Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау мен оларды жеке қабылдаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 31715 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабы 22) және 23) тармақшаларына, 24 және 25-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулық;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомствосының, мекемелерінің және білім беру ұйымының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының басшыларына, облыстар прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ведомствосының, мекемелерінің және білім беру ұйымының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының басшыларына, облыстар прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында жолданымдарды қарау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (бұдан әрі – ҚАК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), басқа да заңнамалық актілерге сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомствосында, мекемелерінде және білім беру ұйымында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау мәселелерін нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арыз – әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;

      2) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      3) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      4) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      5) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшесі – Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратураның құрылымында көзделген бөлімше;

      6) бастапқы жолданым, хабар, сұрау салу, үн қосу және ұсыныс – осы прокуратура органында бұрын қаралмаған мәселе жөніндегі жолданым, хабар, сұрау салу, үн қосу және ұсыныс;

      7) депутаттың жолданымы (депутаттық жолданым) – депутаттың, Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары лауазымды адамының прокуратура органдарына жіберген депутаттық сауал түрінде ресімделмеген жеке немесе заңды тұлғаның жолданымын, хабарын, ұсыныстарын, үн қосуларын және сұрау салуларын қарауды өтінген, ақпарат беру туралы жолданымы;

      8) депутаттық сауал – Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутаттың әкімшілік органдардың лауазымды адамдарына осы органның немесе лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы;

      9) жолданым – прокуратура органына немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс, бейнежолданым нысанында жіберілген арыз немесе шағым;

      10) жолданымның, хабардың, сұрау салудың, үн қосудың, ұсыныстың көшірмесі – мәтіні мен заңды күші түпнұсқасымен бірдей сол мәселені және сол бір адамның мүддесін білдіретін алдыңғы жолданымның, хабардың, сұрау салудың, үн қосудың, ұсыныстың көшірмесі не данасы;

      11) иесі бүркемеленген жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу – ол бойынша иесін анықтау мүмкін емес және (немесе) арыз иесінің қолтаңбасы, оның ішінде арыз иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу;

      12) қайталама жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу – бір мәселе бойынша бір адамнан екі реттен кем емес келіп түскен алдыңғы жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу бойынша қабылданған шешім шағымдалатын, бұдан бұрын жіберілген жолданымның, хабардың, ұсыныстың, үн қосудың және сұрау салудың уақтылы қаралмағаны туралы, егер келіп түскен уақытынан белгіленген қарау мерзімі аяқталған болса, бірақ арыз иесі жауап алмағаны туралы хабарланатын, алдыңғы жолданымды қараған және шешкен кезде жол берілген басқа да кемшіліктер көрсетілген жолданым, хабар, сұрау салу, үн қосу және ұсыныс;

      13) қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қатысушы адамдардың, сондай-ақ сотталған адамдардың өтінішхаты (бұдан әрі – өтінішхат) – қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босату, сотталғанға кешірім жасау мәселелері бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы жазбаша нысанда баяндалған өтініш;

      14) лауазымды адам – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген адам;

      15) сұрау салу – әкімшілік рәсімге қатысушының жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші;

      16) ұсыныс – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы;

      17) үн қосу – әкімшілік рәсімге қатысушының мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі;

      18) хабар – әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғаны, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың және олардың лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабардар етуі;

      19) шағым – әкімшілік рәсімге қатысушының өзінің және басқа да адамдардың әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) бұзған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру немесе қорғау туралы талабы қамтылатын жолданым нысандарының бірі.

      3. Осы Нұсқаулықтың ережелері жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға және сұрау салуларға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, әкімшілік органдардан, саяси партиялардан және өзге де ұйымдардан келіп түсетін, сондай-ақ депутаттық сауалдар мен жолданымдарға қолданылады.

      4. Конституциялық заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды:

      1) егер адамның және азаматтың физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, кәмелетке толмаған адамдарды, сондай-ақ шектелмеген адамдар тобын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмаса, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;

      2) адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайда;

      3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;

      4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруді болғызбау мақсатында;

      5) жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын заңдылықты бұзу фактілері бойынша;

      6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша;

      7) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) тапсырмалары бойынша қарайды.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың және мән-жайлардың санаты Конституциялық заңның 9-бабы 22) тармақшасына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актісінде нақтыланған.

      5. ӘРПК-де белгіленген әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібі, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 4-тармағының талабы қарау тәртібі қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, қылмыстық-атқару заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада, сондай-ақ қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларында белгіленген жолданымдар мен хабарларға қолданылмайды.

      6. Қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, қылмыстық-атқару заңнамасында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада реттелмеген бөлігінде осы Нұсқаулықтың ережесі қолданылады.

      7. Хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салулар ӘРПК-нің 12-тарауында белгіленген оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде қаралады.

      8. Егер осы мәселелердің іске асырылуы прокуратура органдарының функциясына кіретін жағдайда, арызды берген адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты бар прокуратура органдарына келіп түскен арыздар ӘРПК-нің 9-тарауында белгіленген тәртіппен қаралады.

      9. Прокуратура органдарының шағымды қарауы Конституциялық заңның 24 және 25-баптарымен белгіленген негіздерде және шектерде жүзеге асырылады.

      10. Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарлар, қылмыстық іс бойынша істі жүргізуді жүзеге асыратын әкімшілік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне берілетін шағымдар ҚПК-де, сондай-ақ ҚПК-ні қолдану мәселелері жөніндегі Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаралады.

      Жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы жолданымдар мен хабарлар жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметінің заңнамаларына сәйкес қаралады.

      11. Қылмыстық істер бойынша, оның ішінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселелері бойынша, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілеріне наразылық келтіру туралы шағымдар мен өтінішхаттар тиісінше ҚПК-де, ҚАК-де, АПК-де, ӘҚБтК-де және ӘРПК-де көзделген прокуратура органдарының өкілеттіктері тәртібінде және шегінде қаралады.

      12. Депутаттық сауалдар (оның ішінде азаматтардың ақталуына байланысты мәселелер бойынша) сауал келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмеген мерзімде қаралады.

      Депутаттық сауал бойынша барлық қажетті тексеріс материалдары шешімнің (жауаптың) немесе Қазақстан Республикасы Парламентінде жасалатын сөз сөйлеудің жобасымен бірге Бас Прокурорға сауалды қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

      13. Ұсталған, күзетпен ұсталған және қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдардың жолданымдары мен хабарларын қарау тәртібі қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамаларымен айқындалады.

      14. Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды ақтау туралы арыздар "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қаралады.

      15. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және ӘРПК-де көзделген тәртіппен қаралады.

      16. Мемлекеттік сатып алу саласындағы шағымды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Салық салу және кедендік реттеу мәселелері бойынша шағымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Мемлекеттік құпияға жататын мәліметтері бар жолданымдар мен хабарлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаралады.

      19. Бұқаралық ақпарат құралдарының жолданымдары, хабарлары, сұрау салулары Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаралады.

      20. Адвокаттар мен заң консультанттарының заң көмегін көрсетуге байланысты олардың жолданымдары, хабарлары, сұрау салулары Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаралады.

      21. Нұсқаулықтың осы тарауында көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген бөлікте Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың, ӘРПК-нің және осы Нұсқаулықтың ережелері қолданылады.

2-тарау. Жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау

      22. Прокуратура органдарында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды есепке алуға және тіркеуге қойылатын жалпы талаптар ӘРПК-нің 69-бабының 3-бөлігіне, Конституциялық заңның 9-бабының 22) және 23) тармақшаларына сәйкес қабылданған Бас Прокурордың ведомстволық құқықтық актілерімен регламенттеледі.

      23. Қағаз жеткізгіштерде келіп түскен жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар және депутаттық сауалдар және қосымша тіркелген құжаттары бар жолданымдар келіп түскен күні тіркеліп, Жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды тіркеу, қарау және есепке алу бойынша ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – Ақпараттық жүйе) енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – Бас прокуратура) Cаll-орталығына келіп түскен жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салулар дереу Ақпараттық жүйеде тіркеліп, қарау үшін Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесіне, төмен тұрған прокуратураларда – осы жұмыс жүктелген қызметкерлерге тапсырылады.

      24. Жұмыс істемейтін күні келіп түскен жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.

      25. Жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу ӘРПК-нің 63-бабында белгіленген талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, прокуратура органы арыз иесіне қандай талаптарға сәйкес келмейтінін жазбаша (оның ішінде электрондық нысанда) көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.

      Егер арыз иесі арызды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды ӘРПК-нің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келтірмеген болса, онда ондай жолданым арыз иесіне прокуратура органының лауазымды адамы белгілеген мерзімде қайтарылады.

      Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.

      26. Бас прокуратураға келіп түскен жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салуларды Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі Бас прокуратураның басшылығына баяндауға жібереді не мәселенің сипатына байланысты қолдағы материалдар мен қадағалау іс жүргізуін зерделей отырып, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне келіп түскен күні береді.

      Төмен тұрған прокуратураларда жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды прокуратура басшылығына баяндауды немесе құрылымдық бөлімшелеріне жіберуді осы міндет жүктелген адамдар осы тармақпен белгіленген мерзімде жүзеге асырады.

      27. Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі мыналарды қарайды:

      1) төмен тұрған прокуратураларға, құзыреті бойынша өзге де әкімшілік органдарға және ұйымдарға жіберуге жататын бастапқы жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен (қарау нәтижесі туралы ақпарат жіберуді қажет етпейтін), Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының депутаттарынан, лауазымды адамдарынан (депутаттық сауалдан басқасы), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан, басқа да орталық мемлекеттік және әкімшілік органдардан, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан, саяси партиялардан келіп түскендер.

      Бастапқы жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар Бас прокуратураға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде, арыз иесін жазбаша хабарландыра отырып, төмен тұрған прокуратура органдарына, басқа да әкімшілік органдарға және ұйымдарға қарау үшін жіберіледі;

      2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорының және оған теңестірілген прокурорының не оны алмастыратын адамның шешімі (жауабы) жоқ қайталама жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салулар.

      Қайталама жолданымдар, сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), оның ішінде ӘРПК-де көзделген әкімшілік рәсімді, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсімді жүзеге асыру тәртібін бұзумен байланысты шағымдар Бас прокуратураға келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылып, оларды қараудың нәтижелері туралы ақпараттандыруды талап ете отырып, тиісті прокуратура органдарына қарау және жауап беру үшін жіберіледі.

      Жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды қарап жатқан лауазымды адамдар ақпараттық жүйеде (жолданым бойынша хат алмасуда) прокуратура органдарының арыз иесіне бұдан бұрын жіберген жауаптарының болуын анықтайды;

      3) прокуратура органдарында оларды қарау тәртібін түсіндіруді талап ететін жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар;

      4) ҚПК-де, ҚАК-де, АПК-де, ӘҚБтК-де және ӘРПК-де көзделген жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау тәртібін бұзумен байланысты прокуратура органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар.

      Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген талаптар прокуратура органдарына, оның ішінде Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне келіп түскен ұқсас сипаттағы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға және сұрау салуларға қолданылады.

      Осы тармақтың 3) тармақшасының талаптары прокуратура органдарына қолданылады.

      28. Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен келіп түскен, олар бойынша қарау нәтижесі туралы ақпарат ұсынуды талап ететін жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соттың Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауға алған жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      4) депутаттық сауалдарды;

      5) Бас Прокурор және оның орынбасарлары бақылауға алған жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      6) егер Бас прокуратураға жүгінген адам прокуратура органы басшылығының шешімімен (жауабымен) келіспеген болса, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының, Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорының және оған теңестірілген прокурорының не оны алмастыратын адамның шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      7) заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық наразылық келтіру туралы, сондай-ақ сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхаттарды;

      8) орталық мемлекеттік органның басшысы не оның орынбасары қол қойған шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды қарайды.

      ҚПК-нің 488-бабының талаптарына сәйкес келмейтін қылмыстық істер бойынша кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар ҚПК-нің 486, 489-баптарының негізінде прокуратура органдарына келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, қараусыз кері қайтарылады. Бұл ретте, кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат берген адамға өтінішхатты кері қайтаруға негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін Бас прокуратураға қайталама жолданым жіберу немесе тікелей Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.

      ҚПК-нің 487-бабымен көзделген кассациялық наразылық келтіру мерзімдері өтіп кеткен сот актілеріне кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар прокуратура органдарына келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, тиісті түрде заңды түсіндіре отырып, қараусыз кері қайтарылады.

      9) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің құзыретіне кіретін өзге де жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар мен өтінішхаттарды қарайды.

      Осы тармақта көрсетілген жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі – Комитет), Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына (бұдан әрі – Академия), Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына, облыстар прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберуге жол берілмейді.

      29. Комитет, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, облыстар прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының депутаттарынан (депутаттық сауалдардан басқасы), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотынан, басқа да әкімшілік органдардан келіп түскен, олар бойынша қарау нәтижелері туралы ақпарат ұсынуды талап ететін жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      2) Бас прокуратура бақылауына алған жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      3) Комитеттің және оның аумақтық органдарының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      4) облыстық маңызы бар әкімшілік орган басшысының қолы қойылған шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      5) Комитетінің, әскери және көлік прокуратуралары органдарының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралардың құзыретіне кіретін өзге де жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды және өтінішхаттарды Конституциялық заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген құзыреті шеңберінде қарайды.

      30. Комитетінің аумақтық органдарында, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар:

      1) Комитет, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, облыс прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура, бақылауға алған жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      2) аудандық маңызы бар әкімшілік орган басшысының қойылған қолымен шешімі (жауабы) бар жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды;

      3) Комитетінің аумақтық органдарының, аудандық және оған теңестірілген прокуратураның құзыретіне кіретін жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды қарайды.

      31. Қаралуы прокуратура органының құзыретіне кірмейтін жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар прокуратура органына, лауазымды адамға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде, ол туралы бір мезгілде әкімшілік рәсімнің қатысушысын, прокуратура органына жүгінген адамды хабарландыра (хабархат бере) отырып, тиісті мемлекеттік органға, лауазымды адамға, прокуратура органдарына жіберілуі тиіс.

      Жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды тиісті әкімшілік органға, ұйымға, прокуратура органына уақтылы жіберместен, уәкілетті субъектілердің құзыретін түсіндіруге рұқсат етілмейді.

      Осы тармақта көрсетілген жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу, сұрау салу мыналардың:

      Бас прокуратурада – Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының, олардың орынбасарларының, Бас прокуратура басқармалары бастықтарының, өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің;

      Бас әскери прокуратурада, Бас көлік прокуратурасында, облыстар прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда – Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың және олардың орынбасарларының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар аппараттары басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі аға көмекшілерінің (көмекшілерінің);

      Академияда – ректорының, проректорларының, Академия Аппараты басшысының;

      Комитетте және оның аумақтық органдарында – басшыларының және оның орынбасарларының;

      аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда – аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың және олардың орынбасарларының қолы қойылып жіберіледі.

      32. Прокуратура органдары құзыреті бойынша жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды сатылығымен жоғары тұрған әкімшілік органға жіберген жағдайда, олардың ілеспе хаты прокуратура органдары басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылып жіберіледі.

