Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қазанда № 15858 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 266 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Заң кызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы ___ ________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 28 тамыздағы
№ 280 бұйрығымен
бекітілген

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды, оның ішінде өтемақы жарналары есебінен жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      3) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      4) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтау (жарақтандыру) – мүгедектерде организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысының шектелуін толық немесе ішінара алмастыратын (орнын толтыратын) және олардың еңбек функцияларын орындау мүмкіндігін жасайтын негізгі технологиялық құрал-жабдықты, технологиялық жарақтандыруды, құралдарды, қосалқы жабдықты іріктеу, монтаждау және пайдалану процесі;

      5) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары);

      6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

      8) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау тәртібі

      3. Арнайы жұмыс орындарын құруға байланысты жұмыс берушілерді субсидиялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды халықты жұмыспен қамту орталықтары жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2022 № 537 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      4. Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жұмыс орындарына орналастыру мүмкіндігі туралы ақпараттандыруды:

      тиісті өңірдің мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне ақпарат жолдау арқылы ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы;

      мүгедектігі бар адамның өзі жүгінген кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы интернет-ресурстарға және/немесе бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру арқылы жыл сайын 1 қазанға дейін арнайы жұмыс орындарын субсидиялау туралы жұмыс берушілерге ақпарат береді.

      6. Жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде қаржыландыру лимитін негізге ала отырып, халықты жұмыспен қамту орталығы арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы алдағы қаржы жылына өтінімдер жинауды жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде өтінімге қоса беріледі:

      1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға және мүгедектігі бар адамдардың жалақысына арналған шығыстар сметасы;

      2) банкте шоттың болуы туралы анықтама.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2022 № 537 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Жағдайда халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) ұсынылған өтінімнің белгіленген нысанға сәйкестігі, ұсынылған құжаттардың жинақтылығы, өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы – өтінімді қабылдайды, өтінімді Электрондық еңбек биржасы арқылы алған кезде - Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді;

      2) ұсынылған өтінім белгіленген нысанға сәйкес келмеген, ұсынылған құжаттар жиынтықталмаған және (немесе) өтінімде және құжаттарда көрсетілген мәліметтер толық болмаған кезде – өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды жұмыс берушіге қайтарады, өтінімді Электрондық еңбек биржасы арқылы (электрондық түрде) алған кезде – жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне хабарлама жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Халықты жұмыспен қамту орталығы қарауға қабылдаған өтінімдер 5 жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталады және ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына бекіту үшін жіберіледі.

      9. Ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, арнайы жұмыс орындарын құруға арналған өтінім мақұлданған өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы өтінімді мақұлдаған күннен бастап 3 күн ішінде байланыс қызметі арқылы өтінімдерді қарау нәтижелері туралы ұйымдарға хабарлайды, өтінімді Электрондық еңбек биржасы арқылы алған жағдайда – Электрондық еңбек биржасындағы жұмыс берушінің жеке кабинетіне хабарлама жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Халықты жұмыспен қамту орталығы арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды қалайтын мүгедектігі бар адамдарға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарына жолдама береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерге субсидия беру халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартқа сәйкес, оның ішінде өтемақы жарналары есебінен жүзеге асырылады.

      Жұмыс берушінің өтінімін Электрондық еңбек биржасы арқылы алған және мақұлдаған жағдайда , халықты жұмыспен қамту орталығы 2 жұмыс күні ішінде бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған шартты жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинетіне жібереді.

      Жұмыс беруші 3 жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасының жеке кабинетінде алынған шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және оны Электрондық еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.05.2022 № 162 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілер ұсынған арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдар туралы мәліметтер негізінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне жұмыс берушінің есеп шотына жалақыға субсидиялар аударады.

      Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысына ай сайынғы субсидиялар мөлшері:

      1) жұмысқа орналастырудың алғашқы 12 айында – жалақының 70%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайды;

      2) жұмысқа орналастырудың 13-24 айы аралығын қоса алғанда – жалақының 65%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 АЕК-тен аспайды;

      3) жұмысқа орналастырудың 25-36 айы аралығын қоса алғанда – жалақының 60%, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақы мөлшерінің 30 АЕК-тен аспайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2022 № 537 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      13. Еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы мүгедектігі бар адам болып табылатын басқа жұмыскерді оның келісімі бойынша және құрылған арнайы жұмыс орнында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін денсаулық жағдайына қарап қабылдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамдардың міндетті зейнетақы төлемдерінің болуына мониторинг жүргізеді;

      2) жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін жұмыс берушіден қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жұмыс беруші мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру (жабдықтау) жұмыстарын орындағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына жасалған шартқа және бұдан бұрын ұсынылған шығыстар сметасына сәйкес орындалған жұмыстар актісін қол қою және субсидия алу үшін ұсынады не оған электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол койып, Электрондық еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы жолдайды.

      Жұмыспен қамту орталығы тексергеннен және орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаннан кейін жұмыс беруші субсидия алады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерді субсидиялау шарттары

      16. Субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға, мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

      Жұмыс берушілерге субсидиялар уақытша жұмыс орындарын жарақтандыруға берілмейді.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2022 № 537 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      17. Жұмыс берушілерге субсидиялар олар мынадай шарттарды сақтаған кезде ұсынылады:

      1) құрылып жатқан арнайы жұмыс орындарының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарына сәйкес келуі;

      2) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап сақтау;

      3) жұмыс берушіде жалақы бойынша берешектің болмауы;

      4) есептелген салықтар, алымдар және бюджетке өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы;

      5) жұмыс берушінің құрылған арнайы жұмыс орындарында атқарып отырған лауазымына сәйкес мөлшерде жалақы төлеуін қамтамасыз етуі.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
арнайы жұмыс орындарын
құратын жұмыс берушілердің
шығындарын субсидиялау
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2022 № 537 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Нысан
  _________________ ауданының
(қаласының) халықты
жұмыспен қамту орталығының
директорына

      _______________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)

      және жеке сейкестендіру нөмірі (ЖСН), байланыс жасайтын адамдар және телефондары) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

      Мәселе оң шешiлген жағдайда мүгедектігі бар адамдар қатарындағы азаматтарға тiзбеге сәйкес мынадай арнайы жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Еңбек шартын жасаудың жоспарлы мерзімі

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Халықты жұмыспен қамту орталығының арнайы жұмыс орнын жабдықтауға жоспарланатын субсидия мөлшері, теңге

Халықты жұмыспен қамту орталығының мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге арналған субсидиялардың жоспарланатын мөлшері, теңге







Қатысудың бірінші жылында ___ теңге;
Қатысқан екінші жылы ___ теңге;
Қатысудың үшінші жылында ___ теңге.

      Қосымша:

      1. Арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға және және мүгедектігі бар адамдарға жалақы төлеуге арналған шығыстар сметасы;

      2. Банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама.

      Басшы _____________ _________ "Мөрдің орны (бар болса)" қолы күні

  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
арнайы жұмыс орындарын
құратын жұмыс берушілердің
шығындарын субсидиялау
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша

      Нысан

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарына
№ ______ жолдама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________ бастап _____________________ дейін __________ ай мерзімге

      _________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      __________________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

      ____________________________                   _____________________________

      Халықты жұмыспен қамту                               қолдың таратылып жазылуы

      орталығының директоры

      Берілген күні

      Мөрдің орны

      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

      № ______ жолдамаға хабарлама

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      20__ жылғы __ __________ № ______ жасалған еңбек шартына (20__ жылғы _______

      № __________ бұйрық) сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін

      құрылатын арнайы жұмыс орнына 20__ жылғы _______________

      _________________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      ретінде қабылданды.

      Жұмысқа орналасу мерзімі: ______ ай 20___ жылғы "___" ___________ бастап 20___

      жылғы "___" ___________ дейін

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі

      _______________________________                   __________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы                         қолы

      Мөрдің орны (бар болса)

  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
арнайы жұмыс орындарын
құратын жұмыс берушілердің
шығындарын субсидиялау
қағидалары мен шарттарына
3-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2022 № 537 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Нысан

      20__ жылғы ________ үшін ______________________________-дегі

      (ай) (жұмыс берушінің атауы)

      арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

      Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН-і) / жеке сейкестендіру

      нөмірі (бұдан әрі – ЖСН): __________________.

      Субсидия сомасын аудару үшін жұмыс берушінің есеп айырысу шотының нөмірі:

      _________________.

      Қызмет көрсететін банктің атауы: __________________.

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (толығымен)

ЖСН

Еңбек шарты бойынша жалақының мөлшері

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндер







      Кестенің жалғасы

Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері

Аударылған жалақының сомасы, теңге

Зейнетақы жарналарының сомасы

Бюджеттен өтемақы төленуге тиісті сома, теңге





      Жұмыс берушінің Электрондық цифрлық қолтаңбасы