Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 1178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қарашада № 30666 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19784 болып тіркелген):

      Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21631 болып тіркелген):

      осы бұйрықпен бекітілген тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдері ережесінің:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында:

      акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша және виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;

      ДСҰ Алып қою тізбесінің тауарлары бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;

      еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың (бұдан әрі – ЕЭА) аумағына тауарларды әкелу, ЕЭА аумағынан тауарларды әкету және ЕЭА аумағында өндірілген және өткізілетін тауарлар бойынша 2022 жылғы 1 қарашадан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;

      сұйытылған мұнай газы бойынша 2022 жылғы 1 қарашадан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін іске асырылады;

      ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар бойынша 2023 жылғы 10 ақпанға дейін;

      ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар бойынша 2023 жылғы 10 ақпанға дейін іске асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр финансов Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 1178 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1424 бұйрығына
1-қосымша

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі

Тауардың атауы

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні

1.

Өндірілуі мен айналымы "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын

2023 жылғы
1 сәуір

2.

Өндірілуі мен айналымы "Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі

2023 жылғы
1 сәуір

3.

Өндірілуі мен айналымы "мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері

2023 жылғы
1 сәуір

4.

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесіне енгізілген

2023 жылғы
1 сәуір

5.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

2023 жылғы
1 сәуір

6.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар

2023 жылғы
1 сәуір

7.

Виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар

2023 жылғы
1 сәуір

8

ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

2023 жылғы
10 ақпан

9

ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар.

2023 жылғы
10 ақпан