      33. Жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу, сұрау салуда прокуратураның бірнеше бөлімшелерінің құзыреттеріне қатысты мәселелер болған кезде, оны қарау тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырылады. Тапсырмада бірінші болып көрсетілген құрылымдық бөлімшенің басшысы арыз иесіне жиынтық шешім (жауап) әзірлеуге жауапты болып табылады.

      Бірлесіп орындаушы – құрылымдық бөлімшелердің басшылары жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды қарау мерзімі аяқталуына дейін күнтізбелік бес күн бұрын бірінші орындаушыға толық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.

      34. Жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар бір құрылымдық бөлімшеден екіншісіне бөлімшелердің басшылары арасындағы келісім бойынша не прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша беріледі. Осындай жағдайларда жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды беру, оларды беру себебі көрсетіле отырып, оларды тікелей қарайтын лауазымды адамға олардың келіп түскен сәтінен бастап тиісті баянатпен үш жұмыс күні ішінде ресімделеді.

      Жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды арыз иесіне түпкілікті шешім (жауап) әзірлеген құрылымдық бөлімше қарады деп есептеледі.

      35. Жолданымның, хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың көшірмесі келіп түскен кезде бастапқысы негізгісі ретінде тіркеледі, ал келесілері негізгі жолданымға, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға қосылып, әкімшілік рәсімнің қатысушысына негізгі жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу, сұрау салу келіп түскен күннен бастап есептелетін мерзім шегінде қарау нәтижелері туралы хабарлана отырып, бір жолданым ретінде қаралады.

      Егер көшірмесі негізгі жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу, сұрау салу қаралғаннан кейін келіп түссе, онда күнтізбелік он күннен кешіктірмей, ол бойынша шешім (жауап) жіберілген жауаптың шығыс нөмірі мен күніне сілтеме жасай отырып және оның көшірмесі қоса тіркеліп, бұдан бұрын қабылданған шешімнің қысқаша мәні жазыла отырып жіберіледі.

      36. Әкімшілік рәсімді қозғау үшін жария-құқықтық қатынастарда белгілі бір адамның немесе жеке-дара айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын прокуратура органдары қабылдаған әкімшілік актілерге және әрекеттерге арыздар немесе шағымдар негіз болып табылады.

      37. Aуызша нысанда берілген жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды прокуратура органының жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды қабылдаған жұмыскері немесе қызметкері жекелеген хаттамаға енгізеді.

      38. Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу, сондай-ақ ауызша жүгінгені туралы хаттама онда қойылған мәселелерді қарау құзыретіне кіретін прокуратура органына немесе оның лауазымды адамына жіберіледі.

      39. Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хабарда, ұсыныста, үн қосуда және сұрау салуда, сондай-ақ ауызша жүгінгені туралы хаттамада арыз иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы көрсетіледі.

      40. Жолданымда, хабарда, ұсыныста, үн қосуда және сұрау салуда жүгіну мәні, жолданым мен талаптың уәждері көрсетіледі, жолданымдар мен хабарларда әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды адамның тегі, аты-жөні және лауазымы көрсетіледі, шағымда сондай-ақ кімнің әрекеті шағымдалатыны не Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзушылықтары көрсетіледі.

      Жолданымға, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға және сұрау салуға арыз иесінің қолы қойылады немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      Жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу арыз иесінің өкілі арқылы да беріледі. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен және ӘРПК-нің 68-бабымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      41. Арыз иелерінің жалпы қолжетімді ақпараттық жүйелерден келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамаларының талаптарына сәйкес келетін жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу қаралуға жатады.

      42. Иесі бүркемеленген жолданымдар, хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салулар, егер оларда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не ұлттық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда, қарауға жатпайды. Ондай жолданым, хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу әкiмшiлiк органдарға олардың құзыреттеріне сәйкес қарау үшін дереу одан әрі жіберуге жатады.

      Иесі бүркемеленген жолданымның, хабардың, ұсыныстың, үн қосудың және сұрау салудың қараусыз қалдырылғаны туралы шешім лауазымды адамның прокуратура органының басшысы немесе оның орынбасары бекіткен уәжделген қорытындысы негізінде (еркін түрде) үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

      43. Әкімшілік рәсімнің қатысушысы алдын ала, бірақ әкімшілік актіні қабылдағанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірместен, тыңдау немесе әкiмшiлiк рәсiмдi жүзеге асыруға қажеттi өзге де іс-шаралар өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабардар етiледi.

      44. Тыңдау туралы хабарламаны (хабархатты) жіберу ӘРПК-нің 66-бабының тәртібімен жүргізіледі.

      45. Әкімшілік істі қарау, тыңдау, таныстыру, ұстанымды білдіру тәртібі ӘРПК-нің 10-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

      46. Әкімшілік істі қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдер:

      1) әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      2) әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;

      3) әкімшілік актіні қабылдаумен байланысты емес әкімшілік әрекетті жасау туралы;

      4) материалдарды қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (оның ішінде фактілерді Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) тіркеу туралы шешім қабылдау үшін) не арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне беру туралы;

      5) Ақпаратты есепке алу кітабына материалдарды тіркеу туралы және Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген басқа да шаралар қабылданады.

      47. Әкімшілік акт ӘРПК-нің 11-тарауына сәйкес жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда ғана қабылданады.

      Қолайлы әкімшілік акт әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырған немесе оған жүктелген міндетті тоқтатқан, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде жақсартқан жағдайда қабылданады.

      Ауыртпалық салатын әкімшілік акт актімен әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартқан, шектеген, тоқтатқан немесе оған міндетті жүктеген, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде нашарлатқан жағдайда қабылданады.

      48. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім ӘРПК-нің 70-бабының 1-бөлігінде көрсетілген мән-жайлардың бірі болған кезде тоқтатылуға жатады.

      49. Хабарларды қарау нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілерін енгізу және оларға шағым келтіру тәртібі Мемлекеттік органдар және басқа ұйымдар қызметінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі.

      50. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арыз және шағым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.

      51. Арыз және шағым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі ол қозғалған кезден бастап есептеледі.

      52. Әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, мекемелерден, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан ақпарат алу қажет болған жағдайларда, арыз және шағым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі прокуратура басшысының не оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, әкімшілік рәсімнің қатысушысы ол туралы мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

      Егер арызда және шағымда баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді қажет етсе, онда прокуратура басшысы немесе оның орынбасары құрылымдық бөлімше басшысының баянаты негізінде арыз бен шағымды оның нақты орындалғанына дейін қосымша бақылауға алады, әкімшілік рәсімнің қатысушысы ол туралы шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Арыз бен шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы баянат оның қаралу мерзімінің аяқталуына кемінде бір күн қалуынан кешіктірмей ресімделеді.

      Арыз немесе шағым бойынша тексеріс тағайындалған жағдайда, қарау мерзімдері оны жүргізу мерзімі ескеріле отырып айқындалады. Арыз иесіне аралық жауап жіберіледі. Түпкілікті жауап арыз иесіне тексеріс нәтижелері бойынша ол аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабарланады.

      53. Жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды бақылауға алған басшы сол жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды бақылаудан алады.

3-тарау. Оңайлатылған әкімшілік рәсім

      54. Хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салулар прокуратура органдарында оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен осы Нұсқаулықтың 50-тармағымен белгіленген мерзімде қаралады.

      55. Прокуратура органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне келіп түскен шағымдарды, сондай-ақ қарау тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген шағымдарды, сондай-ақ ӘРПК-нің 3-бабының 4-бөлігінде көрсетілген жолданымдарды қоспағанда, әкімшілік органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне келіп түскен шағымдар хабарлар ретінде қаралады.

