"Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 384 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 100 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30850 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауды тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 749 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 827 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13023 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Магистральдық мұнай өнімдері құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай өнімдері құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Магистральдық мұнай құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Магистральдық газ құбырының меншік иесіне немесе магистральдық газ құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;

      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Терминалдар меншік иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы бекітілсін.";

      осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3 және 4-қосымшалары жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков
      Министрдің міндетін атқарушы М. Журебеков

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 100 мен Министрдің міндетін
атқарушы 2022 жылғы 29
қарашадағы № 384 Бірлескен
бұйрыққа 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 749 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 827 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабы 5-тармағына, "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы №48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.

      2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – магистральдық мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай өнімдері құбырларының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай өнімдері құбырларының өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғалар не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымдар, ұлттық оператор, сондай-ақ терминал меншік иесі;

      2) болмашы бұзушылықтар – жабдықтар мен құбыржолдарды жөндеу, тазалау, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі, мұнай құбырының бұзылуын болдырмау жөніндегі жоспарлардың болмауына, объектілерді қайта іске қосу немесе іске қосу жөніндегі жұмыс бағдарламаларының болмауына, объектілерде мониторинг және автоматтандыру жүйесінің болмауына байланысты бұзушылықтар;

      3) елеулі бұзушылықтар – ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті есептерді магистральдық құбыр саласындағы уәкілетті органға ұсынбауға байланысты бұзушылықтар;

      4) магистральдық құбыр – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен. Магистральдық құбырларға магистральдық мұнай құбырлары, газ құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары жатады;

      5) магистральдық құбырдың меншік иесі – Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі немесе магистральдық құбырға меншік құқығында иелік ететін заңды тұлға;

      6) операторлық қызметтер – магистральдық құбырдың меншік иесінің не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның атынан жөнелтушілерге оператор ұсынатын өнімді тасымалдау жөніндегі және (немесе) магистральдық құбырдың меншік иесіне не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаға оператор ұсынатын магистральдық құбырды пайдалану жөніндегі қызметтер;

      7) өнім – тасымалдауға дайындалған және тиісті өнім түрі бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келетін, тұрақты (тұрақты емес) газ конденсатын, табиғи газды, ілеспе газды, басқа да сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді, мұнай өнімдерін қоса алғандағы мұнай;

      8) өрескел бұзушылықтар – рұқсат беру құжаттарының, есепке алудың бақылау аспаптарының болмауына, кезектілік және тең қол жеткізу тәртібін бұзуға, мұнай тасымалдау графигін сақтамауға, магистральдық құбырды пайдалануға өзге ұйым тартылған жағдайда операторлық қызметтерді көрсетуге шарттың жоқтығына, сондай-ақ екі және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуына байланысты бұзушылықтар;

      9) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелерін жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштің жиынтығы;

      12) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      13) терминал меншік иесі – магистральдық мұнай құбыры объектілерінің құрамына кірмейтін, резервуарларды білдіретін, өнім сақтауға арналған өнеркәсіптік объектіге, сондай-ақ мұнайды қабылдауға және (немесе) көлікке (теміржол цистерналары, автоцистерналар, танкерлер және басқалары) немесе мұнай құбырына тиеп-жөнелтуге арналған платформаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға;

      14) ұлттық оператор – акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетінің меншік иесі мемлекет не ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компания немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін компания болып табылатын, бір немесе бірнеше магистральдық құбырға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) төмен тәуекел.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      5. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      6. Тәуекелді айқындау мынадай өлшемшарттардың бірін ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;

      2) реттелетін салаға (облысқа) ықтимал теріс салдарлар ауырлығының, зиянның ауқымы;

      3) адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі.

      7. Магистральдық мұнай құбырларының немесе газ құбырларының меншік құқығындағы иелері, магистральдық мұнай құбырын немесе газ құбырын өзге де заңды негізде иеленетін заңды тұлғалар не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйымдар, ұлттық оператор тәуекел дәрежесі жоғары субъектілерге жатады.

      8. Магистральдық мұнай өнімдері құбырларының меншік құқығындағы иелері, магистральдық мұнай өнімдері құбырын өзге де заңды негізде иеленетін заңды тұлғалар не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйымдар, ұлттық оператор тәуекел дәрежесі төмен субъектілерге жатады.

      9. Терминалдардың меншік иелері бақылау субъектілері ретінде тәуекел дәрежесі төмен субъектілерге жатады.

      10. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      11. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      12. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) магистральдық құбыр саласындағы уәкілетті органға бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      13. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі және болмашы.

      Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін келесі тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есептеу тәртібі пайдаланылады.

      Бақылау субъектісіне бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100-ге теңеледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде және оған бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылады;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 70-ті қоса алғанға дейінгі көрсеткіш кезінде және оған бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылады;

      Магистральдық мұнай құбырлары және магистральдық газ құбырларына қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабы 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.

      Алынатын мәліметтер талдауы және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына екі рет есепті жылғы бірінші мамырға және бірінші желтоқсанға дейін жүргізіледі.

      Егер бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген болса, соңғы бару арқылы профилактикалық бақылаудың аяқталу күнінен кейінгі күннен бастап жүргізілетін талдаудың басталуына дейінгі кезең талдау кезеңі болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасының
магистральдық құбыр туралы
заңнамасының сақталуының
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Магистральдық мұнай құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бұрынғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

1

"Магистральдық құбыржолдарды пайдалану" қызметтің кіші түріне "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензияның" бар болуы

Өрескел

2

Мұнай тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды мұнайды есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру

Өрескел

3

Магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөнінде қызметті көрсетудің кезектілік бойынша тәртібін сақтау

Өрескел

4

Магистральдық құбыр саласындағы уәкілетті органмен бекітілген мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін сақтау

Өрескел

5

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау

Өрескел

6

Уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті төменде көрсетілген есептерді ұсынуы:
1) мұнайды және газ конденсатын экспортқа тасымалдау бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы;
2) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы-Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
3) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы-Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша жедел жоспарлар туралы

Елеулі

7

Жабдықтар мен желілік бөліктің құрылыстарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспар-графиктің бар болуы және оны сақтау

Болмашы

8

Тазартушы құрылғыларды өткізу арқылы мұнай құбырларын тазарту жөніндегі бекітілген жұмыстардың жылдық жоспарын сақтау

Болмашы

9

Диагностикалау нәтижелерінің негізінде магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігі мен объектілерін жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен көлемдері көрсетілген мұнай құбырларының бұзылуының алдын алу жөніндегі жоспардың бар болуы

Болмашы

10

Резервуарларды диагностикалау негізінде резервуар паркінің сенімді пайдалануды қамтамасыз ету мүмкіндігін есепке ала отырып резервуарларды жөндеу (оның ішінде күрделі жөндеу) графигінің бар болуы

Болмашы

11

Объектілерді (жабдықты) қайта іске қосу және оларды қолданысқа енгізу кезінде жұмыстардың тізбесі, оларды орындау тәртібі мен мерзімдері көрсетілген жұмыс бағдарламасының бар болуы

Болмашы

12

Келесі магистральдық мұнай құбырларының объектілерінде автоматтандырудың бар болуы:
1) магистральдық, тіректі сорғылары, резервуар парктері бар бас мұнай айдау станцияларының;
2) магистральдық сорғылары бар аралық мұнай айдау станцияларының;
3) мұнай қыздыру станцияларының / пункттерінің;
4) мұнайды есепке aлу торабы / мұнайдың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің;
5) қосалқы инженерлік құрылыстарының;
6) магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігі

Болмашы

13

Магистральдық мұнай құбырының меншік иесінде немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғада магистральдық құбырды пайдалануға өзге ұйым тартылған жағдайда операторлық қызметтерді көрсетуге шарттың болуы

