Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 маусымда № 32897 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасының он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарына, 17-бабының 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайлары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтің сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық:

      1) осы бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларының:

      2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "4) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;"

      деген редакцияда қолданылатын;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "4) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам."

      деген редакцияда қолданылатын 2-тармағының 4) тармақшасының бірінші абзацын қоспағанда;

      2) осы бұйрықпен бекітілген Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайларының:

      2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;"

      деген редакцияда қолданылатын;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам."

      деген редакцияда қолданылатын 2-тармағының 3) тармақшасының бірінші абзацын қоспағанда;

      3) осы бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидаларының:

      2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;"

      деген редакцияда қолданылатын;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, соның ішінде шаруа және фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам"

      деген редакцияда қолданылатын 2-тармағының 3) тармақшасының бірінші абзацын қоспағанда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялық

      және аэроғарыштық

      өнеркәсіп министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
1-қосымша

Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының он төртінші абзацына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзiрлендi және Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларының тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;

      3) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек – Кодексте белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген әлеуметтік аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақшаның бірінші абзацының 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін қолданыста болатын редакциясын осы бұйрықтың 5-т. 1) т. қараңыз.

      4) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;

      Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;

      5) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      6) бірыңғай төлемді төлеуші – Салық кодексінің 776-1-бабына сәйкес айқындалған салық агенті;

      7) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;

      8) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;

      9) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін, құрылтайшысы және жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

      10) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі – мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар жиынтығы;

      11) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы – өзі үшін әлеуметтік аударымдар төленетін және Кодексте көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға;

      12) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      13) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)– нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

2-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi

      3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Қорға төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      4. Салық Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін олар өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 20 пайызын құрайды.

      5. Бірыңғай төлем құрамында әлеуметтік аударымдарды төлеуді таңдаған салық агенттері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,2 пайызы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      6. Бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі Кодекстің 244-бабының 3-тармағымен белгіленеді.

      7. Бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      8. Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді.

      9. Жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төлейтін шығыстары әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

      Жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы енгізіледі.

      10. Дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері үшін, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектілері:

      өзі және шаруа немесе фермер қожалықтарының он сегіз жасқа толған мүшелері үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерін қоспағанда, өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалатын кіріске тең, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын алатын кірісінің сомасы;

      жалдамалы жұмыскерлер үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, қызметкерге еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төленетін шығыстар болып табылады.

      11. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы, астанадағы айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендердегі айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

      Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

      12. Бірыңғай төлемді есептеу объектісі Салық кодексінің 776-2-бабында айқындалған қызметкердің кірісі болып табылады.

      Бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бірыңғай төлем төлеушінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

      13. Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен өзге де заңды тұлғалар төлейтін материалдық пайда жеке көмекшілер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

      14. Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар тиындардың сомасына қарамастан 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Қорға әлеуметтік аударымдар:

      1) Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында және 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында белгіленген;

      2) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген;

      3) Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді.

      Осы тармақтың қолданысы Салық кодексінің 89-1 тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін жұмыскерлердің кірісіне қолданылмайды.

3-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу және олар бойынша өндіріп алу тәртібі

      15. Осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып ай сайын төлейді.

      16. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер Салық кодексінде көзделген мерзімде патенттің құнын әр ай үшін бөлек төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды төлейді.

      17. Салық Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар "Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысымен айқындалатын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды төлейді.

      18. Бірыңғай төлемді төлеушілер бірыңғай төлемді екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей осындай бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлейді.

      19. Қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын әлеуметтік аударымдарды төлеу күні – банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтік аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн қолма-қол нысанда төлеушінің банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтік аударымдарды енгізген күн болып есептеледі.

      20. Төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды төлеуі олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін қоса бере отырып жүзеге асырылады.

      21. Егер төлеуші өзінің орналасқан жерінен тыс орналасқан құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік аударымдарды жүзеге асырған жағдайда, әлеуметтік аударымдарды төлеу құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

      22. Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.

      23. Әлеуметтiк аударымдар жүргiзілетiн міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiнде әрбiр жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН); тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса); туған күні; әлеуметтік аударым сомасы; әлеуметтiк аударымдар төленетiн кезең (ай, жыл) көрсетіледі.

      Қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмаларында әлеуметтік аударымдар төленетін кезеңді төлеушілер "Төлем мақсаты" бағанында көрсетеді.

      24. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың ЖСН базасында әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүзеге асырады.

