"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 наурызда № 34135 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:

      2-тармақта:

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      мынадай редакциядағы 40) тармақшамен толықтырылсын:

      "40) дактилоскопиялық тіркеу – дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың дактилоскопиялық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызметі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. УТР мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушылар елде болу мақсатына қарай осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы УТР беру туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнамамен тіркеу орны бойынша аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – қызмет берушіге) не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының не өкілеттіктерде көзделген іс әрекеттерді жүзеге асыруға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша немесе заңды тұлғаның бұйрығы немесе сенімхат бойынша сенім білдірілген адамның жеке қатысуы қажет.

      Қажетті мәліметтерді қамтитын және ХҚКО БАЖ-бен және (немесе) порталмен біріктірілген ақпараттық жүйелер болған кезде ақпараттық жүйелердің мәліметтері пайдаланылады. Бұл ретте тиісті мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында 16 жасқа толған көшіп келушілерге УТР мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар тіркеу орны бойынша аумақтық полиция органдарына не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы көшіп келуші 16 жасқа толған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      Дактилоскопиялық тіркеуден өту үшін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болу орны бойынша аумақтық полиция органдарына жүгінеді.";

      9-1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттарды, оның ішінде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қабылдағаннан кейін:

      1) ұсынылған құжаттарды қабылдайды және толықтығын тексереді;

      2) "Бүркіт" БАЖ мәліметтері бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі туралы ақпаратты тексереді;

      3) ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер қоры бойынша соттылығы және іздестірілуі, алдыңғы болу кезеңінде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін орындалмаған міндеттемелердің болуы туралы мәліметтерді тексереді;

      4) ақпараттық жүйеде шетелдіктің және оның бірге келген отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерінің бар-жоғын тексереді;

      5) Заңның 43-2-бабының 5-тармағы негізінде үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі еңбек шарттары негізінде жұмыс берушіге берілген қолданыстағы УТР санын тексеру;

      6) ақпараттық жүйеде "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімнің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеру";

      7) ақпараттық жүйеде шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеру.

      Өтінімнің дұрыстығы және мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері КҚП АЖ-да осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес УТР қалыптастырады, басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Егер УТР беруге өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы ХҚКО БАЖ-ға жолдайды. Мемлекеттік корпорация операторы УТР басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер УТР беруге өтінім портал арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.

      УТР ресімдеуге құжаттар көрсетілетін қызметті беруші арқылы не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы:

      1) мемлекеттік қызметті алуға уақтылы жүгінген, бірақ ақпараттық жүйелердің іркілуі салдарынан болу мерзімдері өтіп кеткен (Мемлекеттік корпорация мен көрсетілетін қызметті беруші қол қойған іркіліс актісі болған кезде);

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен аспайтын кезең ішінде Қазақстан Республикасынан шықпағаны үшін халықтың көші-қоны саласындағы бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты қабылданады (қалған жағдайларда құжаттарды қабылдауға жол берілмейді).".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына 1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 219 Бұйрыққа
1-қосымша
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  ____________________________
қала, облыс
Полиция департаменті
____________________________
өтініш берушінің, заңды тұлға
____________________________
өкілінің тегі, аты әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
тұрақты тұрғылықты жері
(заңды тұлғалар үшін – заңды
тұлғаның тіркелу мекенжайы)
____________________________
үй, ұялы телефондары

Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама

      Қазақстан Республикасына __________________________________________________

      (оқу, емдеу, миссионерлік, бизнес-көшіп келушілер, еңбек қызметін жүзеге асыру,

      отбасымен бірігу немесе ҚР-да тұрақты тұруға), не болмаса адам саудасының құрбаны

      ретінде анықталғандар және сәйкестендірілгендер) мақсатында келген мынадай

      шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беруіңізді

      сұраймын.

№ р/р

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (шақырылған адамның паспортымен қатаң сәйкестікте толтырылады)

Азаматтығы, құжаттың түрі, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі

Туған күні

Туған жері

Ұлты

Жынысы

Елі, мекенжайы және тұрақты тұрғылықты жері

Шетелдіктің жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Қазақстан Республикасына бірге келген отбасы мүшелері, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалары туралы мәліметтер _______________________________.

№ р/р

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (шақырылған адамның паспортымен қатаң сәйкестікте толтырылады)

Азаматтығы, құжаттың түрі, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі

Туған күні

Туған жері

Көшіп келушімен туыстық дәрежесі

Ұлты

Жынысы

Елі, мекенжайы және тұрақты тұрғылықты жері

Шетелдіктің жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерінің мекенжайы

      (мекенжайдың тіркеу кодын растаумен)

      ______________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше, № үй, корпус, пәтер)

      Үй, ұялы телефондары:__________________

      Уақытша тұруға рұқсат қандай мерзімге алады:

      20___ жылғы "__"___бастап 20____ жылғы "___"_______дейін.

      Қабылдаушы тарап туралы мәліметтер:

      Жеке басты куәландыратын құжат_____№____ 20___ "___" ___ бастап ________ дейін

      қолдану мерзімімен берілген жеке сәйкестендіру нөмірі

      №_________________________________

      Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік: атауы ____________________________

      №_______________ 20___ "____"__________,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі №___________________

      (Қабылдаушы тараптың атауы)

      Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына, ел аумағында жүріп-тұруы және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 518-бабына, Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасына сәйкес белгілі бір болу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан шығуды қамтамасыз ету бойынша құжаттарды ресімдеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі туралы ескертілді.

      20 __ жылғы "___" ________________________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20____жылғы "____" ____ ______(Өтініш берушінің қолы)

      Өтініш-сауалнама 20___жылғы "____" _______________ қабылданды.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 219 Бұйрыққа
2-қосымша
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
1-1-қосымша

"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрcетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасының қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
4. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
5. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
6. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бизнес-көшіп келушілерге)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.
7. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат беру;
8. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы қажетті құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін).
Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік корпорацияда – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру және өтініштер қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы "электрондық кезекті" броньдауға болады.
3) порталда - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған кезде, демалыс және мереке күндерінде жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде беріледі).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www. mvd. gov. kz интернет-ресурсында "Министрлік туралы" бөлімінде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің Веб-ресурстары" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында;
3) www. egov. kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген кезде:
1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларға (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама.
2. Визасыз болу туралы келісімдер ратификацияланған шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
3. Медициналық сақтандырудың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады) (Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарын қоспағанда (бұданәрі-ЕАЭО).
4. Егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім.
5. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өтуі туралы анықтама.
Мемлекеттік қызметтің кіші түріне байланысты мыналарды қосымша ұсынады:
1) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасының қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжат.
2) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
жергілікті атқарушы орган берген шетелдіктің біліктілік сәйкестігі туралы анықтама немесе рұқсат; еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген рұқсат;
ЕАЭО азаматтары үшін - уәкілетті органда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – "ЕШЕБЖ" еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарты немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт;
Ішкі корпоративті ауыстыру бойынша немесе қызмет көрсету туралы заңды тұлғалар арасындағы шартты іске асыру шеңберінде қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрық;
аккредиттеу мерзімі көрсетілген журналистің аккредиттелгенін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының халықтың көші - қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
"Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі -АХҚО) қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
3) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасындағы оқу орнының қолдаухаты негізінде.
4) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емдеу немесе Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік пациентке, сондай-ақ жақын туыстарына - Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттігін растайтын құжаттар.
5) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлік.
6) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бизнес-көшіп келушілерге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
"Халықтың көші - қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы (кәсіпкерлік мәселелері бойынша) берген құжат.
7) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат беру:
"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органның өтінішхаты.
8) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу үшін бұрын берілген өтініш болған жағдайда.
Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.".
Шетелдіктің дактилоскопиялық тіркеуінің бар-жоғы туралы, "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде тексереді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Барлық кіші түрлері бойынша: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету деректері мен мәліметттерінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылуы бойынша;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы немесе порталдағы "жеке кабинет" арқылы ала алады;
2) дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіретін жерлер пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mvd. gov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777;
4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 219 Бұйрыққа
3-қосымша
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

"Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн;
көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, төлем мөлшері – мемлекеттік баж төленетін күнге анықталған 4 айлық есептік көрсеткіш.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндері демалыс, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік корпорацияда – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру және өтініштер қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00 дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00 дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы "электрондық кезекті" броньдауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында "Министрлік туралы" бөлімінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің Веб-ресурстары" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері көрсетілетін қызметті алушыға және Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде:
1) осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауланама;
2) көрсетілетін қызметті алушының шетелдік паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс.
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33001 тіркелген) өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы не "Халықтын көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 4) тармақшасына сәйкес төлем қабілеттілігін растаудан босатуға арналған негіздердің болуын куәландыратын құжат;
4) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды және Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
6) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне кемінде күнтізбелік 180 күн қою туралы жеке және заңды тұлғамен (Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттігін растайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін)нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған өтініш.
7) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттарының бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы (028/у медициналық анықтама);
8) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
9) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат.
10) сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін, оларға қатысты "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар берудің жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар – Қазақстан Республикасының ұлттық жұмыстар жіктеушісінің (бұдан әрі - ҰЖЖ) тобын және ҰЖЖ талаптарына (кәсібі, дағдыларының деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) сәйкестігін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органның қолдаухатын.
11) "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялық тіркеу рәсімінен өткенін растайтын анықтама.
3), 4), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.
Өзге мемлекеттің азаматтығын, Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік және консулдық мекеме арқылы ресімдеген және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ата-анасымен не ата-анасының бірімен келген жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызметті алушы, не оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, қорғаншысы) Қазақстан Республикасының азаматы не шетел азаматы, немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда 1), 2), 5), 6), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ он алты жасқа толмаған баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін); Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған жағдайда, екінші ата-анасынан (ата-анасының екеуінен де) нотариалдық расталған өтініш-келісім ұсынады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетел мемлекеті биліктерінің қатысуымен немесе сол билік тарапынан шыққан құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған кезде қаралуға қабылданады.

9

Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
2. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады, не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай көрсетілетін қызметті қабылдаушыларға жойылады:
1) заңсыз келгендерге, сонымен қатар жасалған қылмысы үшін тумасы болып табылатын елдің заңнамасымен қудаланатын азаматтарға;
2) сотталғанға дейін тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсынбаған;
5) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;
6) ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздыртқан;
7) іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталғандар;
8) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырғандар;
9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы барлар;
10) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік әрекетке қатысы бары туралы мәліметтер болған кезде, себептері түсіндірілместен;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтініш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген;
13) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген сәтке бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберілген;
14) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқандар;
16) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
17) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
18) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
19) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;
20) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
21) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса.
Этникалық қазақтар және олардың отбасыларына, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты азаматтығы жоқ тұлғаларға немесе КСРО 1974 жылғы үлгідегі паспорты негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының аясына түсетін әйелдерге қатысты 15) және 17) тармақшалары қолданылмайды.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысандаы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mdai.gov.kz интернет ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.