"Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 3 мамырдағы № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 мамырда № 34361 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.08.2024 № 284 (12.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Органикалық өнім өндіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Органикалық өнім өндіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнімді өндіру және оның айналымы тәртібін айқындайды.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Органикалық өнімді буып-түю Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен бекітілген "Буып-түю қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 005/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – КО ТР 005/2011) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Органикалық өнімді тасымалдау "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күнде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі