Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 106 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30729 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 сәуірден қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар жөніндегі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 106 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7733 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өтініш беруші үшін мыналарға жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшері белгіленсін:

      1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 800 000 еселенген мөлшерінде ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтау зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      2) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – АҚ туралы Заң) белгіленген жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру;

      3) клиенттердің шоттарын ұйымдық-құқықтық нысанда жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға:

      акционерлік қоғам - АҚ туралы Заңында белгіленген жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде;

      жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – ЖШС туралы Заң) белгіленген жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде;

      4) АҚ туралы Заңында белгіленген жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      5) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті АҚ туралы Заңында белгіленген жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқару;

      6) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiштiң 500 000 еселенген мөлшерінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      7) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселенген мөлшерінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру;

      8) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға:

      акционерлік қоғамның – АҚ туралы Заңында жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде;

      жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – ЖШС туралы Заңында белгіленген жарғылық капиталға қойылатын талаптан аспайтын мөлшерде;

      9) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 800 000 еселенген мөлшерінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен қоса атқару.".

      2. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Уәкілетті орган брокердің және (немесе) дилердің, Басқарушының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау шеңберінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауда формальды түрде регламенттелген рәсімдер мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау емес, тәуекелдерді өлшеу және бағалау, мониторингі, бақылау және барынша азайту тетігі болып табылатын негіздің нысаннан басым болуы;

      2) қабылданған бизнес модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне негізге ала отырып және өзіне қабылданатын тәуекелдерге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қарай шараларды қолдану кезіндегі барабарлық.".

      3. "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17008 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің мынадай түрлері:

      мәні күн сайын кемінде 1 болатын меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті;

      мәні күн сайын:

      К2-1 – кемінде 1;

      К2-2 – кемінде 0,9;

      К2-3 – кемінде 0,8;

      К2-4 – кемінде 0,5 болатын мерзімді өтімділік коэффициенті белгіленсін";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларында:

      қосымша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      4. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердің түрлерін белгілеу, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17005 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

      1) мынадай пруденциялық нормативтер белгіленсін:

      мәні күн сайын кемінде 1 болатын меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті;

      мәні күн сайын:

      К2-1 – кемінде 1;

      К2-2 – кемінде 0,9;

      К2-3 – кемінде 0,8;

      К2-4 – кемінде 0,5 болатын мерзімді өтімділік коэффициенті белгіленсін;

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу мақсатында брокерлер және (немесе) дилерлер үшін:

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері – кемінде 10 000 000 000 (он миллиард) теңге;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері – кемінде 10 000 000 000 (он миллиард) теңге.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін және операциялық тәуекелдің көрсеткіштерін есептеу мақсаты үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері қолданылады.";

      қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар нарығын
реттеу және дамыту мәселелері
жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Инвестициялық портфельді
басқару қызметін жүзеге
асыратын ұйымдар сақтауға
міндетті пруденциялық
нормативтердің мәндерін
есептеу қағидаларына
қосымша

Инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесі

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сомасы

Есепке алынатын көлем (пайызбен)

Есептеу сомасы

1

2

3

4

5

1

Ақша және салымдардың барлығы, оның ішінде:




1.1

инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақша


100


1.2

осы қосымшаның 1.9 және 1.10-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.3

осы Қосымшаның 1.11-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


90


1.4

орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша


100


1.5

инвестициялық портфельді басқарушының клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшасы


100


1.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша


100


1.7

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы шоттардағы ақша


100


1.8

Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша ((Интернэшнл Секьюритис Сервисис Асошиайшн))


100


1.9

осы банктердің қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттер болып табылатын жағдайда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


100


1.10

Мына талаптардың біреуіне сәйкес келетін, Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:
банктердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктері Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктері болып табылады


100


1.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ға дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


90


1.12

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "АА-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразия даму банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар


100


1.13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктердегі салымдар


100


2

Борыштық бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде:




2.1

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


100


2.2

қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.4

Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстан Даму банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, немесе қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


90


2.6

сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының кепілдіктері бар, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Баламалы" алаңдары "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


95


2.7

Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


60


2.8

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzA-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


2.9

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85


2.10

халықаралық қаржы ұйымдары шығарған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразия даму банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номиналданған бағалы қағаздар


100


2.11

шет мемлекеттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздары


100


2.12

шет мемлекеттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздары


90


2.13

шет мемлекеттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздары


80


2.14

шетел эмитенттерінің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитетінде бар) бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


2.15

шетел эмитенттерінің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитетінде бар) бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85


2.16

шетел эмитенттерінің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитентінде бар) бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


3

Акциялар және депозитарлық қолхаттар-барлығы, оның ішінде:




3.1

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін шетелдік эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.2

заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.3

Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "стандарт" санатына енгізілген акциялары, немесе Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және осы қосымшаның 3.4-жолында көрсетілген осы акциялар базалық активі болып табылатын акциялар мен депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80


3.4

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізілген акциялары, немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін, жария сауда-саттыққа жіберілген қор биржасының "Өңірлік акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60


3.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетел эмитенттерінің акциялары, және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетел эмитенттерінің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80


3.7

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетел эмитенттерінің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60


4

Өзге бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде




4.1

қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары


70


4.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланыстырылған Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары


90


4.3

Morningstar рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыз" рейтингтік бағасына ие Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары


80


4.4

орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар


100


4.5

активтерінің құрамы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, тек қана мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар есебінен қалыптастырылған, олар бойынша "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, осы мемлекеттік емес бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары


95


5

Өзге активтер-барлығы, оның ішінде:




5.1

тазартылған қымбат металдар және металл шоттар


100


5.2

бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы бойын (шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген) дебиторлық берешек (инвестициялық портфельді басқарушының үлестес тұлғаларының дебиторлық берешегін қоспағанда) - инвестициялық портфельді басқарушының балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада


100


5.3

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығару проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің өтуіне байланысты туындаған (бағалы қағаздар шығару проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген) бағалы қағаздардың номиналдық құнын төлеу жөніндегі талаптар


100


5.4

инвестициялық портфельді басқарушының ң балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі инвестициялық портфельді басқарушының негізгі құралдары


100


6

Өтімді активтер жиынтығы




6.1

Өтімділігі жоғары активтер жиынтығы




7

Баланс бойынша міндеттемелер, оның ішінде:




7.1

7 күнге дейін




7.2

30 күнге дейін




7.3

90 күнге дейін




8

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері




8.1

ИПБ ОТ




9

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициент




10

Мерзімді өтімділік коэффициенттері:




10.1

К2-1




10.2

К2-2




10.3

К2-3




10.4

К2-4




  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар нарығын
реттеу және дамыту мәселелері
жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 79 қаулысына
2-қосымша

Инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі

1-тарау Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялдық нормативтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – инвестициялық портфельді басқарушы) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесін белгілейді.

2- тарау. Инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін мынадай формула бойынша есептейді:

      К = (ӨЖА+ӨА - М) / МКММ, мұнда:

      ӨЖА - Әдістеменің 7-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын, есептеу күніне қолда бар инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтері;

      ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 7-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын өтімді активтері;

      М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;

      МКММ - Әдістеменің 6 -тармағына сәйкес есептелген, меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының минималды мөлшері.

      3. Меншікті капиталдың минималды мөлшерін есептеу мақсаттары үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) мөлшері пайдаланылады.

      4. Инвестициялық портфельді басқарушы меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін мынадай формула бойынша есептейді:

      К = (ӨЖА+ӨА - М) / (МКММ+От_ИПБ), мұнда:

      ӨЖА - Әдістеменің 7-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын, есептеу күніне қолда бар инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтері;

      ӨА - инвестициялық портфельді басқарушының есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 7-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын өтімді активтері;

      М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;

      МКММ - меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының минималды мөлшері 50 000 (елу мың) АЕК-ті құрайды;

      От_ИПБ - есептеу күніне инвестициялық басқарудағы активтердің мөлшері ретінде есептелген, ИПБ операциялық тәуекел коэффициентіне көбейтілген активтерді сенімгерлік басқаруға байланысты операциялық тәуекел – 0,1%.

      5. Инвестициялық портфельді басқарушының мерзімді өтімділігі коэффициенттерінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

      К2-1 кемінде 1;

      К2-2 кемінде 0,9;

      К2-3 кемінде 0,8;

      К2-4 кемінде 0,5.

      К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті өтелгенге дейін қоса алғанда 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімі бар өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтелгенге дейін 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелердің мөлшері жоғары өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің өтелгенге дейін қоса алғанда 30 (отыз) күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер 30 (отыз) күнге дейінгі өтеуге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің 90 (тоқсан) күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтеуге дейін қалған мерзімі 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімді міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің жиынтық міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер жиынтық міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      Инвестициялық портфельді басқарушының есеп айырысу күнгі қолда бар өтімділігі жоғары және өтімді активтері Әдістеменің 7-тармағына сәйкес осындай деп танылады.

      6. Егер:

      сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден кем болса, МКММ 1 029 000 (бір миллион жиырма тоғыз мың) АЕК-ке тең болады;

      сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден асса, онда МКММ 1 029 000 (бір миллион жиырма тоғыз мың) АЕК + (БҚЗА - 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгеге тең болады)*0,05, мұнда БҚЗА сенімгерлік басқаруға қабылданған зейнетақы активтері болып табылады.

      7. Инвестициялық портфельді басқарушының жоғары өтімді активтерінің есебіне осы қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің 1, 2.1, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 4.4, 5.1-жолдарында көрсетілген активтер тиісті көлемдерде енгізіледі.

      Инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде осы қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген активтер танылады.

      Инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтері ретінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолдарды қоспағанда, Қағидаларға қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциалдық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген активтер танылады.

      Инвестициялық портфельді басқарушының өтімділігі жоғары активтерінің есебіне Қағидаларға қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің 1, 2.1, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 5.1-жолдарында көрсетілген активтер тиісті көлемдерде енгізіледі:

      8. Әдістеменің 7-тармағында көзделген өтімділігі жоғары активтердің есебіне мыналар енгізілмейді:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда).

      "Кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар Қағидаларға қосымшаға сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген көлемде инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) енгізіледі.

      Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар инвестициялық портфельді басқарушының өтімді активтерінің есебіне толық көлемде енгізіледі;

      2) өлшемдері қор биржасының акциялары нарығының индексін (қор биржасының өкілдік тізімі) есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушыға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар).

  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар нарығын
реттеу және дамыту мәселелері
жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
3-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдар сақтауға
міндетті пруденциялық
нормативтердің мәндерін
есептеу тәртібіне
қосымша

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесі

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сомасы

Есепке алынатын көлем (пайызбен)

Есептеу сомасы

1

2

3

4

5

1

Ақша және салымдардың барлығы, оның ішінде:




1.1

Ұйым балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақша


100


1.2

осы қосымшаның 1.9 және 1.10-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.3

осы қосымшаның 1.11-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


90


1.4

орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша


100


1.5

Ұйымның клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақшасы


100


1.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша


100


1.7

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңы 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы шоттардағы ақша


100


1.8

Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарындағы шоттардағы ақша (International Securities Services Association) (Интернэшнл Секьюритис Сервисис Асошиайшн)


100


1.9

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттер болып табылатын жағдайда, осы банктердегі салымдар


100


1.10

Мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келген кезде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдардың:
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктерінің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банктері еншілес банк болып табылады


100


1.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-тен "kzBB-"-ке дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


90


1.12

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразия даму банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар


100


1.13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктердегі салымдар


100


2

Борыштық бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде:




2.1

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары


100


2.2

қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.4

Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстан Даму банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


2.5

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


90


2.6

сомасы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының кепілдіктері бар, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Баламалы" алаңдары "Борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


95


2.7

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "Борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "Борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


60


2.8

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzA-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


2.9

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85


2.10

Халықаралық қаржы ұйымдары шығарған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразия Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номиналданған бағалы қағаздар


100


2.11

шет мемлекеттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздары


100


2.12

шет мемлекеттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздары


90


2.13

шет мемлекеттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар борыштық бағалы қағаздары


80


2.14

шетел эмитенттерінің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитетінде бар) бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


100


2.15

шетел эмитенттерінің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитетінде бар) бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


85


2.16

шетел эмитенттерінің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингi (эмитентінде бар) бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


70


3

Акциялар және депозитарлық қолхаттар – барлығы, оның ішінде:




3.1

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін шетел эмитенттерінің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.2

заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.3

Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "стандарт" санатына енгізілген акциялары немесе Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және осы қосымшаның 3.4-жолында көрсетілген осы акциялар базалық активі болып табылатын акциялар мен депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80


3.4

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізілген акциялары немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін, жария сауда-саттыққа жіберілген қор биржасының "Өңірлік акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60


3.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетел эмитенттерінің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


100


3.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетел эмитенттерінің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


80


3.7

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетел эмитенттерінің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


60


4

Өзге бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде:




4.1

инвестициялық қорлардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздары


70


4.2

Активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланыстырылған Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары


90


4.3

Morningstar рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары


80


4.4

орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар


100


4.5

активтерінің құрамы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, тек қана мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар есебінен қалыптастырылған, олар бойынша "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар, сомасы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары


95


5

Өзге активтер – барлығы, оның ішінде:




5.1

тазартылған қымбат металдар және металл шоттар


100


5.2

бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы бойынша (шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген) дебиторлық берешек (Ұйымның үлестес тұлғаларының дебиторлық берешегін қоспағанда) - Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада


100


5.3

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығару проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің өтуіне байланысты туындаған (бағалы қағаздар шығару проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген) бағалы қағаздардың номиналдық құнын төлеу жөніндегі талаптар


100


5.4

Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі Ұйымның негізгі құралдары


100


6

Өтімді активтер жиынтығы




6.1

Өтімділігі жоғары активтердің жиынтығы




7

Баланс бойынша міндеттемелер, соның ішінде:




7.1

7 күнге дейін




7.2

30 күнге дейін




7.3

90 күнге дейін




7.4

Маржалық қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер




8

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері




8.1

ИПБ ОТ




8.2

БҚ ОТ




9

Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті




10

Мерзімді өтімділік коэффициенті:




10.1

К2-1




10.2

К2-2




10.3

К2-3




10.4

К2-4




  Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін
Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар нарығын
реттеу және дамыту мәселелері
жөніндегі нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 80 қаулысына
2-қосымша

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 49-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес әзірленді және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі – ЕЖЗҚ), ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – 1-ИПБ), ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – 2-ИПБ) қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер) сақтауға тиісті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу тәртібін белгілейді.

2-тарау. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу әдістемесі

      2. Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін есептеу мақсаттары үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) мөлшері пайдаланылады.

      3. Брокер және (немесе) дилердің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      К = (ӨЖА+ӨА - М)/(МКАМ+От ДҚ), мұндағы:

      ӨЖА- есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 6-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын брокердің және (немесе) дилердің өтімділігі жоғары активтері;

      ӨА - есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 6-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтері;

      М - есеп айырысу күніне қолда бар, баланс бойынша міндеттемелер;

      МКАМ - меншікті капиталдың брокердің және (немесе) дилердің меншікті капиталының жеткіліктілігі есебіне алынатын ең аз мөлшері:

      Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің МКАМ 50 000 (елу мың) АЕК-ті;

      Клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокердің және (немесе) дилердің МКАМ, 10 000 (он мың) АЕК-ті құрайды;

      От ДҚ - Әдістеменің 4-тармағына сәйкес есептелген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен байланысты операциялық тәуекел.

