Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 97 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 1768-02 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 152 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1410 болып тіркелген);

      2) "Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 152 "Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы № 22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1691 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М.Отыншиев