ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 12 мамырдағы № 162 Бұйрыққа қосымша |
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 499 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13988 болып тіркелген):
1 және 2-қосымшалар өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 197 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15865 болып тіркелген):
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдардың отбасы мүшелерін жұмыссыз ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.";
3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ағымдағы "жұмыс істемейтін" мәртебесі бар отбасы мүшелерінің тізімі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган үшін ғана "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
10. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарналардың немесе аударымдардың төленуін автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.
11. Тексеру қорытындысы бойынша, отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар төленбеген жағдайда, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.
12. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеуді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде жүзеге асырады.
13. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
14. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадр бөлімшелерінің ақпараты негізінде, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексеру қорытындысы бойынша ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін ай сайынғы негізде тексеру қорытындылары бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар болған жағдайларда, жұмыссыз ретінде отбасы мүшелерін есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады.".
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/1?lang=ru
Әкімшілік деректер нысанының атауы: мәліметтер
квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы
мүгедектерді жұмысқа орналастыру, бос лауазымдардың болуы
және бос жұмыс орындары туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-1
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар.
Ұсыну мерзімі: ұйымдар ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.
Ұйымның атауы | Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %) | Мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік) | Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам) | Мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік) | Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы | Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік | Бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер | ||||
Кәсіби білімі | Орташа айлық жалақысы (теңге) | Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі) | Жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша) | Басқа да талаптар (тарифтік разряд, | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ ____________ басшы (қолы)
Күні 20__ жылғы "__" ____________
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектерге арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:
ұйымның атауын;
жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;
квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %);
мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын;
ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота санын;
мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;
мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауын;
кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;
бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді, оның ішінде: кәсіби білімін, орташа айлық жалақысын (теңге), еңбек және қызмет жағдайын (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі), жұмыс өтілін (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша), басқа да талаптарды (тарифтік разряд, санат) көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.
2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.
3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.
5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.
6. 3-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %) көрсетіледі.
7. 4-бағанда мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
8. 5-бағанда ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны көрсетіледі.
9. 6-бағанда мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.
10. 7-бағанда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы көрсетіледі.
11. 8-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
12. 9-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің кәсіби білімі көрсетіледі.
13. 10-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің орташа айлық жалақысы көрсетіледі.
14. 11-бағанда жұмыскердің еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі) көрсетіледі.
15. 12-бағанда жұмыскердің жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша) көрсетіледі.
16. 13-бағанда бос лауазымға үміткер жұмыскерге қойылатын басқа да талаптар (тарифтік разряд, санат) көрсетіледі.
Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер
Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/1?lang=ru
Әкімшілік деректер нысанының атауы:
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квотаның орындалуы туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-2
Кезеңділігі: тоқсан сайын;
Есепті кезең 20__ жылғы_ _ _ _ тоқсан
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;
Ұсыну мерзімі: ұйымдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады..
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота (адам) | Квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің саны (адам) | Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ ____________ басшы (қолы)
Күні 20__ жылғы "__" ____________ м.о.
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| "Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектерге арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:
жұмыскерлердің тізімдік санын;
белгіленген квотаны;
квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің санын;
квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің санын көрсете отырып ұсынады.
2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.
3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. 1-бағанда жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.
5. 2-бағанда белгіленген квота көрсетіледі.
6. 3-бағанда квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің саны көрсетіледі.
7. 4-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны көрсетіледі.