"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 сәуірде № 34233 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) "Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 8-2 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  2024 жылғы 4 сәуірдегі
№ 91 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына
8-2-қосымша

"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.

      3) БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БЖЗҚ ААЖ) – ақпаратты сақтауға, беруге және өңдеуге байланысты БЖЗҚ қызметін автоматтандыруға арналған бағдарламалық-аппараттық құралдар жиынтығы;

      4) жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі – ЖЗШ) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;

      5) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) – ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге арналған мемлекеттік деректер қоры және заңды тұлғаларға филиалдар мен өкілдіктерге ЗТ МДҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ведомстволық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, бизнес-сәйкестендіру нөмірін беруді қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Еңбекминінің АЖ) – зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды қарауға және тағайындауға, сондай-ақ төлемдер тағайындалған адамдарды есепке алу мен мониторингті жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйелер кешені;

      7) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғалар;

      8) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына енгізілетін ақша;

      9) МЗЖ салымшысы (бұдан әрі – салымшы) – БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;

      10) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, ұстап қалатын (есепке жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға;

      11) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ТӨҰ" ААЖ) – әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйе;

      12) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді немесе www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында (бұдан әрі – портал) электрондық өтінімді өз бетінше қалыптастырады.

      5. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі:

      қағаз түріндегі өтініштер үшін – Мемлекеттік корпорацияда "ТӨҰ" ААЖ-да қағаз өтініштерді тіркеу журналында тіркелген күннен бастап;

      порталда қалыптастырылған өтініштер үшін – "ТӨҰ" ААЖ-да қайтаруға электрондық өтінімдер журналына түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.

      6. Қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтару үшін құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге пошта арқылы жолдайды немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол береді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінің (бұдан әрі – Қаулы) 21-22-тармақтарына сәйкес құжаттар топтамасы кеңседе тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштердің дұрыс толтырылуын тексереді және нотариалды куәландырылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлдарды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісімі туралы өтінішіндегі бірегей код бойынша QR-код арқылы кодтарды оқу жөніндегі қосымшаның көмегімен немесе enis.kz сайттағы құжаттың тексеру коды бойынша нотариаттық мәміленің түпнұсқалығы мен дұрыстығын айқындайды.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасын қайтаруға көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қараудан мынадай жағдайларда бас тартады:

      1) тізбенің 8-тармағына сәйкес қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтаруға арналған құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған;

      2) МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомасын қайтаруға өтініш дұрыс толтырылмаған;

      3) салымшының (салымшылардың) МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасын оның ЖЗШ-дан есептен шығаруға нотариат куәландырған келісімі болмаған немесе расталмаған жағдайлар.

      Көрсетілетін қызметті беруші толтыру себептері мен қателіктерін көрсете отырып, өтінішті қараудан бас тарту туралы жазбаша жауапты қалыптастырады және оны пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      9. МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомасын қайтаруға агенттің ішінара пысықталған өтініші кезінде қызмет көрсетілді деп есептеледі, салымшы (лар) бойынша БЖЗҚ-ға өтінімдер қалыптастырылмаған көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес өтінімді қалыптастырудан бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша жауап қалыптастырады.

      10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген себептер жойылған кезде көрсетілетін қызметті алушы қайтадан қызмет көрсетілу үшін жүгінеді.

      11. Егер өтініштер дұрыс толтырылса және салымшының (салымшылардың) келісімі расталса, өтінішті көрсетілетін қызметті беруші "ТӨҰ" ААЖ-да қағаз өтініштерді тіркеу журналында тіркейді және бір жұмыс күні ішінде қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды растауға немесе қайтаруды жүзеге асырудан бас тартуға БЖЗҚ-ға алдын ала сұрау салуды қалыптастырады. БЖЗҚ растаған сомалар бойынша бір жұмыс күні ішінде МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға электрондық түрде өтінімдер қалыптастырылады және келісімге сәйкес БЖЗҚ-ға жіберіледі,

      12. БЖЗҚ көрсетілетін қызметті берушіден қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтару туралы электрондық өтінімді алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасын көрсетілетін қызметті беруші өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына қайтарады, не Қаулының 28-тармағына сәйкес себебін көрсете отырып, БЖЗҚ уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы куәландырылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтарудан бас тарту туралы электрондық хабарламасын қалыптастырады.

      Келісімде көрсетілетін қызметті берушіден қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды қайтаруға арналған алдын ала сұрау салу, электрондық өтінімді жіберу нысандары мен мерзімдері, сондай-ақ БЖЗҚ-дан жауаптарды ұсыну көзделген.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші БЖЗҚ-дан МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтару түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерін қса бере отырып, оларды төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті сондай-ақ порталда қызметті алушы МЗЖ (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға электрондық өтінімді өз бетінше қалыптастыру жолымен алуға болады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы порталда авторизацияланғаннан және мемлекеттік қызметті таңдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы олар бойынша қайтарылуға бастама жасалуы қажет МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын аударуды жүзеге асырған агенттің деректемелерін (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі-БСК), жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі-ЖСК), телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайы) толтырады.

      16. Агенттің деректерін енгізгеннен кейін портал заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу және (немесе) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (тоқтату немесе заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкеп соғатын заңды тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзге де өзгеруі) туралы ақпаратты алу үшін ЗТ МДҚ-ға сұрау салу жібереді.

      17. Бұрын МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын аударуды жүзеге асырған заңды тұлға (агент) қайта ұйымдастырылған жағдайда, портал көрсетілетін қызметті алушының таңдауына ЗТ МДҚ-дан МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомалары аударылған агенттің БСН-ін шығарады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын аударған агенттің деректемелерін таңдағаннан кейін портал МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын (референс, төлем тапсырмасының нөмірі, күні және жалпы сомасы), аудару кезінде қателіктер жіберілген қайтаруға арналған төлем тапсырмасының деректемелері бар сұрау салуды толтыруды және "ТӨҰ" ААЖ-ға жіберуді ұсынады.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы порталда көрсеткен агенттің деректемелері МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларының төлем тапсырмасының деректемелерімен сәйкес келмеген немесе заңды тұлғаны тіркеу болмаған жағдайда, "ТӨҰ" ААЖ мемлекеттік қызметті ресімдеу процесін аяқтайды.

      Деректемелер нақтыланғаннан кейін агент қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға порталда электрондық өтінішті қайта қалыптастырады.

      20. Агенттің алдында МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын аудару жүзеге асырылған банктік шоттың ЖСК өзгерген кезде, агент қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтару үшін екінші деңгейдегі банктен немесе "Қазпошта" АҚ-дан ағымдағы банктік шот ашылғаны туралы хабарламаның сканерленген нұсқасын міндетті түрде қоса бере отырып, банктік шотты (ЖСК) көрсетеді.

      21. Агенттің деректемелері аударылған төлем тапсырмасының деректемелеріне сәйкес келген жағдайда, "ТӨҰ" ААЖ қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға төлем тапсырмасының тізімдік бөлігін қоса бере отырып, агенттің дұрыс толтырылған деректемелері туралы растаумен жауапты автоматты түрде порталға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны порталдың жеке кабинетіне хабарлама жіберу арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті ресімдеуді жалғастыру қажеттігі туралы хабардар етеді.

      22. Төлем тапсырмасының келіп түскен тізімдік бөлігінен, көрсетілетін қызметті алушы МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруды жүзеге асыру қажет жеке тұлғаларды (жұмыскерлерді) таңдайды, қайтарудың сомасы мен себебін көрсетеді, одан кейін портал жеке тұлғаларға (жұмыскерлерге) порталдағы жеке кабинетінде салымшының ЖЗШ-дан ақшаны есептен шығаруға және дербес деректерді өңдеуге келісім алуға сұрау салуды осы Қағидаларға 4-қосымшаға хабарлама нысанында жібереді.

      23. Егер төлем тапсырмасының барлық таңдалған элементтері бойынша жеке тұлғалар (жұмыскерлер) қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын агенттің шотына қайтаруды жүзеге асыру үшін ЖЗШ-дан сомаларды есептен шығаруға келісім бермеген жағдайда, портал мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматты түрде аяқтайды.

      24. Жеке тұлғалардың (жұмыскерлердің) ЖЗШ-дан сомаларды есептен шығаруға келісімі алынған төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінің элементтері бойынша портал көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландырылған электрондық өтінішті оған МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қайтарылған қате аударылған сомаларын аудару қажет көрсетілетін қызметті алушының деректемелерін қоса бере отырып автоматты түрде қалыптастырады.

      25. "ТӨҰ" ААЖ порталынан келіп түскен электрондық өтініш МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруды жүзеге асыру үшін деректемелердің дұрыстығына, қайтарылатын соманың болуына, жеке тұлғалар (жұмыскерлер) бойынша қайтарудың болмауына және электрондық өтініште көрсетілген МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға бұрын жіберілген өтініштің болмауына тексеруден өтеді.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес жүзеге асырылған тексерудің теріс нәтижесі болған кезде "ТӨҰ" ААЖ мемлекеттік қызмет көрсету процесін аяқтауға бастама жасайды және порталға қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын БЖЗҚ-ға қайтаруға электрондық өтінімді қалыптастырудан бас тарту себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.

      27. Осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес жүзеге асырылған тексерудің оң нәтижесі болған кезде "ТӨҰ" ААЖ электрондық өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің электрондық өтініштерін тіркеуіне арналған МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған өтініштер журналына автоматты түрде жібереді.

      28. МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған электрондық өтініш журналына электрондық өтініш түскеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған электрондық өтінішті қарайды.

      29. Электрондық өтінішті толтыруда қателер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші "ТӨҰ" ААЖ арқылы порталға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы екі жұмыс күні ішінде қызметті одан әрі көрсету үшін қосымша құжаттарды ұсынады.

      Екі күн мерзімде қосымша құжаттар ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны қалыптастырады.

      30. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген себептер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтарудан бас тартады. "ТӨҰ" ААЖ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтарудан бас тарту туралы хабарламаны порталға жібереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық өтінішін қарау мәртебесі туралы хабарламаны порталдың жеке кабинетінде шығарады.

      31. Электрондық өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға ЖЗҚ-ға электрондық өтінім жібереді. "ТӨҰ" ААЖ порталға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді және порталдың жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған электрондық өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаны шығарады.

      32. БЖЗҚ электрондық өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық өтінімнің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұлды көрсетілетін қызметті берушіге қайтаруды жүзеге асырады.

      33. Тізбенің 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда БЖЗҚ электрондық өтініштің нөмірін, күнін және бас тартудың себептерін көрсете отырып, МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтарудан бас тартуды "ТӨҰ" ААЖ -ға жібереді.

      "ТӨҰ" ААЖ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтарудан бас тарту туралы хабарламаны порталға жібереді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық өтінішін қарау мәртебесі туралы хабарламаны порталдың жеке кабинетінде шығарады.

      34. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға МЗЖ және (немесе) өсімпұлды БЖЗҚ-ға қайтаруға арналған электрондық өтінімді қалыптастыру туралы хабарлама не Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысаны бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз түрінде жіберген МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтаруға арналған өтініштер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды көрсетілетін қызметті беруші пошта байланысы арқылы жібереді.

      35. МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын көрсетілетін қызметті берушінің банктік шотына қайтару жүзеге асырылған жағдайда, БЖЗҚ қате аударылған МЗЖ және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға арналған электрондық өтінімнің оң қаралғаны туралы жауапты "ТӨҰ" ААЖ-ға жібереді.

      "ТӨҰ" ААЖ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті алуға арналған электрондық өтінішті қараудың оң мәртебесі туралы хабарламаны порталға жібереді және мемлекеттік қызметті алуға арналған электрондық өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарламаны порталдың жеке кабинетіне шығарады.

      36. Көрсетілетін қызметті беруші МЗЖ және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомалары көрсетілетін қызметті берушінің шотына түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сомаларды агентке аударады.

      37. Портал ақпараттық жүйелерді пайдаланушы қалыптастырған мәліметтердің қалыптастырылуын, қауіпсіздігін, сақталуын және өзгермейтінін қамтамасыз етеді.

      38. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпаратты беретін ақпараттық жүйе тарапы (сервис иесі) қамтамасыз етеді.

      39.  Еңбекмині  деректерді қолданбалы бағдарламалық қамтылымы деңгейінде рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды, көрсетілетін қызметті алушыдан алынған мәліметтердің уақтылы берілуін және өзгермейтінін қамтамасыз етеді.

      40. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі талаптары, тәртібі мен мерзімдері осы Қағидаларда айқындалады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      41. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын оңтайлы шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      42. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Тізбенің 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымын БЖЗҚ қарайды.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      43. Егер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруға өтініші

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

      __________________________________________________________________

      1. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл агентінің деректемелері:

      Атауы ___________________________________________________________

      БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) ___________________________

      _________________________________

      Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (төлемдер бойынша 01.01.2013 ж. дейін)

      _________________________________________________________________

      БСК _____________________________________________________________

      (ЖСК) __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________________________

      2. Қателіктер жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері, № _ _ _ _ _ _ күні

      20__ жылғы "___" ____________

      Төлем тапсырмасының жалпы сомасы _________________________________

      3. Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының және (немесе) өсімпұл деректемелері ___________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      Салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ________________________

      Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдарды қайтару салымшысының жарна сомасы ____________________________________________________________

      Қайтарылатын сома _________________________________________________,

      4. Кейінгі төлемдерді түзету мүмкін емес, себебі

      __________________________________________________________________

      (қайтару талап етілетін себебін көрсету, мысалы, қызметкер жұмыстан босатылды,

      төлем тағайындау коды дұрыс көрсетілмеді, кезең дұрыс көрсетілмеді, банктік деректемелері дұрыс көрсетілмеді, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдарды қайтару салымшысының деректемелері дұрыс көрсетілмеді, резидент емес және тағы басқа) Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның деректері, банк деректемелері көрсетіледі)

      __________________________________________________________________

      _____________________ ___________________________

      (басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы)

      _____________________________ (күні)

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін: _____ (иә/жоқ).

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Мемлекеттік корпорациясының орталық филиалы) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 15 (он бес) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)
және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомаларын қайтару туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс уақыты

1) көрсетілетін қызметті берушіде – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес түскі асқа үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге::
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтінішке мыналар қоса беріледі:
МЗЖ және (немесе) өсімпұлдарды қайтару салымшысының осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате есептелген сомаларды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келіскені туралы нотариат куәландырған өтініші.
Қайтыс болған салымшы бойынша міндетті зейнетақы жарналарының қате аударылған сомасын қайтару қажет болған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары салымшысының қате есептелген сомаларды жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісу туралы нотариат куәландырған өтінішін мұрагер қайтыс болу туралы куәлікті және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының мұрагерлік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып ресімдейді.
Соттың шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды жүзеге асыру кезінде міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтінішінің орнына соттың ұйғарымы қоса беріледі.
Екінші деңгейдегі банктер мен "Қазпошта" АҚ үшін – қате нұсқауды қайтаруға арналған хаттар мен өтініштерге қол қоюға осы тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, банктің уәкілетті тұлғаларының қолы қойылған хат;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталына:
- көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
- міндетті зейнетақы жарналары салымшысының салымшының ЭЦҚ-мен куәландырылған қате есептелген сомаларды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісімі

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қаулының 27, 28-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуі.
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі);
5) соттың заңды күшіне енген шешімі, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет электрондық және (немесе) қағаз нысанда көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкіметтің" веб-порталы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды оның жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісімі туралы өтініш

      Мен, ____________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      ЖСН _________________________________________________________

      мен жеке зейнетақы шотыма ______________________________________

      (сомасы жазбаша) сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате аударылған сомасын қайтаруға келісім беремін

      (Бірнеше төлем тапсырмалары бойынша міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың қате есептелген сомаларын қайтару қажет болған жағдайда қайтаруға жататын сомалар әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі).

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін: _____ (иә/жоқ).

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

"Электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіндегі жеке зейнетақы шотынан міндетті зейнетақы жарналарын есептен шығаруға келісім сұратуды алуға хабарлама

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сізге _____________________ [салымшының тегі, аты, әкесінің аты] жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларының болуы туралы_________________ [агенттің БСН] [агенттің атауы] хабарлайды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотынан қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруға, сондай-ақ қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың ____________________________[ агент көрсеткен қайтару сомасы] мөлшерінде сомаларын қайтару үшін қежетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді сұрайды.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруды тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін: _____ (иә/жоқ).

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтаруға өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама

      Сіздің өтінішіңіз__________________________________________________[электрондық өтініштің нөмірі] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес ________________________[бас тарту себебінің мәтіні] себебі бойынша бас тартылды.

      Өтініш мәртебесі: ________________________________________________

      ______________________________________________ [мәтін мәртебесі].

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетінде электрондық өтінішті қарау мәртебесі туралы хабарлама

      Сіздің өтінішіңіз __________________________________[электрондық өтініштің нөмірі] "Міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-да қарауға қабылданды. Өтініш мәртебесі: ____________________ [мәтін мәртебесі].

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтарудан бас тарту туралы хабарлама

      Сіздің __________________________________ [өтініштің нөмірі]

      өтінішіңіз бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес, сондай-ақ тізбенің 9-тармағына сәйкес ___________________________________ [бас тарту себебінің мәтіні] себебі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдардың қате аударылған сомаларын қайтаруға бас тарту жіберілді. Өтініш мәртебесі: [мәтін мәртебесі].

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

"Электрондық үкімет" порталының жеке кабинетінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-да электрондық өтініштің сәтті қаралғаны туралы хабарлама

      Сіздің __________________________________ [электрондық өтініштің нөмірі]

      өтінішіңіз бойынша міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың

      және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтару жүзеге асырылды.

      Өтініш мәртебесі: ________________________________ [мәтін мәртебесі].

  "Қате аударылған міндетті
зейнетақы жарналарын және
(немесе) өсімпұлдарды қайтару"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Қосымша құжаттарды ұсыну туралы хабарлама

      Мемлекеттік қызметті одан әрі көрсету үшін 2 жұмыс күні ішінде мыналарды ұсыну

      қажет________________________________________________

      Өтініш мәртебесі: __________________________________[мәртебе мәтіні]