Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 21151 болып тіркелді.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабының 41-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және оларды қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 28 тамызы
№ 344 бұйрығымен
бекітілген

Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпі жоғары жұмыстарда наряд-рұқсаттарды ресімдеу мен қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезіндегі наряд-рұқсат (бұдан әрі – наряд-рұқсат) барлық қажетті қауіпсіздік шаралары және қауіпсіз еңбек жүргізуге жауапты адамдар көрсетілетін қауіпі жоғары жұмыстарда қолданылатын қауіпсіз еңбек жүргізуге ұйымның жазбаша өкімі болып табылады.

2-тарау. Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу үшін наряд-рұқсатты рәсімдеу

      3. Наряд-рұқсат қауіпі жоғары жұмыстарды жүргізу жоспарланатын ұйымдарда ресімделеді және тіркеледі.

      4. Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезіндегі наряд-рұқсат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай нысанда арнайы бланкте ресімделетін өкім.

      Наряд-рұқсатқа берілетін аумақтың және жабдықтардың орналасу жоспары, қорғаныш құралдары мен құрылғыларының эскиздері, қоршау посттарын жайғастыру, қауіпсіздік белгілері мен плакаттарын орналастыру схемасы қоса беріледі.

      5. Наряд-рұқсат екі данада ресімделеді, жазбаның анықтығын және дәлдігін сақтай отырып толтырылады. Наряд-рұқсатта түзету мен тазартуға рұқсат етілмейді, наряд-рұқсаттың барлық бағаналарын толтыру жолма жол мәтінінің мазмұнына сәйкес жүргізіледі. Толтыруды қажет етпейтін бағандарда сызықша қойылады.

      6. Наряд-рұқсат берілген жұмыс көлемін орындау үшін қажет мерзімге беріледі. Егер наряд-рұқсатпен көзделген қауіпсіздік шарттары өзгертілмесе, наряд-рұқсаттың күші осы мерзім ішінде сақталады.

      Наряд-рұқсат бір ауысымға немесе үздіксіз жүргізілетін сипаттағы жұмыс кезінде жұмыстың орындалуының барлық кезеңіне беріледі. Наряд-рұқсатты ұзартуды әрбір ауысым басталардың алдында жұмысқа рұқсат беруші ресімдейді және жүзеге асырады.

      7. Бір объектіде бірнеше мердігерлік ұйымдар бір уақытта жұмыс жасағанда наряд-рұқсатты ресімдеудің алдында тапсырыс беруші-ұйым мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қосымша іс-шаралар әзірлейді және оларды әрбір ұйымның жұмыс жүргізушісіне берілетін наряд-рұқсатта көрсетеді.

      8. Темір жол, автомобиль жолдары, электр желілері, газ бен жылу құбырлары және жұмыс істеп тұрған басқа да ашық (жасырын) коммуникациялар мен технологиялар маңында жүргізілетін жұмыстар, сондай-ақ барлық жер қазу жұмыстары алдын ала наряд-рұқсат беретін адам мен осы объектілерге қызмет көрсететін ұйымдармен келісіледі. Тиісті құжаттар (схема, коммуникациялар), қажеттілігіне қарай наряд-рұқсатқа қосымша тіркелуге тиіс.

      9. Жұмысты тапсырыс берушінің аумағында орындау үшін аумақ беруге ресімделген акт-рұқсаттар бойынша мердігерлік ұйымдар орындайтын қауіпі жоғары жұмыстарға наряд-рұқсаттарды мердігерлік ұйымдардың уәкілетті адамдары береді.

      10. Жұмыс басталғанға дейін наряд-рұқсатқа: наряд-рұқсат беретін адамдар; наряд-рұқсатта көрсетілген еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған адамдар; наряд-рұқсатты келіскен адамдар; жұмысқа жіберушілер мен жұмысты жүргізушілер қол қояды.

      11. Наряд-рұқсаттың жабылуы жұмысқа жіберуші мен жұмысты жүргізушінің қол қоюымен ресімделеді. Жұмысқа жіберуші наряд-рұқсатты жұмыс жүргізушіден алғаннан кейін оны жабу үшін жұмыстың аяқталу уақыты туралы белгі соғады және оның сақталуын қамтамасыз етеді.

      Жұмысқа жіберуші жоқ болса, наряд-рұқсатты жұмысты жүргізуші мен наряд берген адам жабады және қолдарын қояды.

      12. Апаттарды жою және оқшаулау кезіндегі жұмыстар жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиянын (залалын) тигізудің тікелей қаупін жойғанға дейін наряд-рұқсатсыз орындалады және апаттарды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.

      Қауіп жойылғаннан кейін апаттарды және олардың салдарын жою бойынша жұмыстар наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

      13. Берілген наряд-рұқсаттарды тіркеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша Қауіпі жоғары жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттарды беруді есепке алу журналында жүргізіледі.

      14. Наряд-рұқсатты электрондық түрде ресімдеу мен тіркеуге және Қауіпі жоғары жұмыстарды орындауға наряд-рұқсаттарды беруді есепке алу журналын электрондық түрде жүргізуге рұқсат етіледі. Наряд-рұқсатты электрондық түрде ресімдеген жағдайда ақпаратты рұқсат етілмеген өзгертуден қорғауды, сондай-ақ наряд-рұқсатты жапқаннан кейін бір жыл ішінде сақтау шарттарын қамтамасыз ету қажет етіледі.

      15. Жабық наряд-рұқсаттар оларды берген ұйымда оларды жапқаннан кейін бір жыл бойы сақталады.

      Орындау кезінде апаттар немесе жазатайым оқиғалар болған жұмыстарға наряд-рұқсаттар апаттарды немесе жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі материалдармен бірге ұйымның архивінде сақталады.

3-тарау. Қауіпі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу үшін наряд-рұқсатты қолдану

      16. Орындалуына ұйымның бірнеше құрылымдық бөлімшелері қатысатын қауіпі жоғары жұмыстарға наряд-рұқсаттарды ұйымның басшысы немесе ол уәкілдік берген адам береді.

      Қауіпі жоғары жергілікті сипаттағы жұмыстарға наряд-рұқсаттар беруді ұйымдардың осы жұмыстар жүргізілуге тиіс жердегі құрылымдық бөлімшелердің басшылары немесе олардың орынбасарлары жүзеге асырады.

      17. Қауіпі жоғары жұмыстарды мердігерлік ұйымдармен жүргізу үшін бөлінген өндіріс учаскелерін, технологиялық желілерді немесе жеке тұрған жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ ондағы басқа да объектілерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сай нысан бойынша жұмыстарды жүргізу үшін акт-рұқсат бойынша тапсыруға жол беріледі.

      18. Егер қауіпі жоғары жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген учаске арқылы қолданыстағы ток өткізгіш сымдар, газ құбырлары, жылу құбырлары, мұнай құбырлары, қышқыл құбырлары немесе қолданыстағы басқа да қатынас жолдары өтетін болса, сондай-ақ технологиялық машиналар мен механизмдер жұмыс істесе, онда учаске мердігерлік ұйымға жұмыстарды жүргізу үшін акт-рұқсат арқылы тапсырылмайды.

      19. Наряд-рұқсат беретін адам қауіпі жоғары жұмыстардың қажеттілігін және жұмыстың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін шараларды айқындайды, жұмысты басқарушыны, жұмысқа рұқсат берушіні, жұмысты жүргізушіні тағайындайды.

      20. Наряд-рұқсат бойынша жұмысқа рұқсат беруші адам жұмыстар жүргізілетін жердегі бөлімшенің басшылық құрамынан тағайындалады.

      21. Наряд-рұқсат бойынша жұмысқа жіберуші еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі наряд-рұқсатта көрсетілген шараларды орындайды, оның ішінде:

      объектіні бу, су, газ, электр және басқа қоректену көздерінен ажыратуға және оларды жерге қосып орнықтыру;

      құбырлардың барлық түріне тиекті арматураларды орнатуға, газ құбырлары мен шаң құбырларын тазалауға, құбырлар мен ыдыстарды үрлеу мен булауға, жабдықтарды шаң мен кірден, мазуттан, қышқылдан тазартуға, газ жүретін құбырлар мен аппаратураны үрлеуге және желдетуге, басқа да дайындық жұмыстары;

      жұмыстар аймағын жұмыс істеп тұрған жабдықтар мен коммуникациялардан қоршауға, тұйықтар, қауіпсіздік белгілерін, дабылдық құралдарды, плакаттарды және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған басқа да құралдарды бөледі.

      22. Жұмысқа жiберушi жұмысты орындауға рұқсат берер алдында, сондай-ақ наряд-рұқсатты ұзартқан кезде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін наряд-рұқсатта көрсетілген іс-шаралардың орындалуын тексеруге, жұмысты жүргізушіге ұйымдағы тікелей жұмыс жүргізетін орындағы жұмыстың ерекшелігі туралы нұсқау беруге міндетті.

      23. Бригаданы жұмысқа жібергенде, жұмысқа жіберуші наряд-рұқсаттың данасын жұмыс жүргізушіге тапсырады.

      Жұмыстағы күн сайынғы үзіліс және қайта рұқсат жіберушінің және жұмыс жүргізушінің қолымен ресімделеді. Түскі үзіліс ресімделмейді.

      24. Жұмыс жүргізуші ауысымды қабылдаған кезде ауыстырушыдан жұмысты наряд-рұқсатпен бірге қабылдайды, өндіріс жағдайларын өздері тексереді, наряд-рұқсатқа жұмыстың ұзартылуы туралы белгі қояды және жұмысқа жіберушінің рұқсатын алғаннан кейін жұмысқа кіріседі.

      25. Жұмысқа жіберуші жұмысты тоқтатады, наряд-рұқсатты алып қояды, оны жаңадан ресімдейді және де егер осы наряд-рұқсат бойынша жұмыс аяқталғанға дейін:

      апатты жағдай туындаса;

      жұмыс жүргізу нақты жағдайларының наряд-рұқсатпен өздігінен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі белгілі болса;

      апатты жағдай қаупі, оның ішінде персоналдың өмірі мен денсаулығына қауіпі жағдай туындаған объектілерге жақын жерде жұмыс жүргізсе;

      жұмыс істеп тұрған жабдықтардың немесе энергетикалық коммуникациялардың бір бөлігін болса да жұмыс жүргізу аймағына (агрегатқа, жүйеге) қосу қажет болғанда жұмысқа қайта рұқсат береді.

      26. Наряд-рұқсат жоғалып қалған жағдайда жұмыс тоқтатылады. Жұмыстарды жалғастыру үшін жаңа наряд-рұқсат рәсімделіп, беріледі және жұмысқа рұқсат қайта жүргізіледі.

      27. Наряд-рұқсат бойынша жұмыстар уақытша тоқтатылған кезде, жұмысқа жіберушінің нұсқауымен, жұмыс жүргізуші бригада мүшелерін жұмыс орнынан шығарады және наряд-рұқсатты жіберушіге қайтарады.

      Жұмыстардың қайта басталуы жіберушінің рұқсатымен наряд-рұқсат бойынша жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық бастапқы іс-шаралар тексерілгеннен кейін және наряд-рұқсатты жұмыс жүргізушіге қайтарғаннан кейін жүргізіледі.

      28. Өндіріс жағдайлары бойынша бір ауысымның ішінде жұмыс тоқтатылса, наряд-рұқсат жұмыс жүргізушіде қалады, ал бригада оның рұқсаты бойынша қайта жұмысқа кіріседі.

      Жұмыста бір ауысымнан артық үзіліс болған кезде наряд-рұқсатта ескертілген қауіпсіздік шарттарының өзгермейтінін жұмысқа жіберуші мен жұмыс жүргізуші тексергеннен кейін рұқсат беру қайта жүзеге асырылады.

      29. Жұмысты ауысымдық кесте бойынша орындаған кезде наряд-рұқсаттың барлық жарамды уақытына жауапты жұмыс жүргізушілер әр ауысым үшін тағайындалады.

      30. Ұйым (учаске) басшылығының наряд-рұқсат бойынша жұмыстан кейін жұмыс жүргізуші жабық наряд-рұқсатты қайтарғанға дейін жабдықтарды іске қоспайды.

  Қауіпі жоғары жағдайларда
жұмыс жүргізу кезінде наряд-
рұқсаттарды ресімдеу және
қолдану қағидаларына
1-қосымша

Ұйым, учаске, цех _______________________________________ Қауіпі жоғары жұмыстарды орындауға наряд-рұқсат № ______

      1. Жұмысты жүргізуші ______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ұйым, учаске, цех, лауазымы)

      2. Орындауға рұқсат етіледі _________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Жұмыс орны, жабдықтың атауы, қысқаша мазмұны

      _________________________________________________________________________

      жұмыс көлемі)

      3. Жұмысқа жіберуші (лер) __________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазым)

      4. Жұмысқа жіберуші(лер) __________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазым)

      5. Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар:

      5.1. Тоқтату _______________________________________________________________

                  (тоқтату орны, жағдайы)

      _________________________________________________________________________

      5.2. Өшіру ________________________________________________________________

                  (рубильник, ысырма, магистраль және т. б.)

      _________________________________________________________________________

      5.3. Орнату _______________________________________________________________

                  (тұйықтар, бітеуіштер, сигналдық шамдар және т. б.)

      _________________________________________________________________________

      5.4. Ауа ортасын талдау үшін сынама алу _____________________________________

      _________________________________________________________________________

                  (талдау орны мен нәтижесін, газдану тобын көрсету)

      5.5. Қоршау ______________________________________________________________

                  1.(аймаққа жұмыс, плакаттар ілінуі керек)

      _________________________________________________________________________

      5.6. Биіктікте және құдықтарда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қарастыру

      _________________________________________________________________________

      (ормандар, сақтандыру белдіктері, жіптер және т. б.)

      5.7. Ескерту _______________________________________________________________

      (көрші крандар мен аралас крандар машинистері

      _________________________________________________________________________

      вахталық журналға қол қойылған аралықтар)

      5.8. Теміржолдарда қауіпсіздік шараларын көздеу ______________________________

      _________________________________________________________________________

      (белгілер, плакаттар, қоршаулар, тұйықтар және т. б. орнату)

      5.9. Жұмыс орнына маршруттарды көрсету ___________________________________

      _________________________________________________________________________

      (қажетіне қарай схеманы қоса беру)

      5.10. Қосымша іс-шаралар __________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      6. Наряд-рұқсат берді ______________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы, күні)

      7. Іс-шаралар орындалды ___________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (іс-шараның нөмірі; Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы)

      _________________________________________________________________________

      8. Келісілді: _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (ауысым (учаске) бастығы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      8.1. _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      9. Іс-шаралар орындалды, жұмыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, жұмыс өндіруші

      еңбек жағдайларымен таныстырды және нұсқау берді, жұмысқа рұқсат берді

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы, күні)

      10. Жұмыс жағдайларымен таныстым және нұсқау берілді, дайындықтарын тексерді,

      жұмыс орнын қабылдады-жұмыс өндіруші ____________________________________

      _________________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы, күні, уақыты)

      11. Бригада құрамы және нұсқамадан өткені туралы белгі

Р/с

Күні және жұмыс жүргізу уақыты

Бригада мүшелерінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Кәсіп

Жұмыс шарттарымен таныстым, нұсқама алдым (қолы)

