БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріне, кондитерлік өнімдерді өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24077 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-83 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріне, кондитерлік өнімдерді өндіру, өлшеп орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріне, кондитерлік өнімдерді өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және кондитерлік өнімдерді өндіру объектілеріне (бұдан әрі – Объектілер), қоғамдық тамақтану объектілерінің құрамында орналастырылған объектілерде кондитерлік өнімдерді өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді және қамтиды.
2. Құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға, жаңа объектілерді жобалауға, салуға, бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға, қайта жабдықтауға, қайта жоспарлауға және кеңейтуге, объектілерді жөндеуге, пайдалануға беруге және қайта бейіндеуге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, объектілерді желдету және ауа баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22673 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № ҚР ДСМ-36 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ДСМ-36 бұйрығы), Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалармен, гигиеналық нормативтермен, Еуразиялық экономикалық одақтың өнімдеріне (тауарларына) қойылатын техникалық регламенттермен және бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптармен (бұдан әрі – нормалау құжаттары) белгіленеді.
Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, объект жабдықтарын күтіп-ұстауға және пайдалануға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, сақтауға және тасымалдауға, өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, объектілердің персоналын медициналық қамтамасыз етуге және гигиеналық оқытуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ҚР ДСМ-36 бұйрығымен, Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен және нормалау құжаттарымен белгіленеді.
Осы Санитариялық қағидаларда көзделмеген өндіру, өлшеп-орау, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою жағдайлары бөлігінде объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ҚР ДСМ-36 бұйрығымен белгіленеді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Объектілерді пайдалану "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19, 20, 24 және 46-баптарына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес осы Санитариялық қағидалар сақталған кезде жүзеге асырылады.
Жұмыс істеп тұрған объектілер нормалау құжаттарына сәйкес тамақ өнімдерін өндіру объектісінің есептік нөмірін беруге жатады.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Кондитерлік өнімдерді өткізу, кәдеге жарату және жою процестерін ұйымдастыруды нормалау құжаттарының, осы Санитариялық қағидалардың және "Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысының талаптарына сәйкес объектінің қуатына қарамастан дайындаушы қамтамасыз етеді.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Айналымнан кері қайтарылатын кондитерлік өнімдер өндірістік зертхананың, ол болмаған жағдайда басқа аккредиттелген (аттестатталған) зертхананың (сынақ орталығының) қорытындысынан кейін, сондай-ақ өнімді өндіру кезінде дайындаушының белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне (өнімді кері қайтарып алу рәсімдеріне), "Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22884 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 мамырдағы № 373-НҚ бұйрығына сәйкес кәдеге жаратылады.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. |
А. Ғиният |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі