"Бәсекелестік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 21 маусымдағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 маусымда № 32898 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бәсекелестік саласындағы кейбір бұйрықтарға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіңіз:

      1) "Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27340 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызметтік тізімі (кандидаттың білімі, жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі).";

      Сенім білдірілген адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларына қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2) "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20455 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына алдын ала келісімі;

      2) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына тыйым салуы.

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодекске және Заңға сәйкес қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Заңның 10-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабының 2-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.

      5. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі - өтінішхат) www.elicense.kz "Е-лицензиялау" мемлекеттік базасы" ақпараттық жүйесі" (бұдан әрі - портал) арқылы, құжаттарды электрондық түрде, оның ішінде DOCX және PDF форматында қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес жүгінеді.";

      6, 7-тармақтар алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтінішхат портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты түскен күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде өтінішхатқа қоса берілген құаттардың толықтығын Кодекстің 204-бабына сәйкес тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.";

      11-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы қызметтері нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға қосымшаның 9-тармағында көзделген.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.";

      19 тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      уәкілетті орган және білім беру сапасын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда – 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаған жағдайда және/немесе бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты болған жағдайда қолданылмайды.";

      25-тармақ алып тасталсын;

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.";

      "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 6 Бұйрығына
1 қосымша
  Сенім білдірілген
адамдардың тізілімін
жүргізу қағидасына
Қосымша

      Нысан

Сенім білдірілген адамдардың тізілімі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Қызметтік тізімі (кандидаттың білімі, жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі)

Сенім білдірілген адамның жұмыс орны

1

2

3

4

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 6 Бұйрығына
2 қосымша
  "Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан Нысан

"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www.​eli​cens​e.​kz "Е-лицензиялау" мемлекеттік базасы" ақпараттық жүйесі"

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды;
экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс;
көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтінішхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады, ол туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды;
қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтінішхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді;
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттiк органдар қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейiн қайта басталады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді;
көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім кемінде бес жұмыс күнін құрайды; көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхатты қараудың тоқтатылғаны туралы актісі шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы;
Егер сатып алғанға дейін тұлға (тұлғалар тобы) нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) жиырма бес пайызынан астамына билік етуге құқық алатын мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы;
Егер мәміле (өзара байланысты мәмілелер) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарының және материалдық емес активтерінің баланстық құнының он пайызынан асып түссе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) басқа нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы.
порталда өтінішхаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішхаттың қарауға қабылданғаны туралы хабарлама түрінде немесе тіркелу күні мен нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішхатты қарауға қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша:
қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;
құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті берудің мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар:
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы, тұрғылықты жері туралы мәліметтер және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайыздан астамына билік ету құқығына ие болады:
шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;
сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға ұқсас тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болып табылатын, атқарушы орган, директорлар кеңесі (байқау кеңесінің) мүшелерінің лауазымы көрсетілген тізімі;
өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мынадай іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;
өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) егер мәміленің (өзара байланысты мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе басқаға беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдары мен материалдық емес активтері баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алу, иелену және пайдалану бойынша:
шарт немесе шарттың жобасы;
сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
сатып алынатын мүлiктi пайдаланумен өндiрiлетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;
тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;
тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдаланумен тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы.
4) шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағына сәйкес ұсынылатын ақпараттан басқа қосымша мыналарды:
өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес өзінің заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;
егер шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысатын нарық субъектiсiнiң – сатып алушының Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты ұсынады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 18-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 6 Бұйрығына
3 қосымша
  "Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті
қорғау және дамыту
агенттігінің төрағасы
___________________________
(барыс септігінде)
__________________________
(шығыс септігінде)
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы және
(немесе) аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі, БСН және
(немесе) ЖСН (болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 200-бабының 2-тармағына сәйкес

      _______________________________________________________________________________

      (мәміленің, іс – әрекеттің мәні мен тараптарын көрсете отырып мәміленің, іс – әрекеттің сипаттамасы)

      ________________________________________________________________________________

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      ________________________________________________________________________________

      (Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)

      негізінде

      ____________________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетіледі) беріп отыр.

      Құжаттама __________________________________________сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініш берген тұлға (тұлғалар) және мәміленің мәні туралы сәйкестендіру мәліметтерін монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жария талқылау үшін орналастыруға келісемін.

      Басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолтаңбасы _______________ Мөр орны

      (болған кезде)

      Өтінішхат берілген күн ________________________________________________

      Өкілдің байланыс мәліметтері ___________________________________________