БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді, тест тапсырмаларының дерекқорын қалыптастыруды және оларды жаңартуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін қызметті беруші тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тестілеу уақытын көрсетілетін қызметті беруші айқындайды.";
32-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32-3. Тест тапсырмаларын, сондай-ақ кандидаттың тестілеу рәсімінің бейне және аудиожазбаларын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сұрауы бойынша апелляциялық комиссияға береді.
Бұл ретте, тест тапсырмалары кандидаттарға танысу үшін ғана беріледі.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен рәсімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде 2/3 (үштен екiсi) қатысқан жағдайда құқылы болады.
Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.";
1, 1-1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.12.2025 № 196 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуратурасы
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Өтініш
Мені Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша және жеке қасиеттерді бағалауға құқық қорғау қызметінің ____ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастырудың негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Тестілеу өту мекенжайы: ______________.
Тестілеуөтудіқалағанкүні:______________.
Тестілеу өтудіқалағануақыты: ______________.
"___" ___________________20 __ ж.
"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетінқызметтіберушініңатауы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "электрондықүкiмет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | Тестілеу өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі. |
4 | Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны | Электрондық (толықавтоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі |
Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде кандидаттан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке |
7 | Жұмыскестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жұмыс уақытында, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі; |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
портал арқылы: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері |
1) кандидаттың соңғы бір ай ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар |
Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
1) бірінші бағдарлама C-GP-2, C-GP-3, C-GP-4, C-GP-5, C-GP-6, C-GP-7,
C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-AGP-2, C-AGP-3, C-AGP-4, C-AGP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-AGP-8, C-AGP-9, C-KAGP-2, C-KAGP-3, C-KAGP-4, C-KAGP-5, C-KAGP-6, C-KSGP-2, C-KSGP-3, C-KSGP-4, C-KSGP-5, C-KSGP-6, C-OKSGP-1, C-OKSGP-2, C-OKSGP-3, C-OKSGP-4, C-OKSGP-5, C-OKSGP-6, C-OKSGP-7, C-TP-2, C-TP-3, C-TP-4, C-TP-5, C-TP-6, C-TP-7, C-TP-8, C-RTP-1, C-RTP-2, C-RTP-3, C-RTP-4, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, В-PK-1, В-PK-2, В-PK-3, В-PKО-1, В-PKО-2, В-PKО-3, С-FM-2, С-FM-3, С-FM-4, С-FMО-1, С-FMО-2, С-FMО-3, С-FMО-4 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды.
2) екінші бағдарлама С-SV-8, С-SV-10, С-SVО-3, С-SVО-5, С-SVО-7, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-5, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, В-PK-4, В-PK-5, В-PK-6, В-PK-7, В-PK-8, В-PKО-4, В-PKО-5, В-PKО-6, В-PKО-7, В-PKО-8, С-FM-5, С-FM-6, С-FMО-5, С-FMО-6 санаттағы құқық қорғау қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
3) үшінші бағдарлама C-GP-4, C-GP-5, C-GP-6, C-GP-7, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-3, C-RGP-4, C-AGP-4, C-AGP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-AGP-8, C-AGP-9, C-KAGP-3, C-KAGP-4, C-KAGP-5, C-KAGP-6, C-KSGP-3, C-KSGP-4, C-KSGP-5, C-KSGP-6, C-OKSGP-2, C-OKSGP-3, C-OKSGP-4, C-OKSGP-5, C-OKSGP-6, C-OKSGP-7, C-TP-4, C-TP-5, C-TP-6, C-TP-7, C-TP-8, C-RTP-1, C-RTP-3, C-RTP-4, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, В-РК-3, В-РК-4, В-РК-5, В-РК-6, В-РК-7, В-РК-8, В-РКО-3, В-РКО-4, В-РКО-5, В-РКО-6, В-РКО-7, В-РКО-8санаттағы құқық қорғау қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Құқық қорғау қызметі туралы"(15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер.
Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 202__жылғы "___"__________ № ____бұйрығына 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.12.2025 № 196 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 202__жылғы "___"________ № ____бұйрығына 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.12.2025 № 196 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.