараптардың алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл саласында хабардарлығын арттыруды қамтамасыз ету;

      16) ішкі және сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеу және талдау;

      17) ішкі тексерулерге қатысу, ішкі тексеру нәтижелері бойынша түзету шаралары мен ұсынымдар әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау және ішкі тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар жасау;

      18) алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша алқалы органның шешімдер қабылдауы үшін ұсыныстар дайындау, оның ішінде банк операциялар жүргізу, қарыз беру (қажет болған жағдайда) кезінде алаяқтық тәуекелін бағалаудың меншікті алгоритмдері мен модельдерін орындамаған жағдайда, залалды өтеу немесе кредитті есептен шығару бойынша;

      19) ішкі құжаттарға сәйкес алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін іске асыру туралы, сондай-ақ олардың салдарларын жою туралы басқарушылық есептілікті дайындау және ұсыну кіреді, олармен шектелмейді.

      136. Алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару шеңберінде банк бөлімшелері басшысының біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі таңдалған бизнес модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне сәйкес келеді.

      Алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару шеңберіндегі банк бөлімшелері басшысының тәуелсіздігі төмендегідей айқындалады:

      1) бағыныстылығына қарамастан, алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару шеңберінде банк бөлімшелерінің басшысын банктің директорлар кеңесі тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) басқарманың қатысуынсыз банктің директорлар кеңесіне кедергісіз қол жеткізе алады;

      3) өз міндеттерін орындау үшін қажетті кез келген ақпаратқа қол жеткізе алады;

      4) бас операциялық директор, қаржы директоры лауазымын, банактің операциялық қызметінің басқа да осыған ұқсас функцияларын, ішкі аудит бөлімшесі басшысының лауазымын қоса атқармайды.

      Алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару шеңберінде банк бөлімшелерінің басшысы мен директорлар кеңесі және (немесе) тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитет арасындағы өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады. Алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару шеңберінде банк бөлімшелерінің басшысын қызметтен босату туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органға жіберіледі. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банктің директорлар кеңесі осындай шешім қабылдау себебінің негіздемесін ұсынады.

      Алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару шеңберінде банк бөлімшелерінің басшысы Қағидалардың 135-тармағында айқындалған функциялардың орындалуына жауаптылық атқарады.

      137. Банк бөлімшелері алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін басқару шеңберінде алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін басқару тәртібін анықтайтын ішкі құжат әзірлейді, ол мынадай:

      1) алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерін сәйкестендіру және алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдеріне ұшырағыштықты ерте анықтау индикаторларын айқындау;

      2) бағалаудың сапалық және (немесе) сандық әдістерін қолдана отырып, оның ішінде оларды іске асыру туралы деректер негізінде барлық анықталған алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар тәуекелдерінің ықтималдығы мен салдарларын бағалау;

      3) алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалар мәселелері бойынша клиенттердің жолданымдарын (шағымдарын) қарау рәсімдері;

      4) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар күдікті операциялар бойынша ішкі тергеу жүргізу процестері;

      5) алаяқтықтың және заңсыз оқыс оқиғалардың елеулі тәуекелдерін іске асыру туралы мәліметтерді жинау және сақтау;

      6) алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін қамтитын тәуекелдер тізілімін қалыптастыру;

      7) алаяқтық тәуекелдерін және құқыққа қарсы оқыс оқиғаларды, оның ішінде Интернет арқылы қарыз алушыға күнтізбелік бір күн күн ішінде кепілмен қамтамасыз етілмеген, қосу нәтижесінде сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген екі жүз елу бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын бірнеше тұтынушылық қарыз беру кезінде барынша азайту жөніндегі шараларды әзірлеу;

      8) алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін өңдеу шараларының орындалуын мониторингтеу рәсімдерін қамтиды, олармен шектелмейді.

      138. Банктің антифрод-жүйесі мынадай талаптарға жауап береді:

      1) ҚРҰБ антифрод-орталығымен техникалық ықпалдасуды қамтамасыз етеді;

      2) 12 (он екі) айдағы немесе банк жоғарыда көрсетілген мәліметтерді жинаған сәттен бастап ретроспективті деректерді ескере отырып, бір клиентке, құрылғыға, IP-мекенжайға, телефон нөміріне және (немесе) картаға байланысты алаяқтық немесе заңсызәрекеттер белгілері бар барлық деректер мен күдікті операцияларды автоматты түрде біріктіруді қамтамасыз етеді;

      3) алаяқтық немесе заңсызәрекеттер белгілері бар күдікті операциялар, алаяқтық, заңсыз оқыс оқиғалар, анықталған дропперлер туралы ақпараттың толық көрінісін қамтамасыз етеді, бұл ақпарат инциденттер дерекқорында көрсетіледі;

      4) күдікті белсенділікті анықтау үшін алдын ала берілген сценарий алгоритмдерін, модельдерді және қағидаларды қолданады;

      5) мынадай міндеттерді қамтамасыз етеді:

      № 54 қаулыда көзделген дерекқорлардан алынған мәліметтер негізінде үздіксіз жаңартылып отыратын алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілерімен күдікті операцияларды жүзеге асыратын адамдардың ішкі тізімдерін (бұдан әрі – ҚРҰБ антифрод-орталығы тұлғалар тізімдерін) жүргізу;

      ҚРҰБ антифрод-орталығының тізімдерін қоса алғанда, барлық транзакциялар үшін банктің ішкі тізімдерімен автоматты салыстырып тексеруді;

      қарыз алушының қарызды үшінші тұлғаның шотына аудару туралы өкімі болған кезде алаяқтық белгілері бар күдікті операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар бойынша алушы-банктің ішкі тізімдерінде төлем бенефициарының болмауы туралы алушы-банк тарапынан ҚРҰБ антифрод-орталығы арқылы автоматты растауды қамтамасыз етеді;

      Банктер туралы заңның 58-бабы 5-тармағында көзделген талаптарды сақтау, оның ішінде Қағидалардың 137-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда, сондай-ақ Қағидаларға сәйкес өзге де шаралар қабылдау;

      6) транзакцияны тоқтата тұру және (немесе) қабылдамау мүмкіндігі көзделген;

      7) деректердің сақталуын және қауіпсіздігін, алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар туралы деректермен ақпараттық алмасу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      8) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың белгілері бар күдікті операцияларды анықтау үшін өлшемдерді талдауды және реттеуді, тестілеуді және банктің антифрод-жүйесіне өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.

      9) интернет-ресурстағы жеке кабинет, мобильді қосымша, банкоматтар, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және POS-терминалдар арқылы жүргізілген операцияларды тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді және ішкі банктік және төлем жүйелерімен ықпалдасуын қамтамасыз етеді.

      Антифрод-бөлімше кемінде жарты жылда 1 рет бұрын жасалған, бірақ сол уақытта анықталмаған алаяқтық операцияларды талдайды, міндетті түрде себептерін бағалайды, антифрод-модельдерді түзетеді және нәтижелерді Тәуекелдер комитетіне есеп береді.

      139. Электрондық банктік қызметтерді көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері операция жасалғанға дейін клиенттің іс-қимылын талдау және клиенттің белсенділік бейінін қалыптастыру, ықтимал алаяқтықты көрсететін ауытқуларды анықтау үшін нақты уақыт режимінде цифрлық арналарда (мобильді қосымша, интернет-банкинг) пайдаланушы сессиясын бағалау тетігі ретінде сессиялық антифродтың функционалын қамтиды.

      Сессиялық антифродқа арналған клиенттің белсенділік бейіні банктің ішкі құжаттарына сәйкес қалыптастырылады және серпінді түрде жаңартылады.

      Клиенттің белсенділік бейінін қалыптастыру нәтижелері бойынша банк клиенттерді жоғары, орташа және төмен тәуекел деңгейлеріне жатқызу тәртібі мен өлшемшарттарын айқындайтын банктің бекітілген ішкі құжаттарының негізінде алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғаларға тарту тәуекел деңгейлері бойынша клиенттерді саралауды қамтамасыз етеді.

      Қағидалардың сессиялық антифродтың функционалы және клиенттің белсенділік бейінін қалыптастыру жөніндегі талаптары банк қызметі корпоративтік кредиттеуге бағдарланған банктерге қолданылмайды және жеке тұлғалармен қарыз операциялары банк қызметкерлеріне, банктің корпоративтік клиенттеріне және олармен байланысты банк өнімдеріне қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.

      140. Алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін басқару саясаты мен рәсімдері мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) қызметкерлермен, клиенттермен және үшінші тұлғалармен байланысты алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін бағалау, олар талаптарға сәйкес келмейтін қатынастардың орнауының алдын алуға мүмкіндік береді;

      2) қарауға жататын операциялар тізбесі;

      3) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың белгілері бар күдікті операциялардың, оның ішінде уәкілетті орган белгілейтін алаяқтықтың немесе заңсыз оқыс оқиғалардың өлшемшарттары;

      4) дропперлердің Қағидалардың 141-тармағына сәйкес электрондық банк қызметтерін анықтау және оларды көрсетуді тоқтата тұру тәртібі;

      5) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың белгілері бар күдікті операцияларды жүзеге асыратын адамдардың тізіміне және алаяқтардың немесе заңсыз оқыс оқиғалармен байланысты адамдардың тізіміне қосу және алып тастау өлшемшарттары;

      6) алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін бағалау тәсілдері, әдістері мен модельдері мынадай талаптарға жауап береді:

      бағалаудың сапалық және сандық әдістері;

      тәсілдер, әдістер мен модельдер алаяқтықтың және заңсыз оқыс оқиғалардың жаңа әдістеріне, банк операцияларының күрделілік деңгейіне, сондай-ақ банк процестері мен заңнамадағы өзгерістерге бейімделуі керек;

      транзакциялық және транзакциялық емес деректердегі ауытқуларды, сондай-ақ клиенттер мен қызметкерлердің күдікті операциялар мен алаяқтықты, заңсыз оқыс оқиғаларды білдіруі мүмкін іс-қимылын айқындауға арналған алаяқтықты анықтау жүйелері автоматты түрде тексеруді қамтамасыз етеді;

      7) банк бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі және ҚРҰБ антифрод-орталығының қағидаларына сәйкес деректерді беру;

      8) алаяқтыққа және заңсыз оқыс оқиғаларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлерді мерзімді оқыту және аттестаттау жүргізу тәртібі;

      9) мыналарды қамтитын, олармен шектелмейтін біріздендіру тәртібі:

      клиенттердің, қызметкерлердің және үшінші тұлғалардың есептік деректерінің түпнұсқалығын тексеру;

      ақпараттық активті қорғауды қамтамасыз ету және рұқсатсыз қол жеткізу мен іс-әрекеттерді болдырмау жөніндегі нұсқаулықтар;

      10) банкке әсер ететін алаяқтықтың және заңсыз оқыс оқиғалардың ішкі және сыртқы тәуекелдерін ескеретін алдын алу тәртібі;

      11) мыналарды қамтитын, олармен шектелмейтін анықтау тәртібі:

      клиенттің күдікті әрекеттерін және алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың белгілері бар күдікті операцияларды анықтау үшін қолданылатын дереккөздер;

      алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың белгілері бар күдікті операцияларды анықтау, маңызды оқиғалар немесе транзакциялар, оның ішінде банктің басшы қызметкерлері, бөлімшелері туралы хабарлау үшін енгізілген бақылау жүйелері мен технологиялары;

      алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың белгілері бар күдікті операциялар анықталған кезде бөлімшелер мен қызметкерлердің рөлдері мен міндеттері;

      12) алаяқтықпен немесе заңсыз оқыс оқиғалармен нақты немесе болжамды оқыс оқиғаға ден қою жоспары, ол мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      ден қоюдың үздіксіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмыс режимі;

      транзакцияны тоқтата тұру және қайта бастау немесе қабылдамау жағдайларының тізбесі;

      Банктің клиенттің банктік операциясын сәйкестендіру (аутентификациялау) туралы құжаттық растау тәртібі;

      13) мыналарды қамтитын, олармен шектелмейтін тергеп-тексеру тәртібі:

      банк бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібі;

      мерзімділікті, маңыздылықты бағалау, ақпарат жинау және талдау;

      қабылданған тергеу әрекеттерін құжаттау;

      алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалардың фактісін бағалау және тергеп-тексеру аяқталған күн;

      қабылданған шаралар, оның ішінде егер қолданылса, клиентке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар;

      14) алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғалардың тәуекелдерін басқару жүйесінің тиімділігін, оның ішінде банктің ішкі аудит қызметінің бағалауы.

      141. Банк дропперлерді анықтау және талдау, оларға электрондық банктік қызмет көрсетуді тоқтату және алаяқтық және заңсызәрекеттер белгілері бар төлем операцияларын бұғаттау тәртібін, оның ішінде Ұлттық Банк антифрод-орталығымен өзара іс-қимыл кезінде алынған мәліметтерді ескере отырып, Қағидалардың 104-тармағының бірінші бөлігі 6) тармақшасында көрсетілген автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді, инновациялық технологияларды және рәсімдерді қолдану арқылы анықтайды.

      Дропперлерді анықтау тәртібі қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган бекіткен типологияға сәйкес сипаттамалары бар, оның ішінде мынадай белгілерге сәйкес келетін, олармен шектелмей, клиенттің операцияларын анықтау және талдау рәсімдерін қамтиды:

      1) ҚРҰБ-ның антифрод-орталығы адамдарының тізімдеріне енгізілген немесе ҚРҰБ-ның антифрод-орталығы адамдарының тізімдеріне енгізілген адамдармен күдікті операцияларға қасақана қатысқан банктің клиенттеріне;

      2) алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілерімен күдікті операцияларды жүзеге асыратын адамдардың ішкі тізімдеріне енгізілген адамдармен күдікті операцияларға қасақана қатысқан банктің клиенттеріне;

      3) банктің басқа клиенттерімен бірлесіп ұялы байланыстың бір абоненттік нөмірін пайдаланатын банк клиенттеріне;

      4) банктің басқа клиенттерімен бірлесіп электрондық банк қызметтеріне қол жеткізу үшін бір абоненттік ұялы байланыс құрылғысын не алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғалар белгілерімен күдікті операцияларды жүзеге асыратын адамдардың ішкі тізімдеріне және (немесе) ҚРҰБ антифрод-орталығы тұлғаларының тізімдеріне енгізілген тұлғалардың электрондық банк қызметтеріне қол жеткізу үшін бұрын пайдаланған абоненттік ұялы байланыс құрылғысын пайдаланатын банк клиенттеріне сәйкес келетін;

      5) клиенттің операциясының сипаты және (немесе) өлшемдері, көлемі клиенттің күнделікті тәжірибеде әдетте жасайтын операцияларына сәйкес келмеуі немесе клиенттің белсенділік бейініне сәйкес келмеуі.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларының талаптары банктің клиенті бір абоненттік нөмірді жұбайымен (зайыбымен) немесе жақын туысымен бірлесіп пайдаланған жағдайда, сондай-ақ банк клиенті бір абоненттік байланыс құрылғысын жұбайымен (зайыбымен) немесе жақын туысымен бірлесіп электрондық банк қызметтеріне қол жеткізу үшін пайдаланған кезде қолданылмайды.

      Егер дроппер анықталса және алаяқтық қаупі болса, банк клиенттің электрондық банктік қызметтерін дереу тоқтата тұрады және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабында, № 54 қаулыда көзделген шараларды, оның ішінде алаяқтық белгілері бар төлем операцияларын бұғаттауды тоқтата тұрады. Клиенттің операцияларын қайта бастау электрондық банктік қызметтерге қол жеткізуді бір мезгілде ұсына отырып (қайта бастай отырып) № 54 қаулыда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар дроппер анықталса, банк:

      1) клиентке электрондық банктік қызметтерді ұсынуды дереу тоқтатады және заңсыз оқыс оқиғалар белгілері бар төлем транзакцияларын бұғаттайды;

      2) клиент туралы мәліметтерді, кіріс және шығыс төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша (төлем карточкасын пайдалану арқылы жүргізілетін операциялар бойынша оның ішінде бенефициар банкінің операцияны сәйкестендіруі мақсатында операцияны іске қосқан кезде берілген бірегей сәйкестендіруші көрсетіледі) төлем деректемелерін, ақшаның шығу көзін, клиенттің геолокациясын, IP-мекенжайын, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін, электрондық банк қызметтері көрсетілген жағдайда, олардың көмегімен банктік шот бойынша операциялар жүргізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының өлшемін (сәйкестендіргіш, тілі, уақыт белдеуі), сондай-ақ клиенттің қолданыстағы және жабық төлем карточкалары, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері және клиент бұрын пайдаланған абоненттік ұялы байланыс құрылғысының өлшемдері туралы мәліметтерді көрсете отырып, ҚРҰБ антифрод-орталығының ішкі құжаттарында белгіленген нысандар бойынша ҚРҰБ-ның антифрод-орталығына және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жібереді. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер жіберу қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;

      3) дропперлерге электрондық банк қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тәртібіне сәйкес, оның ішінде адамды № 54 қаулыға сәйкес ҚРҰБ антифрод-орталығының базаларынан алып тастаған кезде электрондық банк қызметтерін көрсетуді қайта бастайды.

      Банк клиенттерді алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғаларға қатысу тәуекелі деңгейі бойынша жіктеу үшін дропперлердің алдын алу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуі тиіс, оған мыналар кіреді, олармен шектелмейді:

      1) клиенттерді тәуекел деңгейіне жатқызу өлшемшарттары мен тәртібі;

      2) әрбір тәуекел деңгейі үшін тексеру шараларының тізбесі;

      3) жауапты қызметкерлер үшін шешім қабылдау тәртібі.

      Клиенттің алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғаларға қатысуының орташа тәуекел деңгейін анықтаған кезде банк өзінің ішкі құжаттарына сәйкес мыналарды қамтамасыз етеді, олармен шектелмейді:

      1) клиенттің белсенділік бейініне сәйкес өлшемшарттарды талдауды қамтитын клиентті және жасалатын операцияларды терең тексеру;

      2) клиентпен әңгімелесу жазбаларын іскерлік қарым-қатынас тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы сақтау.

      Егер клиенттің алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиғаларға қатысу тәуекелі жоғары екені анықталса, банк өзінің ішкі құжаттарына сәйкес мыналарды қамтамасыз етеді, олармен шектелмейді:

      1) ақшаның шығу және тағайындалу көздерін, сондай-ақ клиенттің алаяқтық схемаларға ұшырауын көрсететін факторларды немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен активтерді және (немесе) есептік деректерді заңсыз иемдену мақсатында жасалатын іс-қимылдар салдарынан тексеру;

      2) банк дербес анықтайтын белгілі бір санаттағы операцияларға қол жеткізуден бас тарту немесе шектеу немесе орындаудан бас тарту;

      3) іскерлік қарым-қатынас тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы клиентпен әңгімелесу жазбасын сақтау.

      Банк банк қызметкерлеріне клиенттің алаяқтық немесе заңсыз әрекеттерге қатысу тәуекелінің көрсеткіштері бар операцияларды растау бойынша нұсқаулардың бекітілуін қамтамасыз етеді.

      Клиенттің алаяқтық және заңсыз оқыс оқиғаларға ұшырау қаупінің жоғары деңгейіне жатқызылған банк клиенттеріне қатысты Интернет арқылы тұтынушылық қарыздар беру жөніндегі операцияны шешу немесе қабылдамау туралы шешім мынадай факторлардың жиынтығы кезінде қабылданады:

      1) клиент тарапынан операцияның құжаттық растамасы (әңгіменің жазбасы, клиенттің банк бөлімшесіне жеке келуінің жазбаша растамасы);

      2) мамандандырылған антифрод-бөлімшесінің қорытындысы және банктің қауіпсіздік қызметі жүргізген ішкі тексеру нәтижелері.

      Көрсетілген қорытындылар мен ішкі тексеру материалдарының нысандары мен мазмұны банктің ішкі нормативтік құжаттарында айқындалады.

      142. Ақша жөнелтушінің банкі жеке тұлғалар арасында аударымды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті бенефициар банкімен деректер алмасу тәртібін айқындайды, ол мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      ақша жөнелтуші банк банктің ішкі құжаттарында көзделген тиісті белгілер анықталған кезде бенефициар банкке ақша жөнелтушінің операциясының тәуекел деңгейін бағалау нәтижелері туралы ақпарат жіберуді қамтамасыз етеді;

      бенефициар банкі тиісті белгілер анықталған кезде бенефициар операциясының тәуекел деңгейін бағалауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша жедел ден қою және (немесе) нұсқаулардың орындалуын тоқтата тұру және (немесе) қайтаруды жүзеге асыру.

      Ақша жөнелтуші банк мынадай бір немесе бірнеше белгілер болған кезде деректермен алмасуды қамтамасыз етеді:

      банктің ішкі құжаттарына сәйкес алаяқтық белгілері бар күдіктілік өлшемшарттарының болуы;

      операция өлшемдерінің клиенттің белсенділік бейініне сәйкес келмеуі;

      клиентті алаяқтық схемаға ықтимал тарту фактілері.

      Жөнелтуші банк бенефициар банкіне мыналарды қамтитын электрондық хабарды дереу жібереді:

      операция басталған кезде тағайындалған күн, уақыт және бірегей идентификатор;

      операция сомасы мен валютасы туралы деректер;

      операция бойынша алаяқтық немесе заңсыз оқыс оқиға тәуекел белгілерінің сәйкес келу фактісін анықтау туралы мәліметтер.

      Банктер арасында деректер алмасу жөнелтуші банк пен бенефициар банкі арасындағы банкаралық өзара іс-қимылдың қорғалған қосылуы арқылы мәтіндік форматта жүзеге асырылады. Барлық деректермен алмасу операциялары алаяқтық оқиғаларды тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін банктің ақпараттық жүйесінде тіркеледі.

      Деректерді беруге, қабылдауға және өңдеуге байланысты барлық әрекеттер 5 (бес) жыл бойы есепке алынуға және сақталуға тиіс.

      Жеке тұлғалар арасындағы аударымдарды жүзеге асыру үшін корреспондент банкпен деректер алмасу қағидаларының талаптары банк қызметі корпоративтік кредиттеуге бағдарланған банктерге қолданылмайды және жеке тұлғалармен қарыз операциялары банк қызметкерлеріне, банктің корпоративтік клиенттеріне және олармен байланысты банк өнімдеріне қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.

      143. Банк интернет арқылы банк қарызын берген кезде клиенттің банктік операциясын (банктік операцияларын) сәйкестендіруді (аутентификациялауды) құжаттау рәсімінің ішкі әдіснамасын әзірлейді.

      Құжаттамалық растау тәртібі шеңберінде банкке банк операциясының (банк операцияларының) сәйкестендірілгені (аутентификацияланғаны), дәл тіркелгені, тиісті ақпараттың сақталуын қамтамасыз ететін есепке алу құжаттарына енгізілгені және егер клиент банк операциясын (банк операцияларын) бастағанын жоққа шығарған жағдайда банк ұсынатын электрондық банк қызметінің техникалық іркілісінің әсер етпеу фактілерін растау қажет.

      144. Банк құқық қорғау органдарынан қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныс түскен кезде алаяқтық жағдайларын ішкі тексеру рәсімі бойынша ішкі әдіснаманы, қарыз алушы – жеке тұлғаны банктік қарызды алаяқтық тәсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша, оның ішінде ҚРҰБ антифрод-орталығымен өзара іс-қимыл шеңберінде алынған деректерді не банктің банктік қарыздарды беру кезінде алаяқтықтың жаңа тәсілдерін, түрлерін немесе схемаларын анықтауы бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулыларды әзірлейді.

      Ішкі тексеру шеңберінде банк алаяқтық жасау мән-жайларын анықтауды және талдауды, банк қызметкерлерінің іс-әрекеттерін (әрекетсіздігін) бағалауды, себептер мен осалдықтарды анықтауды, ден қою шараларын қабылдауды, сондай-ақ алаяқтықтың қайталанған жағдайларына жол бермеу жөніндегі шараларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      Ішкі тексеру жүргізу туралы қорытындыда ішкі тексеру нәтижелері және банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес айқындалған нысан бойынша қорытындыны дайындау және бекіту жөніндегі уәкілетті лауазымды адамдар (алаяқтық тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы, комплаенс-қызмет, банктің қауіпсіздік қызметі) туралы мәліметтер қамтылады.

      Қорытынды оқиға анықталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ресімделеді және кемінде 5 (бес) жыл сақталады.

      Банк қорытынды ресімделген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес антифрод-модельдерді түзетуді қамтамасыз етеді.

      Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша банк директорлар кеңесіне ұсыну үшін банктік қарыздар беру кезінде алаяқтық жағдайларын ішкі тексеру бойынша жиынтық басқару ақпаратын қалыптастырады.

      145. Алаяқтық және заңсыз оқиғалар тәуекелдерін басқару бөлімшелері банк қарыздарын беруге байланысты алаяқтық істерінің ішкі аудиттері бойынша басқарушылық ақпаратты банк директорлар кеңесіне жарты жыл сайын ұсынады.

      Басқарушылық ақпаратқа мыналар кіреді, олармен шектелмейді:

      1) алаяқтық және заңсыз оқиғалар тәуекелін бағалау нәтижелері, алаяқтық және заңсыз оқиғалар тәуекеліне бейімділік көрсеткіштері және шекті мәндер мен лимиттердің сақталуы;

      2) алаяқтық және заңсыз оқиғалар типологиясын көрсете отырып, банк өнімі мен төлем түрі бойынша (қажет болған жағдайда) алаяқтық немесе заңсыз оқиғалар көрсеткіштерімен күдікті транзакциялардың сандық және сапалық талдауы;

      3) алаяқтық және заңсыз оқиғаларға жауап ретінде қабылданған шаралар;

      4) ішкі және сыртқы алаяқтық немесе заңсыз оқиғаларға байланысты банктің операциялық шығындары және тұтынушыларға төленген өтемақы сомасы;

      5) банк өнімі мен төлем түрі бойынша алаяқтық және заңсыз оқиғалар туралы есептердің көлемі (қажет болған жағдайда).

      Банк дропперлердің шоттарын пайдалануға байланысты анықталған оқиғалар туралы мәліметтерді қамтитын ішкі есептілікті қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Ішкі есептілікке мынадай көрсеткіштер кіреді, олармен шектелмейді:

      жүргізілген шоттарды бұғаттау саны;

      бұғаттау туралы жалған оң шешімдердің деңгейі;

      оқыс оқиғаларға ден қоюдың орташа уақыты;

      расталған бұзушылықтардың тәуекел индикаторының іске қосылуыларының жалпы санына қатынасы;

      бұғатталған қаражаттың жалпы шығыс айналымынан оларды шығаруға дейінгі үлесі.

      Ішкі есептілікті қалыптастыру және талдау тоқсан сайын жасалады.

17-тарау. Жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау

      146. Клиенттердің құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында банк бірінші қорғаныс желісін құрайтын банктің құрылымдық бөлімшелерінің қандай да бір қызметіне қарамастан қызметіне мыналар:

      1) банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қаржы өнімдерін бақылау сатып алу жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес, банк қызметкерлерінің және уәкілетті агенттерінің банк саясатын және оның клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау рәсімдерін сақтауларына мониторингті жүзеге асыру;

      2) жеке тұлғалардың берешегін реттеу бойынша кредиттік шешімдерді қабылдаудың ішкі тәртібін келісу;

      3) қаржы өнімдерін келісу кезінде тұтынушылар үшін тәуекелдерді талдау;

      4) банктің қаржы өнімдерін ілгерілету және жарнамалау практикаларын талдау;

      5) жолданымдарды, оның ішінде банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді қарау процестерінің, жолданымдарды беру арналарының, оның ішінде интернет-ресурстағы және мобильді қосымшадағы арналардың тиімділігін талдау;

      6) мына мақсаттарда:

      клиенттер үшін басты тәуекелдерді бағалау;

      қызмет көрсетудің және қаржы өнімдерінің сапасын бағалау;

      қаржы өнімдерін ұсыну процестерінде жүйелік қиындықтарды анықтау;

      қаржылық қызметтерді көрсетудің сапасы мен арналарын, жолданымдарды қарау процестерін, оның ішінде банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді қарау процестерін арттыру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында банктік қаржы өнімдері бойынша жолданымдарға сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау;

      7) банктің жыл сайынғы операциялық жоспарларды орындауын мониторингтеу және банктің жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарының деңгейін төмендету бойынша қабылданған шараларының тиімділігін бағалау;

      8) мүдделі бөлімшелерге мыналармен:

      қаржы өнімдерін әзірлеу, ілгерілету, жарнамалау кезінде анықталған кемшіліктермен;

      клиенттерге қызмет көрсету рәсімдерін бұзу және ақпаратты жария етумен;

      кредит беру процесіндегі кемшіліктерімен;

      проблемалық активтерді басқару процестеріндегі кемшіліктермен;

      жолданымдарды, оның ішінде банктік қарыз шартына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді қарау және зиянды өтеу процестеріндегі кемшіліктермен шектелмейтін шараларды қолдану үшін хабар беру;

      9) банк омбудсманы шешімдерінің орындалуын мониторингтеу;

      Ескерту. 146-тармағы 9) тармақшасының осы редакциясы 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтата тұру кезеңіндегі редакциясын осы қаулының 5-тармағынан қараңыз.

      10) директорлар кеңесіне банк клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша басқарушылық есептілікті ұсыну;

      11) уәкілетті органмен банк клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау мәселелері бойынша жедел іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету кіретін бөлімшенің болуын қамтамасыз етеді.

      147. Банк клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін сақтау саясаты мен рәсімдері мыналармен шектелмей:

      1) қаржы өнімдерін ұсыну барысында банк қызметкерлерінің және уәкілетті агенттердің іс-қимыл жасау нормаларын;

      2) қаржы өнімдерін ұсыну рәсімдері және өзара іс-қимылдың барлық кезеңдерінде жария етілуге тиіс ақпарат тізбесін;

      3) банктің уәкілетті агенттерінің тізбесі және банктің уәкілетті агенті арқылы қаржы өнімдерін ұсыну рәсімдерін;

      4) клиенттермен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер мен уәкілетті агенттердің біліктілігіне қойылатын талаптарды;

      5) жосықсыз практикаларды идентификаттау және олардың алдын алу рәсімдерін;

      6) жолданымдар бойынша шешім қабылдау және клиенттерге келтірілген зиянды өтеу процесіне қатысатын банктің лауазымды адамдарының, бөлімшелері мен қызметкерлерінің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктерін;

      7) әрбір қарау сатысында мерзімдерді көрсете отырып, жолданымдар бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтініштер бойынша қарау және шешім қабылдау рәсімдерін қамтиды.

18-тарау. Ақпаратты жария ету

      148. Банк қызметінің ашықтығын арттыру және қаржы нарығының мүдделі қатысушыларына қосымша ақпарат беру мақсатында банк осы қаулыда белгіленген тәртіппен тәуекелдер мен капиталды анықтау, бағалау және басқару жөніндегі әдістер мен рәсімдер туралы мәліметтерді жария етеді.

      Қабылданатын тәуекелдер, тәуекелдер мен капиталды басқару рәсімдері туралы мәліметтер банктің негізгі қызмет түрлері, қабылданатын тәуекелдер туралы қысқаша ақпаратты және қабылданатын тәуекелдер деңгейі туралы түсінік беретін статистикалық деректерді қамтиды. Банк елеулі өзгерістер туралы түсініктеме бере отырып, өзекті және шынайы мәліметтерді түсінікті нысанда ұсынады.

      149. Мәліметтер банкінің тәуекелдерді басқару саясатын жүзеге асыру тәртібін, банк директорлар кеңесі мен басқармасы арқылы тәуекелдік апперетитті анықтау және тәуекелдерді бағалау процесін, сондай-ақ банктің ағымдағы, әлеуетті және ықтимал тәуекелдерін көрсетеді. Қажет болған жағдайда жарияланатын мәліметтерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төралығының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 "Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" туралы қаулысына сәйкес қаржылық есептілікке сілтемелер қосылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген).

      Жария етілетін мәліметтер алдыңғы есепті кезеңдерде жария етілген ақпаратпен салыстырылады және банктің қызметі туралы ақпаратты басқа банктер жария ететін мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік береді.

      Банк қызметіндегі, Қазақстан Республикасы заңнамасындағы немесе қаржы нарығындағы өзгерістерге байланысты алдыңғы есепті кезеңдерде жария етілетін мәліметтермен салыстырғанда жаңа мәліметтер, ағымдағы есепті кезеңде жария етілетін мәліметтердің өзгеруі немесе оларды алып тастау тиісті түсіндірмелерді келтіре отырып ерекшеленеді.

      150. Қабылданатын тәуекелдер, тәуекелдерді басқару рәсімдері туралы мәліметтер жеке құжатпен ұсынылады, жылдық негізде жария етіледі және есепті жылдан кейінгі жылғы 30 шілдеден кешіктірілмей банктің интернет-ресурсында орналастырылады.

      151. Банк меншікті капитал, меншікті капиталдың негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратты жария етеді, ол мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      банктің меншікті капиталды басқару саласындағы өлшемшарттары мен тәсілдері;

      банктің меншікті капиталды басқару саласындағы тәуекелдерді басқару саясатындағы өзгерістер;

      капитал жеткіліктілігін бағалау тәсілдерінің сипаты, капитал жеткіліктілігіне қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ капитал деңгейінің елеулі өзгерістері туралы ақпарат;

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілетін мәндерден төмен азаюы дивидендтер төлеу және акцияларды кері сатып алу бөлігінде банктің бөлінбеген таза табысын пайдалануды шектеуге әкеп соғатын буферлерді ескере отырып, капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндерінің деңгейі туралы ақпарат.

      Буферлерлі ескере отырып, капитал жеткіліктілігі коэффициенттері мәндерінің деңгейі туралы ақпарат Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес гіленген консервациялық және жүйелік буферлерді ескере отырып капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне сәйкес ашылады.

      152. Банк кредиттік тәуекел мөлшері туралы ақпаратты жария етеді, ол мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      кредиттік тәуекелді басқару өлшемшаттары мен тәсілдері, лимиттер, кредиттік тәуекел бейіні, банктің бизнес-моделінің кредиттік тәуекел деңгейіне әсері, оны азайту әдістері, дефолтқа ұшыраған тәуекел көлемін қоса алғанда, кредиттік тәуекел көлемі;

      банк бөлімшелерінің ұйымдық құрылымы, кредиттік тәуекелді басқаруға тартылған бөлімшелердің өзара іс-қимыл рәсімдері;

      директорлар кеңесін, тәуекелдерді басқару комитетін және атқарушы органды кредиттік тәуекел деңгейі туралы хабардар ету кезеңділігі, есептің қысқаша сипаты.

      Банк Қағидаларға 5-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес кредиттік тәуекелге ұшырайтын банк активтері туралы ақпаратты және Қағидаларға 5-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес кредиттік тәуекел туралы ақпаратты ашады. Кестеде меншікті капиталды және меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерін есептеу кезінде ескерілетін қарыздардың, борыштық бағалы қағаздардың және шартты міндеттемелердің баланстық құны көрсетіледі.

19-тарау. Исламдық қаржыландыру

      153. Әмбебап банк лицензиясы бар, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк (бұдан әрі осы бөлімнің мақсаттары үшін – исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк) пен ислам банкі исламдық банк операциялары және өзге де операциялар шеңберінде жүзеге асырылатын (көрсетілетін) операциялар мен мәмілелердің (бұдан әрі осы бөлімнің мақсаттары үшін – операциялар мен мәмілелер) исламдық банк операциялары қағидаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк пен ислам банкі ішкі құжаттарына сәйкес болуын қамтамасыз етуге бағытталған исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің құрылуын және жұмысын қамтамасыз етеді.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тәуелсіз орган болып табылады, оны исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі акционерлерігің жалпы жиналысы көрсетілген банктердің директорлар кеңесінің ұсынымдары бойынша тағайындайды.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мүшелерін тағайындау және босату туралы ақпарат уәкілетті органға исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мүшелерін қызметтен босату кезіндегі себептерді көрсете отырып, тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес кемінде үш мүшеден тұрады.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелері исламдық банк операциялары қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету мүддесі үшін тәуелсіз және объективті, адал және ақылға қонымды әрекет етеді.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мынадай функцияларды орындайды:

      1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі операциялары мен мәмілелерінің, сондай-ақ банктің ішкі құжаттарының, оның ішінде іскерлік әдеп кодексі мен тарифтік саясаттың исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігін олардың енгізілілуінен бұрын немесе жүзеге асырудан бұрын қарау және қорытынды шығару;

      2) операциялар мен мәмілелердің талаптарына өзгерістерді олардың исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      3) операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру кезінде исламдық банк операциялары қағидаттарының сақталуын бақылау;

      4) Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесінің және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі ішкі аудит бөлімшесінің қызметінің нәтижелерін қарау;

      5) исламдық банк операциялары қағидаттарының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде ұсынымдар дайындау;

      6) исламдық банк операцияларына жататын активтер мен міндеттемелерді банктің өзге активтері мен міндеттемелерінен бөлек есепке алуды сақтау мақсатында банктің ақпараттық технологияларының дамыған инфрақұрылымын қамтамасыз ету;

      7) банктің, ислам банкінің исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі саясатын қалыптастыруға қатысу.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесі өз функцияларын орындау мақсатында:

      1) банктің органдары мен құрылымдық бөлімшелерінен операциялар мен мәмілелерге қатысты кез келген құжаттарды, мәліметтерді және ақпаратты сұратады және алады;

      2) қажет болған жағдайда исламдық қаржыландыру саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тартады;

      3) ішкі бақылау немесе ішкі аудит шеңберінде операциялар мен мәмілелерге жоспардан тыс тексерулер жүргізуге бастамашылық жасайды.

      Осы тараудың мақсаттары үшін исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес деп исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес не Қазақстан Республикасының аумағында исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын филиалы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін өзге ұқсас орган да түсініледі.

      154. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесінің қорытындылары исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді қабылдау кезінде ескеруі үшін міндетті болып табылады.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің органдары исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындысына қайшы келетін шешімдер қабылдаған жағдайда, мұндай шешімдерді исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің директорлар кеңесі міндетті түрде қарауға тиіс.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелерін олардың исламдық банк операцияларының қағидаттарын сақтау мәселелері жөніндегі қорытындыларына немесе ұстанымына, сондай-ақ банктің, ислам банкінің органдарымен немесе акционерлерімен келіспеушіліктерге байланысты негіздер бойынша атқаратын лауазымдарынан босатуға жол берілмейді.

      155. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес өз қызметін исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады, ол мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін қалыптастыру және тоқтату тәртібі;

      2) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мүшелерінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

      3) шешімдер қабылдау және қорытындыларды ресімдеу тәртібі;

      4) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша директорлар кеңесімен, басқармамен, комплаенс-бақылау бөлімшесінің және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі ішкі аудит бөлімшесінің өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      5) ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір рет өткізіледі.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және кемінде 5 (бес) жыл сақталуға тиіс.

      156. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі:

      1) ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды;

      2) қажетті ресурстар мен ақпаратқа қол жеткізуді;

      3) операциялар мен мәмілелердің қаржылық нәтижелеріне байланысты емес исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мүшелерінің сыйақысын қоса алғанда, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің тиімді қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің директорлар кеңесіне және акционерлеріне өз қызметі туралы есеп береді, ол мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) қаралған операциялар мен мәмілелер туралы мәліметтер;

      2) исламдық банк операциялары қағидаттарының анықталған бұзушылықтары туралы ақпарат;

      3) операциялар мен мәмілелерді жүргізуді басқару және бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынымдар.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің жылдық есебі исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің жылдық қаржылық есептілігіне енгізіледі.

      157. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк исламдық банк операцияларын жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын активтер мен міндеттемелерді исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің өзге активтері мен міндеттемелерінен бөлек есепке алуды қамтамасыз етеді.

      Бөлек есепке алу Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің бухгалтерлік есебінде, басқарушылық есепке алуда және есептілікте (бухгалтерлік және басқарушылық) жүзеге асырылады.

      Бөлек бухгалтерлік есепті қамтамасыз ету мақсатында исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк мыналарды:

      1) исламдық банк операциялары бойынша жекелеген баланстық және баланстан тыс шоттар жүргізуді;

      2) исламдық банк операциялары бойынша кірістерді, шығыстарды және қаржылық нәтижелерді жеке есепке алуды жүзеге асыруды;

      3) әрбір исламдық банк операциясын бастапқы есепке алу құжаттарынан бастап исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің есептілігіне дейін сәйкестендіруді және қадағалауды қамтамасыз етеді.

      Исламдық банк операцияларының шеңберінде қалыптастырылған активтер мен міндеттемелер исламдық банк операцияларын жүзеге асыру мақсаты үшін ғана пайдаланылады және міндеттемелерді өтеу үшін немесе исламдық қаржыландырумен байланысты емес өзге банк операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылуға тиіс емес.

      Бөлек басқарушылық есепке алуды және есептілікті қамтамасыз ету мақсатында исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк мыналарды:

      1) операциялар мен мәмілелерді бөлек басқарушылық есепке алуды жүргізуді;

      2) операциялар мен мәмілелердің қаржылық нәтижесін әмбебап банк лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын қызметтен бөлек есептеуді;

      3) исламдық қаржы өнімдерінің, операциялар мен мәмілелер тәуекелдерінің, сондай-ақ исламдық банк операциялары үшін қолданылатын капитал мен қорландырудың рентабельділігінің оқшауланған есебін қамтамасыз етеді.

      Басқарушылық есепке алу деректері басқарушылық шешімдер қабылдау және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі ішкі аудит бөлімшесі тарапынан бақылау үшін қолданылады.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк исламдық банк операциялары бойынша бухгалтерлік есептің, басқарушылық есепке алудың және есептіліктің деректерінің келісілуін қамтамасыз етеді.

      Есеп саясатын, әдістемелері мен рәсімдерін қоса алғанда, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің ішкі құжаттары исламдық банк операцияларын бөлек есепке алу тәртібін реттейтін ережелерді қамтиды және олардың исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      Исламдық банк операцияларын бөлек есепке алу тәртібі комплаенс-бақылау бөлімшесі және исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесі тарапынан бақылануға тиіс.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк есептік саясатты, исламдық банк операцияларын бөлек есепке алу тәртібін реттейтін ережелерді қамтитын және олардың исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ететін әдістемелер мен рәсімдерді қоса алғанда, құжаттарды әзірлейді және бекітеді.

      158. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келетін қызмет пен операцияларды жүргізуді көздейтін ұйымдық құрылымды бекітеді және қолданады.

      Ұйымдық құрылым исламдық банк операцияларының ауқымы мен күрделілігін, кадрлармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк инфрақұрылымының болуы мен жеткіліктілігін ескереді.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің ұйымдық құрылымы мынадай үлгілердің бірінің негізінде іске асырылады:

      1) клиенттерге тек операциялар мен мәмілелер бойынша қызмет көрсетуге арналған жекелеген (дербес) филиалдар және (немесе) қосымша үй-жайлар құруды көздейтін оқшауланған модель.

      2) клиенттерге операциялар мен мәмілелер бойынша қызмет көрсететін қызметкерлерді қолданыстағы филиал желісіне және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің қосымша үй-жайларына орналастыруды көздейтін ықпалдастырылған модель.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ұйымдық құрылымы тек қана ықпалдастырлыған модель негізінде іске асырылады.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк ұйымдық құрылымымен ықпалдастырылған модель негізінде операцияларды және мәмілелерді жүзеге асыру мақсатында исламдық банк операциялары саласында қызметкерлерінің тиісті біліктілігі бар клиенттермен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшені құрады. Клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлінген құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері клиенттерге исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келмейтін операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға байланысты емес қызметтерді ұсынбайды. Ұйымдық құрылымы бар исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің өзге құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне ықпалдастырылған модель негізінде осындай қызметкерлер тиісті оқудан өткен жағдайда, сондай-ақ клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлінген құрылымдық бөлімше тарапынан консультациялық сүйемелдеу болған кезде клиенттерге исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкес келетін қаржы өнімдері мен көрсетілетін қызметтерді ұсынуға рұқсат етіледі.

      Исламдық банк операциялары мен мәмілелерді жүзеге асыруға тартылған барлық қызметкерлер үшін кешенді және мамандандырылған оқыту жоспарын әзірлеуді және іске асыруды клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлінген құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

      Оқыту жоспары операциялар мен мәмілелерді жүргізуді және бақылауды жүзеге асыратын барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне қолданылады және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкте исламдық банк өнімдері мен қызметтерін тиісінше ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Оқу бағдарламасы мыналарды ескереді:

      қызметкерлер орындайтын функциялардың (рөлдердің) ерекшелігін ескереді және исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтау үшін орындалатын жұмыстың сипатын ескере отырып, оларды қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз етеді;

      тиісті қызметпен байланысты кредиттік, нарықтық, операциялық және өзге де тәуекелдерді, сондай-ақ исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтамау тәуекелдерін ескереді.

      159. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі қызметі банк операцияларының ауқымына, сипатына, күрделілігіне, сондай-ақ жүзеге асырылатын операциялар мен мәмілелердің көлемі мен ерекшелігіне сәйкес келетін исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесі банктің құрылымдық бөлімшелерінің қандай да бір қызметіне тәуелсіз банктің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оның функциялары сыртқы ұйымдарға аутсорсингке берілмейді.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесі исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің ішкі бақылау жүйесінің элементі болып табылады және банктің органдары, құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асыратын, исламдық банк операциялары қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған банктің күнделікті қызметіне енгізілген процесті білдіреді.

      160. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімшенің басшысы мен қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бойынша бөлімше басшысын лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде кандидаттың мынадай талаптарға сәйкестігін ескереді:

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесі басшысын лауазымға тағайындау туралы шешімі қабылданған кезде кандидаттың мынадай талаптарға сәйкестігін ескереді:

      1) немесе исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің не өзге қаржы ұйымының, оның ішінде операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесінде немесе исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі ішкі аудит бөлімшесінде кемінде 3 (үш) жыл расталған жұмыс өтілінің болуы;

      2) ислам құқығы, исламдық қаржы, исламдық банк ісі немесе ислам экономикасы саласында жоғары білімнің болуы.

      161. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесінің қызметі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

      1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру, исламдық банк өнімдерін әзірлеу кезінде исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтауын қамтамасыз ету;

      2) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің исламдық банк операцияларына жататын активтер мен міндеттемелерді исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің өзге де активтері мен міндеттемелерінен бөлек есепке алуды сақтауын қамтамасыз ету;

      3) исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келмейтін операциялар мен мәмілелерді жүзеге асырудың алдын алу;

      4) банктің ішкі құжаттарының, өнімдерінің, шарттарының, рәсімдері мен процестерінің исламдық банк операцияларын жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      5) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске, банк басқармасына және уәкілетті органға исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтау мәселелері жөніндегі берілетін ақпараттың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету.

      Өз қызметі шеңберінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесі мыналармен шектелмей:

      1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің операцияларды және мәмілелерді жүзеге асыруды реттейтін ішкі құжаттарын олардың исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан әзірлеуге, келісуге және өзектендіруге қатысуды;

      2) исламдық банк өнімдерін, көрсетілетін қызметтерді, шарттар мен мәмілелерді олардың исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан алдын ала және одан әрі бақылауды;

      3) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің ағымдағы операциялары мен мәмілелерін жүзеге асыру кезінде исламдық банк операциялары қағидаттарының сақталу мониторингін;

      4) исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларды анықтау, талдау және құжаттау, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылауды;

      5) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша материалдар, хаттамалар, қорытындылар мен есептер дайындауды қоса алғанда, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасауды;

      6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындылары мен шешімдерінің орындалуын бақылауды;

      7) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтамау тәуекелдерін бағалауға және оларды барынша азайту жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысуды;

      8) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің қызметкерлерін исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша оқытуға қатысуды;

      9) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, ислам банкінің құрылымдық бөлімшелеріне шарттар мен құжаттарға, жарнамалық материалдарға, сондай-ақ исламдық банк операциялары мен банк қызметтеріне қатысты өзге де аспектілерге байланысты мәселелер бойынша исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындылары мен шешімдерінің негізінде консультациялық қолдау көрсетуді, оның ішінде өнімдік нұсқауларды, ішкі саясат және рәсімдерді;

      10) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің жеке хатшылығы болмаған кезде оның отырыстарын дайындауды және ұйымдастыруды, хаттамаларды ресімдеуді, қабылданған шешімдерді тиісті құрылымдық бөлімшелерге (оның ішінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі ішкі аудит бөлімшелеріне) жеткізуді, олардың орындалуын бақылауды, сондай-ақ исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің қорытындылары мен шешімдерін есепке алуды қамтамасыз ете отырып, көрсетілген кеңес хатшылығының функцияларын орындауды жүзеге асырады.

      162. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске есеп береді және операциялар мен мәмілелердің, сондай-ақ банк өнімдерінің исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігі мәселелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру бойынша банк басқармасынан тәуелсіз түрде әрекет етеді.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесінің қызметін регламенттейтін ішкі рәсімдердің болуын қамтамасыз етеді, олар мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтамау тәуекелін анықтау және бағалау тәртібі;

      2) операциялар мен мәмілелерге, өнімдер мен қызметтерге комплаенс-тексерулер жүргізу тәртібі;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      4) тексеру нәтижелерін және анықталған сәйкессіздіктерді құжаттау және сақтау тәртібі;

      5) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша есептілікті дайындау және ұсыну тәртібі.

      163. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесі исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті және банктің басқару органдарын:

      1) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтау бөлігінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер;

      2) жүргізілген тексерулер мен мониторингтеу нәтижелері;

      3) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар;

      4) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтамау тәуекелін34 деңгейі туралы жүйелі түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында және банктің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде және тәртіппен исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесінің қызметіне байланысты құжаттардың, деректер мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі комплаенс-бақылау бөлімшесі қызметінің тиімділігі исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесі тарапынан және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес тарапынан бағалауды қоса алғанда, банктің ішкі бақылау жүйесі шеңберінде мерзімді бағалауға жатады.

      164. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, исламдық банк банктің даму стратегиясын, оның ұйымдық құрылымын, активтер көлемін, жүзеге асырылатын операциялар мен мәмілелердің сипаты мен күрделілік деңгейін ескере отырып, исламдық банк операциялары бойынша ішкі аудитті жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Исламдық банк операциялары бойынша ішкі аудит исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесімен жүзеге асырылады және операциялары мен мәмілелерінің исламдық банк операциялары қағидаттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, исламдық банктің ішкі құжаттарына сәйкестігін тәуелсіз бағалауға бағытталған.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесі өз қызметінде тәуелсіз болып табылады және директорлар кеңесіне және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске есеп береді.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесі объективті және сапалы функцияларын орындау үшін жеткілікті ресурстарға, өкілеттіктерге және ақпаратқа қолжетімділікке ие.

      165. Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінің басшысын тағайындау және қызметінен босату директорлар кеңесінің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісім бойынша қабылдаған шешімімен жүзеге асырылады.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, ислам банкі исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінің басшысы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде кандидаттың келесі талаптарға сәйкестігін тексереді:

      1) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша комплаенс-бақылау бөлімшесінде немесе исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, исламдық банктің исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінде немесе өзге де қаржы ұйымында, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын қаржы ұйымында операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыратын кемінде 3 (үш) жыл расталған жұмыс өтілінің болуы;

      2) бухгалтерлік есеп, банк ісі, қаржы, бизнес, экономика, құқық, исламдық қаржы, исламдық банк ісі немесе ислам экономикасы саласында жоғары білімнің болуы.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінің басшысы мен қызметкерлері банкте өзге лауазымдарды қоса атқармайды, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, исламдық банктің алқалық органдарының мүшелері болып табылмайды және операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға немесе оларға ілесуге қатыспайды.

      166. Операциялар мен мәмілелердің ішкі аудитін жүргізу кезінде ішкі Операциялар мен мәмілелер бойынша ішкі аудитті жүргізген кезде исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесі ішкі аудиттің халықаралық стандарттарына, сондай-ақ исламдық банк операциялары қағидаттарына сүйенеді.

      Директорлар кеңесі, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес және ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет операциялар мен мәмілелер бойынша ішкі аудиттің тиімділігін келесілер арқылы қамтамасыз етеді:

      1) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлеріне исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, исламдық банктің операциялары мен мәмілелеріне қатысты барлық құжаттарға, ақпаратқа, жүйелерге және деректерге, оның ішінде шарттарға, есепке алу жазбаларына және алқалық органдардың шешімдеріне шектеусіз қолжетімділікті ұсыну;

      2) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтауды тәуелсіз бағалауды жүргізу талаптарын белгілеу;

      3) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, исламдық банктің жүзеге асыратын операциялары мен мәмілелері бөлігінде исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінің қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      4) аудит жоспарын бекіту және операциялар мен мәмілелер бойынша аудит нәтижелерін уақтылы қарауды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды бақылауды қамтамасыз ету.

      Исламдық банк операциялары бойынша ішкі аудит тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде жүзеге асырылады және исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтамау тәуекелі туралы тәуелсіз және негізделген пікір қалыптастыруды қамтиды.

      Операциялар мен мәмілелер аудиті бойынша тиімді қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит қызметінің операциялар мен мәмілелерді әзірлеуге, енгізуге және жүзеге асыруға қатыспауымен, сондай-ақ мүдделер қақтығысының болмауымен қамтамасыз етілетін тәуелсіздік пен объективтілік;

      2) исламдық банк операциялары, исламдық қаржы құралдары және шарттар саласында қызметкерлерде жеткілікті білімнің болуын көздейтін кәсіби құзыреттілік және кәсіби ұқыптылық;

      3)адалдық, шыншылдық, құпиялылық және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, исламдық банктің ішкі құжаттарын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасын және Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын сақтауды қамтитын кәсіби этика.

      167. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес операциялары мен мәмілелер бойынша ішкі аудитті жүргізуді реттейтін ішкі құжатты бекітеді, ол мыналарды, шектелмей, қамтиды:

      1) операциялар мен мәмілелер бойынша аудиттің мақсаттары, міндеттері және ауқымы;

      2) операциялар мен мәмілелер бойынша аудиторлық тексерулерді жоспарлау және жүргізу тәртібі;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінің исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      4) операциялар мен мәмілелер аудитінің нәтижелерін құжаттау тәртібі;

      5) анықталған бұзушылықтарды жоюды мониторингтеу тәртібі.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінің қызмет ауқымы мыналарды бағалауды қамтиды:

      1) исламдық банк операцияларының, өнімдер мен шарттардың исламдық банк операциялары қағидаттарына сәйкестігі;

      2) операциялар мен мәмілелер бөлігінде ішкі бақылау және комплаенс-бақылау жүйесінің тиімділігі;

      3) исламдық банк өнімдерін әзірлеу және енгізу процестері;

      4) операциялар мен мәмілелер бойынша кірістер мен шығындарды бөлудің дұрыстығы;

      5) операциялар мен мәмілелер бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығы мен дұрыстығы;

      6) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің шешімдері мен қорытындыларын сақтауды бағалауды қамтиды.

      168. Операциялар мен мәмілелер бойынша аудит жүргізу нәтижелері бойынша исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесі есепті қалыптастырады, ол мыналарды, шектелмей, қамтиды:

      1) аудитті жүргізудің мақсаттары, көлемі мен мерзімдерін;

      2) исламдық банк операциялары қағидаттарын сақтау бөлігінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді сипаттауды;

      3) исламдық банк операцияларының қағидаттарын сақтамау тәуекелінің деңгейін бағалауды;

      4)анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды;

      5) есеп жіберілетін банктің құрылымдық бөлімшелері мен органдары туралы ақпарат.

      Операциялар мен мәмілелер бойынша аудит нәтижелері туралы есептер исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске және исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, исламдық банктің директорлар кеңесіне қарауға жіберіледі, осындай есептерді түзету құқығынсыз танысу үшін – банк басқармасына.

      Исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша ішкі аудит бөлімшесінің басшысы исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеспен келісім бойынша исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, исламдық банктің жылдық аудиторлық тексеру жоспарына исламдық банк операциялары бойынша аудитті тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде енгізуді қамтамасыз етеді.

  Банктер және
Қазақстан Республикасының
бейрезидент банктерінің
филиалдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Тәуелсіздік талаптарына сәйкестігі туралы декларация

      1. Жалпы мәліметтер

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Туған күні


Азаматтығы


Банктың атауы


      2. Деректердің дұрыстығын растау

      Осы декларацияны мен дәйекті мәліметтер негізінде өз еркімен жасадым, оған қол қойылған күнгі істің нақты жағдайын көрсетеді және менің директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкестігімді растау мақсатында ресми пайдалануға арналған "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген банк және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган алдында жүзеге асырылады.

      3. Тәуелсіздік декларациясы

      Осымен декларация беру күніне мыналарды растаймын:

      1) мен банктің орналастырылған акцияларының жалпы санының бір пайызынан астам көлемінде банк акциялары және (немесе) банк акцияларын алу құқығы (базалық активі банк акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздар) түрінде, сондай-ақ банк және (немесе) банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлғадан жалақы түрінде банкте лауазымдық міндеттерді орындағаны үшін сыйақы алмаймын және алған емеспін (алған емеспін), банктің тәуелсіз директоры және (немесе) банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлғаның тәуелсіз директоры лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін алатын сыйақыдан басқа;

      2) мен банктің тәуелсіз директоры болып табылмаймын және бірінші тағайындаудан бастап тоғыз жылдан астам қатарынан болған емеспін (болған емеспін);

      3) мен сенімхат, заңнама, сот шешімі немесе әкімшілік акт негізіндегі өкілеттік бойынша банктің ірі қатысушысының (банктік холдингтің) және (немесе) банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлғаның мүдделерін білдірмеймін және білдірген емеспін (білдірген емеспін);

      4) мен банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлға болып табылмаймын және болған емеспін (болған емеспін);

      5) мен банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылмаймын және болған емеспін (болған емеспін), банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлғаның тәуелсіз директоры лауазымдық міндеттерін орындаудан басқа;

      6) мен тікелей және (немесе) жанама түрде бір пайыздан астам мөлшерде мыналарға ие емеспін және ие болған емеспін (ие болған емеспін): банк акцияларына; банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлға болып табылатын ұйымның акцияларына, қатысу үлестеріне, пайларына немесе өзге де үлестік қатысу нысандарына;

      7) мен лауазымдық міндеттерімді тәуелсіз және объективті орындауға кедергі келтіретін немесе мені басқа тұлғалардың (банктің лауазымды тұлғалары немесе акционерлерінің ішінде) тарапынан дұрыс емес ықпалға ұшыратуы мүмкін басқа мүдделер қақтығысына ие емеспін, өйткені мен және (немесе) менің жақын туыстарым өткенде қандай да бір лауазымдарды атқарған немесе қазіргі уақытта атқарып отыр және (немесе) банк директорлар кеңесінің басқа мүшелерімен және (немесе) банктің атқарушы органымен және (немесе) банкпен ерекше қатынастарда байланысты басқа тұлғалармен жеке, кәсіби немесе коммерциялық қатынастарға ие.

      Мен тәуелсіз директордың тәуелсіздік талаптарына сәйкессіздікке әкелуі мүмкін кез келген мән-жайлардың туындағаны туралы директорлар кеңесін дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      Декларация берілген күні

___ / ___ / ____ күн / ай / жыл)


      Қол қою / Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толық

      Ескертпелер:

      1) тәуелсіздік талаптарына сәйкестік декларациясы тәуелсіз директор тарапынан бір соңғы қаржы жылы үшін беріледі;

      2) 3-тармақтың 1), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында банкпен ерекше қатынастарда байланысты тұлғалар тізбесі тәуелсіздік талаптарына сәйкестік декларациясын толтыру күніне белгіленеді (қазіргі уақытта болған фактілерді анықтау үшін).

  Банктер және
Қазақстан Республикасының
бейрезидент банктерінің
филиалдары үшін
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
  2-қосымша

      Нысан

Банктің тәуелсіз директорларының тәуелсіздік талаптарына сәйкестігі туралы есеп

      Банктің атауы: __________________________________________

      Есепті күн: __________________________________________

      Ұсыну негізі: _____________________________________

      1. Тәуелсіз директорлардың құрамы туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Тағайындалған күні

Өкілеттік мерзімі

Декларацияны алған күні

1





2





3





      2. Тәуелсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеттің қорытындысы
(тәуелсіздік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

Кадрлар және сыйақы мәселелері жөніндегі комитеттің шешімі

Тәуелсіз директорлардың сәйкестігі туралы директорлар кеңесінің есебіне сәйкес тәуелсіздік талаптарына сәйкес келеді/ сәйкес келмейді

Директорлар кеңесінің шешімі
(күні, №)

Ескертпе

1







2







3







      3. Тәуелсіздік талаптарына сәйкессіздіктер туралы мәліметтер (бар болған жағдайда)

      ______________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________________

      4. Банктің жауапты лауазымды тұлғасы

      Лауазымы: __________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): __________________________

      Байланыс деректері: __________________________________

      Қолы:_______________________

      Күні: __________________________

  Банктер және
Қазақстан Республикасының
бейрезидент банктерінің
филиалдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
  3-қосымша

Капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау жөніндегі есептің құрылымы

1-тарау. Капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің жалпы негіздері

      1. Капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің жалпы негіздері төмендегі бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі - КЖБІП) және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі - ӨЖБІП) жалпы жүйесі;

      2) тәуекел дәрежесінің құрылымы туралы ақпарат;

      3) стресс-тестілеу туралы ақпарат;

      4) ақпараттық жүйелер.