      4. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен байланысты операциялық тәуекел төмендегідей есептеледі:

      От ДҚ = абсолютті көрсеткіш + a* салыстырмалы көрсеткіш, мұнда:

      абсолюттік көрсеткіш 15 000 (он бес мың) АЕК-ке тең;

      салыстырмалы көрсеткіш есепті күннің алдындағы соңғы 60 (алпыс) айдағы пайда мен шығындар туралы есептің айыпақы (айыппұл, өсімпұл) бабы бойынша орташа жылдық шығыстың 15 (он бес) еселенген мөлшері ретінде есептеледі;

      a - операциялық тәуекелдің коэффициенті есептік күннің алдындағы соңғы 36 (отыз алты) айда брокерлер және (немесе) дилерлер жасасқан мәмілелердің орташа жылдық көлеміне байланысты белгіленген және кестеге сәйкес айқындалады:

Санаты

Мәмілелердің орташа жылдық көлемі (3 жыл) (теңге)

Коэффициент, a

1

1000 млрд-қа дейін

1

2

1000 млрд-тан 3000 млрд-қа дейін

2

3

3000 млрд-тан 5000 млрд-қа дейін

3

4

5000 млрд-тан 7500 млрд-қа дейін

5

5

7500 млрд-тан жоғары

7

      Бұл ретте, егер салыстырмалы көрсеткіштің мәні 3 000 (үш мың) АЕК-тен аз болса, онда салыстырмалы көрсеткіштің мәні 3 000 (үш мың) АЕК-ке тең болады.

      Жасалатын мәмілелер болмаған кезде a 0-ге (нөл) тең.

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 53-2-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайларды қамтитын клиенттер алдындағы жауапкершілікті сақтандыру кезінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокер және (немесе) дилер абсолюттік көрсеткіштің мөлшерін сақтандыру сомасының мөлшеріне азайтады, бірақ ол абсолюттік көрсеткіш мөлшерінің 50%-нан кем болмауға тиіс.

      5. Брокердің және (немесе) дилердің мерзімді өтімділік коэффициенттерінің ең аз мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

      К2-1 кемінде 1;

      К2-2 кемінде 0,9;

      К2-3 кемінде 0,8;

      К2-4 кемінде 0,5.

      К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті 7 (жеті) күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің өтімділігі жоғары активтер мөлшерінің мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтелгенге дейін 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің мөлшері жоғары өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті 30 (отыз) күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейін қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтердің мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтелгенге дейін 30 (отыз) күнге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті 90 (тоқсан) күнге дейін қоса алғанда, өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтелгенге дейін 90 (тоқсан) күнге дейінгі қалған мерзімімен мерзімі міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті өтімділігі жоғары активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің жиынтық міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер жиынтық міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      Брокердің және (немесе) дилердің есеп айырысу күнгі өтімділігі жоғары және өтімді активтері Әдістеменің 6-тармағына сәйкес осындай деп танылады.

      6. Брокердің және (немесе) дилердің өтімділігі жоғары активтерінің есебіне осы қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу қағидаларына бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауға міндетті пруденциялық нормативтердің мәндерін есептеу кестесінің 1, 2.1, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 4.4, 5.1-жолдарында көрсетілген активтер тиісті көлемдерде енгізіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолдарды қоспағанда, Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген активтер брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтері ретінде танылады.

      7. Әдістеменің 4-тармағында көзделген өтімділігі жоғары және өтімді активтердің есебіне мыналар енгізілмейді:

      1) брокердің және (немесе) дилердің міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) брокердің және (немесе) дилердің меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда).

      "Кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтер мәндерінің есебінде көрсетілген көлемде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтерінің есебіне енгізіледі (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда);

      Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтерінің есебіне толық көлемде енгізіледі;

      2) өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін (қор биржасының өкілдік тізімі) есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, брокерге және (немесе) дилерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар жатады.

3-тарау. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу әдістемесі

      8. ЕЖЗҚ меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      К = (ӨА - М) / МКАМ, мұнда:

      ӨА - Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген есептеу күніне қолда бар ЕЖЗҚ өтімді активтері;

      М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;

      МКАМ - Әдістеменің 10-тармағына сәйкес есептелген, меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын ЕЖЗҚ меншікті капиталының ең аз мөлшері.

      9. ЕЖЗҚ өтімділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      Кл = ӨА/М, мұнда:

      ӨА - Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген есептеу күніне қолда бар ЕЖЗҚ өтімді активтері;

      М - есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер.

      10. Егер:

      инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден кем болса, МКАМ 107 000 (жүз жеті мың) АЕК-ке тең;

      инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтерінің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден асады, онда МКАМ 107 000 (жүз жеті мың) АЕК + (АПУ- 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге) * 0,0001, мұнда АПУ инвестициялық басқаруға қабылданған зейнетақы активтері болып табылады.

      11. Ереженің қосымшасына сәйкес тиісті көлемдерде Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтер мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген ЕЖЗҚ-ның меншікті активтері ЕЖЗҚ-ның өтімді активтері деп танылады.

      12. Әдістеменің 11-тармағында көзделген өтімді активтердің есебіне енгізілмейді:

      1) ЕЖЗҚ міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) ЕЖЗҚ-ның меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда).

      "Кері репо" операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздар Қағидалардың қосымшасына сәйкес Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтер мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген көлемде ЕЖЗҚ өтімді активтерінің есебіне енгізіледі.

      Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар ЕЖЗҚ-ның өтімді активтерінің есебіне толық көлемде енгізіледі;

      2) ЕЖЗҚ-ға қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар;

      3) ЕЖЗҚ-ның ірі акционерлеріне және осы сенімгерлік басқарушылардың аффилиирленген тұлғаларына тиесілі ЕЖЗҚ-ның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп пайызымен сенімгерлік басқарушылар шығарған бағалы қағаздар;

      4) ЕЖЗҚ-ға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдар мен ағымдағы шоттар.

      13. ЕЖЗҚ-ның меншікті активтері есебінен мәмілелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларының 2-тарауында белгіленген тәртіппен жасалады.

4-тарау. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушылардың немесе ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушылардың пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу әдістемесі

      14. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын 1-ИПБ немесе 2-ИПБ меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      К = (ӨА - М) / МКАМ, мұндағы:

      ӨЖА - Әдістеменің 18-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын есептеу күніне қолда бар 1-ИПБ немесе 2-ИПБ өтімділігі жоғары активтері;

      ӨА - есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 18-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын 1-ИПБ немесе 2-ИПБ өтімді активтері;

      М-есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;

      МКАМ - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын, меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне қабылданатын, 1-ИПБ немесе 2-ИПБ меншікті капиталының ең төмен мөлшері басқаруға қабылданған өзге де активтердің мөлшеріне қарамастан, Әдістеменің 17-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес есептеледі.

      15. 1-ИПБ немесе 2-ИПБ меншік капиталының өтімділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

      К = (ӨЖА+ӨА - М) / (МКАМ+БД От+ ИПБ От_ИПБ), мұнда:

      ӨЖА - Әдістеменің 18-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары деп танылатын есептеу күніне қолда бар 1-ИПБ немесе 2-ИПБ өтімділігі жоғары активтері;

      ӨА-есептеу күніне қолда бар, Әдістеменің 18-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын 1-ИПБ немесе 2-ИПБ өтімді активтері;

      М-есеп айырысу күніндегі баланс бойынша міндеттемелер;

      МКАМ - меншікті капиталдың жеткіліктілігі есебіне алынатын, 50 000 (елу мың) АЕК-ті құрайтын 1-ИПБ немесе 2-ИПБ меншікті капиталының ең аз мөлшері;

      БД От - Әдістеменің 4-тармағына сәйкес есептелген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен байланысты операциялық тәуекел;

      ИПБ От – есепті күнге инвестициялық басқарудағы активтердің мөлшері ретінде есептелген, ИПБ операциялық тәуекел коэффициентіне көбейтілген активтерді сенімгерлік басқаруға байланысты операциялық тәуекел – 0,1%.