Өрескел

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

14

Келесі мәселелер бойынша екі және одан артық расталған шағым мен арыздың болуы:
1) құбыржол объектілерінде есепке алудың бақылау аспаптарының болмауы туралы;
2) өнімді магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау кестесінің бұзылуы туралы;
3) магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты болған кезде барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбыр арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуді ұсынудың тең шарттарын сақтау туралы

Өрескел

  Қазақстан Республикасының
магистральдық құбыр туралы
заңнамасының сақталуына
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Магистральдық газ құбырының меншік иесіне немесе магистральдық газ құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бұрынғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

1

"Магистральдық құбыржолдарды пайдалану" қызметтің кіші түріне "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензияның" бар болуы

Өрескел

2

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау

Өрескел

3

Газ тасымалдау ұйымымен бекітілген магистральдық газ құбырына және компрессорлық станцияларға, газ тарату станцияларына, газ өлшеу станцияларына, жерасты газ қоймаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жоспар-графигінің бар болуы

Болмашы

4

Компрессорлық станциясында мониторинг және диагностика жүйелерінің бар болуы

Болмашы

5

Мерзімді техникалық қызметтің және жүргізілетін жөндеудің көлемі мен графиктерімен бөлімшенің техникалық басшысы бекіткен жыл сайынғы жоспардың бар болуы

Болмашы

6

Газ тасымалдау станцияның қызметтік бөлімінің бастығымен келісім жасалған және магистральдық газ құбыры желілік өндірістік басқармасының бастығы бекіткен жабдықтарды алдын ала жоспарлы жөндеу графигінің бар болуы

Болмашы

7

Магистральдық газ құбырының меншік иесінде немесе магистральдық газ құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғада магистральдық құбырды пайдалануға өзге ұйым тартылған жағдайда операторлық қызметтерді көрсетуге шарттың болуы

Өрескел

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

8

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты болған кезде барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбыр арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуді ұсынудың тең шарттарын сақтамау мәселелері бойынша екі және одан артық расталған шағым мен арыздың болуы

Болмашы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 100 мен Министрдің міндетін
атқарушы 2022 жылғы 29
қарашадағы № 384 Бірлескен
бұйрыққа 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 749 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 827 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Магистральдық мұнай өнімдері құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай өнімдері құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган______________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/

      бизнес- сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

"Магистральдық құбыржолдарды пайдалану" қызметтің кіші түріне "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензияның" бар болуы

2

Магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтің кезектілік тәртібін сақтау

3

Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау

4

Магистральдық мұнай өнімдері құбырының меншік иесінде немесе магистральдық мұнай өнімдері құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғада магистральдық құбырды пайдалануға өзге ұйым тартылған жағдайда операторлық қызметтерді көрсетуге шарттың болуы

      Лауазымды адам (дар)

      ___________________ ______________ ______________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      ___________________ ______________ _____________________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      __________________ _____________ ________________________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 100 мен Министрдің міндетін
атқарушы 2022 жылғы 29
қарашадағы № 384 Бірлескен
бұйрыққа 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 749 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 827 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Магистральдық мұнай құбырының меншік иесіне немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_____________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

"Магистральдық құбыржолдарды пайдалану" қызметінің кіші түріне "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензияның" бар болуы

2

Мұнай тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды шикі мұнайды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру

3

Магистральдық құбырдың өткізу қуаты шектеулі болған кезінде мұнайды магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметті көрсетудің кезектілік тәртібін сақтау

4

Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін сақтау

5

Магистральдық құбырдың бос өткізу қуаты болған кезде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау

6

Уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті төменде көрсетілген есептерді ұсыну:
1) мұнайды және газ конденсатын экспортқа тасымалдау бойынша тәулік сайынғы ақпарат туралы;
2) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы – Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы;
3) мұнайды және газ конденсатын экспортқа ("Омбы – Павлодар" құбырын қоспағанда) тасымалдау жөніндегі жедел жоспарлар туралы

7

Жабдықтар мен желілік бөліктің құрылыстарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспар-графигінің бар болуы және оны сақтау