      2. "КЖБІП және ӨЖБІП жалпы жүйесі" бөлімі төмендегі кіші бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) қолданыстағы бизнес-модель.

      Қолданыстағы бизнес-модель туралы ақпарат мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      өзінің негізгі қызмет бағыттарын, географиялық аумақтарын, филиалдары мен өнімдерін көрсете отырып, таңдалған бизнес-модельдің;

      кірістіліктің негізгі көрсеткіштері бойынша, оның ішінде банк есептеген коэффициенттер (капиталдың рентабельділік коэффициенті, активтердің рентабельділік коэффициенті) бойынша бөле отырып, банктің пайда табу қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін деректердің;

      реттеуші капиталдың жеткіліктілік серпіні бойынша деректердің;

      активтер мен міндеттемелердің серпіні, оның ішінде қорландыру құрылымы туралы мәліметтердің;

      капитал мен өтімділік жеткіліктілігінің көрсеткіштеріне қатысты ең төменгі нормативтік талаптардың сақталуы туралы деректердің сипатын;

      2) стратегия және бюджет.

      Стратегия мен бюджет туралы ақпарат:

      даму стратегиясының, оның ішінде банк мақсаттарының және оларға қол жеткізу мерзімінің;

      КЖБІП және ӨЖБІП және банктің стратегиясының арасындағы байланыстың сипатын қамтиды, олармен шектелмейді;

      3) тәуекелдерге басшылық ету және басқару жүйесі.

      Тәуекелдерге басшылық ету және басқару жүйесі туралы ақпарат:

      банктің уәкілетті алқалы органдарының жүйесін, тәуекелдерді басқару ережелері мен рәсімдерін қоса алғанда, КЖБІП және ӨЖБІП мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелер арасындағы ұйымдық құрылым мен өзара іс-қимылдың;

      жалпы басқару дағдыларын, білімі мен тәжірибесін қоса алғанда, тәуекелдерді басқару комитеті мүшелерінің құзыреттілік деңгейінің;

      банктің уәкілетті алқалы органдарының КЖБІП және ӨЖБІП мәселелері жөніндегі тұрақты жиналыстарының;

      капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін және өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін сақтау жөніндегі есептің құрылымына (бұдан әрі – Құрылым) қосымшаның 1-сіне сәйкес толтырылатын КЖБІП және ӨЖБІП шеңберінде қалыптастырылатын басқарушылық есептілік туралы мәліметтердің сипатын қамтиды, олармен шектелмейді.

      3. "Тәуекел дәрежесінің құрылымы туралы ақпарат" бөлімі:

      процестерді, бақылаушы іс-шараларды және ақпараттық жүйелерді іске асыруға жауапты банктің уәкілетті алқалы органдарының болуын қоса алғанда, тәуекел дәрежесін басқарудың жалпы жүйесінің;

      банктің жалпы стратегиясын іске асыру шеңберінде банк қызметі жүзеге асырылатын қабылданатын тәуекелдердің;

      банк қызметінің тәуекел-бейінінің;

      тәуекел дәрежесі деңгейлерінің;

      ағымдағы уақыт кезеңінде белгіленген тәуекел дәрежесі жарамдылығын бағалау нәтижелерінің және оның болашақта қаншалықты қолайлы болатынының сипатын қамтиды, олармен шектелмейді.

      Тәуекел дәрежесінің деңгейлері бойынша лимиттер туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 2-кестесіне сәйкес толтырылады.

      4. "Стресс-тестілеу туралы ақпарат" бөлімі:

      стресс-тестілеуді өткізу рәсімдерінің және бекітілген стресс-тестілеу сценарийлерінің;

      тәуекел-метрикаларға, стратегия және бюджет бойынша көрсеткіштерге, тәуекел дәрежесіне, банк бекіткен өзге де көрсеткіштерге стресс-тестілеу нәтижелерінің;

      тәуекелдерді басқару және бақылау жүйесіне стресс-тестілеу нәтижелерін ықпалдастырудың;

      төлем қабілеттілігі мен өтімділіктің стресс-тесттері арасындағы өзара іс-қимыл (ықпалдастыру), оның ішінде КЖБІП және ӨЖБІП-ке тән стресс-тесттердің сипатын қамтиды, олармен шектелмейді.

      5. "Ақпараттық жүйелер туралы" бөлімі:

      банктің тәуекелдерін басқару үшін пайдаланылатын, оның ішінде кредиттік портфельдің сапасын мониторингтеу үшін пайдаланылатын, сондай-ақ өтімділік тәуекелін басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелердің;

      толық, дұрыс және уақтылы қаржылық, реттеушілік және басқарушылық ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің;

      әртүрлі деңгейдегі тәуекелдер бойынша деректерді жинау, сақтау және жинақтау процестерінің;

      КЖБІП және ӨЖБІП үшін, оның ішінде деректердің қолданылатын тексерулерін сипаттау арқылы пайдаланылатын деректер ағынының және деректер құрылымының сипатын қамтиды, олармен шектелмейді.

2-тарау. КЖБІП туралы ақпарат

      6. КЖБІП туралы ақпарат мынадай бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) КЖБІП-нің жалпы жүйесі;

      2) тәуекелдерді анықтау, бағалау, бақылау және мониторингтеу;

      3) ішкі (экономикалық) капитал және ішкі (экономикалық) капиталды бөлу;

      4) стресс-тестілеу;

      5) өзін-өзі бағалау.

      7. "КЖБІП-нің жалпы жүйесі" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      КЖБІП-ті қолдану мақсаттары мен салалары;

      Құрылымға қосымшаның 3-кестесіне сәйкес толтырылатын КЖБІП процестері туралы мәліметтер;

      КЖБІП және тәуекел дәрежесімен қамтылған, тәуекелдер арасындағы ықтимал айырмашылықтарды негіздей отырып, КЖБІП-те қарастырылған тәуекелдер тізімі.

      8. "Тәуекелдерді анықтау, бағалау, бақылау және мониторингтеу" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) маңызды тәуекелдерді анықтау және бағалау.

      Маңызды тәуекелдерді анықтау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      тәуекелдерді анықтау әдіснамасы, бизнесті жүргізу және стратегияны іске асыру барысында болашақта банк ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін тәуекелдердің түрлері бойынша бөлу, маңыздылығын айқындау;

      тәуекелдерді бағалау әдіснамасы, оның ішінде сандық және сапалық тәсілдерді пайдалану арқылы;

      маңызды тәуекелдерді анықтау процесі шеңберінде бөлімшелердің функциялары мен міндеттері.

      Банктің тәуекелдер құрылымы туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 4-кестесіне сәйкес толтырылады.

      Банк портфелінің пайыздық тәуекелі туралы мәліметтер мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      Құрылымға қосымшаның 5-кестесіне сәйкес толтырылатын банктің банк кітабының ағымдағы құны туралы мәліметтер;

      Құрылымға қосымшаның 6-кестесіне сәйкес толтырылатын таза пайыздық кіріс туралы мәліметтер;

      2) маңызды тәуекелдерді бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру.

      Маңызды тәуекелдерді бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      банк бөлімшелерінің функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, маңызды тәуекелдерді бақылау және мониторингтеу процестерін;

      қолданылатын бақылау, мониторинг және тәуекелдерді жеңілдету құралдары;

      тәуекелдер бойынша белгіленген лимиттерді көрсете отырып қабылданатын тәуекелдердің көлемі.

      9. "Ішкі (экономикалық) капитал және ішкі (экономикалық) капиталды бөлу" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) ішкі (экономикалық) капитал.

      Ішкі (экономикалық) капитал туралы ақпарат мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      барлық маңызды тәуекелдер бойынша ішкі (экономикалық) капиталды есептеу әдіснамасының, бағалау модельдерінің сипаттамасы;

      ішкі (экономикалық) капиталды бағалау үшін қолданылатын деректердің сипаттамасы;

      қажетті ішкі (экономикалық) капиталдың сомасы.

      Ішкі (экономикалық) және реттеушілік меншікті капиталды бағалау туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 7-кестесіне сәйкес толтырылады;

      2) капиталды бөлу.

      Капиталды бөлу туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      тәуекелдің әрбір маңызды түрі бойынша ішкі (экономикалық) капиталды бөлу үшін пайдаланылатын әдіснама мен жол берулер;

      стресс-тестілеу нәтижелерін қолдану.

      10. "Стресс-тестілеу" бөлімінде мынадай кіші бөлімдер қамтылады, олармен шектелмейді:

      1) стресс-тестілеу сценарийлері.

      Стресс-тестілеу сценарийлері туралы ақпарат мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      маңызды тәуекелдер бойынша стресс-тестілеу тәсілдері мен сценарийлерінің сипаттамасы, олардың кезеңділігі, әдіснамасы және қолданылатын жол берулер;

      стресс-тестілеу жүргізу үшін қарастырылып отырған сценарийді таңдау себебін негіздеу;

      стресс-тестілеу шеңберінде ескерілетін негізгі қаржылық және экономикалық факторлардың тізімі;

      қаржылық және экономикалық факторлар туралы ақпарат көздері.

      Стресс-тестілеу сценарийлері туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 8-кестесіне сәйкес толтырылады;

      2) сандық және сапалық талдау.

      Сандық және сапалық талдау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      модельдер және таңдалған модельдерді қолданудың негізділігі;

      банктің қаржылық жағдайына әсерін көрсете отырып, оның ішінде ішкі (экономикалық) және реттеушілік капиталдың мөлшері мен жеткіліктілігін бағалай отырып, стресстік жағдайлар кезінде капиталдың жеткіліктілігін ішкі бағалаудың негізгі нәтижелері;

      сценарий нәтижелерінің КЖБІП шеңберіндегі банктің бизнес-моделіне, стратегиясына және маңызды тәуекелдеріне әсері;

      стресс-тестілеу нәтижелерін ішкі лимиттерді белгілеу процесіне интеграциялау тәсілдері.

      11. "Өзін-өзі бағалау" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) есепті кезеңнің жоспарланған іс-шаралары.

      Банк есепті жылға жоспарланған іс-шараларды, оның ішінде ішкі (экономикалық) капиталдың қажетті деңгейін сақтауға мүмкіндік беретін іс-шараларды және қабылданған шаралардың тиісті нәтижелерін сипаттайды;

      2) жалпы бағалау.

      Банк іс-шараларды, ресурстарды, өлшеу және есеп беру жүйелерін бақылайтын ішкі ережелерді қоса алғанда, бүкіл процесті талдайды және бағалайды;

      3) жақсартуды қажет ететін салаларды анықтау.

      Банк жақсартуды қажет ететін салаларды сипаттайды, сондай-ақ аяқталған немесе жүзеге асырылудағы түзету әрекеттерін қоса алғанда, алдыңғы бағалау нәтижелерін сипаттайды;

      4) түзету әрекеттері.

      Банк өзін-өзі бағалау барысында анықталған салаларды жақсарту бойынша жоспарланған әрекеттерді сипаттайды.

3-тарау. ӨЖБІП туралы ақпарат

      12. ӨЖБІП туралы ақпарат мынадай бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) ӨЖБІП-нің жалпы жүйесі;

      2) өтімділік тәуекелін анықтау, бағалау, мониторигтеу және бақылау;

      3) қорландыру стратегиясы және күтпеген жағдайларды қаржыландыру жоспары;

      4) өтімділік буферін және кепілмен қамтамасыз етуді басқару;

      5) стресс-тестілеу;

      6) өзін-өзі бағалау.

      13. "ӨЖБІП-нің жалпы жүйесі" бөлімі мына сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      ӨЖБІП-нің мақсаттары мен қолдану салалары;

      Құрылымға қосымшаның 9-кестесіне сәйкес толтырылатын ӨЖБІП-тің процестері туралы мәліметтер.

      14. "Өтімділік тәуекелін анықтау, бағалау, мониторингтеу және бақылау" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) өтімділік тәуекелін анықтау және бағалау.