Нұсқаманы жүргізді (жіберушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)







      ________________ адам саны бар бригадаға (ларға) нұсқау берілді, жұмысқа кірісті

      ________________________________________________________________________

                              (күні, уақыты)

      Жұмысты жүргізуші ______________________________________________________

                              (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      12. Наряд-рұқсатты ұзарту

Күні, уақыты

Шарттар өзгермеді, ауысымды тапсырды – жұмыс жүргізуші

Жұмысқа кірісетін бригаданың сандық құрамы

Жұмыстыың шарттарымен таныстым, ауысымды қабылдады – жұмыс жүргізуші

Жұмысқа рұқсат беремін – ауысымдағы жұмысқа рұқсат беруші


Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

қолы


Т.А.Ә. (бар болған жағдайда).

қолы

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

қолы









      13. Жұмыс аяқталды __________________________________________ жұмыс орны

                              (күні, уақыты)

      жиналған, қызметкерлер жұмыс жүргізу орнынан шығарылды.

      Наряд-рұқсатты тапсырды _________________________________________________

                              (жұмыс өндірушінің

      ________________________________________________________________________

                  лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Наряд-рұқсатнаманы қабылдады ___________________________________________

                                    (жұмысқа жіберушінің

      ________________________________________________________________________

                  лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

  Қауіпі жоғары жағдайларда
жұмыс жүргізу кезінде наряд-
рұқсаттарды ресімдеу және
қолдану қағидаларына
2-қосымша

________________________ ұйым

Наряд-рұқсаттар беруді есепке алу журналы

Жұмыстарға бастапқы рұқсат беру күні мен уақыты (басталуы мен аяқталуы)

Жұмыстарға қайта рұқсат беру күні мен уақыты (басталуы мен аяқталуы)

Наряда-рұқсат №

Наряд берген адам

Орындалатын жұмыстың сипаты







      Ескертпе: наряд-рұқсаттарды тіркеу наряд-рұқсаттарды беру күні мен уақытына тәуелсіз наряд-рұқсаттардың келіп түсу шамасына қарай хронологиялық тәртіппен жүргізіледі.

  Қауіпі жоғары жағдайларда
жұмыс жүргізу кезінде наряд-
рұқсаттарды ресімдеу және
қолдану қағидаларына
3-қосымша

Жұмыс істеп тұрған ұйымның (кәсіпорынның) аумағында жұмыс жүргізу үшін 20___ж."____"_____________ рұқсат-акт

      ________________________________________________________________________

                                    (ұйымның атауы)

      Біз, төменде қол қоюшылар, цех (учаске) бастығы _____________________________

      ________________________________________________________________________

                        (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы)

      төмендегілер туралы осы актіні жасадық:

      Ұйым координаталармен шектелген учаске бөледі: ____________________________

      ________________________________________________________________________

                        (осьтердің, белгілердің атауы және сызбалар №)

      онда өндіру үшін _________________________________________________________

                              (жұмыс атауы)

      ________________________________________________________________________

      техникалық персонал - мердігер өкілінің басшылығымен келесі мерзімге:

      басталуы "____"________________________ аяқталуы

      "___"_______________________.

      Жұмыс басталғанға дейін жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесі

      іс-шараларды орындау қажет:

      ________________________________________________________________________

                        р/с: атауы : орындау мерзімі: орындаушы

      № : іс-шаралар: :________________________________ :

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы: қолы

      ______:_______________:_______________:__________________:_____________

      Цех бастығы (учаске) ___________________________ (қолы)

      Мердігердің жауапты өкілі ______________________ (қолы)

      Ескертпе: осы рұқсат беру актісінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін

      жұмыстарды жүргізу қажет болған кездк жаңа мерзімге рұқсат беру актісін жасау қажет