"Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31731 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      3-тармақтың 9)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) 0,07 МПа (0,7 кгс /см2) жоғары қысыммен Сығылған, сұйытылған және еріген газдарды тасымалдауға және сақтауға арналған баллондар;";

      53 және 54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Ыдыстарды жөндеу үшін қолданылатын материалдар ыдыстың берілген пайдалану жағдайларын (есептік қысым, ең төменгі теріс және ең жоғары есептік температура), қоршаған ортаның құрамы мен сипатын (коррозиялық белсенділік, жарылыс қаупі, уыттылығы және басқалар) және қоршаған ауа температурасының әсерін ескере отырып, есептік қызмет мерзімі ішінде жұмысын қамтамасыз етеді.

      54. Ыдыстарды, цистерналар мен бөшкелерді жөндеу үшін осы Қағидаларға 13-14-қосымшаларында көрсетілген материалдар, ал баллондарды жөндеу үшін осы Қағидаларға 14-қосымшаның 7-кестесінде көрсетілген материалдар қолданылады.";

      56 және 58-тармақтар алып тасталсын:

      63, 64 және 65-тармақтар мынадай радакцияда жазылсын:

      "63. 10 МПа (100 кгс /см2) жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеуге арналған қалыңдығы 60 мм-ден асатын көміртекті және төмен легирленген табақты болат ультрадыбыстық немесе басқа да тең дефектоскопия әдісімен табақ бойынша бақылауға алынады.";

      64. 4 МПа (40 кгс/см2) жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеуге арналған қалыңдығы 25 мм-ден асатын биметалдық табақтар ультрадыбыстық дефектоскопиямен немесе басқа да баламалы әдіспен табақ бойынша бақылауға алынады.";

      65. Ыдыстарды жөндеу үшін қолданылатын бойлық немесе спираль тігісі бар электрлі дәнекерлеу құбырлары радиациялық, ультрадыбыстық немесе оларға тең басқа да дефектоскопияның бүкіл ұзындығы бойынша дәнекерлеу сапасын бақылауға жатады.";

      66, 68, 70, 71, 72, 73 және 91-тармақтары алып тасталсын:

      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Жөндеу немесе монтаждау процесінде табылған ақаулар түзетілген учаскелерді кейіннен бақылаумен жойылады. Ақауларды жою әдістері мен сапасы ыдыстың қажетті сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.";

      178-тармақ алып тасталсын:

      297-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "297. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығымен бекітілген "Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларына" сәйкес ресімделген наряд-рұқсатқа сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21151 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидалары).";

      305, 306, 307, 308, 309, 310, 311 және 312-тармақтары алып тасталсын:

      471-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "471. Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен олардың бөлшектерін монтаждау және жөндеу үшін осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес материалдар мен жартылай фабрикаттар қолданылады.";

      475-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "475. Монтаждау және жөндеу алдында негізгі, дәнекерлеу материалдары мен жартылай фабрикаттарға кіріс бақылау жүргізіледі.";

      479, 483, 384, 485, 491 және 493-тармақтары алып тасталсын:

      495 және 496-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "495. Механикалық сипаттамаларды бақылау түрлерінің тізбесін жартылай фабрикатты дайындаушы сипаттамалардың нормаланған мәндеріне кепілдік берген жағдайда осы Қағидаларға 16-қосымшада көрсетілгенмен салыстырғанда қысқартуға жол беріледі.";

      496. Қазандықтарды жөндеу және монтаждау кезінде әртүрлі маркалы табақты болатты қолдану шегі, табаққа нормативтік-техникалық құжаттама, міндетті сынау және бақылау түрлері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес келеді.";

      499-тармақ алып тасталсын:

      10-тараудың 15, 16, 17, 18 және 19-параграфтары алып тасталсын.

      525, 526, 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533 және 534-тармақтары алып тасталсын.

      535-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      535. Жаңа материалдарды қолдану кезінде болаттың да, оның дәнекерленген қосылыстарының да тиісті қасиеттерін бағалау талаптарын кеңейту қажеттілігін тудыратын олардың жұмысының ерекше шарттары ескеріледі:

      1) теріс температурада жұмыс істеген жағдайда-суыққа төзімділікті бағалау;

      2) циклдік жүктемелер кезінде-циклдік беріктікті бағалау;

      3) ортаның белсенді әсері кезінде-коррозиялық-механикалық беріктігін бағалау және басқалар.";

      537 және 538-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "537. Аттестатталған ұйым болат қасиеттерінің белгіленген деңгейін сақтай отырып, сұрыптамада ұсынылған маркалы болаттан жасалған жартылай фабрикаттарды қолдану мүмкіндігін растайды.

      538. Қазандықтар мен олардың элементтерін монтаждау және жөндеу жұмыстарды сапалы орындау үшін қажетті техникалық құралдары бар оларды орындайтын ұйым (жөндеу немесе монтаждау ұйымы, ұйымның жөндеу қызметтері және басқа ұйымдар) жұмыс басталғанға дейін әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.";

      576-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "576. Монтаждау немесе жөндеу ұйымы жол берілмейтін ақауларды анықтауға, қазандықтардың жоғары сапасы мен сенімділігіне кепілдік беретін бақылау түрлері мен көлемін қолданады. Бұл ретте бақылау көлемі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді.";

      631-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "631. Контактілі дәнекерлеу арқылы орындалатын құбырлардың көлденең қосылыстарын бақылау кезінде әрбір ауысым үшін автоматтандырылған жұмыс циклі бар әрбір дәнекерлеу машинасында орындалған барлық бірдей өндірістік қосылыстар үшін кемінде екі бақылау қосылыстары сыналады.";

      655-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "655. Жоба гидравликалық қысымға ұшыраған элементтегі ақаулардың ең көп анықталуын қамтамасыз ететін көрсетілген шектерде сынақ қысымының мәнін таңдайды.";

      681, 684, 685, 686, 687 және 763-тармақтары алып тасталсын:

      881-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "881. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларына сәйкес ресімделген наряд-рұқсатқа сәйкес жүргізіледі.".

      895-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "895. Есепте тұрған қазандықтарды мерзімді техникалық куәландыруды аттестатталған ұйыммен бірлесіп қазандықтардың жарамды жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуына жауапты тұлға ұйымдастырады және жүргізеді.";

      1076-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1076. Қысыммен жұмыс істейтін құбырларды және олардың бөлшектерін монтаждау және жөндеу үшін осы Қағидаларға 19-қосымшада көрсетілген материалдар мен жартылай фабрикаттар қолданылады.";

      1081, 1085, 1086, 1087, 1088, 1089, 1090, 1091, 1092, 1093, 1094, 1095, 1096 және 1097-тармақтары алып тасталсын:

      25-тарауға:

      3-параграфы алып тасталсын.

      4-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Болаттың жаңа маркалары";

      1105 және 1107-тармақтары алып тасталсын.

      5 және 6-параграфтары алып тасталсын.

      1117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1117. Бекіткіштердің қолданылатын материалдары фланец материалының ұқсас коэффициентіне жақын сызықтық кеңею коэффициентімен таңдалады және бұл коэффициенттердегі айырмашылық 10% - дан аспайды. Әр түрлі сызықтық кеңею коэффициенттері бар болаттарды (10% - дан астам) қолдануға беріктікті есептеу немесе эксперименттік зерттеулермен негізделген жағдайларда және бекіткіштің есептік температурасы 50°С-тан аспайтын жағдайларда жол беріледі.";

      8 және 9-параграфтары алып тасталсын.

      1132-тармақтар алып тасталсын:

      1182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1182. Монтаждау немесе жөндеу кәсіпорны жол берілмейтін ақауларды анықтауға, пайдаланудағы құбырлардың Жоғары сапасы мен сенімділігіне кепілдік беретін орындалған жұмыстарды бақылаудың түрлері мен көлемін қолданады. Бұл ретте бақылау көлемі осы Қағидаларда көзделгеннен кем болмауы тиіс.";

      1326-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1326. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларына сәйкес ресімделген наряд-рұқсатқа сәйкес жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі