"Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 мамырда № 28258 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 275 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 13) және 26) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;";

      1-қосымшада:

      2.4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) адамдарды Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;";

      4-қосымшада:

      "Еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері" деген 4-баған алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;";

      1-қосымшада:

      2.2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өз қаражаты есебінен жұмыссыздарға қосымша үстемеақы төлеуге;";

      2.4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жұмыссыздарды Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;";

      4-қосымшада:

      "Еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері" деген 4-баған алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жұмыспен қамту орталығы Оқыту бағдарламасын іске асыру үшін білім беру ұйымымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 12 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына сәйкес шарт жасайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Білім беру ұйымдары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күніне қарай жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Оқытудың іске асырылу барысы туралы есептілік және № 12 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтердің актісін ұсынады.";

      37-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жұмыссыздар тұрақты тұратын елді мекендерден тыс орналасқан білім беру ұйымдарында оқыған уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын – 15 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарда тұруға ай сайын – 10 АЕК мөлшерінде;";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жұмыспен қамту орталығы өтінімдерді жинау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінімдерді осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген жұмыс берушілерді іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуі тұрғысынан қаралады.";

      7-қосымшада:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға және қаржыланыруға № _______ Шарт

      ____________________________ _____________________

      Жасалған орны Күні

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып
тіркелген) (бұдан әрі – № 516 бұйрық) және аудандық (қалалық) комиссияның 20 ___ жылғы
___ _________ № ___ шешімінің негізінде бұдан әрі бірлесе "Тараптар" деп аталатын бұдан
әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын __________________________ ауданы (қаласы)
Халықты жұмыспен қамту орталығының атынан ___________________________________
_____________________________________________________________________________
(директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын __________________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________ атынан
(жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
_____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
жұмыс берушілердегі жұмыс орнында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға
және қаржыланыруға осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады және төмендегі туралы
келісімге келді:";

      9-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуға № ____ жолдама";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік оқыту жөніндегі № _______ әлеуметтік келісімшартта:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      ________________________________ _____________________

      Жасалған орны Күні

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып
тіркелген) (бұдан әрі – № 516 бұйрық) және аудандық (қалалық) комиссияның 20 ___ жылғы
___ _________ № ___ шешімінің негізінде бұдан әрі бірлесе "Тараптар" деп аталатын бұдан
әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
_______________ әрекет ететін _________ ауданы (қаласы) Халықты
(ереже. жарғы және т.б)
жұмыспен қамту орталығының атынан ___________________________________,
(директордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын __________________________________
(ереже. жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін __________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы)
атынан _______________________________________________________________,
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
(бұдан әрі – Білім алушы) деп аталатын жұмыссыз _________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
және бұдан әрі "Білім беру ұйымы" деп аталатын __________________________
(ереже. жарғы және т.б)
негізінде әрекет ететін _________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
оқуды өткізетін ұйымның атынан _______________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
кәсіптік оқыту жөніндегі осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Әлеуметтік
келісімшарт) жасады және төмендегі туралы келісімге келді:";

      "1. Әлеуметтік келісімшарттың мәні", "2. Тараптардың міндеттемелері" және "3. Тараптардың жауапкершілігі" тақырыптарының орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіндер өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі