БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13543 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ұйымның міндеттері мен функциялары";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Адам саудасының құрбандарын ұйымға қабылдау және оларды сәйкестендіру шарттары";
20-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлiкпен толықтырылсын:
"Көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасын толтырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уақытша болу және тұру ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасынан деректерді енгізеді.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Ұйымда болу және тұру шарттары";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау және қайта әлеуметтендіру туралы шартты әзірлеу";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары";
2) тармақшаның екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;";
7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу.";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату және көрсетілетін қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару шарттары";
көрсетілген Стандартпен бекітілген 1, 2, 3 және 4-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
А. Сарбасов |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрлігі | |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрлігі | |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасы | |
Ішкі істер министрлігі |
2022 жылғы 8 ақпандағы № 49 бұйрығына 1-қосымша Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Ұйымның басшысына
_______________________________________________________________
(Ұйымның атауы)
_______________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________________________________________
Өтініш
Мені (және баланы (балаларды)* адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсететін ұйымға қайта әлеуметтендіруге қабылдауыңызды сұраймын.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі қажетті менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге келісім беремін.
Ұйымға қабылдау, орналастыру, шығару көрсетілетін қызметтерді тоқтату шарттарымен,
ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.
Сондай-ақ өзім туралы көрінеу жалған ақпарат беру фактілері жөнінде ескертілді.
20____ жылғы "____" __________ ______________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
* қажет болған жағдайда туыстық немесе өзге де байланыстарды, тегі, аты, әкесінің аты бар
болса және туған күнін көрсету керек
2022 жылғы 8 ақпандағы № 49 бұйрығына 2-қосымша Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына 2-қосымша |
Нысан
Бағалау парағы _________________________________________________
(бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
№ р/с | Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі | Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған көрсеткіштер (балдар) |
1. | Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың нысаны | |
1.1 | Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану | |
1.2 | Еңбекте пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/еңбекте пайдалану | |
1.3 | Баланы/қызды заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу | |
1.4 | Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу | |
1.5 | Адамның органдарын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу | |
Блок бойынша барлығы | ||
2. | Субъектіге қатысты жасалған әрекеттер | |
2.1 | Сатып алу-сату, өзге де мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар) | |
2.2 |
Адамды пайдалану: | |
2.3 | Азғырып-көндіру – жәбірленушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, оның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса, құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу | |
2.4 | Тасымалдау – адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, оның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекет | |
2.5 | Беру – жәбірленушіні оны пайдаланатын адамға тікелей беру | |
2.6 | Жасыру – жәбірленушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету) | |
2.7 | Алу – адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін оны тікелей алу | |
2.8 | Пайдалану мақсатында ұрлау | |
2.9 | Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру | |
Блок бойынша барлығы | ||
3. | Адамға қатысты пайдаланылған құралдар | |
3.1 | Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту | |
3.2 | Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану | |
3.3 | Алдау немесе сенімге қиянат жасау | |
3.4 | Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану | |
3.5 | Материалдық немесе өзге де тәуелділікті пайдалану | |
3.6 | Психикасының бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану | |
3.7 | Жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою | |
Блок бойынша барлығы | ||
4. | Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың мақсаты | |
4.1 | Мүліктік сипаттағы пайда алу | |
4.2 | Мүліктік емес сипаттағы пайда алу | |
Блок бойынша барлығы | ||
5. | Адамға келтірілген зиян | |
5.1 | Тән ауруына ұшырататын, бiрақ зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау | |
5.2 | Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу | |
5.3 | Адамның өмiрiне қауiптi емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру | |
5.4 | Адамның өмiрiне қауiптi, көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтiру | |
Блок бойынша барлығы |
_______________________________________________________________
(бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Адамды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау
іс-әрекеттерінің нәтижесінде қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылады.
_______________________________________________________________
(бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Адамды саудаға салу, оларды
пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау іс-әрекеттерінің нәтижесінде
қатыгездік танытудан зардап шеккен деп танылмайды.
_______________________________________________________________
(қолы) (бағаланатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні)
Бағалау жүргізген адамдар __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні)
2022 жылғы 8 ақпандағы № 49 | |
бұйрығына 3-қосымша | |
Адам саудасының | |
құрбандарына арнаулы | |
әлеуметтік қызметтер | |
көрсету стандартына | |
3-қосымша | |
Нысан |
Қайта әлеуметтендіру туралы үлгілік шарт
________________________________________________________атынан
(ұйым субъектісінің атауы)
_____________________________________ (бұдан әрі – ұйым), бір тараптан және _____________________________________ (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді алушы) екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың нысанасы
Ұйым көрсетілетін қызметтерді алушыға қайта әлеуметтендіруге (жоғалтылған әлеуметтік мәртебені қалпына келтіруге) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Ұйымның міндеттері:
1) көрсетілетін қызметтерді алушыны арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету шарттарымен таныстыру;
2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) көрсетілетін қызметтерді алушыға құрметпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттеріне салғырттықпен қарауға жол бермеу.
2.2. Ұйымның құқықтары:
1) көрсетілетін қызметтерді алушының Ұйымда болуын бақылауды жүзеге асыру;
2) ……………… үшін қажетті ақпаратты сұрату;
3) көрсетілетін қызметтерді алушы тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе тарап оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу;
2.3. Көрсетілетін қызметтерді алушының міндеттері:
1) қайта әлеуметтендіру процесіне белсенді түрде қатысу;
2) Ұйым персоналына құрметпен қарау;
3) осы шарттың талаптарын сақтау.
2.4. Көрсетілетін қызметтерді алушының құқықтары:
1) қайта әлеуметтендіру процесі туралы ақпарат алу;
2) Ұйым тарапынан міндеттемелер орындалмаған немесе ұйым оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзу.
3. Шартты бұзу талаптары
3.1. Осы шарт "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының 43-тармағында көзделген негіздер бойынша бұзуға жатады.
4. Қорытынды ережелер
Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.
Ұйым басшысы ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Көрсетілетін қызметтерді алушы _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Ескертпе: осы Шарт үлгілік болып табылады.
2022 жылғы 8 ақпандағы № 49 | |
бұйрығына 4-қосымша | |
Адам саудасының | |
құрбандарына арнаулы | |
әлеуметтік қызметтер | |
көрсету стандартына | |
4-қосымша | |
Нысан |
Ұйымда көрсетілетін қызметтерді алушыны тіркеу карточкасы
1. Тегі _____________________________________________________
2. Аты ____________________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________
4. Жынысы ________________________________________________
5. Туған күні _______________________________________________
6. Ұлты (көрсетпеуге болады)_________________________________
7. Туған жері _______________________________________________
8. Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы
__________________________________________________________
9. Қолда бар құжаты: паспорт/жеке куәлік (керегін сызу)
Құжат түрі | Нөмірі/сериясы | Берілген күні | Қолданылу мерзімі | Кім берді |
Жеке куәлік | ||||
Паспорт | ||||
ЖСН |
10. Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________
11. Білімі ___________________________________________________
12. Кәсібі ___________________________________________________
13. Жақын туыстары туралы деректер __________________________
Р/с | Туыстық дәрежесі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған жылы | Тұрғылықты жері |
14. Сотталуы
Р/с | Қылмыстық кодекстің бабы | Өтеу мерзімі | Қашан өтеді | Қайда өтеді |
15. Ауырған аурулары (туберкулез, гепатит және т.б.) ______________
____________________________________________________________
16. Денсаулық жағдайы _______________________________________
17. Азаматты жіберген ұйым ___________________________________
18. Факт бойынша аумақтық ішкі істер органдарына хабар берiлді ме
19. Азаматтың жеке қолы ______________________________________
20. Күні _____________________________________________________
21. Карточканы толтырған ұйым маманының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
____________________________________________________________