"Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2023 жылғы 31 мамырдағы № 528 Бұйрыққа 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарындағы әскери қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өтуін айқындайды.
2. Әскери полиция органдарындағы қызметке алғаш рет кіретін азаматтармен (бұдан әрі – кандидаттар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті әңгімелесу парағын ресімдеумен әскери полиция құрылымдық бөлімшесінің бастығы әңгімелесу жүргізеді.
Кандидаттарға әскери полиция органдарының әскери қызметшісіне қойылатын екі ай ішінде сынақ мерзімін және тағылымдаманы белгілеу туралы талаптар жеткізіледі, оның ішінде бір ай – әскери полиция мамандарын даярлау орталығында (бұдан әрі – орталық) оқытылады және бір ай – алдағы уақытта қызмет ету жерінде тікелей өтеді.
3. Кандидаттармен сынақ мерзімінен өту кезеңінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес үш айдан аспайтын мерзімге еңбек шарты жасалады.
4. Сынақ мерзімінен өту үшін кандидаттарды мемлекеттік құпияға рұқсаттың болуын көздейтін лауазымға тағайындауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс жасайтын бөлімшелерде тағылымдаманы өткізуге жол берілмейді.
2-тарау. Орталықта оқу тәртібі
5. Кандидаттар сынақ мерзімінен өту уақытында орталықта бір ай бойы арнайы бастапқы оқытудан өтеді.
Арнайы бастапқы оқытудан өту кезеңінде кандидаттар орталық аумағында орналастырылады.
6. Арнайы бастапқы оқытудан өту кезінде орталық бастығының бұйрығымен кандидаттар ауыспалы құрам тізіміне қабылданады.
7. Кандидаттар орталықтың оқу дәрісханаларын, кабинеттерін, сыныптарын, кітапханаларын, спорт залдарын және оқу-жаттығу жабдығын пайдаланады.
8. Кандидаттар оқу уақытында:
1) әскери полиция органдары қызметінің негізгі бағыттарын зерделейді;
2) теориялық білім алады және практикалық дағдыларды меңгереді, әскери полиция қызметтерінің, бөлімшелерінің жұмысында тәжірибе алады;
3) белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы бастығының бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасында көзделген оқу жұмысының барлық түрін орындайды.
9. Екі пән бойынша ағымдағы және қорытынды бақылауда қанағаттанарлықсыз баға алумен сипатталатын оқу жоспары орындалмаған кезде кандидаттар орталықтан оқудан шығарылады және еңбек шарты жасалған әскери полиция органына жіберіледі.
10. Кандидат оқуда он күн болмаумен сипатталған науқастанған жағдайда кандидат қайта арнайы бастапқы оқытуға жіберіледі.
Кандидат науқастанған жағдайда оқытушылардың жетекшілігімен өзіндік дайындық үшін оқу материалы беріледі.
Кандидат науқастанған жағдайда растайтын құжаттарды береді.
11. Оқу бітіру емтихандарын жақсы тапсырған кандидаттарға мінездеме, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы бастапқы оқытуды аяқтағаны туралы куәлік беріледі.
3-тарау. Тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі
12. Орталықта оқу аяқталғаннан кейін кандидаттар тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өтетін жерге жіберіледі.
13. Кандидатқа тиісті кәсіби даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар әскери қызметшілерден тәлімгер бекітіледі.
14. Әскери қызметшіні тәлімгер ретінде бекіту үшін кандидаттың тікелей бастығының баянаты негіз болып табылады.
15. Бір тәлімгерге екеуден аспайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органына алғаш рет кіретін кандидат бекітіледі.
16. Тәлімгер күнделікті бақылауды жүзеге асырады, таңдаған мамандығын меңгеруде көмек көрсетеді, кандидатқа функционалдық міндеттерін, оларды сапалы орындау тәсілдері мен әдістерін түсіндіреді, жол берілген қателіктерді бірлесіп талдайды және жояды, жеке үлгі көрсетумен жағымды қасиеттерін, кәсіби шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, кандидатты ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, жалпымәдени және кәсіби ой-өрісін дамытуға, патриотизмді дарытуға тартады, сондай-ақ моральдық-психологиялық тұрақтылығын және жеке тәртіптілігін нығайтады, олардың тәртіп пен заңдылықты бұзуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.
17. Сынақ нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кандидатпен сынақ мерзімінен өтпеген ретінде еңбек шарты бұзылады.
18. Сынақ мерзімінен жақсы өткен кандидат:
1) үш ай ішінде офицерлер құрамының лауазымына;
2) екі ай ішінде сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар құрамының лауазымына әскерге шақырылады.
19. Сынақ мерзімінен өтетін кандидаттарға төлем "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
20. Кандидаттар тағылымдамасының негізгі мақсаты:
1) кәсіби деңгейін және даярлығын анықтау;
2) орталықта оқу кезінде алған білімін және кәсіби дағдыларын бекіту болып табылады.
21. Тағылымдама кезеңінде кандидаттар тағылымдамадан өтетін тиісті бөлімше бастығының бағынысында болады.
22. Әскери полиция органы құрылымдық бөлімшесінің бастықтары кандидаттың жұмыс режимін белгілейді.
23. Тағылымдаманың негізгі міндеттері:
1) кандидаттардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың жолын кесу және одан сақтандыру бойынша кәсіптік білім алуы, шеберлік пен дағдыларды меңгеруі және оны жетілдіруі;
2) кандидаттардың жеке басының және іскерлік қасиеттерін, тәртіптілігін дамыту;
3) кандидаттардың арнайы құралдарды қолданудағы дағдыларды меңгеруі және жетілдіруі;
4) қызметтік құжаттарды ресімдеу дағдыларын меңгеру.
24. Кандидат тағылымдама кезеңінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери полиция органының іс жүргізуіндегі қызметтік құжаттармен жеке тапсырмада, жұмыс жоспарында айқындалатын ауқымда танысады.
25. Тағылымдамадан өтетін кандидат:
1) атқаратын лауазымы бойынша функционалдық міндеттерге сәйкес жеке тапсырманы, жұмыс жоспарын жасайды, оны тікелей бастық келіседі, бақылайды және әскери полиция органының бастығы бекітеді;
2) мамандығы бойынша әскери қызмет өткеру ерекшелігін зерделейді;
3) қызмет өткеру тәсілдері мен әдістерін зерделейді;
4) әскери қызмет өткеру дағдыларын меңгереді және бекітеді;
5) әскери полиция органының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделейді;
6) жеке жұмыс жоспарына атқарылған жұмыс туралы жазбаны уақтылы енгізеді;
7) апта сайын тағылымдама жетекшісінің алдында атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
26. Тағылымдама (сынақ мерзімі) аяқталғаннан кейін әрбір кандидатқа тікелей бастық мінездеме жасайды.
Кандидаттың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өтуін растайтын материал кейіннен әскери полиция органына әскерге шақыру бойынша жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына жолданады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттарына 1-қосымша |
Нысан
Әскери полиция органына кандидатпен әңгімелесу парағы
Р/с | Әңгімелесу мазмұны | Жауабы |
1. | ||
2. | ||
3. | ||
4. | ||
5. |
Әңгімелесу парағымен таныстым, онда мазмұндалған талаптар:_____________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кандидат ___________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Әңгімелескен:_____________ ____________ ___________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
20____ жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттарына 2-қосымша |
Нысан
Беткі жағы
Ішкі жағы
Арнайы бастапқы оқытудан өту туралы КУӘЛІК №________ Запастағы__________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында 20__жылғы "__" ___ – 20 __жылғы "__"___ кезеңінде оқу курсынан өткені туралы берілді және мынадай білімді көрсетті: Арнайы даярлық ______________ Жалпыәскери жарғылар _____________ Құқықтық даярлық ________________ Тактикалық-арнайы даярлық _______________ Саптық даярлық ________________ Дене шынықтыру ______________ Әскери полиция мамандарын даярлау орталығының бастығы ____________ ___________ (әскери атағы) (аты, тегі) М.О. 20___ жылғы "__"____ |
СВИДЕТЕЛЬСТВО №________ о прохождении специального первоначального обучения Выдано____________________________запаса ___________________________________________ ___________________________________________ о том, что он прошел курс обучения в Центре подготовки специалистов военной полиции в период с "__" ____20__ года по "__" ____20__ года и показал следующие знания: Специальная подготовка ______________ Общевоинские уставы ________________ Правовая подготовка _______________ Тактико-специальная подготовка __________ Строевая подготовка _______________ Физическая подготовка ______________ Начальник Центра подготовки специалистов военной полиции ____________ ___________ (воинское звание) (имя, фамилия) М.П. "__"____ 20__ года |
---|
Ескертпе:
1. Куәлік жылтыр қағаздан жасалған альбом түрінде (көлемі 297х210 миллиметр) А4 форматындағы мұқабадан тұрады, беткі жағы – ашық көгілдір түсті негізде, ішкі жағы – ақ түсті негізде.
2. Куәлік мұқабасында мыналар орналастырылады:
1) қара түспен жазылған "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы" деген жазба;
2) ортасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары белгісінің суреті;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары белгісінің суреті астында – қазақ тіліндегі атауы.
3. Куәліктің ішкі жағы баспаханалық тәсілмен теріледі (деректерді есепке алмағанда, оларға енгізілетін жазба каллиграфиялық жазумен немесе баспа құрылғысының көмегімен жазылатындай етіп жасалуға тиіс).
4. Куәліктің сол жақ ішкі жағында қазақ тілінде жазылған мәтін, ал оң жағында – орыс тілінде жазылған бірдей мәтін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту қағидалары мен шарттарына 3-қосымша |
Нысан
Кандидаттың тағылымдамадан өту кезеңіндегі жеке тапсырмасы және жұмыс жоспары
Бекітемін _______________________ гарнизоны (гарнизонның атауы ) __________________________ бастығы (әскери полиция органының атауы) ___________ _______ ______________ (әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) 20 __жылғы "___" ________ |
20 __жылғы "___" ________ ________________
(елді мекен)
1. Жеке тапсырма
Кандидат __________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
__________________________________________________________________
(жоспарланған лауазым мен бөлімше атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кандидат _________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
Келісілді
Бөлімше бастығы:
__________ ____________ _________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
2. Жеке жұмыс жоспары
Кандидат __________________________________________________________
(запастағы әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
__________________________________________________________________
(жоспарланған лауазым мен бөлімше атауы)
Күні | Іс-шара атауы | Бақылау нәтижесі |
Тағылымдама нәтижесі бойынша қорытынды: ________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Бөлімше бастығы:
__________ ____________ ___________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
20__ жылғы "___" _____
Тағылымдама нәтижесі бойынша қорытынды ___________________________
____________________________________________________________________
___________________ гарнизоны
(гарнизон атауы)
_____________________________ бастығы
(әскери полиция органының атауы)
____________ ______ _________________
(әскери атағы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)
20 __жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2023 жылғы 31 мамырдағы № 528 Бұйрыққа 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылды деп танылған бұйрықтарының тізбесі
1) "Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген);
2) "Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы № 88 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6810 болып тіркелген);
3) "Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16592 болып тіркелген);
4) "Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 5 мамырдағы № 284 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22733 болып тіркелген).