"Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы № 130/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 маусымда № 32678 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі 2023 жылғы
1 маусымдағы № 130/НҚ
Бұйрықпен бекітілген

"Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлерге және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 27.09.2024 № 607/НҚ (08.01.2025 қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) қамтамасыз етілген цифрлық актив – ақша мен құнды қағаздарды қоспағанда, материалдық, зияткерлік қызметтер мен активтерге құқықтарды кәуландыратын, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және олардың айналысы жөніндегі цифрлық платформа арқылы тіркелген цифрлық актив;

      2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтауға және айырбастауға арналған цифрлық платформа – белгілі бір ақпараттық өзара іс-қимылдарды жүзеге асыратын және ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған таратылған деректер платформасы негізінде құрылған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиынтығы;

      3) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің айналысын шығаруды жүзеге асыратын тұлға – қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсаты бар, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформаны пайдалануды жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      6) рұқсат – жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысаны қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растау;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар мен талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталдары арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және айналысқа рұқсат беруге арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш) жібереді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

      Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды беру кезінде көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Тізбенің 9-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      7. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестік нысанына қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамтамасыз етілген цифрлық активтер шығаруға және олардың айналысына рұқсатты немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамтамасыз етілген цифрлық активтер шығаруға және олардың айналысына рұқсат беруден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      8. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында порталға "жеке кабинетке" жіберіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      11. Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және айналысқа рұқсат ресімделгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

      12. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, бірыңғай байланыс орталығына 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      15. Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды тұлға, әкімшілік акті кері қайтарып алумен қатар сотқа ӘРПК-ның 91-бабының 5-тармағына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды тұлғаның уәжді ұстанымын ұсынады.

  "Қамтамасыз етілген цифрлық
активтерді шығаруға және
олардың айналысына рұқсат
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

"Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру"

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде).

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмесі және (немесе) тауарлар шығарылған орындар атауларының мемлекеттік тізілімінен үзіндінің электрондық көшірмесі немесе мүлікті (тауарды) немесе мүлікті сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі немесе тауарды бөлшек сатып алу-сату шартының электрондық көшірмесі немесе контрактация шартының электрондық көшірмесі немесе айырбас шартының электрондық көшірмесі немесе сыйға тарту шартының электрондық көшірмесі немесе зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін жасау және пайдалану туралы шарттың электрондық көшірмесі;
3) деректердің таратылған платформаның блокчейн-желісінің 5 (бес) түйінін сатып алуға және (немесе) серверлік құрылғыны жалға алуға шарттар болуы туралы және түйіндерге деректерді жазуды растау алгоритмінің болуы туралы еркін нысандағы кепілдік хат.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

1) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында www.gov.kz "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген бөлімде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген кіші бөлімде; порталда орналастырылған;
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді;
5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында www.gov.kz "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қамтамасыз етілген цифрлық
активтерді шығаруға және
олардың айналысына рұқсат
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      нысан

      Жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның деректемелері

      (мекенжайы, жеке сәкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      телефоны, электрондық поштасы)

  (Мемлекеттік органның
атауы)
басшысына

      Өтініш нөмірі: (Нөмірі)

      Өтініш күні: (Күні)

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді
шығаруға және олардың айналысына рұқсат беруге
ӨТІНІШ
_______________________________________________________________
(жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы)

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізімін қарап шығуды және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау үшін келесі цифрлық платформада қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және айналысына рұқсат беруді сұрайды:

      __________________________________________________________________________

      (қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау

      бойынша цифрлық платформаның атауы)

      __________________________________________________________мақсатында

      (қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығарудың және

      олардың айналысының мақсатын сипаттау)

      ____________________________________________________________________

      (Қызметтің мекенжайы(лары): пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді

      мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық үй-жай))

      Қосымша: (Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі)

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), электрондық

      цифрлық қолтаңбасы)

  "Қамтамасыз етілген цифрлық
активтерді шығаруға және
олардың айналысына рұқсат
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      нысан

(Мемлекеттік органның атауы)


 

(Наименование государственного органа)




(Мемлекеттік органның деректемелері)


(Реквизиты государственного органа)




Нөмір: (Құжат нөмірі)


(Көрсетілетін қызметті алушы атауы)




Өтініш нөмірі: (Нөмір)


(Көрсетілетін қызметті алушы реквизиттері)




Берілген күні: (Күні)



Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына
РҰҚСАТ

      _________________________________________________________________________,

      (Мемлекеттік органның атауы)

      "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 6-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес, қоса берілген құжаттар тізбесі бойынша қамтамасыз

      етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат берілді:

      ____________________________________________________________________

      (қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтауға және айырбастауға арналған

      цифрлық платформаның атауы)

      __________________________________________________________мақсатында

      (қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығарудың және олардың

      айналысының мақсатын сипаттау)

      ____________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі

      (стационарлық үй-жай)

      Ерекше шарттар: осы рұқсаттың қолданылу мерзімі – ол берілген күннен бастап 3 (үш) жыл.

      Ескерту: "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес қамтамасыз етілген цифрлық актив есеп айырысатын ақша бірлігі, заңды төлем құралы қаржы құралы немесе қаржы активі деп танылмайды.

  "Қамтамасыз етілген
цифрлық активтерді шығаруға
және олардың айналысына
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан

(Мемлекеттік органның атауы)



 

(Наименование государственного органа)




(Мемлекеттік органның деректемелері)


(Реквизиты государственного органа)




Нөмір: (Құжат нөмірі)


(Көрсетілетін қызметті алушы атауы)




Өтініш нөмірі: (Нөмір)


(Көрсетілетін қызметті алушы реквизиттері)




Берілген күні: (Күні)



Қамтамасыз етілген цифрлық активтер шығаруға және олардың айналысына рұқсат беруден
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

      (Мемлекеттік органның атауы), Сіздің (Өтініш күні) жылғы № (Өтініштің нөмірі) өтінішіңізді және қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарап, келесіні хабарлайды:

      (Бас тартудың негізі)

      (Қол қоюшының лауазымы)                         (Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), электрондық

      цифрлық қолтаңбасы)