"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 167 Бұйрығымен бекітілген |
"Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидалар "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
3. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) өнеркәсіптік тұтынушы – өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінде отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін газды сатып алатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газды сатып алатын, тауарлық газ шығысын есепке алу шегі сағатына алпыс бес текше метрден асатын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар да жатады;
2) Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін пайдалану мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізуге арналған өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;
3) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңға сәйкес қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.2-тарау. "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысаны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Тізбенің 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар топтамасын жібереді.
Өтініш түскен күні көрсетілетін қызметті беруші оны қабылдауды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қайта жіберуді жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Көрсетілетін қызметті беруші:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алуға құқықтары құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен азамат әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын мәселелер шешілгенге дейін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаға қамқоршы тағайындалғанға дейін;
2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік органның ұстанымы айқындалғанға, сот актісі заңды күшіне енгенге немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәртіппен мәселе шешілгенге дейін;
3) осы тармақтың төртінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда – 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесін мынадай:
1) мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайлары болған кезде. Мемлекеттік қызметті көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайларына төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда жағдайларда тоқтата тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы кемшіліктерді жойған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттарды қабылдаған күн алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Осы тармақтың бесінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы және олардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері талаптарға сәйкестігі айқындалған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынымдар алу үшін Комиссияға жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Комиссия уәкілетті органның жанынан құрылады және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдерінен, сондай-ақ мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ-химия салаларының білікті мамандарынан тұрады.
Комиссияның құрамы мен ережесін Қазақстан Республикасы уәкілетті органының басшысы бекітеді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде 9 (тоғыз) адамды құрайды, олардың 4-еуі (төрт) уәкілетті органның өкілдерінен тұрады.
Комиссия отырысын төраға немесе ол болмаған кезде төрағаның орынбасары жүргізеді.
Комиссия отырысын өткізу үшін кворум Комиссия мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.
Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие болады.
Дауыс беруге құқығы бар Комиссия мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша баяндайды және оны хаттамаға қоса береді.
9. Комиссия Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіден келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Комиссия құжаттар мен мәліметтерді қарау нәтижелері негізінде сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы туралы ұсынымдар әзірлейді.
10. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Комиссиядан сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізудің орындылығы туралы ұсынымды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемдерде (бұдан әрі – өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесі) уәкілетті органның бұйрығымен енгізеді және оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізудің орынсыздығы туралы Комиссиядан ұсыным алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тарту шешімі туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде тыңдау жүргізілмейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыны 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:
шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.
14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу үшін ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
16. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабы 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметтің түрінің атауы | Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Қағаз |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс грфигіне сәйкес сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай: |
12 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар. | Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында – https://www.gov.kz көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414 |
| "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізуге арналған өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кімге ________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Кімнен________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада
бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – шетелдік заңды тұлға
филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат
ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізуді сұраймын
______________________________________________________________
(өнімнің атауын көрсету)
Қағаз жеткізгіште ______________________________________________
(қағаз жеткізгіште бұйрық алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою)
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефон_______________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
_____________________________________________________________________
(пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілетіні;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші өнеркәсіптік тұтынушылар тізбесіне енгізу кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.
Басшы ________________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________
| "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесі – мұнай-газ- химия өнімін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемде
р/с | Өнеркәсіптік тұтынушының атауы | Өнеркәсіптік тұтынушының орналасқан жері | Тұтынылатын сұйытылған мұнай газының көлемі (жобалық қуаты), тонна | Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің атауы | Шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің көлемі (жобалық қуаты), тонна | Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна (бар болған жағдайда) | |||
бір сағат ішінде | бір жыл ішінде | бір сағат ішінде | бір жыл ішінде | бір сағат ішінде | бір жыл ішінде | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| "Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесіне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Хабарлама
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 01.10.2026 № 358-н/қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.