БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. ТжКБ-ның мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны:
білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін, жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді;
4) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді.
орта буын мамандары деңгейі үшін:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін, жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) кәсіптік практикадан өтуді;
4) егер жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарында өзгеше жұмыс түрлері көзделмесе, курстық және дипломдық (жазбаша немесе практикалық) жұмысты (жобаны) орындауды;
5) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көздейді.
ӘАОО-да ТжКБ беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.
Негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (Мейджер) шеңберінде ТжКБ ұйымының қалауы бойынша білім алушылардың қосымша микробіліктілік алуы көзделеді.
Білім алушылардың қосымша құзыреттері мен дағдыларын қалыптастыру үшін ТжКБ ұйымының қалауы бойынша факультативтік сабақтарға көзделген сағаттар есебінен жүзеге асырылатын қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) (Майнор) іске асырылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"3. ОБКБ-нің мазмұны білім беру бағдарламаларымен анықталады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
ОБКБ-нің білім беру бағдарламаларының мазмұны теориялық сабақтарды, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындауды, өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді қамтитын жалпыға міндетті, базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді қарастырады.
Негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (Мейджер) шеңберінде ОБКБ ұйымының қалауы бойынша білім алушылардың қосымша микробіліктілік алуы көзделеді.
Білім алушылардың қосымша құзыреттері мен дағдыларын қалыптастыру үшін ОБКБ ұйымының қалауы бойынша факультативтік сабақтарға көзделген сағаттар есебінен жүзеге асырылатын қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) (Майнор) іске асырылады.
4. Білім беру бағдарламаларын ОБКБ ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы МЖБС, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.
ОБКБ білім беру бағдарламалары жоғары білімнің білім беру бағдарламаларымен үндестіріледі және бейіні бойынша жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен келісіледі.
ОБКБ-нің білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады және мыналарды:
1. Білім беру бағдарламасының паспортын;
2. Құзыреттер тізбесін;
3. Білім беру бағдарламасының мазмұны:
3.1. Модульдердің (пәндердің) мазмұнын,
3.2. Білім беру бағдарламасының модульдері (пәндері) бөлінісінде меңгерілген кредиттер/сағаттар көлемін көрсететін жиынтық кестені;
3.3. Құзыреттер бойынша пәндер матрицасын (модульдік бағдарламалар үшін) қамтиды.
ОБКБ-нің білім беру бағдарламаларында оқыту нәтижелері көрсетіледі, олардың негізінде оқу жоспарлары (жұмыс оқу жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары) және пәндер/модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары әзірленеді.
Білім беру ұйымдарының қалауы бойынша білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттардың және Worldskills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттарының (бар болса) өзгеретін талаптарына сәйкес әр оқу жылының басында өзектендіріледі.".
2. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32140 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) (майнор) – білім алушылардың қосымша құзыреттері мен дағдыларын қалыптастыру үшін білім беру ұйымы айқындаған пәндер/модульдер және оқу қызметінің басқа да түрлерінің жиынтығы;";
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (Мейджер) – белгілі бір біліктілік (-тер) бойынша білім алу және біліктерді, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушылар меңгеретін білім беру бағдарламасы;";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Жұмыс оқу жоспарлары және жұмыс оқу бағдарламалары негізгі білім беру бағдарламасына (Major) (Мейджер) және қосымша бағдарламаға (Minor) (Mайнор) сәйкес әзірленеді.
Білім беру бағдарламалары оқу орнына, нысаны және мерзіміне қарамастан оқытудың бүкіл кезеңі ішінде біліктілік беру үшін кредиттерді бағалау және растау арқылы оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, іске асырылады.
ӘАОО-да білім беру бағдарламасының мазмұны жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды, далалық жиындар және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. ӘАОО қоспағанда, білім беру ұйымы әр білім беру бағдарламасы бойынша ЭПК/ЭМК әзірлейді.
ЭПК/ЭМК білім алушыларға жеке білім беру траекториясын қалыптастыру үшін элективті оқу пәндерін және (немесе) модульдерді, оның ішінде қосымша білім беру бағдарламасын (Minor) (Майнор) баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Ж. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі