Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32959 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 111-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтары мен кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 275 бұйрығына
1 қосымша

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 10-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      2) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

      3) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      4) жалақыны субсидиялау – жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсаған шығындарын толық немесе ішінара өтеу;

      5) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      6) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      7) жұмыс орны – еңбек қызметі процесінде жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      8) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;

      9) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      10) субсидияланатын жұмыс орны – жұмыссыздарды, сондай-ақ оқудан бос уақытта жұмысқа қатысатын студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын денсаулығына зиян келтірмей және оқу процесін бұзбай, олардың жалақысын толық немесе ішінара субсидиялай отырып, жұмысқа орналастыру үшін, еңбек мобильділігі орталығымен (мансап орталығымен) шарт негізінде жұмыс беруші құратын жұмыс орны;

      11) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарын айқындайтын жергілікті атқарушы органы;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесі, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптар, олардың жалақысын субсидиялау мөлшері мен мерзімдері Кодекстің 111-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалады.

      4. Субсидияланатын жұмыс орындары жұмыссыздар, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін құрылады.

      5. Субсидияланатын жұмыс орындарын мансап орталықтары салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.

      Бұл ретте, әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелері, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеуші адамдар үшін үйде ұйымдастырылады.

      6. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытқа ие.

      Қоғамдық жұмыстарға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері жатпайды.

      Қоғамдық жұмыстардың мынадай ерекшеліктері бар:

      1) жұмыстарды толық емес жұмыс күні шарттарында немесе икемді кесте бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі;

      2) өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы;

      3) арнайы білімі жоқ адамдарға уақытша жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі.

      7. Осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыссыздарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен күнтізбелік жыл ішінде бір рет жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс беруші бос жұмыс орны болған кезде жұмыссызды оның келісімімен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

2-тарау. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі

      9. Мансап орталығы жыл сайын 1-31 қазан аралығында қаржыландыру лимитін негізге ала отырып, жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы қаржы жылына өтінімдер (бұдан әрі – өтінім) жинауды жүзеге асырады.

      10. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрғысы келетін жұмыс беруші электрондық еңбек биржасында "жеке кабинет" арқылы мансап орталығына өтінім береді.

      11. Мансап орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін әзірлеп, қарау және бекіту үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді

      12. Еңбек мобильділігі орталығы 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орындарының түрін, жұмыстың ұзақтығын, кәсіп пен айына еңбекақы төлеу мөлшерін көрсете отырып, субсидияланатын жұмыс орындарын құруға өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын (бұдан әрі – Тізбе) бекітеді.

      Еңбек мобильділігі орталығы Тізбені жұмыс берушілерден мансап орталығына өтінімдер келіп түсуіне қарай жаңартады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мансап орталығы жұмыс берушілердің тізбесін бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде еңбек ұтқырлығы орталығының шешімін әрбір өтінім бойынша "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді.

      14. Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындары бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысудан бас тарту туралы кезекті қаржы жылына шешімді қабылдаған кезде жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы "жеке кабинетіне" автоматты түрде "Еңбек нарығы" ААЖ-дан себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.

      Жұмыс берушіні Тізбеге енгізуден бас тарту үшін:

      1) жұмыс берушіні субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға жіберу үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің дәйексіздігін белгілеу;

      2) жұмыс берушінің бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерін орындамауы негіз болып табылады.

      15. Еңбек мобильділігі орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-дан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

      16. Жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығынан Шарт келіп түскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, оған Электрондық еңбек биржасында қол қояды.

      17. Жұмыс беруші Шартқа қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құрады және оларды Электрондық еңбек биржасында жариялайды.

      Бұл ретте әлеуметтік жұмыс орындары, "Алғашқы жұмыс орны" және "Күміс жас" жобалары бойынша жұмыс орындары біліктілігі төмен кәсіптер немесе қызметтер бойынша құрылмайды.

      Оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.

      18. Субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін үміткер мансап орталығына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен бекітілген нысан бойынша өтініш береді.

      19. Мансап орталығы үміткерге оның келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдама береді.

      Үміткер жұмыстан босаған сәтке дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді.

      Аталған талап үміткер субсидияланатын жұмыс орындары шеңберінде еңбек қатынастарында болған жұмыс берушілерге қолданылмайды.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Үміткер мансап орталығынан жолдама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінеді.

      21. Жұмыс беруші мансап орталығы берген жолдама бойынша жүгінген үміткерді субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

      22. Жұмыс беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мансап орталығына үміткерлерді жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

      23. Жұмыс беруші жастар практикасына, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларына қатысушыларға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәлімгер бекітеді.

      24. Жұмыс беруші таратылған немесе жұмыс беруші осы Қағидадаларды бұзған жағдайларда жұмыссыздар қалған мерзімі аяқталғанға дейін жұмыстарын басқа жұмыс берушіде жалғастырады.

      25. Субсидияланатын жұмыс орындарындағы еңбек қызметін өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатысады.

      26. Мансап орталығы субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу аяқталғаннан кейін жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

3-тарау. Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың еңбекақысын субсидиялау тәртібі

      27. Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау және экологиялық үстемеақыларды төлеу жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты есебінен жүргізіледі.

      28. Субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқан адамдардың жалақысын жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялауды халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      29. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшерін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган белгілейді.

      30. Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

      31. Жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін жүргізеді.

      Бұл ретте, жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдар үшін еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшерін негізге ала отырып, салықтар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асырады.

      Жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуді жұмыс беруші ұсынған мәліметтердің негізінде Еңбек мобильділігі орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

  Субсидияланатын жұмыс
орындарын ұйымдастыру және
субсидияланатын жұмыс
орындарына жұмысқа
орналасқан адамдардың
жалақысын субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан


_________________ ауданының (қаласының)
мансап орталығы

      _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі), байланысушы тұлға және телефоны)

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға ағымдағы қаржы жылына өтінім

Р/с №

Субсидияланатын жұмыс орнының түрі

Кәсіптің атауы

Жұмыс орындарының жоспарлы саны

Жұмыстардың болжалды ұзақтығы (айлар)

Жалақының бір айдағы мөлшері, теңге













      Ескертпе: кәсіптің атауы Ұлттық қызметтер сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі:

      _______________________________________       ________________

      (Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                         (қолы)

      Өтінім берілген күн: ______________.

  Субсидияланатын жұмыс
орындарын ұйымдастыру және
субсидияланатын жұмыс
орындарына жұмысқа
орналасқан адамдардың
жалақысын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру
туралы № _______ шарт

      _________________________________                   _____________________

      Жасалған орны                                     Күні

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын ____________________________ облысының

      (астананың, республикалық маңызы бар қаласының) еңбек мобильділігі орталығы

      атынан _______________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (ереже. жарғы және т.б)

      ______________________________________________________ және бұдан әрі "Орындаушы"

      (директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      атынан _____________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (ереже. жарғы және т.б)

      _______________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 3-тармағына сәйкес субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) Электрондық еңбек биржасы арқылы жасасты және төмендегі туралы келісімге келді:

1-тарау. Шарттың мәні

      1.1. Жұмыссыздар үшін олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру.

      1.2. Шарттың жалпы сомасы ______________ теңгені құрайды. (жазбаша)

      1.3. Жұмыссыздардың жалпы саны_____________ адамды құрайды. (жазбаша)

2-тарау. Тараптардың міндеттемелері

      2.1. Тапсырыс беруші:

      1) Орындаушыдан Шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      2) Шарт талаптарының орындалуына барып тексеру жасауға құқылы. Шарт талаптарының орындалуын тексеру нәтижелері барып тексеру актілерімен рәсімделеді.

      2.2. Орындаушы:

      1) өз қаражаты есебінен адамдарға қосымша үстемеақы төлеуге;

      2) адамға оның талабы бойынша субсидияланатын жұмыс орнындағы жұмыстың нәтижесі жөнінде пікір (ұсыным хат) ұсынуға құқылы.

      Ескерту. 2.2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2.3. Тапсырыс беруші:

      1) адамдарды олардың келісімімен Орындаушыға ____________________ (жазбаша)

      адамды субсидияланатын жұмыс орындарына, оның ішінде:

      - қоғамдық жұмыстар бойынша __________ адамды; (жазбаша)

      - жастар практикасы бойынша ______________ адамды; (жазбаша)

      - әлеуметтік жұмыс орындары бойынша ________________ адамды (жазбаша)

      - "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша __________ адамды; (жазбаша)

      - "Күміс жас" жобасы бойынша ______________ адамды; (жазбаша)

      - "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша ________________ адамды (жазбаша)

      жұмысқа орналасу үшін жіберуге;

      2) әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына жалақының субсидияланатын бөлігін уақтылы және толық көлемде аударуға;

      3) Орындаушы ұсынған ай сайынғы мәліметтердің негізінде Еңбек кодексіне сәйкес қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін уақтылы және толық көлемде жалақы төлеуге;

      4) Қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларына қатысатын адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес уақтылы және толық көлемде жүргізуге;

      5) субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуына мониторинг жүргізуге;

      6) Орындаушының әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлеуіне ай сайын мониторинг жүргізуге;

      7) жұмыспен қамтудың жеке картасында субсидияланатын жұмыс орынындағы жұмысы аяқталғаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) адамның әлеуметтік жұмыс орнына және тұрақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметті көрсетуге міндеттенеді.

      Ескерту. 2.3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2.4. Орындаушы:

      1) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын құруға:

      2) Орталық жолдамасы бойынша жүгінген адамдарды субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға;

      3) 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіні жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы хабардар етуге;

      4) Еңбек кодексіне сәйкес әрбір адаммен еңбек шартын жасауға;

      5) әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуге;

      6) әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін жеке табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізуге;

      7) әлеуметтік жұмыс орындарына немесе "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді Еңбек кодексіне сәйкес уақтылы және толық көлемде жүргізуге;

      8) әрбір адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге;

      9) қажет болған жағдайда адамдарды арнайы киіммен, құрал-саймандармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;

      10) адамдарды Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

      11) еңбек міндеттерін атқару кезінде адамның денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтеуге;

      12) жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін еңбек кітапшасына (бар болса) субсидияланатын жұмыс орынындағы жұмыс кезеңін енгізуге;

      13) Тапсырыс берушіге Шартқа 1, 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді есепті ай аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынуға;

      14) Тапсырыс берушіге Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды толық көлемде ұсынуға;

      15) Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялаудың тәртібін бұзған және/немесе "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" және "Күміс жас" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарды тұрақты жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, адамдардың жалақысының субсидияланған бөлігін төлеуге жұмсаған мемлекеттің шығыстарын бюджетке өтеуге;

      16) жастар практикасы және "Алғашқы жұмыс орны" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға кәсіби білімдері мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлердің арасынан тәлімгер тағайындауға;

      17) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенге кемінде 6 (алты) ай қалған немесе зейнет жасындағы тәлімгер тағайындауға;

      18) "Алғашқы жұмыс орны" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды кемінде 12 (он екі) ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;

      19) "Ұрпақтар келісімшарты" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстыруға;

      20) "Күміс жас" жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға;

      21) әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасының шеңберінде жұмысқа орналастырылған адамдармен еңбек шартын тоқтатқан жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес өтемақы төлеуге;

      22) Еңбек кодексінде көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне адаммен жасалған және тоқтатылған еңбек шарты туралы ақпаратты енгізуге міндетті.

      Ескерту. 2.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Еңбекақы төлеу

      3.1. Жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеуді Орындаушы Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.

      Ескерту. 3.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3.2. Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін еңбекақы төлеуді Орындаушы мәліметтерінің негізінде Тапсырыс беруші жүргізеді.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Орындаушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара басқа біреуге беруіне жол берілмейді.

      4.2. Орындаушы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, Шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзылуға жатады.

      Шарт Тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте бір Тарап екінші тарапты бұл туралы кемінде бір ай мерзімде хабардар етуге тиіс.