8

Тазартушы құрылғыларды өткізу арқылы мұнай құбырларын тазарту жөніндегі бекітілген жұмыстардың жылдық жоспарын сақтау

9

Диагностикалау нәтижелерінің негізінде магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігі мен объектілерін жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен көлемдері көрсетілген мұнай құбырларының бұзылуының алдын алу жөніндегі жоспардың бар болуы

10

Резервуарларды диагностикалау негізінде резервуар паркінің сенімді пайдалануды қамтамасыз ету мүмкіндігін есепке ала отырып, резервуарларды жөндеу (оның ішінде күрделі жөндеу) графигінің бар болуы

11

Объектілерді (жабдықты) қайта іске қосу және оларды қолданысқа енгізу кезінде жұмыстардың тізбесі, оларды орындау тәртібі мен мерзімдері көрсетілген жұмыс бағдарламасының бар болуы

12

Мынадай магистральдық мұнай құбырларының объектілерінде автоматтандырудың бар болуы:
1) магистральдық, тіректі сорғылары, резервуар парктері бар бас мұнай айдау станцияларының;
2) магистральдық сорғылары бар аралық мұнай айдау станцияларының;
3) мұнай қыздыру станцияларының / пункттерінің;
4) мұнайды есепке aлу торабы / мұнайдың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің;
5) қосалқы инженерлік құрылыстарының;
6) магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігі

13

Магистральдық мұнай құбырының меншік иесінде немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғада магистральдық құбырды пайдалануға өзге ұйым тартылған жағдайда операторлық қызметтерді көрсетуге шарттың болуы

      Лауазымды адам (дар)

      ___________________ ______________ ______________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      ___________________ ______________ _____________________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      __________________ _____________ ________________________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 100 мен Министрдің міндетін
атқарушы 2022 жылғы 29
қарашадағы № 384 Бірлескен
бұйрыққа 4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 749 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 827 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Магистральдық газ құбырының меншік иесіне немесе магистральдық газ құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғаға не олар уәкілеттік берген операторлық қызметтерін көрсететін ұйымға, ұлттық операторға қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_____________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

"Магистральдық құбыржолдарды пайдалану" қызметінің кіші түріне "Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензияның" бар болуы

2

Магистральдық құбырдың бос өткізу қуаты болған кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз ету талабын сақтау

3

Газ тасымалдау ұйымымен бекітілген магистральдық газ құбырына және компрессорлық станцияларға, газ тарату станцияларына, газ өлшеу станцияларына, жерасты газ қоймаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жоспар-графигінің бар болуы

4

Компрессорлық станцияда мониторинг және диагностика жүйелерінің бар болуы

5

Мерзімді техникалық қызметтің және жүргізілетін жөндеудің көлемі мен графиктерімен бөлімшенің техникалық басшысы бекіткен жыл сайынғы жоспардың бар болуы

6

Газ тасымалдау станциясының қызметтік бөлімінің бастығымен келісім жасалған және магистральдық газ құбыры желілік өндірістік басқармасының бастығы бекіткен жабдықтарды алдын ала жоспарлы жөндеу графигінің бар болуы

7

Магистральдық газ өнімдері құбырының меншік иесінде немесе магистральдық газ өнімдері құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлғада магистральдық құбырды пайдалануға өзге ұйым тартылған жағдайда операторлық қызметтерді көрсетуге шарттың болуы

      Лауазымды адам (дар)

      ___________________ ______________ ______________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      ___________________ ______________ _____________________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      __________________ _____________ ________________________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 100 мен Министрдің міндетін
атқарушы 2022 жылғы 29
қарашадағы № 384 Бірлескен
бұйрыққа 5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 749 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 827 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Терминалдар меншік иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_____________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы______________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Терминалдың өнеркәсіптік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырудың болуы

2

Магистральдық құбырлар саласындағы уәкілетті органға ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажет терминалда мұнай қозғалысы бойынша ай сайынғы ақпаратты ұсыну