"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.06.2023 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі | С. Нурбек | 
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
| Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына қосымша | 
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздері
1-тарау. Жалпы қағидалар
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін, сондай-ақ Тізілімге енгізу және одан алып тастау негіздерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Тізілімді жүргізу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;
2) білім беру бағдарламаларының тізілімі – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлеген білім беру бағдарламаларының тізбесін қамтитын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" ақпараттық жүйесінің модулі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе);
3) әкімші – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған және Тізілімді жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
4) өтінім беруші – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.06.2023 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. Тізілімді жүргізуді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын әкімші жүзеге асырады. Тізілімді жүргізу ақпараттық жүйеде электрондық түрде жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.06.2023 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Тізілімге интернет желісі арқылы қол жеткізеді.
6. Тізілімде қамтылған мәліметтер танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.
2-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу тәртібі, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздері
7. Әкімші Тізілімге бағдарламаларды енгізу немесе алып тастау жөніндегі өтінімдерді қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссия құрамына әкімшінің және/немесе ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның кемінде 5 (бес) өкілі кіреді. Комиссия құрамын әкімшінің басшысы бекітеді.
Комиссия отырысы өтінім берушінің өтінімдері бойынша шешім қабылдау мақсатында қажеттілігіне қарай өткізіледі. Отырысты өткізу үшін Комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісінен) тұратын кворум болу керек. Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және отырыстың хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең бөлінсе, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Бағдарламаларды Тізілімге енгізу төрт кезеңде жүргізіледі:
1) білім беру ұйымының бағдарламаны Тізілімге енгізу үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтінімді (бұдан әрі – өтінім) ұсынуы;
2) әкімшінің өтінімді тексеруі және өтінімді пысықтау үшін өтінім берушіге қайта жолдау (ескертулер болған жағдайда);
3) сарапшының бағдарламаға сараптама жүргізуі және өтінімді пысықтау үшін өтінім берушіге қайта жолдау (ескертулер болған жағдайда);
4) әкімшінің бағдарламаны Тізілімге енгізуі не өтінімді Комиссия шешімінің негізінде кері қайтаруы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Бағдарламаны Тізілімге енгізу үшін өтінім беруші өтінімді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде электрондық форматта толтырады және әкімшіге жолдайды.
10. Өтінім түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әкімші мәліметтердің толықтығын және өтінімнің толтырылуының дұрыстығын, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (бұдан әрі - МЖМБС), ұлттық біліктілік шеңберіне және (немесе) салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Әкімші өтінімді осы тармақтың талаптарына сәйкес келген кезде сараптамаға жібереді. Дұрыс толтырылмаған өтінім, себептерін көрсете отырып, өтінім берушіге пысықтау үшін (бір реттен артық емес) қайтарылады.
11. Өтінім беруші бағдарламаны пысықтауды әкімші жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Бағдарлама уақтылы пысықталмаса, ол Комиссияның шешімімен қабылданбайды.
12. Әкімші пысықталған өтінімге тексеруді келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Ескертулер түзетілген жағдайда әкімші өтінімді сараптамаға жібереді. Ескертулер түзетілмеген жағдайда Комиссия шешімі бойынша кері қайтарылады.
13. Сараптамаға жіберетін бағдарламалардың саны ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет шегінде шектеледі (әкімші бюджет шегінде өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні белгілеген күні сағат 18.30-дан кешіктірілмейді). Бұл ретте өтінімдердің түсу кезектілігі келіп түскен күні мен уақыты бойынша сақталады.
Әрбір тоқсандықтың соңғы аптасында әкімші ағымдағы жылы бөлінген бюджет шегінде қаралатын өтінімдердің саны туралы ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады.
14. Тізілімге енгізу үшін түскен бағдарламаға сараптама 2 (екі) сарапшымен қатар жүргізіледі. Қазақстан Республикасында баламасы жоқ және өтінім беруші алғаш рет іске асыратын бағдарламаның (бұдан әрі-инновациялық бағдарлама) сараптамасын 3 (үш) сарапшы қатар жүргізеді.
15. Бағдарламаларды сараптамадан өткізетін сарапшылардың тізімі әкімші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
16. Сарапшыны тағайындау кезінде оның біліктілігінің мәлімделген бағдарлама шеңберінде кадрларды даярлау бағытына сәйкестігі ескеріледі. Магистратура және докторантура деңгейі бойынша бағдарлама сараптамасын жүргізу үшін ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар сарапшы тартылады.
Өтінім берушінің бағдарламасына сараптама жүргізуге аталған өтінім берушіде жұмыс істейтін сарапшы жіберілмейді.
17. Бағдарламаға сараптама әкімшіден келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
18. Сарапшы:
1) бағдарламаның МЖМБС, ұлттық біліктілік шеңберіне және (немесе) салалық біліктілік шеңберлеріне, "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттарға (олар болған кезде) сәйкестігіне бағалау жүргізеді.
Педагогикалық бағыттар бакалавриатының бағдарламалары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкестігіне бағаланады.
"Денсаулық сақтау саласы" бойынша бағдарламалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 шілдедегі № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігіне бағаланады;
2) бағдарлама атауының бағдарлама мазмұнына, көрсетілген білім берудің саласына, дайындық бағытына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкестігін талдайды;
3) өтінімді толтырудың дұрыстығын тексереді;
4) қалыптастырушы оқыту нәтижелерімен байланысқан әрбір пән бойынша оқыту нәтижелерінің қалыптасуына әсер ету дәрежесін айқындайды;
5) жаңа қызмет түрлеріне бағытталған инновациялық бағдарламаны, мамандыққа сұраныстың жоғары деңгейін, инновациялық экономиканың дамуын, ел мен өңірдің экономика салаларының басымдылығы қағидатын бағалайды.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Сарапшы әкімшіге сараптама нәтижелері бойынша бағдарламаны Тізілімге енгізу немесе ескертулерді көрсете отырып, өтінім берушіге пысықтауға жіберу туралы қорытындыны ұсынады.
Өтінімде бөтен материалдың болғаны анықталған жағдайда (мәтін сәйкестігінің рұқсат етілген шегі – 50 % – дан жоғары емес), сарапшы бағдарламаны қабылдамайды.
Сарапшының қорытындысы ақпараттық жүйеде, оның ішінде өтінім берушінің жеке кабинетінде көрінеді.
20. Өтінім беруші сарапшы жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сарапшылардың ескертулеріне сәйкес бағдарламаны пысықтайды және пысықталған өтінімді Тізілімге жолдайды.
21. Сарапшы пысықталған өтінімді бағалауды ол Тізілімге келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Сараптама жүргізілгеннен кейін сарапшы өтінімді "мақұлдау" немесе "кері қайтару" туралы шешім қабылдайды.
22. Барлық немесе көпшілік сарапшылардың қорытындылары теріс болса, өтінім ақпараттық жүйеде автоматты түрде кері қайтарылады. Сарапшылардың теріс және оң қорытындыларының саны тең болса, Комиссия сарапшылар тізімінен тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, өтінімді қарайды.
23. Сараптама жүргізілгеннен кейін әкімші сарапшылардың қорытындыларын және өтінім материалдарын электронды немесе қағаз түрінде Комиссияға ұсынады, ол бағдарламаны енгізу немесе өтінімді кері қайтару туралы шешім қабылдайды.
24. Өтінім берушінің бағдарламасы Тізілімге енгізіледі:
1) сарапшылардың оң қорытындылары;
2) оқыту нәтижелерінің қалыптасуына әсер ету коэффициенті – кемінде 75 % (жетпіс бес пайыз);
3) бағдарламаны пысықтаудың ең көп саны – 2 (екі) реттен артық емес, оның ішінде әкімшінің ескертулері бойынша – бір пысықтаудан артық емес және сарапшылардың ескертулері бойынша – бір пысықтаудан артық емес болғанда.
Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша лицензиясы болған кезде, тапсырыс беруші ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган болып табылатын Тізілімге енгізілген бағдарламаға өтінім беруге жол беріледі. Бұл ретте бағдарламаны енгізуге өтінім сараптамасыз қаралады.
Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 27.06.2023 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24-2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жұмыс істейтін инновациялық-білім беру консорциумын (бұдан әрі – Консорциум) құрады және (немесе) оған қатысады.
Консорциум қатысушыларының бірі бірлескен бағдарламаны іске асыру үшін Тізілімге бағдарламаны енгізуге өтінім береді.
Консорциумның қалған қатысушыларына Тізілімге енгізілген бағдарламаға қосымша сараптамасыз өтінім беруге Консорциумның барлық қатысушылары қол қойған бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесін ұсынған жағдайда рұқсат етіледі.
Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Тізілімге енгізілген бағдарламасын өтінім беруші оны өзектендіру мақсатында кезең-кезеңімен жетілдіріп (бұдан әрі - жаңарту) отырады. Жаңартуға түскен бағдарламаға сараптаманы 1 (бір) сарапшы жүргізеді.
Әкімші бағдарламаны мынадай жағдайларда сараптамадан өткізбей жаңартады:
1) қайталанатын пәндерді жою;
2) пәнді бір циклден немесе компоненттен екіншісіне ауыстыру;
3) оқытудың бар нәтижелерін сақтай отырып, пәннің кредиттердегі еңбек сыйымдылығы көлемінің және (немесе) оның сипаттамасының өзгеруі;
4) бағдарламадағы пәндердің жалпы санынан пәндердің 50%-дан (елу пайыздан) азын өзгерту және (немесе) бағдарламадағы оқу нәтижелерінің жалпы санынан оқу нәтижелерінің 50%-дан (елу пайыздан) азын өзгерту;
5) мәтінді техникалық түзету.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Әкімші Комиссия шешімінің негізінде бағдарламаны Тізілімге енгізеді (жаңартады).
27. Комиссия шешімінің негізінде немесе сарапшылар кері қайтарылған бағдарламаны енгізу және (немесе) жаңарту үшін өтінімді Тізілімде қайта қарау, өтінім берушінің қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі.
Бір бағдарламаға өтінімді өтінім беруші 12 ай ішінде 3 реттен асырмай береді.
28. Тізілімге лицензия және/немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша лицензияға қосымшаны алу үшін ұсынылған бағдарлама Комиссия шешімі бойынша Тізілімге ортақ қол жеткізу үшін көрсетілмей енгізіледі.
29. Әкімші келесі жағдайлардың бірі болған кезде бағдарламаны Тізілімнен алып тастайды:
1) өтінім берушінің алқалы органы отырысының себебі көрсетілген хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, бағдарламаны Тізілімнен шығару туралы өтінім берушінің жазбаша өтініші (еркін нысанда);
2) ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган ресми ұсынған ақпарат және (немесе) заңды күшіне енген сот шешімі негізінде өтінім берушіні даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиядан, лицензияға қосымшадан айыру;
3) бағдарлама Тізілімге енгізілгеннен кейін 6 (алты) ай ішінде лицензия және (немесе) тиісті даярлау бағыты бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша болмаған кезде;
4) өзі ресми ұсынған ақпарат негізінде танылған аккредиттеу органдарының Тізіліміне енгізілген аккредиттеу органының бағдарламаны аккредиттеу және/немесе "бағдарламаны аккредиттемеу" шешімін қабылдау туралы пікірлер;
5) бағдарламаның өзектілігін жоғалтуы (соңғы 4 (төрт) жыл ішінде білім алушылар контингентінің болмауы);
6) МЖМБС, салалық біліктілік шеңбері және/немесе "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілген кәсіптік стандарттар өзгергеннен кейін 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде бағдарлама жаңартылмаса.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу үшін өтінім
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
электрондық нысанда толтырылады*
| 1 | Жоғары және / немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы | 
| 2 | Білім беру саласы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17565 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына (бұдан әрі - Сыныптауыш) сәйкес білім беру салаларының тізімінен таңдалады.) | 
| 3 | Дайындық бағыты (Сыныптауышқа сәйкес бағыттар тізімінен таңдалады) | 
| 4 | Білім беру бағдарламаларының тобы (білім беру бағдарламалары топтарының Тізбесінен таңдалады) | 
| 5 | Білім беру бағдарламасының атауы (Тізілімге енгізу үшін берілетін тиісті білім беру бағдарламасының атауы) | 
| 6 | Бағдарламаның мақсаты (білім алушылар алуы тиіс оқыту нәтижелерін қысқа, нақты және синергетикалық біріктіріп тұжырымдалуы тиіс; өзектілік, нақтылық, қол жеткізу өлшемшарттарына сәйкес келуі тиіс) | 
| 7 | Бағдарламаның түрі (қолданыстағы бағдарлама – өтінім беруші кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бағдарлама, жаңа бағдарлама-ол тізілімде орналастырылғанға дейін өтінім беруші кадрлар даярлауды жүзеге асырмаған бағдарлама, инновациялық бағдарлама – Қазақстан Республикасында баламасы жоқ және өтінім беруші алғаш іске асыратын бағдарлама) | 
| 8 | Ұлттық біліктілік шеңбері бойынша деңгей | 
| 9 | Салалық біліктілік шеңберлері бойынша деңгей | 
| 10 | Бағдарламаның айрықша ерекшеліктері | 
| 11 | Берілетін дәреже | 
| 12 | Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 03.10.2025 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | 
| 13 | Кредиттердің көлемі (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес) | 
| 14 | Оқыту тілі (осы бағдарлама оқытудың қандай тілдерін қамтитынын көрсету керек) | 
| 15 | Кәсіптік стандартың атауы, бекітілген күні | 
| 16 | Бағдарламаның Ғылыми кеңесте бекітілген күні | 
| 17 | Кадрлардың дайындық бағыты лицензиясына қосымшаның бар болуы | 
| 18 | Дайындық бағытына лицензиясының нөмірі | 
| 19 | Бағдарламаның аккредиттелуінің бар болуы | 
| 20 | 
Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері (Оқыту нәтижелері: бағдарламаның  | 
| 21 | 
Пәндер туралы мәліметтер (мынадай компоненттерге сәйкес келетін пәндер көрсетіледі: жоғары оқу орны компоненті, таңдау компоненті): | 
* үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілде толтырылады