      16. 1-ИПБ немесе 2-ИПБ мерзімді өтімді коэффициенттерінің ең төменгі мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

      К2-1 кемінде 1;

      К2-2 кемінде 0,9;

      К2-3 кемінде 0,8;

      К2-4 кемінде 0,7.

      К2-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi 7 (жеті) күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi. Егер өтелгенге дейін 7 (жеті) күнге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді міндеттемелердің мөлшері жоғары өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-1 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi 1 (бір) айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, өтімді активтердің мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi. Егер 1 (бір) айға дейінгі өтелгенге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-2 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi 3 (үш) айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, өтімді активтердің мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi. Егер өтелгенге дейін қалған мерзімі 3 (үш) айға дейінгі мерзімді міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-3 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті жоғары өтімді активтерді қоса алғанда, өтімді активтер мөлшерінің жиынтық міндеттемелер мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі. Егер өтелгенге дейін 3 (үш) айға дейінгі қалған мерзімі бар жиынтық міндеттемелердің мөлшері өтімді активтердің 10%-ынан кем болса, онда К2-4 мерзімді өтімділік коэффициенті есептелмейді және орындалған болып саналады.

      Инвестициялық портфельді басқарушының есеп айырысу күнгі қолда бар жоғары өтімді және өтімді активтері Әдістеменің 18-тармағына сәйкес сондай деп танылады.

      17. Егер:

      1) 1-ИПБ немесе 2-ИПБ-нің сенімгерлік басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден кем болса, онда МКЕМ 1 029 000 (бір миллион жиырма тоғыз мың) АЕК-ке тең;

      2) 1-ИПБ немесе 2-ИПБ-нің сенімгерлік басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерінің ағымдағы құны 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден кем болса, онда МКЕМ 1 029 000 (бір миллион жиырма тоғыз мың) АЕК-ке + (БҚЗА- 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңге) * 0,05, мұнда БҚЗА 1-ИПБ немесе 2 ИПБ сенімгерлік басқаруға қабылдаған зейнетақы активтері болып табылады.

      18. Қағидалардың қосымшасына сәйкес тиісті көлемдерде Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінің мынадай жолдарында көрсетілген активтер 1-ИПБ немесе 2-ИПБ жоғары өтімді активтерінің есебіне енгізіледі: 1, 2.1, 2.3, 2.4, 2.8, 2.10, 2.11, 2.14, 3.1, 3.2, 3.5, 4.4, 5.1.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолдарды қоспағанда, Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерінің мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген активтер брокердің және (немесе) дилердің өтімді активтері ретінде танылады.

      19. Әдістеменің 18-тармағында көзделген 1-ИПБ немесе 2-ИПБ жоғары өтімді және өтімді активтерінің есебіне мыналар енгізілмейді:

      1) 1-ИПБ немесе 2-ИПБ міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) 1-ИПБ немесе 2-ИПБ меншік құқығы шектелген активтер (репо операцияларын қоспағанда).

      "Кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар Қағидалардың қосымшасына сәйкес (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздарды есепке алмағанда) Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтер мәндерін есептеу кестесінде көрсетілген көлемде 1-ИПБ немесе 2-ИПБ өтімді активтерінің есебіне енгізіледі.

      Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар 1-ИПБ немесе 2-ИПБ өтімді активтерінің есебіне толық көлемде енгізіледі;

      2) өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының ресми тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, 1-ИПБ немесе 2-ИПБ-ге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар (қор биржасының өкілдік тізімі).