"Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 30996 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Концессия объектісін мемлекет меншігіне беру кезеңінде концессия объектісінің құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес айқындалады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі:

      Г = D*(1 + r/p + r/12) (4),

      мұнда:

      Г – мемлекеттік кепілдіктер құны;

      D – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы;

      r – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1% (шетел валютасындағы қарыздар үшін), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + 1% (ұлттық валютадағы қарыздар үшін) мөлшерлемесі ретінде айқындалады;

      p - күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.".

      4. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:

      131 және 132-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім енгізілген уәкілетті тұлға, оның түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

      түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге іс жүзінде қажеттілікті көрсете отырып, жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататынын көрсете отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың қажеттігін;

      таңдап алынған жекеше әріптесті айқындау тәсілінің негізділігін;

      "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) сәйкес МЖӘ жобасының өлшемшарттарына сәйкестігін айқындайды.

      Егер әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық жасаған жергілікті МЖӘ жобасы бойынша бюджеттен төленетін төлемдердің жалпы сомасы ағымдағы жылға арналған жергілікті атқарушы органның МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимитінің 2 (екі) пайызынан астамын құраған жағдайда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім енгізілген уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға ұсынымдар әзірлеу мақсатында осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген құжаттарды МЖӘ дамыту орталығына жібереді.

      МЖӘ дамыту орталығы ұсынылған деректерді бағалау негізінде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЖӘ жобасын іске асырудың негізділігі (МЖӘ қағидаттары мен белгілеріне сәйкестігі) тұрғысынан МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға ұсынымдар әзірлейді және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынымдар жібереді.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті тұлға бірінші басшының, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы қойылған қорытындыны дайындаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған жекеше әріптеске жіберіледі.

      Бұл ретте экономикалық орындылығы, оның ішінде болжанып отырған мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кіріс алу көздерін беру мүмкінділігі осы Қағидалардың 3-тарауының 13-параграфына сәйкес МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың сараптамасы шеңберінде айқындалады.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім енгізілген уәкілетті тұлға түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау мақсатында, әлеуетті жекеше әріптестен қосымша материалдарды сұратады және (немесе) хаттама (хаттамалар) ресімдей отырып, алдын ала келіссөздер жүргізеді.

      Ұсынылған өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажеттігі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап әлеуетті жекеше әріптес қажетті ақпарат ұсынған күнге және (немесе) алдын ала келіссөздердің соңғы хаттамасына қол қойған күнге дейін уәкілетті тұлға қорытынды дайындау мерзімін тоқтата тұрады.

      Ұсынылған өтінімді нақтылау және (немесе) талқылаудың қорытындысы бойынша әлеуетті жекеше әріптес бұған дейін енгізілген өтінімді түзете алады.

      Алдын ала келіссөздерге қатысудан жазбаша түрде бас тартқан, өтінімді қайтарып алған және (немесе) қажетті ақпаратты әлеуетті жекеше әріптес хабарламаны алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бермеген жағдайда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға енгізілген өтінім қаралмайды.

      132. Уәкілетті тұлғаның қорытындысында МЖӘ жобасын іске асыру қажеттігі айқындалған жағдайда, уәкілетті тұлға (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы) әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында қорытынды дайындалған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде біліктілік іріктеуді жүргізеді.

      Біліктілік іріктеу нәтижелері әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы уәкілетті тұлғаның (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының) қорытындысы түрінде ресімделеді.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Әлеуетті жекеше әріптестер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында хабарлама алғашқы жарияланған күннен бастап есептелетін келесі мерзім ішінде балама ұсыныстарды жазбаша нысанда ұсынады:

      техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша - күнтізбелік 60 (алпыс) күн;

      қалған жобалар бойынша - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ұсынады.";

      141-тармақта:

      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасын осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салалық орталық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша немесе республикалық МЖӘ жобалары бойынша) немесе жергілікті салалық мемлекеттік органдар (жергілікті МЖӘ жобалары бойынша) ол енгізілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.";

      отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобасына бизнес-жоспар мен материалдар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды МЖӘ дамыту орталығына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларға жолдайды.";

      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарына сараптама, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша МЖӘ жобасына бизнес-жоспар енгізілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Қалған жобалар бойынша сараптама мерзімі - МЖӘ жобасына бизнес-жоспар енгізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.";

      149 және 150-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес тікелей келіссөздерді ұйымдастырушымен пысықтайды және тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі және оған барлық қажетті келісулер мен сараптамалардың нәтижелерін және Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімдерін ескере отырып, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысы қол қояды. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды пысықтаудың және бекітудің жалпы мерзімі барлық қажетті сараптамалар мен келісулерді алған кезден бастап екі айдан аспайды.

      Бекітілген МЖӘ жобасының бизнес-жоспарына сараптама өткізбестен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасына бизнес-жоспар бекітілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бұл жөнінде МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптесті хабардар етеді.

      МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес хабарлама алған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті тұлғаға бекітілген МЖӘ жобасының бизнес-жоспарына сәйкес әзірленген МЖӘ шартының жобасын ұсынады.

      150. МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес енгізген МЖӘ шартының жобасы Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның отырысына шығарылады.

      Келіссөздердің нәтижесі МЖӘ шартының жобасын қоса, Тараптардың уәкілетті өкілдері және тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.";

      152 және 153-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "152. Бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МЖӘ шартының жобасын келіседі.

      153. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде МЖӘ шартының жобасын оны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, әрбір қабылданған міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты енгізе отырып, әрбір жекелеген МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (ерекше маңызды жобалар бойынша) немесе мәслихат шешімінің жобасын (МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдауды көздейтін МЖӘ жобалары бойынша) әзірлеп, енгізеді.";

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды және МЖӘ дамыту орталығын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасасқан МЖӘ шарттары туралы оны жасасқан кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі