БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жұмыс іздеп жүрген адам - жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша орталықта "электрондық үкімет" веб-порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы не "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі;".
2. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекомуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
3) ассистент - халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын қызметкері;
4) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
5) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
6) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;
7) жұмыспен қамтудың жеке картасы - жеке деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
8) жұмыссыз адам - жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
9) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер -жұмыссыз ретінде тіркелген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
10) лайықты жұмыс - кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
12) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
13) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету процесін, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;
14) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі - жұмыспен қамту орталығы) - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
15) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
16) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган - өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу", "Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:
1) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы;
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы;
4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жүзеге асырылады.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жұмыспен қамту орталығының маманы ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.
8. Ұсынылған дербес деректердің (мәліметтердің), құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, жұмыспен қамту орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және ізденушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жұмыспен қамту орталығының маманы "Еңбек нарығы" ААЖ-да Жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізген дербес деректердің негізінде, жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына қарай ізденушінің тиісті санаты автоматты түрде айқындалады.
12. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығы анықталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді және ізденушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама береді.
Ізденушіге жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы хабарламаны беруді халықты жұмыспен қамту орталығы жеке куәлігін, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.
Адам ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабар алады.";
14-тармақ алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші ассистентке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ассистент ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Ассистент осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып, ізденушіні санаттарға бөлуді жүргізеді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Ізденушінің деректері автоматты түрде тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.";
мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:
"4-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы тіркеу тәртібі
30-1. Ізденуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
30-2. Ізденуші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетінде" өзінің тұрғылықты жеріне сәйкес жұмыспен қамту орталығын таңдайды.
30-3. Ізденуші енгізген жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында ізденуші туралы дербес ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу қалыптастырылады.
30-4. Ізденуші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетінде" дербес деректерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алуға өтінімді толтырады.
30-5. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
30-6. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы ақпарат ізденушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына "Еңбек нарығы" ААЖ-ға түседі. "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеп жүрген адамның жұмыспен қамтылуының жеке картасы автоматты түрде қалыптастырылады.
30-7. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарламаны "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталындағы "жеке кабинетіне", сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысына хабарлама беру арқылы жібереді.
30-8. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс іздеп жүрген адам тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-бөлімінің 4-параграфына сәйкес бос жұмыс орындарын автоматты түрде таңдайды.
30-9. Жұмыс іздеп жүрген адам "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы және жұмыспен қамту орталығы арқылы алынған бос жұмыс орындарына үн қатады.
Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратындар кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған лайықты жұмысқа келісу немесе одан бас тарту туралы хабарлайды.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Егер жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам үшін лайықты жұмыс таба алмаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда жұмыспен қамту орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жұмыспен қамту орталығының директоры немесе оны алмастыратын адам қол қойған жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімнің жобасын "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы электрондық түрде жібереді.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Жұмыспен қамту орталығының маманы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз есептен шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылдық жердің тұрғындарын кент, ауыл және ауылдық округтің әкімі арқылы хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 45-1, 45-2, 45-3, 45-4, 45-5, 45-6 тармақтарымен толықтырылсын:
"45-1. Егер "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы немесе жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 30-8-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін лайықты жұмыс таңдамаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда жұмыс іздеп жүрген адам автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркеледі.
45-2. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған ақпараттың анықтығын тексеруді жүзеге асырады.
45-3. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат ізденушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына "Еңбек нарығы" ААЖ-ға түседі.
45-4. Жұмыс іздеп жүрген адамға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгені немесе бас тартылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
45-5. Егер жұмыссыз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетте" жұмыссыз жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алу үшін өтінім мен банк шотының нөмірін толтырады.
45-6. Жұмыссызды есептен шығару осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, жұмыспен қамту орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодекстің 91-бабына сәйкес беріледі.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Кандидаттар мәлімделген бос орынға жұмысқа орналасуға келіскен кезде және кандидаттар үшін жұмыс шарттары сәйкес келген кезде жұмыспен қамту орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы іріктелген кандидаттардың деректерін (түйіндемесін) жұмыс берушіге жібереді. Кандидаттардың деректері (түйіндемелері) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында жұмыс берушінің "Жеке кабинетінде" көрсетіледі. Жұмыспен қамту орталығының маманы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушіге оған жіберілген кандидаттардың деректері (түйіндемесі) туралы хабарлайды.
Қажет болған жағдайда, жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс берушіге кандидаттардың деректерін (түйіндемесін) қарауды және өзінің шешімі туралы ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы хабарлауды ескертеді.
Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс берушіні қызықтырған кандидаттармен әңгімелесу уақыты мен орнын жұмыс берушімен келіседі.
Жұмыспен қамту орталығының маманы ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы кандидаттарды жұмыс берушімен әңгімелесу өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:
"4-параграф. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі
64-1. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат жұмыс іздеп жүрген адамның немесе жұмыссыздың "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетіне" түседі.
64-2. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс іздеп жүрген адамға немесе жұмыссызға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушінің әңгімелесуді белгілегені туралы хабарлама жібереді.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
2, 3, 4, 5, 8-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына 1-қосымша |
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Мемлекеттік корпорация; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1 (бір) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуіңізді сұраймын.
Өтініш беруші туралы ақпарат:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________;
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________;
Осымен, төменде қол қоя отырып, мен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге
мыналарға қажет болғаны үшін келісімімді растаймын:
1) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету;
2) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында орналастыру
(www.enbek.kz);
3) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі
арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер
аутсорсингі шеңберінде жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне дербес деректерді беру
арқылы да жүзеге асыру.
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы
ескертілдім.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
Телефон: ___________________;
Ұялы: ________________________;
E-mail: _____________________________;
20 __ жылғы "___" ____ ___________.
Өтініш берушінің қолы: __________________
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Азамат (ша) ______________________________________________ өтініші 20__ жылғы
"___" ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған
адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
__________________________________________________________
__________________________________________________________.
___________________ ______________
Күні қолы
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан |
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысаны
1) Өтініш беруші туралы ақпарат:
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________________;
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________;
Жынысы: _____________________________________________________;
Ұлты:________________________________________________________ ;
Азаматтығы:___________________________________________________;
Туған күні: ______ жыл "___" __________;
Отбасылық жағдайы: ___________________________________________;
Тіркелген мекенжайы (ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің нөмірі,
пәтердің нөмірі): ___________________________________________
______________________________________________________________;
Білім деңгейі: __________________________________________________;
Нысаналы топ: _________________________________________________;
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _________________________;
Құжаттың сериясы: _______________ Құжаттың нөмірі: ______________;
Кім берді:___________Берілген күні: ______ жылғы "___" ___________;
Жарамды: ______ жылғы "___" ____________________ дейін;
Мобильді телефон: _____________________________________________;
Байланыс телефоны: ____________________________________________;
E-mail: _______________________________________________________;
2) Тіркеу туралы деректер:
Жұмыспен қамтылмау себебі: ______________________________________;
Жай-күй санаты: _____________________________________________;
Есепке тұру мақсаты: _________________________________________;
Жұмыссыздық басталған күн: ________________________________;
3) Лайықты жұмыс іздеу үшін қажетті деректер:
Қалаулы кәсіп: _______________________________________________;
Лауазым бойынша нақтылау: ____________________________________;
Қалаулы ең төмен еңбекақы: ____________________________________;
Қалаулы ең жоғары еңбекақы: __________________________________;
Жұмыс режимі: ______________________________________________;
Тұрғылықты мекенжайын ауыстыруға келісім: ___________________;