      56. Оңайлатылған әкімшілік рәсім прокуратура органдарында ӘРПК-нің 10-тарауында белгіленген тәртіппен (әкімшілік рәсім), ӘРПК-нің 12-тарауында белгіленген ерекшеліктермен жүзеге асырылады.

      Арыз бен шағымдарды қоспағанда, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау кезінде әкімшілік рәсімнің қатысушысын тыңдау жүргізілмейді.

      57. Мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде:

      1) қайталама хабарларда, ұсыныстарда, үн қосуларда, сұрау салуларда жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды қарау туралы алдыңғы материалдарда тексерістiң қажетті материалдары болса және әкімшілік рәсімнің қатысушысына белгiленген тәртiппен жауаптар берілсе;

      2) хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың иесін анықтау мүмкін болмаса, арыз иесінің қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы болмаса, оларда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы және олардың құзыретіне сәйкес әкімшілік органдарға дереу одан әрі жіберуге жататын мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда;

      3) хабарда, ұсыныста, үн қосуда, сұрау салуда мәселенің мәні баяндалмаса, оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады.

      58. Осы Нұсқаулықтың 57-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мән-жайлар болған кезде хат алмасуды тоқтату лауазымды адамның прокуратура органының басшысы немесе оның орынбасары бекіткен уәжделген қорытындысы негізінде (еркін түрде) жүргізіледі. Хат алмасуды тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осыған ұқсас хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар түскен жағдайда, оның қаралмайтыны түсіндіріле отырып, арыз иесіне хабарланады. Жаңа уәждер мен жаңадан ашылған мән-жайлар қамтылмаған кейінгі хабарлар, ұсыныстар, үн қосулар, сұрау салулар әкімшілік іс бойынша қадағалау іс жүргізуіне тіркеледі, ол туралы тіркелген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей әкімшілік рәсімнің қатысушысы хабардар етіледі.

      59. Оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімге ӘРПК-де белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      60. Хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды қарау кезінде лауазымды адам ондағы келтірілген уәждерді жан-жақты, толық және объективті тексеріп, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға және сұрау салуға қатысты нақты мән-жайларды анықтайды және зерттейді. Қажет болған жағдайда әрекеті мен шешімдеріне шағым келтірілген лауазымды және өзге адамдардан түсініктеме алады, әкімшілік істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасы бойынша қажетті материалдарды талап етіп алдырады және зерделейді, әкімшілік іс бойынша шешім қабылдаған кезде заңнама нормаларын дұрыс айқындайды және қолданады.

      61. Хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды қараған кезде мыналарға:

      1) хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды берген адамға немесе оның мүддесі үшін берген адамға зиян келтіруге;

      2) хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды оны қарауға құзыреті жоқ немесе әрекеті (әрекетсіздігі) шағымдалған лауазымды адамға жіберуге;

      3) ол бойынша әрекеті шағымдалған төмен тұрған прокурорлардың қорытындылары (тұжырымдары) негізінде ғана шешім қабылдауға;

      4) мәселенің әділ шешілуіне мүдделі емес деп пайымдауға негіз бар адамдарға тексеруді жүктеуге;

      5) арыз иесінің, оның ішінде заңды тұлғаның мүддесін қорғайтын адамның келісімінсіз оның жеке өмірі туралы немесе мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметті не өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жария етуге;

      6) хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға қатысы жоқ жеке тұлғаның жеке басы туралы мәліметтерді анықтауға жол берілмейді.

      62. Жолданым мәтініне қатысты істерді, тексеріс материалдары мен ақпаратты жіберу туралы сұрау салулар, тапсырмалар әкімшілік органдардан және төмен тұрған прокуратуралардан жолданымды, хабарды тікелей қарайтын лауазымды адамның қолы қойылып жіберіледі.

      Орталық (облыстық) мемлекеттік органдардың басшылығына жіберілген сұрау салулар мен тапсырмаларды оларға қол қоюға уәкілетті прокуратура органдарының лауазымды адамдары жібереді.

      Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді сұрату тәртібі тиісінше АПК, ҚПК, ӘҚБтК және ӘРПК-мен айқындалады.

      Істерді, тексеріс материалдарын және ақпараттарды талап етіп алдыру туралы тапсырма осы хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды тікелей қарайтын лауазымды адамға хабар, ұсыныс, үн қосу және сұрау салу түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      63. Хабарды, ұсынысты, үн қосуды және сұрау салуды тексеру барысында арыз иелері оның жолданымын, хабарын қарап жатқан лауазымды адамға дәлелдерін баяндайды және хабарының, ұсынысының, үн қосуының және сұрау салуының негізділігін растау үшін қосымша материалдар ұсынады не оларды талап етіп алдыру туралы өтініш білдіреді.

      Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде құқық бұзушылықты жою, оның жолын кесу, алдын алу, арыз иелерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру бойынша дереу және жан-жақты шаралар қабылдайды.

      64. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына жүйелі түрде қысым жасау, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың тиісті дәрежеде бағаламаған көптеген немесе өрескел заң бұзушылықтар туралы хабарлар, сондай-ақ мемлекеттің, адамдар топтарының және жекелеген азаматтардың мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша үлкен қоғамдық резонансқа ие болған азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар туралы хабарлар тиісті өңірлерге шығуымен тексеріледі.

      Осындай хабарлар бойынша тексеріс жүргізу үшін сапарға шығу туралы шешімді алдыңғы тексерістерді, оның ішінде төмен тұрған прокуратуралардың тексеріс материалдарын алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша құрылымдық бөлімше басшысының, оның ішінде төмен тұрған прокуратуралардың уәжделген баянаты негізінде Бас Прокурор не оның орынбасарлары қабылдайды.

      Бас Прокурорға енгізілген тексеріс жүргізу үшін сапарға шығу туралы баянат Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарымен келісіледі.

      Тексеріс Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары бекіткен тексеру жоспары бойынша жүргізіледі.

      Тексеру жоспарына тексерістің атауы, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, тексеріске тартылатын лауазымды адамдар, тексерістің ұзақтығы (басталған және аяқталған күні) көрсетіле отырып енгізіледі.

      Тексерістің нәтижелері орындалған іс-шаралар, туындауы мүмкін әлеуметтік салдарлар, енгізілген прокурорлық қадағалау актілері, арыз иелерінің дәлелдері қаралғаны туралы мәлімет не оларды шешуге арналған ұсыныстар көрсетіле отырып, анықтама түрінде ресімделеді.

      Бас әскери прокуратурада, Бас көлік прокуратурасында, облыстар прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда ұқсас хабарлар бойынша тексеріс жүргізу үшін аудандық прокуратураларға және оларға теңестірілген прокуратураларға шығу туралы шешімді Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың жетекшілік ететін орынбасарларымен келісілген құрылымдық бөлімшелер басшыларының баянаты негізінде Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар қабылдайды.

      66. Тексерістердің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оларды жүргізуге басқа әкімшілік органдардың жұмыскерлерін, сондай-ақ арнайы білімдері бар адамдарды (мамандарды) тартуға жол беріледі.

      66. Қажет болған кезде Бас Прокурор және оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары төмен тұрған прокурорларға тексерілуі тиіс нақты мән-жайлар мен орындау мерзімін көрсете отырып, хабарда баяндалған уәждерді тексеру туралы тапсырма береді.

      Сұратылған ақпаратқа тексеріс материалдары, прокурорлық қадағалау актілерінің көшірмелері және басқа құжаттар талап етіліп алдырылады.

      Тапсырманы дайындаған кезде орындау мерзімі аумақтың шалғайлығы мен тапсырылған жұмыстың көлемі ескеріле отырып белгіленеді.