      4.3. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Тараптарды осы мерзім аяқталғанға дейін болған заң бұзушылықтар үшін жауаптылықтан босатпайды.

5-тарау. Форс-мажор

      5.1. Тараптар Шарт талаптарын, егер ол Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесі болып табылса, орындамағаны үшін жауаптылықта болмайды.

      5.2. Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипатқа ие оқиғалар. Мұндай оқиғалар өртті, жер сілкінуін, су тасқынын, апатты жағдайларды және әскери әрекеттерді қамтуы мүмкін.

      5.3. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар және олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді.

      Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Орындаушы орындылығына қарай Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес Шартты орындаудың балама көздерін іздейді.

      5.4. Егер жоғарыда көрсетілген мән-жайлар күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

6-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      6.1. Тапсырыс беруші мен Орындаушы тікелей келіссөздер процесінде араларында Шарт немесе соған байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктерді шешуге барлық күштерін салуға тиіс.

      6.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Орындаушы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, онда тараптың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы мәселенің шешілуін талап ете алады.

7-тарау. Өзге де жағдайлар

      7.1. Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылды және Электрондық еңбек биржасы арқылы жасалды.

      7.2. Бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама почта байланысы немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы жіберіледі. Осы күндердің қайсысы кейін туатынына қарай хабарлама ол жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.

      7.3. Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар жасалған Шарттың нысанында қосымша келісіммен рәсімделеді.

      Орындаушы таңдауының негізі болып табылатын шарттардың өзгермеуі талаптарында жасалған Шартқа өзгерістер енгізу:

      1) Шарт бойынша жұмыс орындары санының ұлғаюы;

      2) Шарт бойынша жұмыссыздар санының ұлғаюы бөлігінде міндетті.

      Егер жұмыс беруші жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмыс орнына біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебі бойынша мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың арасынан кандидатты таба алмаса, онда Тапсырыс беруші Шартқа өзгерістер енгізбей-ақ, жұмыс берушінің өтінімі бойынша жұмыс орнының кәсібін (мамандығын) өзгертуі мүмкін.

      7.4. Егер қаржы жылы ішінде бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыру көлемі азайса, онда Тапсырыс беруші Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда бір Тарап екінші Тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқылы емес. Тапсырыс беруші кемінде 2 (екі) ай бұрын Орындаушыға бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыру көлемінің азайғаны туралы хабарлама жібереді және бұл жағдайда Шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілмейді.

8-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      8.1. Осы шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы __ ________ бастап 20__ жылғы __ ___________ дейін.

      8.2. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркегеннен кейін күшіне енеді.

      Тараптардың заңды мекенжайлары:

Тапсырыс беруші

Жұмыс беруші

______________________ облысының (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) еңбек мобильділігі орталығы
заңды мекенжайы: _________________
ЖСК _________________________
БСК _________________________
БСН (ЖСН) ___________________
Коды ________________________
__________________________________ (Тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (бар болса))
__________________________________ (қолы)

 
заңды мекенжайы: ____________________
ЖСК_________________________
БСК _________________________
БСН (ЖСН) ___________________
Коды _______________________
_____________________________________ (Тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (бар болса))
__________________________________ (қолы)

      Аталған құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.

  Субсидияланатын жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы шартқа
1-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: мансап орталықтарына

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: ЖОС

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ________ айы.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 25-і күніне қарай

      Кесте. Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер

Жұмыс берушінің атауы

Субсидияланатын жұмыс орны түрінің атауы

Мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың саны

Субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамдардың саны

Субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған адамдардың саны

Субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдар

1

2

3

4

5

6

      Кестенің жалғасы:

Әртүрлі себеппен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған адамдар саны

Еңбек заңнамасын бұзғандар

Өз еркімен

Сырқатына байланысты

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің шұғыл қызметіне шақырту алғандар

Жұмысқа орналасу себебімен

Қайтыс болғандар

Жүктілік, босану, бала күтімі бойынша демалыс алғандар

Тұрақты мекен –жайдың ауысуына байланысты

Басқа да себептер

7

8

9

10

11

12

13

14

15










      Атауы _________________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________

      Орындаушы:

      _____________________________________ ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:

      _____________________________________ ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "___"____________________.

      Мөрдің орны

  "Субсидияланатын жұмыс
орындарының іске асырылу
барысы туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.

      3. Нысанға білім беру ұйымының басшысы не оның міндетін атқарушы адам, оның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қол қояды.

      4. Нысан есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне қарай ұсынылады.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында субсидияланатын жұмыс орны түрінің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың саны көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Нысанның 4-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамдардың саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында еңбек заңнамасын бұзу себебімен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында өз еркімен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      14. Нысанның 9-бағанында сырқатына байланысты субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      15. Нысанның 10-бағанында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің шұғыл қызметіне шақырту алу себебімен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      16. Нысанның 11-бағанында жұмысқа орналасу себебімен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      17. Нысанның 12-бағанында қайтыс болу себебімен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      18. Нысанның 13-бағанында жүктілік, босану, бала күтімі бойынша демалыста болу себебімен субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      19. Нысанның 14-бағанында тұрақты мекен–жайдың ауысуына байланысты субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

      20. Нысанның 15-бағанында басқа да себептер бойынша субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысын мерзімінен бұрын аяқтаған адамдардың саны көрсетіледі.

  Субсидияланатын жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы шартқа
2-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: мансап орталықтарына

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: СЖО-1

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдың 25-і күніне қарай

      Кесте. Әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

Р/с

Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5











      Кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндері

Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері

Еңбек шартына сәйкес жалақының мөлшері, теңге

Жалақының субсидияланатын бөлігінің сомасы, теңге

6

7

8

9

10











      Атауы ________________________________________________________

      Мекенжайы ___________________________________________________

      Телефоны _____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы:

      _____________________________________             ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:

      _____________________________________             ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "___"_____________

      Мөрдің орны (бар болса)

  "Әлеуметтік жұмыс орындары
және "Күміс жас" жобасы
шеңберінде субсидияланатын
жұмыс орындарына жұмысқа
орналасқан адамдар туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.

      3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысан есепті айдың 25-күніне қарай ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында есепті айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың есепті айда нақты істеген жұмыс күндері көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың жұмысқа уақытша жарамсыздық күндерінің саны көрсетіледі.

      14. Нысанның 9-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбек шартына сәйкес жалақысының мөлшері көрсетіледі.

      15. Нысанның 10-бағанында жалақының субсидияланатын бөлігінің сомасы көрсетіледі.

  Субсидияланатын жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы шартқа
3-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.02.2024 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: мансап орталықтарына

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: СЖО-2

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдың 25-і күніне қарай

      Кесте. Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

Р/с

Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1

2

3

4









      Кестенің жалғасы

Адамның жеке сәйкестендіру нөмірі

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндері

Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері

5

6

7

8









      Атауы _______________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы:

      _____________________________________             ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:

      _____________________________________             ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "___"____________________.

      Мөрдің орны (бар болса)

  "Қоғамдық жұмыстар, жастар
практикасы, "Алғашқы жұмыс
орны" және "Ұрпақтар
келісімшарты" жобалары
шеңберінде субсидияланатын
жұмыс орындарына жұмысқа
орналасқан адамдар туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары (бұдан әрі – субсидияланатын жұмыс орындары) шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.

      3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысан есепті айдың 25-күніне қарай ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында есепті айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның есепті айда нақты істеген жұмыс күндері көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның жұмысқа уақытша жарамсыздық күндерінің саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 275 бұйрыққа
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтары мен кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14863 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17194 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 6-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № 515 және "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 5 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18161 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 146 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18446 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 461 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19289 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20854 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 78 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22354 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 12-тармағы.

      9. ""Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26748 болып тіркелген).

      10. ""Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28258 болып тіркелген).

      11. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29707 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы.

      12. ""Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № 442 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30397 болып тіркелген).

      13. ""Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 535 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31463 болып тіркелген).

      14. ""Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 наурыздағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32194 болып тіркелген).

      15. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 98 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32196 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 5-тармағы.