      25. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлеушілерден түскен ақшаны Мемлекеттік корпорацияға аударуы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 электрондық форматында төлем тапсырмаларымен жүргізіледі.

      Бұл ретте жөнелтуші банктер қалыптастыратын МТ-102 электрондық форматындағы төлем тапсырмаларында әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұл төленетін кезең тиісті "PERIOD" деген жолда "ААЖЖЖЖ" форматында көрсетіледі.

      26. Төлеушілер әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешектi төлеуді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, MT-102 электрондық форматтағы төлем тапсырмаларымен кезең (ай (айлар), жыл (жылдар)) үшін жүргізедi.

      27. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы Қорға осы сомалар төлеушiнiң банк шоттарынан есептен шығарылған күні аударады.

      28. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары келіп түскен күнінен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.

      Мемлекеттік корпорация:

      1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;

      2) Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адам болып табылатын;

      3) өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінен артық төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы бойынша төлеушіге әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтаруды жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ 5) тармақшасына сәйкес төлеуші болып табылмайтын жеке тұлғалар төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл да қайтаруға жатады.

      29. Мемлекеттік кіріс органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекел деңгейі жоғары немесе орташа санатына жатқызылған, төлеушіде әлеуметтік аударымдар бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама төлеушінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етіледі. Бұл ретте, төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама төлеушіге мынадай жағдайларда табыс етілді деп есептеледі:

      1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде – төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап;

      Бұл ретте, пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізеді.

      Мемлекеттік кірістер органдары төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген хабарламаны осы тармақта көзделген пошта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Салық кодексінде белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық тексеру жүргізілген күн осындай хабарлама табыс етілген күн болып табылады.

      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      салық төлеушінің электрондық салық қызметтерін алуына және оның салық міндеттемелерін орындауына арналған мемлекеттік кірістер органының дербестендірілген және рұқсатсыз кіруден қорғалған интернет-ресурсына хабарламаны жеткізген күннен бастап.

      Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;

      "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген төлеушіге қолданылады;

      3) Мемлекеттік корпорация арқылы – келу тәртібімен оны алған күннен бастап жүзеге асырылады.

      30. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда пайдасына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеуші – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеуші – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген мемлекеттік кіріс органына ұсынады.

      31. Осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес төлеушінің ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдері негізінде мемлекеттік кірістер органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомаларын тізімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады. (п 6)

      Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеушілердің банктік шоттарынан өндіріп алу төлеушінің ұсынған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдері қоса беріле отырып, мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

      Төлеушінің банктік шотында ұлттық валютадағы ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      32. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органы:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушіге хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер төлеушілердің банктік шоттары бойынша:

      1) Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімпұлдарды, сондай-ақ бюджетке енгізуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операцияларды;

      2) ақшаны:

      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;

      салық берешегін, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Төлеушiнің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкiмi Салық кодексінің 118-бабының 3-тармағына сәйкес бекітіледі.

      33. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мына операциялардан басқа кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына:

      Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есептелген өсімпұлдарды, сондай-ақ бюджетке енгізуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне аудару үшін оларды банкке тапсыру үшін;

      егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банкке қатысты шығарылған болса, банктің клиенттерінің қолма-қол ақшасын беру операциялары үшін қолданылады.

      Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші Қорға келіп түскен қолма-қол ақшаны олар келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей аудару арқылы бұлжытпай орындауға тиіс.

      Төлеушiнің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм төлеушіге берешек сомасы бойынша хабарламаны жөнелту және табыс ету үшін осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген әдістермен жіберіледі және табыс етіледі.

      Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкiмінің күшін әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кірістер органы жояды.

      34. Төлеушi Қорға әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұл сомасын төлеу үшiн "төлем мақсаты" – "кезең (ай (айлар), жыл (жылдар)) үшiн әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшін өсiмпұл" жолында көрсете отырып, банкке төлем тапсырмасын ұсынады.

      Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

      35. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар бойынша есеп-қисап ұсынады.

      36. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларының тiзiлiмдерiн ұсынады.

      37. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары туралы, оның iшiнде қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.

      Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледi.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
2-қосымша

Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайлары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың қағидалары мен жағдайлары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының он бесінші абзацына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзiрлендi және артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың тәртібі мен жағдайларын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаның бірінші абзацының 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін қолданыста болатын редакциясын осы бұйрықтың 5-т. 2) т. қараңыз.

      3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;

      Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;

      4) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі.

      5) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін, құрылтайшысы және жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

      6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі – мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар жиынтығы;

      7) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы – өзі үшін әлеуметтік аударымдар төленетін және Кодексте көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға.

2-тарау. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге асырудың жағдайлары мен тәртiбi

      3. Төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтаруды мынадай жағдайларда жүзеге асырады:

      төлеушi немесе банк сол бір кезең үшін екi немесе одан да көп рет Қордың шотына қате аударса;

      қайтаруға тиіс, жаңадан қабылданған немесе жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған кіріске артық есептесе;

      Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төлесе;

      төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмесе;

      төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілсе;

      төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілсе;

      төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмесе;

      дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударса.

      4. Төлеушiнің Қорға артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдар сомаларын қайтаруды Қор төлеушiнің өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi, егер сома төлеушi банктің және банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк) кiнәсiнен артық (банктік шоттан екi немесе одан да көп рет алынған) аударылған болса, онда қайтару төлеуші банктiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзіледi.

      5. Төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың Қорға аударылған сомаларын қайтаруды мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) төлеушi (төлеушінің банкі) Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi;

      2) Мемлекеттік корпорация мынадай жағдайларда қоса берілген құжаттармен өтінішті төлеушіге қайтарады:

      егер артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың есепке жатқызылу фактісi расталмаса;

      төлеушінің өтініші толық емес немесе қате толтырылған, оның ішінде:

      төлеушінің өтініші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанға сай келмесе;

      бірнеше себептерді таңдаса;

      төлем құжатының деректемелеріне сәйкес келмесе;

      өтінішке осы Қағидаларға қосымшада көзделген артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару себебін растайтын құжаттар қоса берілмесе;

      Кодекстің 78-бабының 4-тармағына, 85-бабының 4-тармағына, 118-бабының 4-тармағына, 181-бабының 2-тармағына, 240-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде ескерілмеген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын қоспағанда төлеуші әлеуметтік төлемдер тағайындау кезінде қатысу өтіліне есептелген кезең үшін артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары;

      3) Мемлекеттік корпорация бес операциялық күн iшiнде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi және осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып өтінішті Қорға жiбередi;

      4) Қор әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтарудан мынадай негіздер бойынша:

      Қорға міндетті түрде төленуге жататын әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомалары;

      Кодекстің 78-бабының 4-тармағына, 85-бабының 4-тармағына, 118-бабының 4-тармағына, 181-бабының 2-тармағына, 240-бабының 3-тармағына сәйкес әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде ескерілмеген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындау үшін есепке алынған кезең үшін есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары;

      төлеушінің артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдарды қайтару себебі расталмаса бас тартады;

      5) Қор өтініштерді өңдегеннен кейін МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын және төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап жеті операциялық күн ішінде қалыптастырады:

      кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуды жүзеге асырады;

      қайтаруға жатпайтын әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдардың сомалары бойынша Қор Мемлекеттік корпорацияға төлеушіні кейіннен хабардар ету үшін электрондық нысанда бас тарту себептері туралы ақпаратты береді;

      6) Мемлекеттік корпорация қайтаруға жататын әлеуметтік аударымдар сомалары бойынша есептелген Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің тағайындалу фактісін анықтаған жағдайда Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдар сомалары келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күн ішінде оларды Қордың шотына қайтарады;

      7) Мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомасын Қордан қаражат келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей төлеушiге аударады және әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың қайтарылған сомалары бойынша деректерді өзектілендіреді;

      8) Мемлекеттік корпорация Қордан ақпарат алғаннан кейін төлеушіні қағаз жеткізгіште бас тарту себептері туралы хабардар етеді;

      9) Мемлекеттік корпорация операциялық бір күн ішінде Қорды артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың қайтарылған сомаларын аудару туралы электрондық нысанда хабардар етеді.

      6. Мемлекеттік корпорация мен Қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың аударылуын, әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.

      7. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық форматтағы төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жіберген жағдайда банк жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.

      8. Қор қайтарылған артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.

      9. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына Салық кодексiнде белгіленген тәртiппен тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларының тiзiлiмдерiн ұсынады.

      10. Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары туралы, оның iшiнде электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес қамтамасыз етедi.

      Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде Қорға әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледi.

