Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бағдарламалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына 1-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 72) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);
3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;
4) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар).
2-тарау. Ерекше білім беру қажеттіліктерді бағалаудың тәртібі
3. Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 28.06.2024 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі келесіні:
1) мұғалімнің (тәрбиешінің) әрбір білім алушының (тәрбиеленушінің) әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқатын және оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылауды, сондай-ақ білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесі барысында ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) анықтауды;
2) психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының ата-аналардың (заңды өкілдерінің) келісімімен оқыту қиындықтары бар балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін тереңдете зерделеуді және бағалауды;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (бұдан әрі – ПМПК) ерекше білім беру қажеттіліктерін оқытуда айқын қиындықтары бар балаларды тереңдетіп тексеру нәтижелері бойынша бағалауды;
4) психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде, оңалту орталықтарында және аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтарында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін пәнаралық ұжымдық бағалауды қамтиды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. ПМПК-да ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі келесіні қамтиды:
1) ПМПК ата-аналардың (заңды өкілдердің) бастамасы бойынша, білім беру ұйымдарының ұсынымы бойынша балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалауды. ПМПК терең зерттеу және арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде қызметтердің көлемін, түрлерін анықтайды.
2) ата-аналардың (заңды өкілдердің) бастамасы бойынша немесе ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалау қажеттілігі туралы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің шешімі негізінде білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша ПМПК-дағы ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалауды.
6. Ерекше білім беруге қажеттіліктерді бағалау тәртібі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың екі тобын айқындайтын оқу қиындықтарының себептеріне байланысты жүзеге асырылады.
7. Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бірінші топты әртүрлі психикалық функциялардың (ақы-ой әрекеті, қабылдау, зейін, есте сақтау) жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгеруде қиындықтары бар балалар, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі:
1) 1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған есту қабілеті зақымдалған (есту аймағында есту қабілеті орташа 40-тан 80 децибелге дейін естімейтін және нашар еститін, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалар);
2) көру қабілеті зақымдалған (көзі көрмейтіндер – көру сезімінің толық болмауымен, жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,04-ке дейін жарық сезуімен немесе қалдық көрумен және нашар көретін балалар – жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,05-тен 0,4-ке дейін көру өткірлігімен);
3) зердесі зақымдалған (ақыл-ой кемістігі бар);
4) психикалық дамуы тежелген;
5) сөйлеу қабілеті зақымдалған (1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу дамымаған, фонетикалық-фонематикалық сөйлеу дамымаған, ринолалия, дизартрия, ауыр тұтығу, жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар (дислексия, дисграфия);
6) тірек-қимыл аппараты бұзылған;
7) эмоциялық-ерік бұзылыстары бар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстарымен (аутизммен), мінез-құлық бұзылыстарымен және қиындықтарымен);
8) күрделі (біріктірілген) бұзылыстармен балалар кұрайды.
8. Екінші топқа ақыл-ой және физикалық дамуы бұзылмаған балалар кіреді, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық және басқа факторлармен анықталады:
1) әлеуметтік осал топтағы отбасыларда тәрбиеленетін, микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар;
2) жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, қандастар);
3) мүгедектігі бар балалар.
9. Даму мүмкіндіктерінің шектелуіне байланысты оқу қиындықтары бар бірінші топ балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау келесі қажеттіліктерді анықтау үшін жүргізіледі:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері мен критерийлерін өзгерту;
3) оқытудың вариативті, арнайы және балама әдістерін пайдалану;
4) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі – ОӘК) іріктеу, жеке оқу материалдарын дайындау;
5) педагог-психологты, арнайы педагогті (оның ішінде олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед (логопед-мұғалім), педагог-ассистентті арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау;
6) оқыту бағдарламасын таңдау (жалпы білім беретін, арнайы);
7) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу;
8) компенсаторлық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
9) әлеуметтік педагогті сүйемелдеу;
10) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында жүріп-тұруында қиындықтары бар мүгедек балалар үшін жеке көмекшісінде.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Бірінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (немесе) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негіз болып табылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Екінші топтағы балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгертпей оқытуда жеке тәсілді қамтамасыз етуге;
2) үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен қосымша сабақтарды ұйымдастыруға;
3) оқу орнын бейімдеуге;
4) мектеп психологтің қолдау;
5) әлеуметтік педагогтің қолдау қажеттіліктерін анықтау үшін жүргізіледі.
12. Екінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің және (немесе) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына 2-қосымша |
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау бағдарламалары
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 06.05.2025 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі оқуда қиындықтары бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін мынадай параметрлер бойынша бағалайды:
1) когнитивтік және орындаушылық функциялар (зейін, есте сақтау, ойлау, ақпаратты өңдеу жылдамдығы, жоспарлау, өзін-өзі бақылау);
2) сөйлеуді дамыту (лексика, грамматика, байланыстырып сөйлеу, сөйлеуді түсіну, фонематикалық түсініктер, сөйлеу қарқыны мен ырғағы);
3) оқу (оқу дәлдігі, жылдамдығы, мәтінді түсіну), жазу (орфография, каллиграфия, графомоторлық дағдылар) және санау (арифметикалық операциялар, логикалық ойлау) дағдыларының болуы/болмауы;
4) эмоционалды-еріктік сала (мазасыздық деңгейі, оқу мотивациясы, барлық психикалық процестердің ерікті реттелуінің дамуы, қозу мен тежелу процестерінің теңгерімсіздігі);
5) мектепке бейімделу (оқу қызметіне қабілеттілік, нұсқауларды орындау, еліктеу, мұғалімдермен және сыныптастармен өзара әрекеттесу);
6) сенсорлық және моторлық жүйе (көру және есту қабылдауы, моторика, сенсорлық тітіркендіргіштерге сезімталдық, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары);
7) отбасындағы әлеуметтік проблемаларды анықтау.
2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация оқуда айқын қиындықтары бар балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін мынадай параметрлер бойынша бағалайды:
1) коммуникация және әлеуметтік өзара әрекеттесу (қарым-қатынасқа қызығушылық пен ұмтылыс, есімге жауап қайтару, ортақ назар реакциясы, жақын адамдармен эмоциялық ойындар, сөздік қатынасқа реакция, ата-анамен, жақындарымен, құрдастарымен өзара әрекеттесу, қарым-қатынас құралдарын қолдану, психологиялық жаңа құрылымдар, диалог жүргізуге деген ынта мен қабілет);
2) эмоционалдық-еріктік сала және мінез-құлық (эмоциялардың сәйкестігі, эмоциялардың әртүрлілігі мен көрініс табу деңгейі, мақұлдау мен ескертуге, табыс пен сәтсіздікке реакциялар, өз әрекетінің нәтижелеріне сын көзбен қарау, ерік-жігерді жұмсауға қабілеттілік, эмоционалды-мінез-құлықтық көріністер);
3) басым іс-әрекеттің дамуы (ерте жастағы балалар үшін – заттар мен ойыншықтарға қызығушылық, заттармен әрекет етуінің сәйкестігі, ойын әрекеттерінің әртүрлілігі, бірлескен ойынға қатысу, өз қызметін ұйымдастыра білу, эмоционалдық реакциялар);
4) ойын қызметін бағалау (мектеп жасына дейінгі балалар үшін – ойынға қызығушылығы мен қажеттілігінің болуы, ойынның жас ерекшелігіне сәйкестігі, ойын әрекеттерінің әртүрлілігі мен мазмұндылығы, рөлдік мінез-құлық, құрдастарымен өзара әрекеттестігі);
5) баланың психикалық әрекеті мен мінез-құлқының белсенділігі және ерекшеліктері (мектеп жасындағы балалар үшін – тапсырмаларға қызығушылығы, әрекет қарқыны);
6) ақыл-ой дамуы (ерте жастағы балалар үшін), танымдық әрекет (мектеп жасына дейінгі балалар үшін), зияткерлік әрекет (мектеп жасындағы балалар үшін), жоғары психикалық функциялардың ерекшеліктері және/немесе бұзылыстары (қажет болған жағдайда);
7) оқу әрекеті (мектеп жасындағы балалар үшін – оқу бағдарламасы бойынша білімдері мен дағдыларының қалыптасуы, оқу мотивациясы, ерік-жігерді реттеу, мақсат қоя білу, жоспарлау, бақылау, оқу әрекетінің нәтижелеріне эмоционалдық көзқарасы);
8) сөйлеуді дамыту (ерте жастағы балалар үшін – сөйлеуге дейінгі даму, сөздік қорының қалыптасуы, дыбысты дұрыс айту, сөйлеуді түсіну, фразалық сөйлеуге көшу, коммуникативтік функциясы, сөйлеудің танымдық және реттеуші функциялары; мектеп жасына дейінгі балалар үшін – дыбысты дұрыс айту және сөздердің құрылымы, фонематикалық қабылдау, сөздік қоры, фразалық сөйлеу, байланыстырып сөйлеу; мектеп жасындағы балалар үшін – дыбысты айту мен буын құрылымының бағалануы, сөйлеуді түсіну деңгейі, сөздік қоры, грамматикалық құрылымы, фразалық, байланыстырып және жазбаша сөйлеу, оқу жылдамдығы мен дұрыстығы, оқығанын түсіну, жазу деңгейі және қателері).
9) сенсорлық және қозғалыс функциялары (есту және көру функцияларының сақталуы, сенсорлық ақпаратты өңдеу, ірі және ұсақ моториканың дамуы мен жай-күйі, есту, көру және қозғалыс функциялары);
10) әлеуметтік дамуы (әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар, қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу қабілеті, отбасындағы әлеуметтік проблемалардың болуы, мінез-құлық ережелерін сақтау дағдысы, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік көмекке мұқтаждық).