Алматы қаласындағы көшi-қон процестерiн реттеу қағидаларын бекiту туралы

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХI сессиясының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 152 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда № 1410 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 97 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 29.03.2024 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңының 3 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласындағы көшi-қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. V сайланған Алматы қалалық мәслихатының ХХХІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 260 "Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидасын бекіту туралы" шешімінің (2014 жылғы 16 қазанда Алматы қаласы Әділет департаментінде № 1092 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда "Алматы ақшамы" № 129-130 және "Вечерний Алматы" № 131-132 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының жергілікті мемлекеттік басқару және тұрғын үй саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.М. Еркiнбаевқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.А. Дәрібаевқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XХI сессиясының
төрағасы
М. Абдуллаев
      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

  VI сайланған
Алматы қаласы
мәслихатының XXI сессиясының
2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 152
шешімімен бекітілген

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 19.02.2021 № 22 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу
қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1998 жылғы 1 шілдедегі "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Көші-қон процестерін реттеу:

      адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

      кету және орын ауыстыру бостандығына;

      шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      3) қандастардың қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

2-тарау. Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

      4. Алматы қаласында көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Алматы қаласының көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, Алматы қаласындағы экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

      5. Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу үшін Алматы қаласының әкімдігі көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін Алматы қаласының аумағын белгілеуге (алып тастауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

      8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

      9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан Алматы қаласының әкімдігі жалдаған тұрғын үйге тұрғылықты жері бойынша тіркеу бір адамға пайдалы алаңы кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғын үй беру нормасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      11. Алматы қаласының әкімдігі жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.