      67. Тапсырманың сапасыз орындалуы немесе қолдағы материалдарды зерделеу барысында туындаған мәселелерді қосымша тексеріс қажеттілігі жағдайларында, төмен тұрған прокурорларға ескертулер мен тексерілуге жататын нақты мәселелерді, тапсырманы орындау мерзімін көрсете отырып, қосымша тексеріс жүргізу туралы тапсырма жіберіледі.

      68. Арыз иесіне қабылданған шешім туралы жазбаша шешімді (жауапты) жіберген күн оңайлатылған әкімшілік рәсімде әкімшілік істі қарау мерзімінің аяқталуы болып саналады.

      Егер қарауға белгіленген мерзім демалыс немесе мереке күніне келсе, қараудың соңғы күні болып одан кейінгі жұмыс күні есептеледі.

      69. Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарау қорытындылары бойынша мынадай:

      1) жауап, оның ішінде хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың мәні бойынша ақпарат беру;

      2) назарға алу;

      3) оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірі шығарылады.

4-тарау. Шағым жасау рәсімі

      70. Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды жоғары тұрған прокуратура не прокурор жүргізеді.

      71. Прокуратура шешімдеріне, актілеріне не прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым прокуратура органдарына, шешімдері, актілері не әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға шешім, акті қабылданғаны немесе әрекет (әрекетсіздік) жасалғаны туралы адамға белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.

      Шағым жасау мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, шағымды қарайтын прокуратура органы мерзімді шағым берген адамның өтінішхаты бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалпына келтіруі мүмкін.

      Шағым жасау үшін өткізіп алынған мерзім орган және лауазымды адам үшін шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және оны қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып табылуы мүмкін.

      Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын прокуратура органы, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оны және әкімшілік істі (қадағалау іс жүргізуінің материалдары) өзінің түсініктемелерімен жоғары тұрған прокуратураға, лауазымды адамға қарау үшін жібереді.

      Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, жоғары тұрған прокуратураға, лауазымды адамға шағымды жібермеуге құқылы.

      Шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарау нәтижелері прокурордың шешіміне, актісіне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-де көзделген тәртіппен сотқа шағым жасау үшін негіз болып табылады.

      72. Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда беріледі, ол ӘРПК-нің 93-бабы 2-бөлігінің талабына сәйкес келуі тиіс.

      73. Шағымды қабылдау, тіркеу, есепке алу, қайтару және кері қайтарып алу ӘРПК-нің 94-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      74. Шағым, егер:

      1) шағымды қарайтын прокуратура органының әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты шағымды қарау нәтижелері бойынша шағымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шешімі бар болған;

      2) сол адамға қатысты, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот актісі бар болған;

      3) шағымды қарайтын прокуратура органы шағымды қайтарған;

      4) шағымды қарайтын прокуратура органы арыз иесінен шағымды кері қайтарып алуды қабылдаған жағдайларда қараусыз қалдырылады.

      75. Шағымды қараусыз қалдыру туралы шешім қабылдағаны туралы әкімшілік рәсімге қатысушы шағымды қарайтын прокуратура органы қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      76. Шағымды қараусыз қалдыру үшін негіз болған мән-жайларды жою шағымды қайтадан беруге кедергі жасамайды.

      77. Шағымды қарайтын жоғары тұрған прокуратура органы әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) дау айтылатын төмен тұрған прокуратура органының лауазымды адамын, сондай-ақ ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдайды.

      78. Шағымды қарайтын лауазымды адам ӘРПК-нің 75-бабына сәйкес әкімшілік іспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      79. Шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

      80. Шағымды қарау нәтижелері бойынша, мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) әкімшілік актінің күшін жою туралы;

      2) әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      3) әкімшілік әрекетті жасау туралы;

      4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

      5) әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын прокуратура органына, лауазымды адамға жіберу туралы;

      6) шағымды қараусыз қалдыру туралы.

      Жоғары тұрған прокурор жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымы бойынша не өз бастамасымен төмен тұрған прокурордың актілерінің күшін жоя алады, оларды кері қайтара алады, тоқтата тұра алады немесе өзгерте алады.

      81. Шағымды мәні бойынша қарау аяқталғаннан кейін жазбаша нысанда шешім шығарылады, ол әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі, ал шешімнің көшірмесі әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын прокуратура органына, лауазымды адамға жіберіледі.

      82. ӘРПК-нің 100-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжделген болуға тиіс. Шағымды қарайтын прокуратура органының шешімі әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын прокуратура органының, лауазымды адамның орындауы үшін міндетті болып табылады.

      83. Егер шағымды қарайтын лауазымды адам жиырма жұмыс күні ішінде шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдамаған жағдайда, онда мерзімдер өткен күннен бастап шағымды қарайтын лауазымды адам шағымды қанағаттандырудан бас тартты деп есептеледі.

      84. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімде мыналар көрсетіледі: шешім қабылданған күн, шағымды қарайтын органның атауы, шағымды берген адам туралы мәліметтер – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі; шағым жасалатын әкімшілік актінің, әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктердің) қысқаша мазмұны; шағымның мәні; шағымды қарайтын лауазымды адам шағым бойынша шешім шығарған кезде басшылыққа алынған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтемесі бар негіздеме.

      Шешімде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды дұрыс қарау үшін маңызы бар, сондай-ақ шешім қабылдау үшін негіз болған өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

5-тарау. Жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешімдерді (жауаптарды) жіберу

      85. Жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешімдер (жауаптар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік тілде немесе жүгінген тілде негізделген және уәжделген мазмұнда және әкімшілік рәсімнің қатысушысының дәлелін теріске шығаратын немесе растайтын нақты фактілер келтірілген, қабылданған шешімге шағым беру құқығы түсіндіріле отырып әзірленеді.

      86. Жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды және өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша талап қою берілсе, наразылық немесе өзге прокурорлық қадағалау актісі енгізілсе, олардың қаралу нәтижелері туралы одан әрі ақпарат алу тәртібі түсіндіріле отырып, әкімшілік рәсімнің қатысушысына хабарланады.

      87. Сотқа дейінгі тергеп-тексерісді жүзеге асыратын адамдардың, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген жеке және заңды тұлғалардың шағымына шығарылатын шешімдерге (жауаптарға) қол қою тәртібі ҚПК және Бас Прокурордың ҚПК-ні қолдану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

      88. Жолданымды, хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды және өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша шешімдер (жауаптар) мынадай тәртіппен жіберіледі:

      1) Бас Прокурор не оны алмастыратын адам:

      Бас Прокурордың орынбасары шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне (жауаптарына) және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы;

      Бас Прокурордың орынбасары шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      Бас Прокурордың орынбасарлары бұдан бұрын шығарған шешім (жауап) алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға қатысты;

      депутаттардан депутаттық сауалдар түрінде келіп түскен;

      Бас Прокурордың жеке қабылдауынан келіп түскен жолданымға, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға және өтінішхатқа шешім (жауап) шығарады.

      Бас Прокурор өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешімдер (жауаптар) шығаруы мүмкін;

      2) Бас Прокурордың орынбасарлары, Бас Прокурор Аппаратының басшысы:

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің бақылауына алынған;

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілерінен, кеңесшілерінен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарларынан, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларынан келіп түскен, қарау нәтижелері туралы ақпарат жіберуді талап ететін;

      Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ прокуратураның ведомствосы, мекемелері және білім беру ұйымы, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы басшыларының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы;

      Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы бұдан бұрын шешім (жауап) шығарған алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға қатысты;

      оларды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

      олардың жеке қабылдауынан келіп түскен;

      әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;

      3) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы не оларды алмастыратын адамдар:

      Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, Бас әскери прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратураларының басшылығы шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшылары, Бас әскери прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар басшылығы орынбасарларының шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы;

      Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, Бас әскери прокуратураның, Бас көлік прокуратурасының, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар басшылығы шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      әкімшілік әрекетті жасау туралы;

      әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын төмен тұрған прокуратура органының басшылығына жіберу туралы;

      әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларынан, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысынан, Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары депутаттарынан (депутаттық сауалдардан басқасы), Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылымдық бөлімшелері басшыларынан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты алқаларының төрағаларынан, саяси партиялардың басшыларынан келіп түскен, қарау нәтижесі туралы ақпарат беруді талап ететін;

      оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жолданымдарды, хабарларды қоспағанда, бағынышты қызметкерлердің шешімдеріне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру туралы;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеріс заңдылығының сақталуын қадағалау саласында қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған;

      әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың және өтінішхаттың мәні бойынша жауап, оның ішінде ақпарат беру туралы;

      әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;

      қараусыз қалдыру туралы;

      назарға алу туралы жолданымға, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға және өтінішхатқа;

      осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;

      4) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары:

      төмен тұрған прокуратура органдарының басшылығы шығарған әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ төмен тұрған прокуратура органдары басшылығының шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы;

      төмен тұрған прокуратура органдарының басшылығы шығарған әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      әкімшілік әрекетті жасау туралы;

      әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын төмен тұрған прокуратура органының басшылығына жіберу туралы;

      әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;

      қараусыз қалдыру туралы;

      хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың және өтінішхаттың мәні бойынша жауап, оның ішінде ақпарат беру туралы;

      назарға алу туралы жолданымға, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға және өтінішхатқа;

      осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;

      5) прокуратура ведомствосының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар немесе оларды алмастыратын адамдар:

      Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою не олардың шешімдеріне және (немесе) әрекетіне (әрекетсіздігіне), оның ішінде бұдан бұрын олардың орынбасарларының қойылған қолымен шешім (жауап) шығарылған алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға және сұрау салуларға байланысты мәселелер бойынша шағым жасау туралы;

      Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары шығарған ауыртпалық салатын әкімшілік актінің күшін жою жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      оларды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

      әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;

      әкімшілік әрекетті жасау туралы;

      әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының депутаттарынан (депутаттық сауалдан басқасы), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, Бас прокуратурадан, басқа да орталық мемлекеттік органдардан келіп түскен, қарау нәтижесі бойынша ақпарат жіберуді талап ететін;

      Комитетінің аумақтық органдарының басшылары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бұдан бұрын шешім (жауап) енгізілген алдыңғы жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға және сұрау салуларға және өтінішхаттарға қатысты;

      осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;

      6) прокуратура ведомствосы, мекемелері және білім беру ұйымы басшыларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары:

      әкімшілік әрекетті жасау туралы;

      әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын төмен тұрған прокуратура органының басшылығына жіберу туралы;

      әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;

      прокуратура ведомствосының, мекемелерінің және білім беру ұйымының, әскери және көлік прокуратуралары органдарының, облыстық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлардың бағынысты қызметкерлерінің шешімдеріне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру туралы, қанағаттандырудан бас тартылған хабарларды қоспағанда;

      қараусыз қалдыру туралы;

      хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың және өтінішхаттың мәні бойынша жауап, оның ішінде ақпарат беру туралы;

      әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;

      назарға алу туралы жолданымға, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға және өтінішхатқа;

      осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де жолданымдарға, хабарларға, ұсыныстарға, үн қосуларға, сұрау салуларға және өтінішхаттарға шешім (жауап) шығарады;

      7) аудан прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар немесе оларды алмастыратын адамдар:

      әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      әкімшілік рәсімді, оның ішінде оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату туралы;

      назарға алу туралы;

      оларды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

      хабардың, ұсыныстың, үн қосудың, сұрау салудың және өтінішхаттың мәні бойынша жауап, оның ішінде ақпарат беру туралы;

      әкімшілік актінің күшін жою туралы;

      әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

      әкімшілік әрекетті жасау туралы;

      әкімшілік істі жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін әкімшілік рәсімді әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберу туралы;

      қараусыз қалдыру туралы жолданымға, хабарға, ұсынысқа, үн қосуға, сұрау салуға және өтінішхатқа шешім (жауап) шығарады.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), басқа заңнамалық актілерге сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомствосында, мекемелерінде және білім беру ұйымында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.

      2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) прокуратура органдарының мынадай лауазымды адамдары жүргізеді: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры (бұдан әрі – Бас Прокурор), оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орыбасарлары, Бас Әскери және Бас көлік прокуроры, олардың орынбасарлары, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, облыстардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, сонымен қатар прокуратура органдарының прокурорлары.

      3. Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратураның ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, олардың орынбасарларына, Бас Әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, олардың орынбасарларына қабылдау алдын ала жазылу арқылы, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша жүзеге асырылады.

      Қабылдауға жазуды "egov.kz" порталынан келіп түскен электронды арыздар, қағаз форматта берілген жолданымдар және Бас прокуратураның Call-орталығына келіп түскен өтінімдер бойынша қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күнделікті жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізеді.

      Call-орталығына түскен жеке қабылдауға жазылу туралы өтінімдер, егер олар үшінші адамдардың мүддесіне берілетін болса, өтінішхаттарды беру үшін өкілеттіктері туралы мәліметтер болған кезде қабылданады.

      ӘРПК-нің 63-бабының талаптарына сәйкес келмейтін (мәселенің мән-жайы көрсетілмеген) жеке қабылдау туралы жолданым оны берген адамға қараусыз қайтарылады.

      Қажетті жағдайда қабылдауды ұйымдастыру төмен тұрған прокуратура

      органдарының прокурорларына тапсырылады.

      4. Күнделікті қабылдауды прокуратура органдарының басшылары бекіткен кестелерге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.

      5. Лауазымды адамның аты-жөні және тегі (ол болған кезде), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде прокуратура органдарының ғимараттарында көпшіліктің назарына қолжетімді орындарда ілінеді, сондай-ақ олардың ресми сайттарында орналастырылады.

      6. Ішкі істер органдарының ғимараттарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) азаматтарды қабылдауды мекемелердің ғимараттарына ілінетін бекітілген кесте бойынша кезекші прокурорлар жүргізеді, кейін БАТЖ-да жүргізілген қабылдау туралы мәліметтер тіркеліп, жүгінген адамның және қабылданған шаралардың деректері көрсетіледі.

      7. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 6 мамырдағы № 11 қпү және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 29 сәуірдегі № 75 қпү (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15218 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының, ведомствосы мен мекемелерінің әкімшілік ғимараттарындағы өткізу және ішкі объект режимін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Қажет болған жағдайда шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау кезінде аудармашы қатысады.

      Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау кезінде берген жолданымдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

      8. Қаладан тысқары жерден келушілерге Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары, прокуратура ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымының, әскери және көлік прокуратура органдарының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың, аудан прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың басшылары қолданыстағы кестеге қарамастан, олар жүгінген күні қабылдайды.

      9. Қабылдау жолданымдардың кезектілік тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран" орденімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.

      10. Қабылдау кезінде жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі жеке басын куәландыратын, ал басқа адамдардың атынан жүгінген кезде – олардың мүдделеріне өкілдік етуді растайтын құжаттарды көрсетеді.

      11. Арыз иелерінің келісімі бойынша қабылдауды Бас Прокурор және оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура ведомствосының, мекемелерінің және білім беру ұйымының, әскери және көлік прокурорлары органдарының басшылары, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, аудандық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, сондай-ақ қабылдауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген прокурорлар бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырады.

      Төтенше жағдай, шектеу іс-шараларын (карантинді қоса алғанда) енгізілген кезде немесе жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да мән-жайларда қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.

      12. Қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура органдарының қызметкерлері арыз иесінің уәждерін тексеру бойынша, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы өзінің құзыретіне сәйкес барлық қажетті шараларды қолданады.

      Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелері, ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары, Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелер басшылары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары арыз иелерін қабылдау кезінде аталған қызметкерлерге жәрдем көрсетеді.

      13. Жеке қабылдауды жүргізетін адамның шешімі бойынша жеке қабылдауды жүргізген кезде техниқалық құралдар (аудио-бейнежазба) пайдаланылуы мүмкін, ол туралы арыз иесіне жеке қабылдау басталғанға дейін хабарлануға тиіс.

      14. Прокураратура басшылығының шешімі бойынша көшпелі қабылдаулар ұйыдастырылады. Жеке қабылдауларға жазбаны қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер жүргізеді.

2-тарау. Бас прокуратурада қабылдау тәртібі

      15. Бас Прокурор және оның орынбасарлары қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес кемінде айына бір рет жүргізеді.

      16. Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қабылдауды қажеттілік туындауына байланысты жүргізеді.

      17. Бас Прокурордың, оның орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдауды ұйымдастыруды арыз иесі ұсынған құжаттар мен хат алмасу материалдары зерделегеннен кейін Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.

      Құрылымдық бөлімшелер қабылдауға жазу туралы жолданымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде Орталыққа арыз иесі мәселесінің мәні бойынша анықтама береді.

      18. Бас Прокурордың және оның орынбасарларының, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері басшыларының, олардың орынбасарларының қабылдауына жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа күн сайын жүргізіледі және қабылдау басталуына дейін бес күн бұрын аяқталады.

      19. Бас Прокурордың қабылдауына:

      1) Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес прокуратура органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;

      2) сол мәселе бойынша бұрын қабылданған немесе жолданымы бойынша Бас Прокурордың не он алмастыратын адамның жауабы бар адамдарды;

      3) ҚПК-нің 106-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жолданымдардың қаралуы соттың құзыретіне кіретін жағдайда, сондай-ақ сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша;

      4) сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімін өткізіп алған кезде;

      5) АПК-нің 54-бабының екінші бөлігімен көзделмеген істер бойынша сот актілерін даулаған жағдайда;

      6) АПК-нің 429-бабының жетінші бөлігімен, 434-бабының екінші бөлігімен және ҚПК-нің 484-бабының екінші бөлігімен көзделген істер бойынша кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне шағымданғанда;

      7) ҚПК-нің 102-бабында көзделген қылмыстық істі сотқа дейінгі сатыда тоқтату туралы шешімге шағым беру мерзімін өткізіп алған кезде;

      8) Бас Прокурордың орынбасарларының жауабы жоқ адамдарды;

      9) ҚПК-нің 486-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актісіне шағым беруге құқығы жоқ адамдарды;

      10) өтінішхат КПК-нің 488-бабының және ҚПК-нің 489-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес болмаған кезде, жазу жүргізілмейді.

      20. Бас Прокурорға қабылдауға енгізілуге жатпайтын адамдар жүгінген кезде Орталықтың уәкілетті қызметкері осы Қағидалардың 19-тармағын және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын басшылыққа ала отырып, тиісті түсініктеме береді.

      21. Бас Прокурордың қабылдауына алдын ала жазу туралы шешім Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының жергілікті және басқа да соттарының заңды күшіне енген, апелляциялық тәртіппен шағым берілмеген актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхат;

      2) жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілген қайталама жолданым;

      3) ҚПК-нің 494-бабында, АПК-нің 451-бабында және ӘРПК-нің 851-бабында белгіленген тәртіппен шығарылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысына наразылық келтіру туралы өтінішхат берген кезде қабылданады.

      22. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін Бас Прокурордың қабылдауына жазылған тұлғалардың тізімі істерді сұрату, анықтамалар мен баяндамалар дайындау үшін Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жіберіледі.

      Бас Прокурорға қабылдауға жазылған адамдардың жолданымдары бойынша анықтамаларды Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері қабылдау басталмас бұрын үш жұмыс күні ішінде Орталыққа жібереді.

      23. Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері Орталыққа қабылдауды ұйымдастыру, Бас Прокурорға баяндама жасау, қабылдауды өткізу практикасын талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды ұсынады.

      24. Бас Прокурордың орынбасарларына қабылдауға алдын ала жазылу тікелей олардың құзыретіне жататын мәселелері, сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

      25. Бас Прокурор орынбасарларының қабылдауына:

      1) сол мәселе бойынша Бас Прокурор немесе оның орынбасары бұрын қабылдаған адамдарды;

      2) сол мәселе бойынша жолданымына Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының жауабы болған жағдайда;

      3) АПК-нің 112-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың берген өтінішхатынан басқа жағдайларда, кассациялық сатыдағы сотқа өз бетімен жүгіну құқығын іске асырмаған адамдарды;

      4) заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдану жағдайларын қоспағанда, облыс прокурорының (оған теңестірілген прокурордың) жауабы жоқ адамдарды;

      5) осы Қағидалардың 19-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 9), 10) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жазу жүргізілмейді.

      26. Бас Прокурордың орынбасарларына қабылдауға енгізілуге жатпайтын адамдар жүгінген кезде Орталықтың уәкілетті қызметкері осы Қағидалардың 25-тармағын және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын басшылыққа ала отырып, тиісті түсініктеме береді.

      27. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін Бас Прокурордың орынбасарларына қабылдауға жазылған адамдардың тізімін, сондай-ақ анықтамаларды, қабылдау басталғанға дейін бір күн бұрын тиісті құрылымдық бөлімшелер Бас Прокурордың орынбасарларының көмекшілеріне зерделеу және баяндау үшін жібереді.

3-тарау. Прокуратураның ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымында, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларда, облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда қабылдау тәртібі

      28. Прокуратура ведомствосы, мекемелері, білім беру ұйымының басшылары, Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, және олардың орынбасарлары қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес кемінде аптасына бір рет жүргізеді.

      29. Прокуратура ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымының басшысына, Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, облыс прокурорына және оған теңестірілген прокурорға, және олардың орынбасарларына қабылдау үшін алдын ала жазылу, олардың құзыретіне тікелей кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

      Қажет болған жағдайда, прокуратура ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары, Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар арыз иелерін қабылдауды өздерінің орынбасарларына тапсыруы мүмкін.

      30. Прокуратура ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларның, облыстар прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратураларының басшылары, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың аға көмекшілері (көмекшілері) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын қажеттіліктің туындауына қарай жүргізеді.

      31. Прокуратура ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары, Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары қабылдауды елді мекендерге шығу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жүргізе алады.

      32. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін прокуратура ведомствосы, мекемелері мен білім беру ұйымы басшыларының, олардың орынбасарларының, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың қабылдауына алдын ала жазуды, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыруды жауапты қызметкерлер арыз иесі ұсынған құжаттарды және онымен хат алмасу материалдарын зерделегеннен кейін жүзеге асырады.

      33. Прокуратура ведомствосы, мекемелері, білім беру ұйымы басшысының, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, және олардың орынбасарларының қабылдауына:

      1) арыз иелерін қабылдауды жүзеге асыруды Бас прокуратура тапсырған жағдайларды қоспағанда, сол мәселе бойынша прокуратура ведомствосы, мекемелерінің, білім беру ұйымының басшысы, облыс прокуроры, оған теңестірілген прокурор бұдан бұрын қабылдаған адамдарды;

      2) соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ істерді қарау кезінде судьялардың әрекеттерін даулаған жағдайда;

      3) осы Қағидалардың 19-тармағының 1), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жазу жүргізілмейді.

