Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 2 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 ақпанда № 31848 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 42 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 43 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22216 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны осы Басқарушыда сенімгерлік басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептелген орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мынадай формула бойынша күн сайын есептеледі:

      ЗАі = ЗА (і-1) + Ti - Еi + ИКі - Ксі, мұндағы:

      ЗА (i-1) – "таза" зейнетақы активтерінің алдыңғы күнтізбелік күннің соңындағы ағымдағы құны;

      Ti – басқа Басқарушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сенімгерлік басқаруға алынған зейнетақы активтерінің осы күнтізбелік күндегі аударымдары;

      Еi – басқа Басқарушыға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға осы күнтізбелік күндегі аударымдар;

      ИКі – аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бөлінбеген пайданың (өтелмеген залалдың) жинақталған сомасы, ол есептелген инвестициялық кіріс сомасын, Басқарушының есептелген комиссиялық сыйақы сомасын қамтиды және аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын есептеу үшін қабылданады;

      S – Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы;

      Ксі – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Басқарушының осы күнтізбелік күнде есептелген комиссиялық сыйақысы.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Басқарушы ай сайын барлық Басқарушы бойынша К2 номиналдық кірістілік коэффициенттерінің мәндері, номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициенті және зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасында теріс ауытқу болған кезде резерв (бұдан әрі - резерв) сомасын мына формула бойынша есептейді:

      Sr = (Қор - Сt) * Yei, мұндағы:

      Sr – резерв сомасы;

      Қор – номиналдық кіріс коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі қажетті орташа құны;

      Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі орташа құны;

      Yei – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есептеу күнгі жалпы саны.

      Қор мәні мына формула бойынша есептеледі:

      Қор = (Кор * 70% + 100) / 100 * Қб, мұндағы:

      Кор – зейнетақы активтері бойынша Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелген, есептеу күні қалыптасқан номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициентінің мәні;

      Қб – Басқарушыда он екі, жиырма төрт және отыз алты ай бұрын болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Басқарушы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген теріс айырманы өтеу сомасын кейіннен есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған салымшылардың, жеке тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарына есепке жатқызу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан-банктегі (бұдан әрі – кастодиан-банк) шотына Басқарушының, кастодиан-банктің және Қордың уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып-тексеру актісі негізінде күнтізбелік он күн ішінде, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей толық көлемде есептейді.".

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының 2023 жылғы
23 қаңтардағы № 2 Қаулыға
қосымша
  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының және
(немесе) ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларының
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнының есебі

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.

      2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептеледі.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептейді:

      ЗАi Қі = ---------, мұндағы: ШБi

      Қi – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша құны;

      ЗАі – осы күннің соңындағы жағдай бойынша осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып) есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      ШБі – осы күннің соңындағы жағдай бойынша осы қосымшаның 6-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):

      ЗАі = ЗА (і-1) + Жi + Ti+ Өі1 + Өі2 – Еі + БПі+ S, мұндағы:

      ЗА (і-1) – алдыңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      Жі – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні түскен зейнетақы жарналары;

      Ti – инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан алынған зейнетақы активтерінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні келіп түскен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдары;

      Өі1 – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

      Өі2 – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін уақтылы инвестицияламағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

      Еi – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан осы күнге есептелген зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударымдар, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу үшін ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударымдар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының шотына қателесіп түскен зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және оған қызмет көрсететін кастодиан-банк түскен күні қателесіп түскен деп таныған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және салымшылардың жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда) қайтару бойынша міндеттемелер;

      БПi – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының есептелген комиссиялық сыйақыларының сомасын қамтитын және аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын есептеу үшін қабылданатын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бөлінбеген пайданың (өтелмеген зиянның) жинақталған сомасы;

      S – инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің соңындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:

      Жi + Ti + Өі1 + Өі2 +S - Еі ШБі = ШБ (і -1) + ---------------------------------------, мұндағы: Қ(і-1)

      ШБ (і-1) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;

      Қ(і-1) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен немесе инвестициялық портфельді басқа басқарушылардан инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына зейнетақы активтері бастапқы түскен кезде зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің сенімгерлік басқаруға зейнетақы активтері келіп түскен күнге сәйкес келетін күннің басында белгіленген ағымдағы құны бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан екінші инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға беру кезінде зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі үзілмейді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру күнінің басында белгіленген құны бойынша жүзеге асыруды жалғастырады.