БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларында:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәні мынадай формула бойынша айқындалады:
– есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф теңгемен/кВт * сағ (он мыңдыққа дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын сатып алу кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыда тәуліктің осы сағатына туындаған жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалған шығындар, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;
– электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне (қызметті цифрлық майнинг бойынша жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, саралау тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда) келетін тәуліктің тиісті сағатында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын нақты шығындар (жүзге дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;
-шартты тұтынушы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің тиісті сағатына сатып алған және жүйелік оператор бекіткен (түзетулерді ескере отырып) электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік графигіне енгізілген электр энергиясының көлемі кВт * сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
r – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің тиісті сағатында сатып алған шартты тұтынушылардың саны;
– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) бекітілген Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Резервтік қор қағидалары) сәйкес айқындалатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алғаны үшін тиісті есептік кезең үшін резервтік қорды қалыптастыруға арналған қаржы-есеп айырысу орталығының жоспарлы шығындары, ҚҚС-сыз теңгемен;
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу шартының бағасы - ҚҚС-сыз теңгемен/кВт * сағ (жүзге дейін дөңгелектенеді);
– жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға теңгемен/кВт * сағ сатқан электр энергиясының көлемі, ҚҚС-сыз (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шартының бағасы - ҚҚС-сыз теңгемен/кВт * сағ (жүзге дейін дөңгелектенеді);
– қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде электр энергиясының көтерме сауда нарығында өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес тәуліктің осы сағатына жататын, есеп айырысу жылы үшін (күтізбелік ай) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан жаңартылатын энергия көздері пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) і энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының көлемі, кВт * сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге арналған нақты шығындары теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді), мынадай формула бойынша айқындалады, ҚҚС-сыз:
– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жүйелік оператордың тарифі, ҚҚС-сыз теңгемен/кВт * сағ;
– тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған, электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясының нақты көлемі теңгемен/кВт*сағ. (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында (кірістерді шегергенде) шеккен нақты шығындары, ҚҚС-сыз теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін оның қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындары, ҚҚС-сыз теңгемен;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бағасы, теңгемен, 1 кВт*сағ.;
– электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі тәуліктің тиісті сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемі, теңгемен (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты нақты шығындары мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты күнтізбелік жылдағы шығыстары арасындағы Баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сату бағасын қалыптастыру кезінде ескерілетін айырма мынадай формула бойынша күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет есептелетін, теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді):
– Баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сату бағасын қалыптастыру кезінде ескерілетін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының күнтізбелік жылдағы қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындары,теңгемен (жүзге дейін дөңгелектенеді);
– алдағы күнтізбелік жылда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Бағаны белгілеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған электр энергиясының бір киловатт-сағатына шаққандағы есебінен электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату жөніндегі қызметін жүзеге асыруға байланысты негізделген шығындары, теңгемен (онға дейін дөңгелектенеді);
бойынша қосынды;
– 1-ден r-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
r – тәуліктің тиісті сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне келетін тәуліктің тиісті сағатында жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын нақты шығындардың үлесін білдіретін өлшеусіз коэффициент (цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, атаулы қолдау тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда) (s) мынадай формула бойынша айқындалады:
– цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің, басқа елдердің субъектілерінің және (немесе) уәкілетті ұйымдардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған көлемін және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларына сәйкес айқындалатын электр энергиясын сатып алудың ең төменгі рұқсат етілген сағаттық көлемін қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған, электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген, жүйелік оператор тәуліктің осы сағатына бекіткен (түзетулерді ескере отырып) электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
– шартты тұтынушылар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемін қоспағанда (электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алуға өтінімнің ең төменгі рұқсат етілген сағаттық көлемінен жоғары электр энергиясын сатып алудың сағаттық көлемі бөлігінде), шартты тұтынушының тәуліктің осы сағатына жүйелік оператор (түзетулерді ескере отырып) бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын тұтыну көлемі, кВтсағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);
бойынша қосынды;
– тиісінше 1-ден k, r, дейін өзгеретін реттік нөмірі;
k – тәуліктің осы сағатында электр энергиясын сатып алған шартты тұтынушылардың саны;
r – тәуліктің осы сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны.".
2. "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20383 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға".
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі