"Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 34283 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 18 сәуірдегі
№ 167 Бұйрығымен
бекітілген

"Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) өнеркәсіптік тұтынушы – өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін газ сатып алатын заңды тұлға;

      2) Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізуге арналған өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

      3) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар "Газ және газбен жабдықтау туралы" және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.

2-тарау. "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысаны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш келіп түскен күні Тізбенің 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді, оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оны жауапты құрылымдық бөлімшенің қарауына береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы және олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері талаптарға сәйкестігі айқындалған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынымдар алу үшін Комиссияға жібереді.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің Тізбенің 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері талаптарға сәйкессіздік анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      8. Комиссия уәкілетті органның жанынан құрылады және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдерінен, сондай-ақ мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ-химия салаларының білікті мамандарынан тұрады.

      Комиссияның құрамы мен ережесін Қазақстан Республикасы уәкілетті органының басшысы бекітеді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде 9 (тоғыз) адамды құрайды, олардың 4-еуі (төрт) уәкілетті органның өкілдерінен тұрады.

      Комиссия отырысын төраға немесе ол болмаған кезде төрағаның орынбасары жүргізеді.

      Комиссия отырысын өткізу үшін кворум Комиссия мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.

      Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие болады.

      Дауыс беруге құқығы бар Комиссия мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша баяндайды және оны хаттамаға қоса береді.

      9. Комиссия Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіден келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Комиссия құжаттар мен мәліметтерді қарау нәтижелері негізінде сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы ұсынымдар әзірлейді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Комиссиядан сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізудің орындылығы туралы ұсынымды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемдерде (бұдан әрі – өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесі) уәкілетті органның бұйрығымен енгізеді және оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізудің орынсыздығы туралы Комиссиядан ұсыным алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес позицияны білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Комиссия көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау қорытындылары бойынша сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы ұсыным әзірлейді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      Жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыны 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу үшін ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      16. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 18 сәуірдегі
№ 167
  "Сұйытылған мұнай газын
мұнай-газ-химия өнімдерін
өндіру үшін шикізат ретінде
пайдаланатын өнеркәсіптік
тұтынушылардың тізбесіне
енгізу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі;
3) бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және технологиялық регламент (лицензиялық технологияларды және тұтынылатын сұйытылған мұнай газының, шығарылатын мұнай-газ-химия өнімдерінің (атауларын көрсете отырып) және жобалау құжаттамасына сәйкес (сағатына тонна, жылына тонна) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемдері.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" заңның 19-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша мынадай негіздер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

11

Қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар және Мемлекеттік корпорация арқылы

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қордың интернет-ресурсында көрсетілген – https://fms.kz/, Қордың байланыс орталығы 1406 тегін нөмірі бойынша. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Сұйытылған мұнай газын
мұнай-газ-химия өнімдерін
өндіру үшін шикізат ретінде
пайдаланатын өнеркәсіптік
тұтынушылардың тізбесіне
енгізу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізуге арналған өтініш

      кімге __________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      кімнен_________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – шетелдік заңды тұлға филиалының

      немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін

      шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізуді сұраймын

      __________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (өнімнің атауын көрсету)

      қағаз жеткізгіште ________________________________________________

      (қағаз жеткізгіште бұйрық алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою)

      Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді

      мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефон_______________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осы арқылы:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және

      оларға өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілетіні;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу кезінде

      ақпараттық жүйелерде қамтылған,

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі

      шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.

      Басшы ________________ ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Сұйытылған мұнай газын
мұнай-газ-химия өнімдерін
өндіру үшін шикізат ретінде
пайдаланатын өнеркәсіптік
тұтынушылардың тізбесіне
енгізу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі – мұнай-газ- химия өнімін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемде

р/с

Өнеркәсіптік тұтынушының атауы

Өнеркәсіптік тұтынушының орналасқан жері

Тұтынылатын сұйытылған мұнай газының көлемі (жобалық қуаты), тонна

Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің атауы

Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің көлемі (жобалық қуаты), тонна

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна (бар болған жағдайда)

бір сағат ішінде

бір жыл ішінде

бір сағат ішінде

бір жыл ішінде

бір сағат ішінде

бір жыл ішінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











  "Сұйытылған мұнай газын
мұнай-газ-химия өнімдерін
өндіру үшін шикізат ретінде
пайдаланатын өнеркәсіптік
тұтынушылардың тізбесіне
енгізу" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      ________________________________________________________ берілді

      Осымен мемлекеттік орган _______________________________________

      Сіздің ____ жылғы [өтінім күні] № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарағаннан кейін

      көрсетілетін қызметті беруші ___________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде

      пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету

      нәтижелері бойынша алдын ала шешім бойынша ұстаным

      білдіруге мүмкіндігіңіз бар екені туралы

      хабарлайды__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы _______________________________

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      Хабарламаны жіберу күні мен уақыты:

      20__ жылғы "___" ________