      Өтімділік тәуекелін анықтау және бағалау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      өтімділік тәуекелін анықтау әдіснамасы;

      тәуекелдерді бағалау әдіснамасы, оның ішінде сандық және сапалық әдістерді пайдалану арқылы;

      әр түрлі уақыт шегінде активтер, міндеттемелер және баланстан тыс құралдар бойынша ақша ағындарын болжау процесі;

      өтімділік тәуекелдерін анықтау және бағалау процесі шеңберіндегі бөлімшелердің функциялары мен міндеттерін сипаттау;

      2) мониторингтеу және бақылау.

      Өтімділік тәуекелін мониторингтеу және бақылау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      банк бөлімшелерінің функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, әртүрлі уақыт шегіндегі өтімділік тәуекелдерін бақылау және мониторингтеу процестері;

      ерте ескерту индикаторлары;

      әртүрлі уақыт шегіндегі өтімділік тәуекелін бақылау, мониторингтеу және жеңілдету құралдары;

      өтімділіктің бір күн ішіндегі тәуекелін басқару рәсімдері;

      өтімділік тәуекелі бойынша белгіленген лимиттерді көрсете отырып қабылданатын тәуекелдердің көлемі.

      15. "Қорландыру стратегиясы және күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспары" бөлімі мынадай бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) қорландыру стратегиясы.

      Қорландыру стратегиясы туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      өнімдер, құралдар, нарықтар бөлінісінде қорландыру көздерінің түрлері;

      қорландыруды тарту мүмкіндігіне әсер ететін негізгі факторлар;

      қорландырудың балама көздері;

      қорландыруды тарту бойынша өз мүмкіндіктерін, оның ішінде:

      тартылған қаражатты сандық шолуды;

      негізгі нарықтар мен пайдаланылатын өнімдерді;

      міндеттемені өтеу мерзімдерін көрсете отырып, жоспарланған ақша қаражаттарының қайтуын шолуды көрсете отырып бағалау;

      2) күтпеген жағдайлар кезінде қаржыландыру жоспары.

      Күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспары туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      күтпеген жағдайлар кезінде қаржыландыру көздері;

      күтпеген жағдайларда қаржыландыру көздерінің әрқайсысыңнан қосымша қаражат тарту үшін қажетті уақыт;

      жауапты тұлғаларды көрсете отырып, күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарын әзірлеу тәртібі;

      күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарын іске асыру бойынша жауапты тұлғалардың іс-қимыл алгоритмі;

      күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарының тестілеу нәтижелері және жаңарту бойынша мәліметтер.

      16. "Өтімділік буферін басқару және кепілмен қамтамасыз ету" бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды, олармен шектелмейді:

      1) өтімділік буфері.

      Банк өтімділікке, оның ішінде стресс жағдайында қажеттіліктерді орындау үшін жеткілікті деп саналатын жоғары өтімді активтердің қажетті көлемінің сандық көрінісін, сондай-ақ қолданыстағы өтімділік буферінің сандық көрінісін сипаттайды.

      Өтімділік буфері туралы ақпарат мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      өтімділіктің қажетті қорын есептеу әдіснамасы және жол берулері;

      банктің сапасы жоғары өтімді активтерге қатысты қолданатын анықтамасы және олардың құрамы;

      активтердің өтімді құнын айқындау өлшемшарты;

      өтімділік буфері шеңберіндегі шоғырлану тәуекелін басқарудың сипаттамасы;

      өтімділік қорының белгіленген тәуекел дәрежесімен салыстырымалылығын сипаттамасы;

      2) кепілмен қамтамасыз етуді басқару.

      Кепілмен қамтамасыз етуді басқару туралы ақпарат мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      ауыртпалық салынған және ауыртпалық салынбаған активтер арасында бөлу арқылы кепілмен қамтамасыз етуді басқаруға қатысты әдіснамаға шолу, сондай-ақ қолжетімді кепілдік мөлшеріне сандық шолу;

      өтімділіктің ықтимал проблемалары (мысалы, нарықтық және (немесе) қаржылық жағдайдың өзгеруі, кредиттік рейтингтің өзгеруі) нәтижесінде туындайтын кез келген қосымша талаптарды ескеретін кепілмен қамтамасыз ету талаптары мен шекті мәндердің (бар болса) мониторингіне шолу.

      17. "Стресс-тестілеу" бөлімінде мынадай кіші бөлімдер қамтылады, олармен шектелмейді:

      1) стресс-тестілеу сценарийлері.

      Стресс-тестілеу сценарийлері туралы ақпарат мыналарды қамтиды, олармен шектелмейді:

      стресс-тестілеу тәсілдері мен сценарийлерінің сипаттамасы, олардың кезеңділігі, әдіснамасы және қолданылатын жол берулері;

      стресс-тестілеу жүргізу үшін қарастырылып отырған сценарийді таңдау себебін негіздеу;

      стресс-тестілеу шеңберінде ескерілетін негізгі қаржылық және экономикалық факторлардың тізімі;

      2) сандық және сапалық талдау.

      Сандық және сапалық талдау туралы ақпарат мынадай сипаттаманы қамтиды, олармен шектелмейді:

      өтімділік және қорландыру көрсеткіштеріне стресс-тестілеу нәтижелерінің әсерінің сандық көрінісі (әрбір тәуекел-метрикаға әсерін көрсете отырып);

      стресс-тестілеу нәтижелерін стратегиялық, бюджеттік жоспарлау процесіне және ішкі лимиттерді белгілеу процесіне интеграциялау;

      стресс-тестілеу нәтижелерін бағалауға интеграциялау және күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарын жоспарлау, оның ішінде күтпеген жағдайларда қаржыландыру жоспарындағы кемшіліктерді түзету мақсатында.

      Стресс-тестілеу нәтижелері туралы мәліметтер Құрылымға қосымшаның 10-кестесіне сәйкес толтырылады.

      18. "Өзін-өзі бағалау" бөлімінде мынадай кіші бөлімдер қамтылады, олармен шектелмейді:

      1) жоспарланған іс-шаралар.

      Банк жүргізілген өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша есепті жылға жоспарланған іс-шараларды және қабылданған шаралардың тиісті нәтижелерін сипаттайды;

      2) жалпы бағалау.

      Банк өтімділікті басқару саясаты, процесті ұйымдастыру, рәсімдер, жүйелер және бақылау әрекеттері, өтімділік деңгейі және қорландырудың қолжетімділігі бөлігінде процестің әлсіз жақтарын анықтау үшін ұйымдастыру процестеріне бағалау жүргізеді;

      3) жақсартуды қажет ететін салаларды анықтау.

      Банк жақсартуды қажет ететін салаларды сипаттайды, сондай-ақ аяқталған немесе жүзеге асырылудағы түзету әрекеттерін қоса алғанда, алдыңғы бағалау нәтижелерін сипаттайды;

      4) түзету әрекеттері.

      Банк өзін-өзі бағалау барысында анықталған салаларды жақсарту бойынша жоспарланған әрекеттерді сипаттайды.

  Капитал жеткіліктілігін бағалаудың
ішкі процесін және өтімділік
жеткіліктілігін бағалаудың
ішкі процесін сақтау
бойынша есеп құрылымына
  қосымша

      1-кесте

КЖБІП және ӨЖБІП шеңберінде қалыптастырылатын ішкі басқарушылық есептілік туралы мәліметтер

Есептің атауы

Есепті бекітетін банктің уәкілетті алқалық органы

Есепті кезең ішінде бекіту кезеңділігі және (немесе) күні

Жауапты бөлімше

1

2

3

4

5































      Ескертпе:

      КЖБІП және ӨЖБІП процесінің шеңберінде қалыптастырылатын барлық есептілік стресс-тестілеу нәтижелері туралы есепті, кредиттік тәуекел туралы есепті, нарықтық тәуекел туралы есепті, операциялық тәуекел туралы есепті, уақыт деңгейлері бойынша өтімділік позицияларының есебін, өтімді активтер қорының деңгейіне әсер ететін факторлар туралы есепті, қорландыруды шоғырландыру тәуекелі туралы есепті, өзге айтарлықтай тәуекел туралы есепті қамтиды, олармен шектелмейді.

      2-кесте

Тәуекел-дәрежесінің деңгейлері бойынша лимиттер туралы мәліметтер

Тәуекел түрлері

Белгіленген лимит түрі

Белгіленген лимит мәні
(мың теңгемен және (немесе) пайызбен)

Есепті күнге жол берілетін деңгей ретінде анықталған белгіленген деңгей
(мың теңгемен және (немесе) пайызбен)

алдыңғы есепті күнге

есепті күнге

1

2

3

4

5

6

1

Кредиттік тәуекел

1.1






1.2






2

Нарықтық тәуекел

2.1






2.2






3

Операциялық тәуекел

3.1






3.2






4

Өтімділік тәуекелі

4.1






4.2






5

Өзге де жүйелік маңызы бар тәуекел (бар болса көрсету)

5.1






5.2






      кестенің жалғасы:

Лимиттердің сақталмауы

Жол берілетін ретінде анықталған деңгейлерге қол жеткізу

Лимиттердің және жол берілетін ретінде анықталған деңгейдің сақталмау себептері

жағдайлардың саны

күндеярдің жалпы ұзақтығы

жағдайлардың, саны

күндердің жалпы ұзақтығы


7

8

9

10

11
























































      Ескертпе:

      4 және 5-бағандарда банк белгілеген лимиттердің әрқайсысы бойынша сандық немесе пайыздық мән көрсетіледі;

      6-бағанда банк белгілеген лимиттердің әрқайсысы бойынша жол берілетін ретінде анықталатын деңгей көрсетіледі;

      7-бағанда белгіленген лимиттердің әрқайсысы бойынша есепті кезеңде оның бұзылған жағдайларының саны көрсетіледі;

      8-бағанда есепті кезеңде лимиттердің бұзылған күндерінің жалпы ұзақтығы көрсетіледі;

      9-бағанда белгіленген жол берілетін ретінде анықталған белгіленген деңгейлердің әрқайсысы бойынша есепті кезеңде оған қол жеткізу жағдайларының саны көрсетіледі;

      10-бағанда есепті кезеңде жол берілетін ретінде анықталған белгіленген деңгейлерге қол жеткізу күндерінің жалпы ұзақтығы көрсетіледі;

      11-бағанда есепті кезеңде жол берілетін ретінде анықталған лимиттер мен деңгейлердің сақталмау себептері көрсетіледі.

      егер жол берілетін ретінде анықталған деңгей белгіленбеген жағдайда, 6, 9 және 10-бағандар толтырылмайды.

      3-кесте

КЖБІП процестері туралы мәліметтер

КЖБІП процесінің кезеңі

Сипаттамасы

Жауапты бөлімше

Процесті регламенттейтін ішкі құжат

1

2

3

4

5

1.

Айтарлықтай тәуекелдерді анықтау




2.

Айтарлықтай тәуекелдерді бағалау




3.

Ішкі (экономикалық)/реттеуші капиталды есептеу




4.

Стресс-тестілеу жүргізу




5.

Ішкі (экономикалық) және реттеуші капиталдың жеткіліктілігін жоспарлау және бағалау




6.

КЖБІП нәтижелерін тәуекел дәрежесінің стратегиясына интеграциялау




7.

КЖБІП бойынша өзіндік бағалау




      Ескертпе:

      3-бағанда КЖБІП әрбір кезеңі үшін банк пайдаланатын әдістеменің сипаттамасы көрсетіледі;

      4-бағанда тиісті кезеңді жүзеге асыратын жауапты бөлімше көрсетіледі;

      5-бағанда КЖБІП-нің тиісті процесін регламенттейтін ішкі құжат көрсетіледі.

      4-кесте

Банк тәуекелдерінің құрылымы туралы мәліметтер

Тәуекел түрлері және кіші түрлері

Айтарлықтай тәуекелдерді анықтау мен бағалаудың әдіснамасы және (немесе) модельдері

1

2

3

1

Кредиттік тәуекел


1.1





2

Нарық тәуекелі


2.1





3

Операциялық тәуекел


3.1





4

Басқа айтарлықтай тәуекелдер (бар болса көрсету):


4.1





      Ескертпе:

      2-бағанда тәуекелдердің түрлері мен кіші түрлері (бар болса) көрсетіледі;

      3-бағанда айтарлықтай тәуекелдерді анықтау мен бағалаудың пайдаланылатын әдіснамалары және (немесе) модельдері көрсетіледі.

      5-кесте

Банктің банк қызметінің ағымдағы құны туралы мәліметтер

      (мың теңге)

Көрсеткіштер

Ағымдағы құнының сомасы (нақты)

1 айға дейін

1 айдан 3 айға дейін

3 айдан 6 айға дейін

6 айдан 1 жылға дейін

1 жылдан
2 жылға дейін

2 жылдан
3 жылға дейін

3 жылдан
5 жылға дейін

5 жылдан
10 жылға дейін

10 жылдан астам

1

2

Кіріс әкелетін активтер




























Сыйақы төлеуге байланысты міндеттемелер




























Баланстан тыс позиция










EVE = Кіріс әкелетін активтер

Сыйақы төлеуге байланысты міндеттемелер

Баланстан тыс позиция


      кестенің жалғасы:

Ағымдағы құнның сомасы (нақты)

Ұлттық валютадағы құнының сомасы (болжам)

Шетел валютасындағы құнының сомасы (болжам)

+___ базистік тармақ

-____ базистік тармақ

+___ базистік тармақ

-_____ базистік тармақ

3

4

5

6

7





































      Ескертпе:

      2-бағанда пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен міндеттемелер банктің ішкі әдіснамасына сәйкес уақытша себеттердің саны бойынша үлестіріледі;

      4 және 5-бағандарда ұлттық валютада белгіленген активтер мен міндеттемелер бойынша банк анықтаған базистік тармақтарда пайыздық мөлшерлеменің қисық кірістілігінің барлық диапазонында қатар өзгерістер болған жағдайда банктердің активтері мен міндеттемелерінің экономикалық құнының өзгерісі көрсетіледі;

      6 және 7-бағандарда шетел валютасында белгіленген активтер мен міндеттемелер бойынша банк анықтаған базистік тармақтарда пайыздық мөлшерлеменің қисық кірістілігінің барлық диапазонында қатар өзгерістер болған жағдайда банктердің активтері мен міндеттемелерінің экономикалық құнының өзгерісі көрсетіледі.

      6-кесте

Таза пайыздық кіріс туралы мәліметтер

      (мың теңге)

Көрсеткіштер

Ағымдағы құнның сомасы (нақты)

Ұлттық валютадағы құнының сомасы (болжам)

Шетел валютасындағы құнының сомасы (болжам)

ұлттық
валюта

шетел валютасы

+___
базистік тармақ

-___ базистік тармақ

+___ базистік тармақ

-____ базистік тармақ

1

2

3

4

5

6

7

Пайыздық кірістер



















Пайыздық шығыстар



















Таза пайыздық кіріс (шығыстар)







      Ескертпе:

      4 және 5-бағандарда ұлттық валютада белгіленген талаптар мен міндеттемелер бойынша банк анықтаған базистік тармақтарда пайыздық мөлшерлеменің қисық кірістілігінің қатар өзгерісі болған жағдайда пайыздық кірістер мен пайыздық шығыстардың өзгерісі көрсетіледі;

      6 және 7-бағандарда шетел валютасында белгіленген талаптар мен міндеттемелер бойынша банк анықтаған базистік тармақтарда пайыздық мөлшерлеменің қисық кірістілігінің қатар өзгерісі болған жағдайда пайыздық кірістер мен пайыздық шығыстардың өзгерісі көрсетіледі.

      7-кесте

Ішкі (экономикалық) және реттеуші меншікті капиталды бағалау туралы мәліметтер

Тәуекелдердің түрлері

Реттеуші меншікті капитал

Ішкі (экономикалық) капитал

Нақты (t)

Болжам
(t+1)

Стрессті ескере отырып болжам

Нақты (t)

Болжам
(t+1)

Стрессті ескере отырып болжам

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Реттеуші капиталдың талаптарға сәйкес келетін жалпы сомасы/қажетті ішкі (экономикалық) капиталдың жалпы сомасы







2.

Кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған активтер







3.

Нарықтық тәуекел ескеріле отырып сараланған активтер







4.

Операциялық тәуекел







5.

Тәуекел ескеріле отырып сараланған активтердің жиынтығы







6.

Кредитік тәуекел ескеріле отырып капиталға қойылатын талаптар







7.

Нарықтық тәуекел ескеріле отырып капиталға қойылатын талаптар







8.

Операциялық тәуекел ескеріле отырып капиталға қойылатын талаптар







9.

Сандық бағалауға жататын басқа да айтарлықтай тәуекелдер (қайсысы екенін көрсету)







9.1.








9.2.








10.

Айтарлықтай тәуекелдер ескеріле отырып капиталға қойылатын талаптар







      Ескертпе:

      3 және 4-бағандарда тәуекелдің әрбір түрі бойынша капиталдың нақты және болжамды мәні, сондай-ақ стресс-тестілеу ескеріле отырып болжамды мәні көрсетіледі.

      Егер қолданылмаса, қысқартылған Қ –"қолданылмайды" пайдаланылады.

      8-кесте

Стресс-тестілеудің сценарийлері туралы мәліметтер

Стресс-тестілеудің сценарийлері

Сценарийдің өлшемдері

Уақыт деңгейі, кезеңділік

Тәуекел түрі

1

2

3

4

5






      Ескертпе:

      2-бағанда стресс-тестілеудің әрбір сценарийі бойынша атауы көрсетіледі;

      3-бағанда әрбір сценарий үшін стресс-тестілеу өлшемінің мәні көрсетіледі;

      4-бағанда стресс-тестілеудің әрбір өлшемі үшін уақыт деңгейі және өткізу кезеңділігі көрсетіледі;

      5-бағанда стресс-тестілеудің әрбір өлшемі үшін ол әсер ететін тәуекелдердің түрлері көрсетіледі.

      9-кесте

ӨЖБІП процестері туралы мәліметтер

ӨЖБІП процесінің кезеңі

Сипаттамасы

Жауапты бөлімше

Процесті регламенттейтін ішкі құжат

1

2

3

4

5

1.

Өтімділіктің айтарлықтай тәуекелдерін анықтау




2.

Өтімділіктің айтарлықтай тәуекелдерін бағалау




3.

Өтімділік тәуекелдерінің негізгі көрсеткіштерін есептеу (өтімділікті өтеу коэффициенті, нетто тұрақты қорландыру коэффициенті және басқасы)




4.

Қысқа мерзімді өтімділікті талдау




5.

Ұзақ мерзімді өтімділікті талдау




6.

Қорландырудың орнықтылығын талдау




7.

Өтімділіктің буферін және кепілмен қамтамасыз етуді басқаруды талдау




8.

Жаңа өнімдерді бекіту барысында өтімділіктің тәуекелін талдау




9.

Стресс-тестілеу жүргізу




10.

Тәуекел дәрежесінің стратегиясымен келісушілік




11.

ӨЖБІП бойынша өзіндік бағалау




      Ескертпе:

      3-бағанда ӨЖБІП-нің әрбір кезеңі үшін банк пайдаланатын әдістеменің сипаттамасы көрсетіледі;

      4-бағанда тиісті кезеңді жүзеге асыратын жауапты бөлімше көрсетіледі;

      5-бағанда ӨЖБІП-нің тиісті процесін регламенттейтін ішкі құжат көрсетіледі.

      10-кесте

Стресс-тестілеудің нәтижелері туралы мәліметтер

Көрсеткіш

Стресс-тестілеу сценарийі

Сценарийдің өлшемдері

Нақты (t)

1

2

3

4

5

1.

Өтімділікті өтеу коэффициенті




2.

Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті




3.

Өтімділігі жоғары активтер




4.

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелер




5.

Қысқа мерзімді қаржыландыру




6.

Басқа көрсеткіш (бар болса көрсету)




      кестенің жалғасы:

Стресс ескеріле отырып
(1-уақыт деңгейі)

Ескертпе

6

7

























      Ескертпе:

      5-бағанда есепті кезең ішінде нақты мәні көрсетіледі;

      6-бағанда уақыт деңгейін қолдану ескерілген мәні көрсетіледі;

      7-бағанда кестеге ескертулер көрсетіледі.

      Өтімділікті өтеу коэффициенті және нетто тұрақты қорландыру коэффициенті ислам банктерінен басқа барлық банктерге қолданылады.

      Стресс-тестілеудің сценарийлері мен өлшемдері сыртқы операциялық ортаға, стратегияға, ұйымдық құрылымға, активтердің көлеміне, банк операцияларының сипатына және күрделілік деңгейіне сәйкес анықталады.

  Банктер және
Қазақстан Республикасының
бейрезидент банктерінің
филиалдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
  4-қосымша

Консервациялық буферді және жүйелік буферді есепке алғанда капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері

Атауы

Консервациялық буферді және жүйелік буферді есепке алғанда капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі қолжетімді деңгейі (%)

Консервациялық буферді және жүйелік буферді есепке алғанда капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің нақты деңгейі (%)

1

2

3

4

1.

Негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1)



2.

Бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілігі (k1-2)



3.

Меншікті капиталдың жеткіліктілігі (k2)



  Банктер және
Қазақстан Республикасының
бейрезидент банктерінің
филиалдары үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру қағидаларына
  5-қосымша

      1-кесте

Банктің кредиттік тәуекелге ұшыраған активтері туралы ақпарат

      (мың теңге)

Атауы

Дефолт жағдайындағы талаптар

Негізгі борыш және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен беберешегі бар талаптар

Дефолт жағдайындағы емес талаптар

Негізгі борыш және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар талаптар

Провизиялар (резервтер)

Активтердің таза баланстық құны

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Қарыздар







2

Борыштық бағалы қағаздар







3

Баланстан тыс міндеттеме-лер







4

Жиынтығы:







      Ескерту:

      кестеде қарыздар, кредиттік тәуекел тән өзге де операциялар, борыштық бағалы қағаздар, баланстан тыс міндеттемелер бойынша жалпы берешек бойынша ақпарат көрсетіледі;

      3-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36994 болып тіркелген "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 61 қаулысында көзделген тәртіппен есептелетін дефолт жағдайындағы талаптар көрсетіледі;

      4-бағанда негізгі борыш және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар талаптар көрсетіледі;

      5-бағанда дефолт жағдайындағы емес талаптар көрсетіледі;

      6-бағанда негізгі борыш және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар талаптар көрсетіледі;

      7-бағанда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған провизиялардың (резервтердің) жалпы сомасы көрсетіледі;

      8-бағанда активтердің таза баланстық құны көрсетіледі, ол 7-бағанды шегергенде, 3 және 5-бағандардың, не 4 және 6-бағандардың сомасы ретінде есептеледі.

      2-кесте

Кредиттік тәуекел туралы ақпарат

      (мың теңге)

Атауы

Дефолт жағдайындағы талаптар

Негізгі борыш Күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асатын негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар талаптар

Дефолт жағдайындағы емес талаптар

Күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар талаптар

Провизиялар (резервтер)

Активтердің таза баланстық құны

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Қарыздар







2.

Борыштық бағалы қағаздар







3.

Баланстан тыс міндеттемелер







4.

Жиынтығы:







      Ескерту:

      қолданатын кредиттік тәуекелді төмендету құралдары туралы ақпарат көрсетіледі;

      4-бағанда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) шегергендегі кепіл мүлкімен қамтамасыз етілген талаптар туралы ақпарат көрсетіледі;

      5-бағанда кепіл мүлкімен (жылжымайтын мүлік, жабдық және негізгі құралдар, көлік құралдары, жер қойнауын пайдалану құқығы және басқа мүлік) қамтамасыз етілген талаптар туралы ақпарат көрсетіледі;

      6-бағанда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) шегергенде кепілдіктермен қамтамасыз етілген талаптар туралы ақпарат көрсетіледі;

      7-бағанда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) шегергендегі туынды қаржы құралдарымен қамтамасыз етілген талаптар туралы ақпарат көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 86 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулылары құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген).

      2. "Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің кейбір ережелерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 66 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20880 болып тіркелген) бекітілген Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 43 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22259 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 10-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26402 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 4-тармағы.

      5. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 21 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27174 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 78 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30341 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 4-тармағы.

      7. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 119 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31668 болып тіркелген).

      8. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 14 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32405 болып тіркелген).

      9. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 99 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33879 болып тіркелген) 1-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 30 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34582 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.

      11. "Банктік қызметтер көрсету қағидаларын және банктердің, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтер көрсету барысында туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына және "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 93 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35583 болып тіркелген) 2-тармағы.

      12. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 96 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35612 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы.

      13. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 24 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36392 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.

      14. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 28 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36527 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.

      15. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36554 болып тіркелген).

      16. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 46 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36748 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы.

      17. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 70 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37377 болып тіркелген).

      18. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37599 болып тіркелген) бекітілген Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 14-тармағы.