  Артық (қате) төленген
әлеуметтік аударымдарды және
(немесе) әлеуметтік
аударымдардың уақтылы және
(немесе) толық төленбегені үшін
өсімпұлдарды қайтаруды жүзеге
асырудың қағидалары мен
жағдайларына
қосымша
  "Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры"
акционерлік қоғамының
басшысына

Өтініш

      кімнен ____________________________________________________________

      (төлеушiнiң немесе банктің, төлеушінің банк операцияларының

      жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      _______________ №_____ төлем тапсырмасымен, артық (қате) аударылған әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың сомасын:


Р/с

ЖСН

Т.А.Ә.
(әкесінің аты бар болса)

Кезең үшін

Төленген сома
(бір төлем тапсырмасы бойынша)

Төленетін сома

Қайтарылатын сома

ТТК









      қайтаруды жүзеге асыруды сұраймын, _____ референс, _________ төлемнің жалпы сомасы _______ , қайтарылатын жалпы сома _______ себебі (бір себептен артық белгіленбейді), барлық қажетті құжаттар қоса беріледі:

      ☐ төлеушi немесе банк сол бір кезең үшін екi немесе одан да көп рет Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының шотына қате аударған;

      ☐ қайтаруға тиіс, жаңадан қабылданған немесе жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген (міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталғанын/тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі);

      ☐ Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;

      ☐ төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген

      (растайтын құжаттардың бірі (керектісін белгілеу керек):

      қоса беріледі):

      - шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) көшірмесі;

      - әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі;

      - бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді.

      ☐ төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген (қосымша: растайтын құжаттардың біреуі қоса беріледі (керектісін белгілеу керек):

      - шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) көшірмесі;

      - әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі;

      - бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді.

      ☐ төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

      ☐ дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударса (түсіндірме еркін нысанда қоса беріледі).

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз (деректемелер өзгерген жағдайда растайтын құжаттың көшірмесін қоса беру қажеттігі туралы хабардармын):

      Төлеушінің атауы:________________________

      Төлеушінің ЖСН/БСН:____________________

      ЖСК:___________________________________

      Банк төлеушінің БСК:_____________________

      Төлеуші банктің атауы:____________________

      Қолдары: Басшы ______________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Заңды мекенжайы: ___________________,

      Төлеушінің байланыс телефондары:

      Телефон: +7 (____)_________________,

      E-mail__________________________.

      Толтырылған күні 20 ____жылғы "___" ___________

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
3-қосымша

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының он алтыншы абзацына (бұдан әрі – Кодекс), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;

      3) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      4) Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – Қор активтерін есепке алуды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттың сақталуы мен санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылым;

      5) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерін – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін, құрылтайшысы және жалғыз акционері мемлекет болып табылатын, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      7) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      9) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы – өзі үшін әлеуметтік аударымдар төленетін және Кодексте көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)– нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру тәртібі

      3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты беруді Мемлекеттік корпорация және Қор филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      4. Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке басты куәландыратын құжатпен (сәйкестендіру үшін) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе портал арқылы сұрау салу жіберу жолымен жүгінеді.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру бойыша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.

      5. Үшінші тұлғалардың әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алуы үшін өтініш Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша беріледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжатты ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      7. Өтінішті қабылдау кезінде қызметкер:

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуына сұрау салуды қалыптастырады және өтінішті тіркейді;

      Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қызметті алушы туралы деректердің болуына сұрау салуды қалыптастырады және өтінішті тіркейді.

      Сұрау салуды өңдеу әлеуметтік-еңбек саласының тиісті бірыңғай ақпараттық жүйесінде және Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде 10 минут ішінде жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сай беріледі.

      9. Портал арқылы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      1) ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы порталда авторизациялануды жүргізеді;

      2) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне сұрау салуды жүзеге асырады;

      3) ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландырады (оған қол қояды).

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу уақыты мен күнін көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.

      10. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ арқылы куәландырылған, электрондық құжат нысанында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сай беріледі.

      11. Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі:

      олардың тағайындалуына сәйкес ақпараттық жүйелердің үздіксіз қызмет етуін және өзектілендірілуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін;

      берілетін деректердің толықтығын, дәйектілігін, өзектілігін және уақтылылығын қамтамасыз етеді.

      Ақпараттық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай тасымалдау ортасы арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу кезіндегі ақпаратты қорғау мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған тасымалдау ортасы есебінен де, техникалық және ұйымдастыру сипатындағы шаралар есебінен де қамтамасыз етілуге тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған режимде енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыға
әлеуметтік аударымдардың
жай-күйі мен қозғалысы туралы
ақпарат беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Өтініш

      _______________________________________________ азаматтан (азаматшадан)

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Туған күні "___" _______________ ______ жылы, мекенжайы бойынша тұратын:

      _____________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарының жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беруіңізді сұраймын. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

      Қолы _____________

      Толтырылған күні "___" ____________ _______жыл

  Міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыға
әлеуметтік аударымдардың
жай-күйі мен қозғалысы туралы
ақпарат беру қағидаларына
2-қосымша

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ-ның филиалдары (бұдан әрі – Қор).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

1) Мемлекеттік корпорация;
2) Қор;
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияға, Қорға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 минут.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін ең ұзақ күтудің рұқсат етілетін уақыты жүгінген күні орнында – 15 минут.
Ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 минут.

4

Көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны – электрондық/қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілі

Жеке тұлғаларға тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс уақыты

Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызмет көрсету кезекші бөлімшелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады.
2) Қорда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өзі жүгінген кезде:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
сенім білдірілген адам жүгінген кезде:
1) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бірреттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжатты ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның, Қордың қызметкері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

10

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет электрондық және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және қосқан жағдайда бірреттік парольмен сұрау салу арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Қордың www.gfss.kz интернет-ресурсының "Байланыс" бөлімінде;
3) порталда: www.egov.kz-те орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.gov4c.kz, www.gfss.kz. интернет-ресурстарында көрсетілген.
Цифрлық құжаттардың сервисі электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, "Egov mobile" мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.
Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Қорға және оның филиалдарына, Мемлекеттік корпорацияға, "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  Міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыға
әлеуметтік аударымдардың
жай-күйі мен қозғалысы туралы
ақпарат беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
немесе көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)
____________________________
      (көрсетілетін қызметті
      алушының мекенжайы)

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
№____ҚОЛХАТ

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын және 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      (қолхатты кім бергенін көрсету)

      Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________;

      2) ___________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы: _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Телефон __________________________________________________________

      Алды: ____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/ қолы)

      20__жылғы "____" _______.

  Міндетті әлеуметтік сақтандыру
жүйесіне қатысушыға
әлеуметтік аударымдардың
жай-күйі мен қозғалысы туралы
ақпарат беру қағидаларына
4-қосымша

Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты:

Жеке сәйкестендіру нөмірі:

Қабылдау күні

Жеткізу күні

Құжаттың күні

ТТК

Жіберуші

БСН

Алушы

Төлем сомасы

Сома

Мәртебе

Кезең

      М.О. (бар болса)             Басшының Т.А.Ә.                   Қолы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
ңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
4-қосымша

Төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 17-бабы 1 тармағының 33) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1)"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақшаның бірінші абзацының 01.01.2024 бастап 01.01.2025 дейін қолданыста болатын редакциясын осы бұйрықтың 5-т. 3) т. қараңыз.

      3) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;

      Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;

      4) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі.

2 тарау. Төлеушілерге әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру тәртібі

      3. Төлеушіні әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

      4. Төлеуші әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді толтырады және төлеушінің тіркелген жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

      5. Үшінші тұлғалардың әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін өтініш Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша беріледі.

      6. Өтінімді алған кезде Мемлекеттік корпорация әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне төлеуші туралы деректердің болуына сұрау салуды қалыптастырады және өтінімді тіркейді.

      7. Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты дайындайды және оны төлеушіге қағаз түрінде жүгінген кезде көрсетілген мерзімде береді.

  Төлеушілерге әлеуметтік
аударымдардың жай-күйі мен
қозғалысы туралы ақпарат беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Өтінім

Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының сомасы

Төлемді тағайындау коды

Төлем референсі

Төлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі

Төлеушінің атауы

1

2

3

4

5

6

7








      Қолдары:

      Басшы __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Заңды мекенжайы: ___________________,

      Төлеушінің байланыс телефондары:

      Телефон: +7 (____)_________________,

      E-mail __________________________.

      Толтырылған күні 20 ____жылғы "___" ___________

      Мөр орны (бар болса)

      (Кесу сызығы)

      Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты алуға өтінішті тіркеу күні: 20 ___ жылғы "___" ___________

      Қабылдаған маман: __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Төлеушілерге әлеуметтік
аударымдардың жай-күйі мен
қозғалысы туралы ақпарат беру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Берілген күні, шығ. №

Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат

Төлем тапсырмасың №

Төлем тапсырмасың күні

Төлем тапсырмасың сомасы

Төлемді тағайындау коды

Банк операциясының референсі

Төлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі

Төлеушінің атауы

Файл атауы (Dbf)

1

2

3

4

5

6

7

8









      Қолдары:

      Басшы _____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Маман ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 229 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20849 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 78 бұйрығының 18-тармағы (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22354 болып тіркелген).

      3. "Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығы мен "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26702 болып тіркелген).