"Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 61 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 13 ақпандағы № 20 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31920 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер құқығы қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография, мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жерлерді пайдалану және қорғау, мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:"

      1-тармақтың 1) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 4-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 6-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 8-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
_________Т. Жаксылыков
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
________Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 61 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына, "Тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – иелігінде ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға және жер учаскелеріне келісімшарты бар жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) болмашы бұзушылықтар – жер учаскелерінің меншік иелерінің және (немесе) жер пайдаланушылардың жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауына байланысты туындаған бұзушылықтар;

      3) елеулі бұзушылықтар – жер учаскелерінің меншік иелерінің немесе (және) жер пайдаланушылардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларында белгіленген жерлерді қорғау жөніндегі іс-шараларды орындамауына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланбауына байланысты туындаған бұзушылықтар;

      4) өрескел бұзушылықтар – жер учаскелерінің меншік иелері немесе (және) жер пайдаланушылардың жерге мемлекеттің мүдделерін сақтамауына, жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауына және оны одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындамауына байланысты туындаған, жер құқығы қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) жатады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

2-тарау. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      4. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      5. Ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тәуекел дәрежесін объективті өлшемшарттар бойынша айқындау ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңына, ал жер қойнауын пайдаланушыларға – келісімшарт мерзіміне және жерлердің алаңына байланысты жүзеге асырылады.

      6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) мыналар жатады:

      1) мынадай ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер:

      алаңы 3000 (үш мың) гектардан асатын егістік жерлер;

      алаңы 50 (елу) гектардан асатын суармалы егістік жерлер;

      алаңы 300 (үш жүз) гектардан асатын ауыл шаруашылығы алқаптары (егістіктен басқа);

      2) 7 (жеті) жыл және одан да көп мерзімге жер қойнауын пайдалануға келісімшарты бар жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін алаңы 5 (бес) гектардан астам жер учаскелері бар жер қойнауын пайдаланушылар;

      7. Объективті өлшемшарттар бойынша орташа дәрежелі бақылау субъектілеріне (объектілеріне) мыналар жатады:

      1) мынадай ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер:

      алаңы 1000 (бір мың) гектардан 3000 (үш мың) гектарға дейінгі егістік жерлер;

      алаңы 10 (он) гектардан 50 (елу) гектарға дейінгі суармалы егістік жерлер;

      алаңы 100 (жүз) гектардан 300 (үш жүз) гектарға дейінгі ауыл шаруашылығы алқаптары (егістіктен басқа);

      2) 3 (үш) жылдан 7 (жеті) жылға дейін мерзімге жер қойнауын пайдалануға келісімшарты бар жер қойнауын пайдаланушылар немесе жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін алаңы 3 (үш) гектардан 5 (бес) гектарға дейінгі жер учаскелері бар жер қойнауын пайдаланушылар;

      8. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) осы Өлшемшарттардың 6 және 7-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      9. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      10. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      11. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерлерін пайдалану және қорғау үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары пайдаланылады;

      12. Осы Өлшемшарттардың 10-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі және елеусіз.

      13. Осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мыналарға жатқызылады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда;

      2) тәуекелдің орташа дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда;

      3) тәуекелдің төмен дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ға дейін қоса алғанда.

      14. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы осы Өлшемшарттардың 21-тармағында айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      15. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған болса, онда бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, жер құқықтық қатынастары субъектілерінің жерлерін пайдалану мен қорғау үшін тәуекелдің жоғары дәрежесінен тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады.

      16. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылайтын осындай субъектілердің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      17. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      18. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      19. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау әлеуетті тәуекелі неғұрлым көп бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректеріне Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      20. Бара отырып жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.

      21. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жүргізілетін талдау және субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

      22. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Жер құқығы қатынастары
  субъектілері жерлерінің
  пайдаланылуы мен қорғалуы
  үшін тәуекел дәрежесін бағалау
  өлшемшарттарына
  қосымша

Жер құқығы қатынастары субъектілері жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер

1.

Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы

өрескел

2.

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану

өрескел

3.

Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындау

өрескел

4.

Жерді қорғау жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жерлерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестерден және өсімдік ауруларынан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;
3) бүлінген жерлерді рекультивациялау, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру және оны шаруашылық айналымға уақтылы тарту;
4) жерлердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану

елеулі

5.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану бойынша мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуі;
2) жерлерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарларын жою жөнінде іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
3) жерлерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларын орындау;
4) бекітілген жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау

елеулі

6.

Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау

болмашы

Жер қойнауын пайдаланушылар

7.

Жер учаскелерінің нақты шекараларын белгілеу және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы

өрескел

8.

Жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану

өрескел

9.

Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару немесе одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындау

өрескел

10.

Жерлерді қорғау жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жерлерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестерден және өсімдік ауруларан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;
3) бүлінген жерді рекультивациялауға, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тарту;
4) жерлердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану

елеулі

11.

Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау

Болмашы

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

12

Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзған жағдайда бақылау субъектісін (объектісін) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қарауы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартатын бір немесе бірнеше расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы;

елеулі

13

Бір немесе бірнеше расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы, олардың қарау бойынша жерлерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектісін (объектісін) әкімшілік жауапкершілікке тартпай, Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама жазып береді

елеулі

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 61 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізетін субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізетін субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына, "Тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізетін субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласында бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) және оның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын филиалдары;

      2) болмашы бұзушылықтар – жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу кезінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы талаптарды бұзу;

      3) елеулі бұзушылықтар – жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру тәртібін сақтамау түрінде көрінген мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингі саласындағы талаптарды бұзу; жер учаскелері және олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде жинақтау, өңдеу және жүргізу тәртібін бұзу; жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру рәсімін бұзу; мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты қызмет тәртібін бұзу; мемлекеттік жер кадастрының дәйексіз мәліметтерін ұсыну; жерлердің мониторингін жүргізу тәртібін бұзу;

      4) өрескел бұзушылықтар – жерлердің экономикалық бағалауын және олардың мониторингін жүргізуді, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қараулар мен топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу жөніндегі талаптарды сақтамаудан көрінген мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы талаптарды бұзу; мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жерлердің, жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің санын есепке алуды бұзу; мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді бұзу; жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді бұзу; жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды, елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды, жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын айқындауды қамтитын жерді кадастрлық бағалау есептерін дайындау әдістемесін бұзу; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын, жер-кадастрлық жоспарды дайындау және беру тәртібін бұзу.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) жатады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

2-тарау. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      4. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      5. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қоғамның облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын филиалдары жатады.

      6. Объективті өлшемшерттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қоғамның аудандардағы және облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүзеге асыратын филиалдарының бөлімдері жатады.

      7. Объективті өлшемшерттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) Қоғамның орталық аппаратының мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттар айқындау:

      1) деректерқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалауды қолдана отырып жүзеге асырылады.

      9. Деректерқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      10. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізетін субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары пайдаланылады;

      11. Осы Өлшемшарттардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі және елеусіз.

      12. Осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мыналарға жатқызылады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда;

      2) тәуекелдің орташа дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда;

      3) тәуекелдің төмен дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ға дейін қоса алғанда.

      13. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы осы Өлшемшарттардың 20-тармағында айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      14. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған болса, онда бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені пайдалана отырып, мемлекеттік жер кадастрын және жерлердің мониторингін жүргізетін субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры мен жерлердің мониторингі саласындағы тәуекелдің жоғары дәрежесінен тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады.

      15. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі саласындағы бақылайтын осындай субъектілердің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      16. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      17. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      18. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау әлеуетті тәуекелі неғұрлым көп бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректеріне Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      19. Алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды енгізуге жол берілмейді.

      20. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жүргізілетін талдау және субъективті өлшемшарттар бойынша алынған мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

      21. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Мемлекеттік жер кадастрын
және жерлердің мониторингін
жүргізетін субъектілердің
қызметі үшін мемлекеттік
жер кадастры мен жерлердің
мониторингі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізетін субъектілердің қызметі үшін мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1.

