Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 мамырда № 28058 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуратурасы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 12 мамырдағы
№ 162 Бұйрыққа
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 499 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13988 болып тіркелген):

      1 және 2-қосымшалар өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды, оның ішінде өтемақы жарналары есебінен жүзеге асырады.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      3) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтау (жарақтандыру) – мүгедектерде организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысының шектелуін толық немесе ішінара алмастыратын (орнын толтыратын) және олардың еңбек функцияларын орындау мүмкіндігін жасайтын негізгі технологиялық құрал-жабдықты, технологиялық жарақтандыруды, құралдарды, қосалқы жабдықты іріктеу, монтаждау және пайдалану процесі;

      5) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары);

      6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      8) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.

      3. Арнайы жұмыс орындарын құруға байланысты жұмыс берушілерді субсидиялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) бюджеттерінде көзделген сомалар шегінде, оның ішінде өтемақы жарналары есебінен жүзеге асырады.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде қаржыландыру лимитін негізге ала отырып, халықты жұмыспен қамту орталығы арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде өтінімге қоса беріледі:

      1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы;

      2) банкте шоттың болуы туралы анықтама.";

      7. Жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) ұсынылған өтінімнің белгіленген нысанға сәйкестігі, ұсынылған құжаттардың жинақтылығы, өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы – өтінімді қабылдайды, өтінімді Электрондық еңбек биржасы арқылы алған кезде - Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді;

      2) ұсынылған өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген, ұсынылған құжаттар жиынтықталмаған және (немесе) өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер толық болмаған кезде – өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды жұмыс берушіге қайтарады, өтінімді Электрондық еңбек биржасы арқылы (электрондық түрде) алған кезде – жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне хабарлама жібереді.";

      9-тармақ мынадай редаакцияда жазылсын:

      "9. Ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, арнайы жұмыс орындарын құруға арналған өтінім мақұлданған өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінімді мақұлдаған күннен бастап 3 күн ішінде байланыс қызметі арқылы өтінімдерді қарау нәтижелері туралы ұйымдарға хабарлайды, өтінімді Электрондық еңбек биржасы арқылы алған жағдайда – Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге субсидия беру халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартқа сәйкес, оның ішінде өтемақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.

      Жұмыс берушінің өтінімін Электрондық еңбек биржасы арқылы алған және мақұлдаған жағдайда , халықты жұмыспен қамту орталығы 2 жұмыс күні ішінде бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған шартты жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне жібереді.

      Жұмыс беруші 3 жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасының жеке кабинетінде алынған шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және оны Электрондық еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 197 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15865 болып тіркелген):

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдардың отбасы мүшелерін жұмыссыз ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.";

      3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ағымдағы "жұмыс істемейтін" мәртебесі бар отбасы мүшелерінің тізімі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган үшін ғана "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.

      10. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарналардың немесе аударымдардың төленуін автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.

      11. Тексеру қорытындысы бойынша, отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар төленбеген жағдайда, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

      12. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеуді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде жүзеге асырады.

      13. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      14. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадр бөлімшелерінің ақпараты негізінде, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексеру қорытындысы бойынша ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін ай сайынғы негізде тексеру қорытындылары бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар болған жағдайларда, жұмыссыз ретінде отбасы мүшелерін есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады.".

  Өзгерістер енгізілетін Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің және Қазақстан
Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрінің кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 499 бұйрығына
1-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/1?lang=ru

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: мәліметтер

      квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы

      мүгедектерді жұмысқа орналастыру, бос лауазымдардың болуы

      және бос жұмыс орындары туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %)

Мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)

Мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік

Бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер

Кәсіби білімі

Орташа айлық жалақысы (теңге)

Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі)

Жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша)

Басқа да талаптар (тарифтік разряд, 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ ____________ басшы (қолы)
Күні 20__ жылғы "__" ____________
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтердің
болуы туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектерге арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %);

      мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын;

      ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота санын;

      мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді, оның ішінде: кәсіби білімін, орташа айлық жалақысын (теңге), еңбек және қызмет жағдайын (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі), жұмыс өтілін (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша), басқа да талаптарды (тарифтік разряд, санат) көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %) көрсетіледі.

      7. 4-бағанда мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 5-бағанда ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны көрсетіледі.

      9. 6-бағанда мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      10. 7-бағанда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы көрсетіледі.

      11. 8-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      12. 9-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің кәсіби білімі көрсетіледі.

      13. 10-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің орташа айлық жалақысы көрсетіледі.

      14. 11-бағанда жұмыскердің еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі) көрсетіледі.

      15. 12-бағанда жұмыскердің жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша) көрсетіледі.

      16. 13-бағанда бос лауазымға үміткер жұмыскерге қойылатын басқа да талаптар (тарифтік разряд, санат) көрсетіледі.

  Өзгерістер енгізілетін Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің және Қазақстан
Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау
министрінің кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 499 бұйрығына
2-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/1?lang=ru

      Әкімшілік деректер нысанының атауы:

      Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квотаның орындалуы туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-2

      Кезеңділігі: тоқсан сайын;

      Есепті кезең 20__ жылғы_ _ _ _ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады..

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота (адам)

Квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің саны (адам)

Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны (адам)

1

2

3

4

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ ____________ басшы (қолы)
Күні 20__ жылғы "__" ____________ м.о.
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мүгедектерді жұмысқа
орналастыруға арналған
квотаның орындалуы туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға
қосымша

"Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектерге арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      жұмыскерлердің тізімдік санын;

      белгіленген квотаны;

      квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің санын;

      квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің санын көрсете отырып ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      5. 2-бағанда белгіленген квота көрсетіледі.

      6. 3-бағанда квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің саны көрсетіледі.

      7. 4-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны көрсетіледі.