БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 23 тамыздағы № 325 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13543 болып тіркелген) бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ішкі істер органдары адам саудасымен байланысты құқық бұзушылықты анықтаған (айқындаған) кезде, адам саудасының құрбанын сәйкестендіруді ішкі істер органдары уәкілетті органмен, ұйыммен бірлесіп жүргізеді.";
мынадай редакциядағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Егер адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса және адам жәбірленуші болып танылған жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес оны сәйкестендіру талап етілмейді.";
мынадай редакциядағы 14-1- тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу қорытындылары бойынша осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес есеп жасалады.";
2 және 8-қосымшалар осы Тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14701 болып тіркелген) бұйрығында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
"1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармағына сәйкес әзірленді.";
24-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;";
5-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Нысан
Бағалау парағы ____________________________________
(бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/c № | Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі | Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған көрсеткіштер (балдар) |
1 | Адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың мақсаты | |
2 | Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану | |
3 | Мәжбүрлі еңбек мақсатында адамды саудаға салу/мәжбүрлі еңбек | |
4 | Баланы заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу | |
5 | Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу | |
6 | Адамның органдарын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу | |
Блок бойынша жиыны | ||
7 | Адамға қатысты жасалған әрекеттер | |
8 | Сатып алу-сату, өзге де мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар) | |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы | |
10 | Кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі | |
11 | Адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу | |
12 | Кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер | |
13 | Азғырып-көндіру – зардап шегушіні жәбірленушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, оның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса, құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу | |
14 | Тасымалдау – адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, оның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекет | |
15 | Беру – зардап шегушіні оны пайдаланатын адамға тікелей беру | |
16 | Жасыру – зардап шегушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету) | |
17 | Алу - адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін тікелей алу | |
18 | Пайдалану мақсатында ұрлау | |
19 | Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру | |
Блок бойынша барлығы | ||
20 | Адамға қатысты пайдаланылған құралдар | |
21 | Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту | |
22 | Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану | |
23 | Алдау немесе сенімге қиянат жасау | |
24 | Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану | |
25 | Материалдық немесе басқа тәуелділікті пайдалану | |
26 | Психикасының бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану | |
27 | Жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою | |
Блок бойынша барлығы | ||
28 | Адамға келтірілген зиян | |
29 | Тән ауруына ұшырататын, бiрақ зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау | |
30 | Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу | |
31 | Адамның өміріне қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтіру | |
32 | Адамның өміріне қауіпті, көруден, тілден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтіру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтіру | |
Блок бойынша барлығы | ||
Жалпы нәтиже |
______________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылады .
______________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылмайды.
______________________________________________________________
(қолы) (бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Ұйым маманы ______ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті
органының өкілі ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Ішкі істер органының өкілі _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау туралы есеп
1. Тегі _______________________________________________
2. Аты ____________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болса) ___________________________
4. Күні мен уақыты _____________________________________
5. Өткізу орны (мекеменің атауы және мекен-жайы)
_____________________________________________________
6. Мән-жайлар (сәйкестендіру сәтіндегі бар (мысалы, ұйым қызметкерлерінің болуы,
алып жүрушілер) және фактіге қатысты ақпарат ________________________________
_________________________________________________________
7. Сұрау негізінде зардап шегушімен не болғандығы туралы ақпарат (болжалды қатыгез
қарым-қатынас әдістерін, болжалды қатыгез қарым-қатынасты қолдану уақытын және
физикалық немесе психологиялық жай-күйіне түскен шағымдарды қоса алғанда)
_______________________________
8. Сәйкестендіруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
___________________________________________________________
Ескертпе:
Есеп құпия сипатта болады.
Құқық қорғау органдарына тек жазбаша сұрау салу болған кезде және зардап шегушінің жазбаша келісімімен ғана беріледі.
Сәйкестендіруге уәкілетті адам зардап шегушіні сәйкестендіру кезінде белгілі болған және қызметтік міндеттерін орындау кезінде иелігінде болатын барлық мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.
Сәйкестендіруге уәкілетті адам зардап шегушіні сәйкестендіру кезінде белгілі болған және қызметтік міндеттерін орындау кезінде иелігінде болатын барлық мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.
Сәйкестендіруге уәкілетті тұлғаға мәліметтерді жария етуге және үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
Бағалау парағы ____________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/с № | Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі | Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау көрсеткіштері |
1. | Күш көрсету зорлық-зомбылығы | |
1.1 | Тән ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау | |
1.2 | Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер | |
1.3 | Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу | |
1.4 | Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру | |
1.5 | Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру | |
2. | Психологиялық зорлық-зомбылық | |
2.1 | Дөрекілік, қорлау, қорқыту, бопсалау, қудалау және адамның теріс эмоционалды реакциясын және психикалық ауырсынуды тудыратын басқа әрекет (әрекетсіздік) | |
2.2 | Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе зардап шегушіні қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу | |
2.3 | Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде | |
2.4 | Жалғасып келе жатқан қудалау, мәжбүрлі көші-қон | |
3. | Экономикалық зорлық-зомбылық | |
3.1 | Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру | |
3.2 | Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру | |
3.3 | Тұрғын үйден айыру | |
3.4 | Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру | |
3.5 | Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру | |
4. | Сексуалдық зорлық-зомбылық | |
4.1 | Зорлау, яғни зардап шегушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не зардап шегушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау | |
4.2 | Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау | |
4.3 | Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету | |
Жалаңаштануға мәжбүрлеу, денені сипап қарау, әдепсіз немесе қорлайтын қарым-қатынас, сондай-ақ жыныс мүшелеріне соққы беру және оларға заттармен әсер ету, жыныстық қол сұғушылық |
____________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты іс-әрекеттердің нәтижесінде
қатыгездікпен қараудан зардап шеккен деп танылады.
____________________________________________________________
(Бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты іс-әрекеттердің нәтижесінде
қатыгездікпен қараудан зардап шеккен деп танылмайды.
Ұйым мамандары _______________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар уәкілетті
органының өкілі
___________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
Ішкі істер органының өкілі
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)