"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20455 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16770 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 сәуірде электрондық түрде жарияланған);

      2) "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31мамырдағы № 200 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17092 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 29 бұйрығымен
бекітілген

"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына алдын ала келісімі;

      2) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына тыйым салуы.

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодекске және Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 25.06.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-1. Заңның 10-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабының 2-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 25.06.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі-өтінішхат) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы құжаттарды электрондық түрде, оның ішінде DOCX және PDF форматында қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес жүгінеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 25.06.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтінішхат портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты түскен күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өтінішхатқа қоса берілген құаттардың толықтығын Кодекстің 204-бабына сәйкес тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 25.06.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Порталда өтінішхаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішхаттың қарауға қабылданғаны не тіркелу күні мен нөмірін көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлама түрінде, хабарлама жолданады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қарау барысында он бес жұмыс күні ішінде:

      1) егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды; не сабақтас тауар нарықтарындағы тауарларды өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;

      2) бір немесе одан көп тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеудің пайда болуы немесе күшеюі анықталған кезде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiн есептеу;

      3) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы қызметтері нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;

      4) бәсекелестiктi шектеу белгілері анықталған кезде, оның ішінде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі кезінде қаржы нарығында бәсекелестікті шектеу көрсеткiштерiн есептеу жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 25.06.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қарау барысында нарық субъектісінен және (немесе) мемлекеттік органнан шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.

      13. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 196-бабының 10-тармағына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты береді.

      14. Мынадай жағдайларда:

      1) көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтінішхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабарлайды;

      2) қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде, сондай-ақ Кодекстің 196-бабы 2-тармағының негізінде тауар және қаржы нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтінішхаттарды қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабардар етеді.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қайта басталады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабарлайды.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету:

      1) көрсетілетін қызметті алушылардан өтінішхатты қайтарып алу туралы хабарламалар келіп түскен;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші айқындаған мерзімде ақпарат ұсынбаған жағдайда, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтірсе;

      3) көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатты объективті қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда тоқтатылады.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі актімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға қосымшаның 9-тармағында көзделген.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы шешімі көрсетілетін қызметті берушінің актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген көрсетілетін қызметті алушыға, ал қаржы ұйымдарына қатысты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға да жіберіледі.

      Порталда өтінішхатты қарау нәртижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      уәкілетті орган және білім беру сапасын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, портал арқылы беріледі.

      22. Шағым қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      23. Шағым "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жіберілген кезде өтінішті қараудың жай-күйі туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда – 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаған жағдайда және/немесе бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты болған жағдайда қолданылмайды.

      Ескерту. Қағидалар 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Алып тасталды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 25.06.2024 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды;
экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиiс;
көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтінішхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады, ол туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды;
қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтінішхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді;
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттiк органдар қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейiн автоматты түрде қайта басталады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етеді;
көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім кемінде бес жұмыс күнін құрайды; көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхатты қараудың тоқтатылғаны туралы актісі шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы;
Егер сатып алғанға дейін тұлға (тұлғалар тобы) нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайызынан астамына билік етуге құқық алатын мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы.
Порталда өтінішхаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішхаттың қарауға қабылданғаны туралы хабарлама түрінде немесе тіркелу күні мен нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішхатты қарауға қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша:
қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
бекiтiлген жарғы немесе оның жобасы;
құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті берудің мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;
тікелей қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы, тұрғылықты жері туралы мәліметтер және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайыздан астамына билік ету құқығына ие болады:
мәміле жасалғанын растайтын шарттың (өзге де құжаттың) нысанасы, тараптар, мәміле жасау үшін негізгі шарттар, сондай-ақ мәміленің құны (бағасы) туралы сатып алушы немесе сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған еркін нысандағы хат түрінде ұсынылатын мәліметтер;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi және оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды және Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi, сондай-ақ оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мынадай іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 18-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті
қорғау және дамыту
агенттігінің төрағасы
___________________________
(барыс септігінде)
__________________________
(шығыс септігінде)
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы және
(немесе) аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі, БСН және (немесе) ЖСН (болған
  жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 200-бабының 2-тармағына сәйкес

      _______________________________________________________________________________

      (мәміленің, іс – әрекеттің мәні мен тараптарын көрсете отырып мәміленің, іс – әрекеттің сипаттамасы)

      ________________________________________________________________________________

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      ________________________________________________________________________________

      (Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)

      негізінде

      ____________________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі көрсетіледі) беріп отыр.

      Құжаттама __________________________________________сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініш берген тұлға (тұлғалар) және мәміленің мәні туралы сәйкестендіру мәліметтерін монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жария талқылау үшін орналастыруға келісемін.

      Басшының немесе оны ауыстыратын тұлғаның қолтаңбасы _______________ Мөр орны

      (болған кезде)

      Өтінішхат берілген күн ________________________________________________

      Өкілдің байланыс мәліметтері ___________________________________________