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру

елеулі

2.

Жерлерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу

өрескел

3.

Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жерлердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу

өрескел

4.

Жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтау, өңдеу және жүргізу

елеулі

5.

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу

өрескел

6.

Жер-кадастрлық, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу

өрескел

7.

Жер-кадастрлық кітапты және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу

болмашы

8.

Жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсi шығасыларын анықтау

өрескел

9.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру

өрескел

10.

Жер-кадастрлық жоспарды әзірлеу

өрескел

11.

Жер учаскелерінің паспорттарын әзірлеу

елеулі

12.

Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру

елеулі

13.

Мемлекеттік жер кадастрының анық мәліметтерін беру

елеулі

14.

Жер кадастры мәліметтерін беру мерзімін (өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс) сақтау

елеулі

15.

Жерлердің мониторингін жүргізу

елеулі

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

16.

Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзған жағдайда бақылау субъектісін (объектісін) жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қарауы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартатын бір немесе бірнеше расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы;

елеулі

17.

Бір немесе бірнеше расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы, олардың қарау бойынша жерлерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор бақылау субъектісін (объектісін) әкімшілік жауапкершілікке тартпай Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама жазып береді

елеулі

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 61 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы
11 желтоқсандағы № 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Жер құқығы қатынастары субъектілеріне қатысты жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _______________________

      _____________________________________________________________________
№, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________

      _________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы



2.

Жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану



3.

Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру бойынша міндеттерді орындау



4.

Жерді қорғау жөніндегі мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жерлерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерлерін карантиндік зиянкестерден және өсімдік ауруларынан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғау;
3) бүлінген жерлерді рекультивациялау, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру және оны шаруашылық айналымға уақтылы тарту;
4) жерлердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану



5.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану бойынша мынадай іс-шараларды жүргізу:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық және эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуі;
2) жерлерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясын, тұздануды, батпақтануды, су басуды, шөлейттенуді, құрғақтануды, тығыздалуды, қоқыстануды, ластануды және жердің тозуын туғызатын басқа да процестерді болғызбау және олардың салдарларын жою жөнінде іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
3) жерлерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жерге орналастыру жобаларын орындау;
4) бекітілген жайылымның жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау



6

Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін сақтау



      Лауазымды адам (-дар) ______________________________ _________________
лауазымы қолы

      ____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________________________ _________
лауазымы қолы

      _____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 20 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 61 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы
11 желтоқсандағы № 502 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
8-қосымша

Мемлекеттік жер кадастрын және жер мониторингін жүргізетін субъектілерге қатысты мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингі саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ________________

      ______________________________________________________________________

      Тексеруді/ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ________________________

      ______________________________________________________________________
№, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ________________________________

      ______________________________________________________________________

      Бақылау cубъектісінің (объектісінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ___________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ____________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру



2.

Жерлерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қарауларды және топырақты бонитирлеуді жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алу



3.

Мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жерлердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алу



4.

Жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі және электрондық нысандағы басқа да жер-кадастрлық ақпаратты жинақтау, өңдеу және жүргізу



5.

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу



6.

Жер-кадастрлық, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу



7.

Жер-кадастрлық кітапты және жерлердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу



8.

Жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды қамтитын жерлерді мемлекеттік кадастрлық бағалау; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасау; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсi шығасыларын анықтау



9.

Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру



10.

Жер-кадастрлық жоспарды әзірлеу



11.

Жер учаскелерінің паспорттарын әзірлеу



12.

Жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру



13.

Мемлекеттік жер кадастрының анық мәліметтерін беру



14.

Жер кадастры мәліметтерін беру мерзімін (өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс) сақтау



15.

Жерлердің мониторингін жүргізу



      Лауазымды адам (дар) ______________________________ _________________
лауазымы қолы

      __________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________________________ _______
лауазымы қолы

      __________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі