"Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 қаңтарда № 31696 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16543 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 402-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиациялық бақылау жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 402-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының жіне Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің тауар позицияларына кіретін тауарлар:

      2612 – урандық немесе торийлік кендер мен концентраттар;

      2844 – химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді және изотоптарды шығаратын қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдер бар қосындылар мен қалдықтар;

      2845 – 2844 тауар позициясының изотоптарынан басқа изотоптар; белгілі немесе белгісіз химиялық құрамды осы изотоптарының органикалық немесе органикалық емес қосылыстары;

      кіші субпозицияға кіретін тауарлар:

      8401 30 000 0 – жылу шығаратын элементтер (твэлдар), сәулеленбеген;

      9022 – медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринарлық пайдалануға арналған немесе арналмаған, соның ішінде рентгенографиялық немесе сәулеліктерапия аппараттарында рентген, альфа-, бета- немесе гамма- немесе басқа иондаушы сәулелерін қолдануға негізделген аппаратура, рентген түтіктері және басқа рентгендік сәулелену генераторлар, жоғары кернеу генераторлар, қалқандар мен басқару пульттар, экрандар, үстелдер, орындықтар және зерттеуге немесе емдеуге арналған ұқсас заттар басым тәртіппен радиациялық бақылауға жатады.

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объектілерді іздеу және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк ыдыстарын ашу "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21822 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) және "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) (бұдан әрі – Гигиеналық нормативтер) белгіленген талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Қаптамаларды ашуға жол берілмейді.";

      24-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша үлгілер алу актісін жасай отырып, зертханалық зерттеу жүргізу үшін объект (үлгі) уәкілетті лауазымды адамдардың бақылауымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мамандандырылған зертханасына тапсырылады.";

      28-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Радиоактивтік көзі аталған жүк ыдысында бар екендігінің болжамы ретінде, оны табылған объектіден объектінің максималды төрт көлденең мөлшерінен кем емес шамаға тең қашықтыққа алыстату кезіндегі құрал көрсеткіштерінің азаюы болып табылады.";

      32-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін материалдарды құқық қорғау немесе арнайы органға тапсыру туралы.";

      35-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Медициналық құжаттары болмаған немесе медициналық құжаттарда көрсетілген мәліметтер өлшем нәтижелерімен сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік кірістер органының тиісті лауазымды тұлғасының рұқсатымен Кодекстің талаптарына сәйкес жеке тұлғаға жеке кедендік жете тексеру жүргізіледі.";

      екінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес шаралар қабылдау үшін жеке тұлғаны, багажды және жеке тұлғаға қатысты материалдарды құқық қорғау немесе арнайы органға тапсыру туралы.";

      40-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшеу құралдары болып табылатын қосымша радиациялық бақылауды және тереңдетілген радиациялық зерттеуді жүргізуге арналған радиациялық бақылаудың жылжымалы құралдары өлшеуді жүргізгенге дейін "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеруге жатады.".

      42-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Радиациялық аварияны анықтаған кезде уәкілетті лауазымды адамдар 100 мкЗв/сағ қауіпсіздік периметрін айқындайды және шұғыл шараларды жүзеге асырады:";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "объектімен бірге жүретін тұлғалармен бірлесіп (егер ондайлар болса), "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) және "Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 28 мамырдағы № 183 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22905 болып тіркелген) бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі;";

      осы Қағидаларға 1-қосымша осы Бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 12 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
қосымша
Радиациялық бақылауды
жүргізу қағидасына
1-қосымша
Нысан

Радиоактивті заттар анықтаудың стационарлық жүйесінің және радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның іске қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналы

Р/с №

Іске қосылғаны жабдықтың атауы

Дабылдың түрі (жалған/расталған)

Іске қосылу күні, уақыты

Іске қосылған арнаның түрі

Табиғи фонның деңгейі

Зерттелетін обьект (жеке тұлға, көлік құрал, теміржол вагоны, почта-багажды жіберілу және тағы сол сияқты)

Тауардың атауы (орындар саны, орау түрі, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды)

Жөнелтуші (жөнелтуші елі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Кестенің жалғасы

Алушы (межелі елі)

Радияциялық бақылау кезеңдеріне сәйкес қабылданған шаралар

Қосымша қолданған бөлінетін радиоактивті заттар радиациялық бақылаудың жүйелері

Бақылау нәтижелері бойынша анықталған

Ұсынылған құжаттар

Қабылданған шешім

Іске қосылумен жұмыс істеген маманның аты-жөні (болған кезде)

Ескерту

10

11

12

13

14

15

16

17