Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 43 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 30 Қаулыға 1-қосымша |
Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі - Басқарушы) алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу тәртібін бекітеді.
2. Қағидалардың мақсаттары үшін "таза" зейнетақы активтері деп зейнетақы активтеріне жататын міндеттемелерді (зейнетақы төлемдері, аударымдар бойынша міндеттемелерді және ұқсас міндеттемелерді) шегергенде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері түсініледі.
2-тарау. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу тәртібі
3. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы Басқарушы мынадай формула бойынша ай сайын есептейді:
S = (Сmin - Сt) * Yei, мұндағы: Сmin > Сt, мұндағы:
S - Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу жөніндегі Басқарушы міндеттемелерінің сомасы;
Cmin - зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі қажетті орташа құны;
Ct - Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі орташа құны;
Yei - Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есептеу күнгі жалпы саны.
4. Cmin мәні мына формула бойынша есептеледі:
Сmin = (Кср * 70% + 100) / 100 * Со, мұндағы:
Кср - "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны бойынша номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициентінің Қағидалардың 11-тармағына сәйкес есептелген, есептеу күні қалыптасқан мәні;
Со - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 35-1-бабы 4-тармағының және 39-бабының 1-тармағы 4-2) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, есептеу күнінің алдындағы он екі ай (зейнетақы активтерін он екі ай және одан көп, бірақ жиырма төрт айдан аз басқарған жағдайда), жиырма төрт ай (зейнетақы активтерін жиырма төрт ай және одан көп, бірақ отыз алты айдан аз басқарған жағдайда), отыз алты ай (зейнетақы активтерін отыз алты ай және одан көп басқарған жағдайда) бұрын Басқарушыда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген орташа құны.
5. Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі әр айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептелетін К2 номиналдық кірістілік коэффициентімен сипатталады:
Сt
К2 (12, 24, 36) = (---------- -1) х 100, мұндағы:
Со
Ct - Басқарушының сенімгерлік басқаруында есепті күнтізбелік айда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген орташа құны;
Со - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 35-1-бабы 4-тармағының және 39-бабының 1-тармағы 4-2) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, он екі, жиырма төрт және отыз алты ай бұрын Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген орташа құны.
6. Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны осы Басқарушыда сенімгерлік басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептелген орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын Басқарушы апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептейді:
ПАi
Ci = --------------, мұндағы:
УEi
Ci - зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша құны;
ПАi - күн сайынғы ағымдағы құны Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелетін "таза" зейнетақы активтерінің есептеу күнгі ағымдағы құны;
УEi - күн сайынғы саны Қағидалардың 9-тармағына сәйкес есептелетін зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есептеу күнгі жалпы саны.
8. "Таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мынадай формула бойынша күн сайын есептеледі:
ЗАі = ЗА (і-1) + Ti - Еi + ИКі - Ксі, мұндағы:
ЗА (i-1) – "таза" зейнетақы активтерінің алдыңғы күнтізбелік күннің соңындағы ағымдағы құны;
Ti – басқа Басқарушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сенімгерлік басқаруға алынған зейнетақы активтерінің осы күнтізбелік күндегі аударымдары;
Еi – басқа Басқарушыға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға осы күнтізбелік күндегі аударымдар;
ИКі – аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бөлінбеген пайданың (өтелмеген залалдың) жинақталған сомасы, ол есептелген инвестициялық кіріс сомасын, Басқарушының есептелген комиссиялық сыйақы сомасын қамтиды және аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын есептеу үшін қабылданады;
S – Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы;
Ксі – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Басқарушының осы күнтізбелік күнде есептелген комиссиялық сыйақысы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Әрбір күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мынадай формула бойынша есептеледі:
Ti - Hi
УЕi = УЕ (i -1) + ----------------, мұндағы:
C(i-1)
УЕ(i-1) - алдыңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;
С(i-1) - алдыңғы есептеу күнгі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.
10. Зейнетақы активтері Басқарушыға сенімгерлік басқаруға алғаш түскен кезде С(і-1) берілетін зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің соңғы есептік құнына тең.
11. Номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициенті Басқарушыларда сенімгерлік басқаруда он екі, жиырма төрт, отыз алты және одан да көп ай болған "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны бойынша барлық Басқарушылар бойынша сол бір кезеңдегі К2 номиналдық кірістілік коэффициенттерінің орташа алынған шамасы ретінде есептеледі.
12. Зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні тиісті кезеңде Қағидалардың 11-тармағына сәйкес есептелген номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициенті мәнінің жетпіс пайызын құрайды.
13. Барлық Басқарушылар бойынша К2 номиналдық кірістілік коэффициенттерінің, номиналдық кірістіліктің соңғы өткен толық он екі, жиырма төрт және отыз алты айдағы және зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәнінің орташа алынған коэффициентінің мәндері ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына қосымша |
|
Кесте |
Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі
Есептеу күні | Басқа Басқарушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сенімгерлік басқаруға алынған зейнетақы активтерінің есептеу кезеңіндегі аударымдары |
Басқа Басқарушыға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға есептеу кезеңіндегі аударымдар |
"Таза" зейнетақы активтерінің есептеу күнгі ағымдағы құны | Шартты бірліктердің есептеу күнгі саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы:
Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі құны |
Зейнетақы активтерінен есептеу кезеңіндегі комиссиялық сыйақы |
Инвестициялық кірістен есептеу кезеңіндегі комиссиялық |
Зейнетақы активтері бойынша есептеу кезеңінде есептелген инвестициялық |
6 | 7 | 8 | 9 |
Қаулыға 2-қосымша |
Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі - Басқарушы) теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу тәртібі мен мерзімдерін бекітеді.
2. Қағидалардың мақсаттары үшін "таза" зейнетақы активтері деп зейнетақы активтеріне жататын міндеттемелерді (зейнетақы төлемдері, аударымдар бойынша міндеттемелерді және ұқсас міндеттемелерді) шегергенде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері түсініледі.
2-тарау. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы Басқарушының меншікті капиталы есебінен өтеу тәртібі мен мерзімдері
3. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні теріс ауытқыған кезде Басқарушыда болашақта теріс айырманы өтеуі жөнінде шартты міндеттемелер туындайды.
4. Болашақта теріс айырманы өтеу жөніндегі шартты міндеттемелерді толық көлемде өтеуі үшін Басқарушы резервті ай сайын есептейді.
5. Басқарушы ай сайын барлық Басқарушы бойынша К2 номиналдық кірістілік коэффициенттерінің мәндері, номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициенті және зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасында теріс ауытқу болған кезде резерв (бұдан әрі - резерв) сомасын мына формула бойынша есептейді:
Sr = (Қор - Сt) * Yei, мұндағы:
Sr – резерв сомасы;
Қор – номиналдық кіріс коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі қажетті орташа құны;
Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі орташа құны;
Yei – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есептеу күнгі жалпы саны.
Қор мәні мына формула бойынша есептеледі:
Қор = (Кор * 70% + 100) / 100 * Қб, мұндағы:
Кор – зейнетақы активтері бойынша Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелген, есептеу күні қалыптасқан номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициентінің мәні;
Қб – Басқарушыда он екі, жиырма төрт және отыз алты ай бұрын болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Резервті Басқарушы ай сайын әрбір есепті күнге есептейді және ағымдағы айда өткен ай үшін қалыптастырылады.
Бұрын қалыптастырылған резерв есептеу жүргізілген күнгі резервтен асқан жағдайда, резервті өтеу сомасына азайтуға жол беріледі.
7. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырма нақты өтелген жағдайда, Басқарушының резервті бірмезгілде есептен шығаруына жол беріледі.
8. Басқарушы меншікті капиталының есебінен Басқарушы зейнетақы активтерін басқарушы жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарында қалыптасқан, мына формула бойынша есептелген теріс айырма сомасын (бұдан әрі - өтеу сомасы) өтейді:
S = (Сmin - Сt) * Yei, мұндағы: Сmin > Сt, мұндағы:
S - өтеу сомасы;
Cmin - зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі қажетті орташа құны;
Ct - Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі орташа құны;
Yei - Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есептеу күнгі жалпы саны.
9. Cmin мәні мына формула бойынша есептеледі:
Сmin = (Кср * 70% + 100) / 100 * Со, мұндағы:
Кср - "таза" зейнетақы активтері бойынша Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелген, есептеу күні қалыптасқан номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициентінің мәні;
Со - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 35-1-бабы 4-тармағының және 39-бабының 1-тармағы 4-2) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, есептеу күнінің алдындағы он екі ай (зейнетақы активтерін он екі ай және одан көп, бірақ жиырма төрт айдан аз басқарған жағдайда), жиырма төрт ай (зейнетақы активтерін жиырма төрт ай және одан көп, бірақ отыз алты айдан аз басқарған жағдайда), отыз алты ай (зейнетақы активтерін отыз алты ай және одан көп басқарған жағдайда) бұрын Басқарушыда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны.
10. Номиналдық кірістіліктің орташа алынған коэффициенті Басқарушыларда сенімгерлік басқаруда он екі, жиырма төрт, отыз алты және одан да көп ай болған "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны бойынша барлық Басқарушылар бойынша сол бір кезеңдегі К2 номиналдық кірістілік коэффициенттерінің орташа алынған шамасы ретінде есептеледі.
11. Басқарушы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген теріс айырманы өтеу сомасын кейіннен есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған салымшылардың, жеке тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарына есепке жатқызу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан-банктегі (бұдан әрі – кастодиан-банк) шотына Басқарушының, кастодиан-банктің және Қордың уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып-тексеру актісі негізінде күнтізбелік он күн ішінде, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей толық көлемде есептейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Басқарушы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген өтеу сомасы есептелген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы соманың Қордың кастодиан банктегі шотына есептелгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.