4) Білімі туралы деректер:
Оқу орнының толық атауы: ____________________________________;
Мамандық атауы: ____________________________________________;
Оқу орнының түрі: ___________________________________________;
Білімі бойынша қосымша мәліметтер: ___________________________;
Оқу орнына түскен жылы: ______ жылғы "___" ___________________;
Оқу орнын бітірген жылы: ______ жылғы "___" ___________________;
Мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға келісім: _______________;
5) Еңбек жолы туралы деректер:
Кәсібі, лауазымы: ____________________________________________;
Лауазым бойынша нақтылау: ____________________________________;
Ұйымның атауы: _____________________________________________;
Сала: _______________________________________________________;
Функционалдық міндеттер: ____________________________________;
Осы кәсіп бойынша жалпы еңбек өтілі (жыл): _________________;
Жұмыс кезеңі: ____ жылғы "__" ____ бастап __ жылғы "__" _______ дейін;
Кәсібі бойынша жұмысқа орналасуға келісім: ____________________;
6) Дағдылар туралы деректер:
Хоббиі:______________________________________________________;
Курстар, тренингтер, сертификаттар: ____________________________;
Арнайы дағдылары: ____________________________________________;
Жалпы дағдылары: ____________________________________________;
Тілдерді білуі: _______________________________________________;
7) Жүргізуші куәлігінің болуы туралы деректер: ___________________;
8) Қосымша байланыс жасайтын адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
телефоны, e-mail адресі): ________________________________;
9) Қосымша мәліметтер:
Өтініш берушімен бірге тұратын 18 жасқа дейінгі балалар:
____________________________________________________________;
Соттылығының болуы: ________________________________________;
Өтініш берушінің мамандығының сұраныста болуы:
____________________________________________________________;
Өтініш беруші ие мамандықтар саны: ___________________________;
Негізгі мамандығы бойынша жұмыс өтілі: ________________________;
Жалпы жұмыс өтілі: __________________________________________;
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі:
___________________________________________________________;
Ағымдағы жұмыссыздығының ұзақтығы: ________________________;
Алдыңғы жұмыссыздығының кезеңі (ағымдағы жұмыссыздығына дейінгі):
____________________________________________________;
Кәсіптік оқытудан өту кезеңі (кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін
арттырудың қысқа мерзімді курстары): ____________________;
Жұмыс іздеу дағдыларының болуы: ____________________________;
Компьютерлік дағдылардың болуы: ___________________________;
Жұмысқа орналасуға мотивация деңгейі: _________________________.
2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығына 1-1 қосымша |
"Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) Халықты жұмыспен қамту орталығы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14:30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі | Құжаттар тапсыру талап етілмейді. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мыналар: |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 Бұйрыққа 3-қосымша Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес
____________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
Сізге ________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
себебін көрсету
себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________
__________________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 Бұйрыққа 4-қосымша Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама
Сіз _____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабына сәйкес 20___ жылғы "___" ____________ бастап
_____________________________________________________________________
халықты жұмыспен қамту орталығының атауы
жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелдіңіз.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________
__________________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 Бұйрыққа 5-қосымша Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама
Сіз _____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бор болса)
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
14-бабына сәйкес 20___ жылғы "___" ____________ бастап
_____________________________________________________________________
халықты жұмыспен қамту мәсілелері жөніндегі жергілікті органның атауы
жұмыссыз ретінде тіркелдіңіз.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________
_____________________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 Бұйрыққа 6-қосымша Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес
____________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
Сізге ________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
себебін көрсету
себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________
_____________________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2022 жылғы 11 ақпандағы № 55 Бұйрыққа 7-қосымша Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша Нысан |
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама
________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына
сәйкес 20___ жылғы "___" ____________ бастап ___________________________
_____________________________________________________________________
халықты жұмыспен қамту мәсілелері жөніндегі жергілікті органның атауы
жұмыссыз ретінде тіркелген.
Берілген күні: 20___ жылғы "___"__________
Анықтаманың қолданылу мерзімі 20___ жылғы "___" __________ қоса
алғанға дейін.
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________
_____________________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)