      34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайларда жүгінген жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне жауапты қызметкер тиісті түсіндірме береді.

      35. Жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілген қайталама жолданымдар келіп түскен кезде прокуратура ведомствосы, мекемелері, білім беру ұйымының басшысына, Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, облыс прокурорына, оған теңестірілген прокурорға, прокуратураның қабылдауға алдын ала жазылу прокуратураның, ведомствоның, мекеменің, білім беру ұйымының, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларының, облыс прокуратураларының, оған теңестірілген прокуратураларының тиісті құрылымдық бөлімшесімен келісім бойынша жүзеге асырылады.

      36. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін прокуратура ведомствосы, мекемелері, білім беру ұйымы басшысының, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, олардың орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдаудың басталуына дейін бір күн бұрын аяқталады.

      37. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін прокуратура ведомствосы, мекемелері, білім беру ұйымы басшысының, Бас әскери прокурорының, Бас көлік прокурорының, облыс прокурорының, оған теңестірілген прокурордың, олардың орынбасарларының қабылдауына жазылған адамдардың тізімі тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына анықтама дайындау және баяндау үшін жіберіледі.

      38. Прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелері қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі жауапты қызметкерлерге прокуратура ведомствосының, мекемесінің, білім беру ұйымының басшысына, Бас әскери прокурорға, Бас көлік прокурорына, облыс прокурорына, оған теңестірілген прокурорға және олардың орынбасарларына қабылдау, баяндама жасау үшін, сондай-ақ қабылдау жүргізу практикасына талдау және оны қорыту үшін қажетті қадағалау іс жүргізулерін ұсынады.

4-тарау. Аудан прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда қабылдау тәртібі

      39. Аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары қабылдауды алдын ала жазусыз, күн сайын жұмыс уақытында жүргізеді.

      40. Аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары қабылдауды елді мекендерге шығу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жүргізе алады.

      Кезекші прокурорлар ішкі істер органдарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) азаматтарды қабылдауды кемінде аптасына бір рет жүргізеді.

      41. Аудан прокуратурасында және оған теңестірілген прокуратурада арыз иелерін қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

5-тарау. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлардың қабылдау тәртібі

      42. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар жүгінген адамдарды қабылдауды ұйымдастыруды, олардың жолданымдарын қарауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтық мәселелері бойынша кеңес береді.

      Қабылдау арнайы бөлінген үй-жай – Азаматтарды қабылдау орталығында жүзеге асырылады.

      43. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар қабылдауды жұмыс уақытында жүзеге асырады.

      44. Қабылдау электрондық кезек тәртібімен ұйымдастырылады.

      45. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар қабылдауды арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.

      46. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурордың әрекеттері "Азаматтарды қабылдау орталығы" автоматтандырылған жұмыс орны" (бұдан әрі – "АҚО" АЖО) ақпараттық жүйесінде, БАТЖ-да тіркеледі.

      47. Қабылдау барысында қабылданған жазбаша жолданым ӘРПК-нің 69-бабының 3-бөлігіне, Конституциялық заңның 9-бабының 22) және 23) тармақшаларына сәйкес қабылданған Бас Прокурордың ведомстволық құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тіркелуге және қарауға жатады.

      Ауызша жолданымның мазмұны "АҚО" АЖО-ға енгізіледі.

      Егер ауызша жолданымда баяндалған фактілер мен мән-жайлар қосымша тексерісті талап етпегенде, жолданымға берілетін жауап жүгінген адамның келісімімен қабылдау барысында ауызша нысанда беріледі, ол туралы "АҚО" АЖО-ға, БАТЖ-да тиісті жазба енгізіледі.

      Қажет болған жағдайда жүгінген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ауызша түсіндірмелер беріледі.

      48. Егер жолданымда оны шешу үшін жеткілікті мәліметтер болмаған не мәселенің мәнін түсіну мүмкін емес болған жағдайда, қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурор қабылдау барысында арыз иесіне ӘРПК-нің 63-бабында көзделген жолданымға қойылатын жалпы талаптарды түсіндіреді және оған жетіспейтін деректерді толықтыруды ұсынады.

      49. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар негіздер болған кезде, жүгінген адамдарға прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін шақырады немесе тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орны туралы келіседі.

      50. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар шұғыл мән-жайлар болған кезде облыс және аудан деңгейіндегі прокурорларға және олардың орынбасарларына кестеден тыс жеке қабылдау ұйымдастыруға жазбаша немесе ауызша тапсырма беруге құқылы.

6-тарау. Қабылдаудан келіп түскен жолданымдарды есепке алу, тіркеу және қарау

      51. Қабылдаудан келіп түскен жолданымдар сканерден өткізіледі және прокуратура органдарының Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде (бұдан әрі – БАТЖ) тіркеледі. Жолданымдарға "жеке қабылдаудан" деген белгі қойылады.

      52. Қабылдаудан келіп түскен барлық жазбаша жолданым тіркеуден кейін тиісті лауазымды адамдарға қарау және арыз иесіне жауап дайындау үшін жіберіледі.

      Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдері қабылдауды жүргізген лауазымды адамның тапсырмасы бойынша немесе арыз иесінің жазбаша жолданымы бойынша оны қарауға жеке қатысуға, сондай-ақ өз жолданымының негізділігін растайтын қосымша материалдар ұсынуға құқылы.

      53. Қабылдаудан келіп түскен жолданымды қарауды оны бұдан бұрын шешкен қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.

      Қабылдаудан келіп түскен жолданымды қарау нәтижелері бойынша арыз иесіне қабылдауды жүргізген жауапты лауазымды адамның қолы қойылған дәлелді жазбаша жауап беріледі.

      Жолданымды қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты төмен тұрған лауазымды адам беруі мүмкін, бұл туралы қабылдауды жүргізген лауазымды адамға баяндалады.

      Бас Прокурордың орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокурор, облыстардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары арыз иелерін шақыра отырып, қажет болған жағдайда, бейнеконференц-байланыс арқылы қабылдаудан келіп түскен жолданымдарды қанағаттандырудан бас тарту себептерін жеке түсіндіреді.

      Арыз иесінің прокуратураға келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның жолданымы бойынша қабылданған шешім туралы оған тиісті түрде (тапсырысты хатпен немесе хабарлаудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары арқылы) хабарланады.

      54. Қабылдаудан келіп түскен жолданымдарды есепке алуды және жолданымдарды қарау мерзімдерін бақылауды Бас прокуратурада – Бас Прокурордың аға көмекшісі, прокуратура ведомствосы, мекемелері және білім беру ұйымында, әскери және көлік прокуратуралары органдарында, облыстар және оларға теңестірілген прокуратураларында, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда – осы міндет жүктелген жауапты қызметкерлер жүзеге асырады.

      Қабылдаудан келіп түскен жолданымды бақылаудан алуға арыз иесіне берілген түпкілікті дәлелді жауап негіз болып табылады.

      Бас прокуратурада қабылданған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін БАТЖ-да есепке алуды өтініштермен жұмыс жасау және іс қағаздарын жүргізу бөлімшесінің сарапшысы (маманы), облыстар прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларында, прокуратура ведомствосында, мекемелері мен білім беру ұйымында, әскери және көлік прокуратуралары органдарында, аудан және оларға теңестірілген прокуратураларда – осы міндет жүктелген адамдар жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 29 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15810 болып тіркелген);

      2. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16784 болып тіркелген);

      3. "Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомствосында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17084 болып тіркелген);

      4. "Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомствосында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 15 шілдедегі № 106 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23577 болып тіркелген);

      5. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 24 тамыздағы № 87 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қазандағы № 132 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24742 болып тіркелген);

      6. "Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомствосында, мекемелерінде және білім беру ұйымында өтініштерді қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қарашадағы № 147 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25090 болып тіркелген).